«Қазанат»

Сүйінші! Сүйінші! Сүйінші! Сәбидің аты – Сәдібек!

«Жақсының аты,  ғалымның хаты өлмейді» дейді  біздің дана халқымыз.  Үстіміздегі жылдың    8-ші  ақпаны күні жаңа Елордамыз-Астана қаласына қарайтын «Интернациональный» елді-мекенінде ауыл ардагерлері  Сәтті Кәрімұлы мен Райхан Кәрімкелінінің   шаңырағында жүрек тебірентерлік  қуанышты оқиға өтті.

Толығырақ оқу»

«Көкжүйріктің» шабысы-ай!

Бәйге десе, оның ішінде «Аламан»десе делебесі қозбайтын қазақ баласы жоқ шығар деп ойлаймын бұл әлемде. Ол туралы поэзияның Құлагері атанған ақиық ақын Ільяс Жансүгіров ағамыздан артық айтқан адам жоқ:- «Жанына еліміздің жылқы жаққан, Жылқыға жетпеген көз жәутең қаққан. Мінсең – ат, ішсең – қымыз, жесең – қазы, Қашаннан қазақ халқы жылқы баққан. Халықпыз артық көрген атты тақтан. Қызық-ау біздің бәйге қырда шапқан, Шыдар ма қазақ қаны ұшып кетпей Аттарға шаң …

Толығырақ оқу»

Жүрекжарды…

«Қазақ халқының мақтанышы, біртуар азаматы Дәулет Тұрлыхановтың біз үшін бағасы зор. Өзінің асқан шеберлігі мен парасаттылығының арқасында талай асуларды бағындырып, ел мәртебесін асқақтатты. Қазақ спортының нағыз майталманы, шынайы жанашыры Дәулет Тұрлыханов өскелең ұрпаққа өшпес үлгі – өнеге, терең із қалдыра білген азамат».

Толығырақ оқу»

Дәулет Тұрлыханов – ұлтымыздың ұлы азаматы

2010 жылдың 7 желтоқсаны. Жаңа елордамыз – Астанадағы Қазақстан Республикасы спорт және туризм министрлігінің мәжіліс залы. Залда ине шаншар орын жоқ. Халықтың көп жиналғаны бірден көрініп тұр. Олардың арасында ұлттық спорттың ыстығына күйіп, суығына тоңып жүрген кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтарынан ат сабылтып келген өз ағайындарымыз: атбегілер, төрешілер, жаттықтырушылар, бапкерлер, балуандар, көкпаршылар, жекпе-жек, бес қару, жұдырықтасу, алыспақ, бүркіт, түйе жарыс, тоғызқұмалақ, қазақ күресі федерацияларының басшылары мен мамандары, спорт министрлігінің қызметкерлері …

Толығырақ оқу»

Құрметті, оқырман!

Аса қадірменді оқырман қауым! Есен-саулығын «мал-жан аман ба» деп бастайтын қазақ үшін төрт түліктің орны бөлек, оның ішінде жылқы малы қашанда бірінші кезекте.  Өздеріңіз білетіндей ұлттық құндылықтар мен мәдени жәдігерлерімізді ұлықтайтын ғылыми – танымдық «Қазанат журналының 2014 жылқы жылына арналған кезекті нөмірі өздеріңізге жол тартты. Енді ғана төрімізден орын алған Жаңа жыл баршаңызға табысты, жемісті болғай. «Қазанат» журналы ұжымының атынан оқырман қауымның әр шаңырағына құт – береке, дәулет пен тыныштық …

Толығырақ оқу»