Ұлы дала қырандары

Ұлы дала қырандары

Сөзі: Б.Р. Кенішбаев.
Ән жазуға ат салысыңыз.

Ұлы дала қырандары,
Туған жердің көк байрағы.
Әуелеген аспандағы,
Туған елдің әнұраны!

Ұлы дала қырандары,
Туған жердің батырлары.
Арналады, шырқалады
Ақындардың ән, жырлары!

Ұлы дала қырандары,
Туған жердің ер ұлдары.
Жеңістері, намыстары
Туған елдің арландары!

Ұлы дала қырандары,
Туған жердің тұлпарлары.
Дүлдүлдері, арғымағы,
Туған елдің тарландары!

Ұлы дала қырандары,
Туған жердің түлектері.
Өркендері, жігіттері
Туған елдің тіректері!

Ұлы дала қырандары,
Туған жердің ұландары.
Биік шыңды асқаралы
Ұл, қыздардың армандары!

Астана – 2012 жыл – 8 мамыр

Сондай-ақ, оқыңыз

ҚОС ТАҒДЫР

Целиноград ауданы, Ақмол ауылы,  Серік АЛЛАЖАРҰЛЫ.  (Деректі әңгіме) Өз үйінде бақытты адам ғана – шын …