Көкшетауда ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгелдің сенімді өкілдері сайлаушылармен кездесу өткізді

Көкшетаудағы Қоғамдық келісім сарайында 14 мамырда ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгелдің сенімді өкілдерімен өткен кедесуге Ақмола облысы этномәдени бірлестігінің өкілдері, қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері жиналды.

Іс-шараны «Ұлы Дала қырандары» мәдени-әлеуметтік қозғалысы атынан ҚР Президенттігіне үміткер Сәдібек Түгелдің сенімді өкілі, Нұр-Сұлтан қаласындағы орталық штабының баспасөз қызметінің жетекшісі Бақыт Мұхамедрахимова -Тасова ашты.

Ол кандидаттың сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, елорданың тұңғыш баспасөз хатшысы болған, Құлагердей тұлпарға орнатылған ескерткіштің авторы әрі оны бастамашысы, белгілі қоғам қайраткері, журналист – жазушы, ҚР Ұлттық ат спорты федерациясының президенті Сәдібек Түгелдің өнегелі өмір жолынан сыр шертті.

Көкшетау қаласы бойынша «Ұлы Дала қырандары» РҚБ төрағасы, кандидаттың сенімді өкілі Құмарғали Жайымов ақсақал үміткердің қоғамдағы атқарған игі істері жайында тоқталды.

Сонымен қатар «Group-компания» ЖШС президенті, ҚР ат спорты Одағының вице-президенті, ҚХА мүшесі, кандидаттың сенімді өкілі Мұстафа Мұстафаев: «Ол қазақ халқының ұлтжанды азаматы, рухани құндылықтарды ұлықтаушы, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге ат салысып жүрген тұлғаның бірі. Мен оны 30 жылдан аса дос ретінде жақсы білемін, бірлесе қызмет атқарып келеміз. «Ұлы Дала» ұғымын ең алғаш енгізген де, сол атаумен қоғамдық қозғалыс құрған, өскелең ұрпақ үшін өнеге боларлық тұлға ретінде құрметтеймін»,- деп ағынан жарылып ізгі лебізін жеткізді.

«Новоникольское» ЖШС директоры Геннадий Бабахиннің айтуынша, «Ұлы Дала қырандары» РҚБ атынан осындай қоғамда айырықша орны бар, ерік-жігері мен қарым-қайраты, парасат-пайымы жоғары Сәдібек Түгелдің ҚР Президенттігіне кандидат болып таңдалуының өзі мен үшін үлкен қуаныш. «Ол елордасының қалыптасуында тұңғыш баспасөз хатшысы ретінде тарихта қалатын ғажайып істердің атқарылуын насихаттауға да ерекше еңбек сіңірді»,- деп сөзін түйіндеді Г. Бабахин.

«Ол қарапайымдылығымен, салиқалы ойларымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуда батыл шешімдер қабылдай алады», -дейді кандидаттың сенімді өкілі Ерболат Съезхан.

«Атбегі» ҚР Ұлттық ат спорты қауымдастығының белсендісі Арман Төлеуов:«Сәдібек Түгел жастардың жаңашылдығына жол ашатын, бастамаларына қолдау көрсете алатын бірегей тұлға»,- деп санайды.

 

ҚР Президенттігіне үміткер Сәдібек Түгелдің сайлауалды штабының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, оқыңыз

«Олардың есімдері – біздің жүрегімізде»

18 мамырда ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгел елордадағы Халықаралық баспасөз орталығының құрылғанына 20 жыл толуына …