«Жерұйық» саябағында ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгелді қолдауға арналған концерт өткізілді.

23 мамырда елордадағы «Жерұйық» саябағында  ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгелді  қолдауға арналған концерт өткізілді. 

ҚР Президенттігіне үміткер Сәдібек Түгел концертке  жиналған қала тұрғындары мен қонақтары алдында сөйлеген сөзінде: «Бүгін осы саябақта сіздермен кездесуімде осыдан 20 жыл бұрынғы ерекше оқиғаны еске алғым келіп тұр. Ол кезде елорда әкімінің баспасөз хатшысы болып қызмет атқаратын едім. Елордада  оң жағалау ғана болатын. Үлкен демалыс орындарының ішінде алғаш ашылған саябақтың атауы қандай болады деген журналистер сауалына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Өздерің қандай ат ұсынар едіңдер?»,-дегенде менің «Жерұйық» болса деген ұсынысымды бірден қолдады. Осылайша  еліміздің түкпір-түкпірінен ағылған көштің  Асан Қайғы бабамыз айтқан елорда  «Жерұйығы» болды. Бұл – осы саябақтың  менің өмір жолыма қатысты тарихынан бір үзік сыр.

Бүгін маған қолдау көрсетіп келген барлығыңызға ризашылығымды білдіремін. Жиналған жастар мен аға буын алдында өзімнің  сайлауалды бағдарламамның түйіні іспеттес төрт тұғыры жайлы таныстырып өтейін. Ол- ана тіліміз бен ұлттық салт-дәстүрімізді дамыту, жемқорлыққа тосқауыл қою мен демография мәселесіне зор көңіл бөлу»,- деп  қысқаша тоқталып өтті.

Концерттік бағдарлама бойынша  ҚР мәдениет қайраткері Қайрат Ахметов, танымал әнші, Польша Республикасының  мәдениет қайраткері Бибігүл Искакова елорда, туған жер жайлы патриоттық әндер шырқады.

Сонымен қатар белгілі иллюзионист Кәрім Мұтырғанов, «Нұр- Сұлтан» қаласындағы каратэ федерациясының спортшылары өнер көрсетті. Жиналғандар  ақын Дидар Оралбекұлының  қоғам қайраткері, жазушы- журналист Сәдібек Түгелге арналған  «Жерұйығы елімнің» атты өлеңін нақышына келтіріп оқыған белгілі ардагер диктор Күләш Молдахметованың өнеріне қол соғып, ыстық ықыластарын білдірді. Қолдау концертін  ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгелдің «Нұр-Сұлтан» қаласындағы сайлауалды штабы ұйымдастырды.

ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгелдің сайлауалды штабының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, оқыңыз

ҚР Президенттігіне үміткер Сәдібек Түгел елордада «Ұлттық құндылықтарды ұлықтайық!» атты дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел отырысын ашқан танымал жазушы – журналист, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел: «Менің сайлауалды бағдарламамда …