«ЕРТУҒАН» — ерекше повесть. Оқырманның пікірі.

Ертуған Авторы – Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, белгілі қаламгер Сәдібек Түгел ағамыз.

Өмірде болған оқиғаға арналып жазылған «ЕРТУҒАН» повесі елдің сүйікті шығармасына айналды. Халық оны іздеп жүріп оқитын болды. Өз басым осы кітапты бір жыл ідеп жүріп таптым. Бірден басымды алмай оқып шықтым. Риза болдым. Жалғыз мен ғана емес мыңдаған оқырмандар қауымы оның мазмұнына, өте қызық оқиғаға желісіне риза болып, Ертуғанның ерлігін жыр етіп айтып , елден-елге жеткізуде. Бір сөзбен айтқанда, «ЕРТУҒАН» повесі жаңаша түрде, жақсы жазылған шығарма. Тілі ұғынықты, сюжеттері керемет, тың дүние, мұнда тұнып тұрған шындық шебер көрсетілген. Шығарманы оқыған адам еріксіз Ертуғандай мықты болғысы келеді. Оқыңыздар, оқырмандар, өкінбейсіздер! Ертуғандай болыңыздар!. Кітап «Фолиант» баспа үйінен басылып жарыққа шыққан.

Ерлан Сәрсен ұлы. Алматы.

Сондай-ақ, оқыңыз

«Олардың есімдері – біздің жүрегімізде»

18 мамырда ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгел елордадағы Халықаралық баспасөз орталығының құрылғанына 20 жыл толуына …