«СӘДІБЕК ТҮГЕЛ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ»

 

СҮЙІНШІ!!! Лайықты бірегей тұлға, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел ағамыз «Үздік қоғам қайраткері» номинациясында жеңімпаз атанды. /7-ші рет ұйымдастырылған/ 7желтоқсан/ 2017 жыл/

Міне 2017 жылдың тағы бір айтулы маңызды жобасы аяқталды. Сәдібек Түгел ағамыз атаулы «Халықтың сүйіктісі» ұлттық жүлдесі жобасындағы «Үздік қоғам қайраткері» номинациясында барша халық болып  бірауыздан дауыс беріп лайықты жеңіске жетті ағайын!

«Халықтың сүйіктісі» ұлттық жүлдесі жобасында алғашқы кезең бойынша қатысқан таңдаулы  10 үміткердің Фейсбук желісіндегі өткен дауыс беру кезеңі бойынша Сәдібек Түгел ағамыз барша халықтың қолдауымен екінші кезеңге де жеңіспен жеткендігі белгілі болатын. Міне енді ағымдағы 2017 жылы яғни қасиетті 7-ші рет қатарынан ұйымдастырылып отырған  үлкен жобадағы «Үздік қоғам қайраткері» аталымында ең беделді 4 қатысушының ішінен үздік танылып, шешуші кезеңі 7 желтоқсанда Сәдібек ағамыз лайықты дауыс жинап халықтың таңдауынан  орынды баға алғаны қуанышты сәттер деп білеміз. Осы дауыс беру шешуші кезеңдерде алтын уақыттарыңызды сарп етіп, Сәдібек ағамыздың халық үшін қоғам үшін атқарған еңбектерін елеп, қолдаған баршаңызға мың алғысымызды білдіреміз! Ең бастысы 7-ші  рет ұйымдастырып отырған Халықтың сүйіктісі» ұлттық жүлдесі жобасының ұйымдастырушысы әрі авторы, белсенді белгілі блогер Ғалым Байтуқ мырзаға, Абенов Алпамыс мырзаға, әділқазылар алқасы мүшелеріне қоғам қайраткері Елекеев Ирак ағамызға т.б. азаматтарға, сонымен қатар Жұматай Абильдинов ағамызға, Марат Набиев, Целиноград ауданының әкімі Малғаждар Саттарұлы Таткеев мырзаға, Данияр Жұмаділов, Қанат Бектайұлы Өмірбековке, Қарлығаш Қариеваға, Қайрат Мирашевқа, Фариха Хамитханқызына, Әйгерім Түгелге, Айдын Түгелге, Нұрлан Абрайывқа, БАҚ өкілдеріне, ұстаздар қауымына, барша Фейсбук желісіндегі достарыма, барлық өңірдегі дауыс берушілерге зор алғысымызды білдіреміз! Сіздердің дауыстарыңыз үлкен қолдау болды.

Жалпы Сәдібек ағамыздың қоғамдағы атқарған еңбектері елеусіз қалған жоқ. Қандай іс болмасын халықтың игілігі үшін атқарған еңбегі ұшан теңіз. «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын»,- демекші әсіресе ұлттық, рухани құндылықтарды насихаттауда, өз елінің нағыз патриот тұлғасы ретінде қоғамдағы рөлі айрықша. Сәдібек Түгел – Астана журналистикасының дамуына ерекше үлес қосқан бірегей тұлға. Қандай іс болмасын болашағын болжай білетін көрегендігінде. Идея деген Сәдібек ағамыздан бастау бастама болып жатқандығын бірі білсе де мыңы білмес. «Ұлы Дала» сөзінің өзін ең алғашқы болып халықтың назарына құлағдар еткен де ағамыздың идеясымен қалыптасқан ұғым. Осы идея бастамасымен Қазақстан Республикасы қоғамдық әлеуметтік «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қозғалысының өзі қаншалықты. Қоғам үшін рухани ұлттық құндылықтарды дәріптеуде қозғалыстың атқарған шаралары қаншама десеңізші?!. Бүгінде Сәдібек ағамыз атаулы қозғалыстың тең төрағасы. Сәдібек ағамыз елорданың БАҚ қалыптасуында да елеулі еңбек атқарды. Бұл тұрғыда Сәдібек Түгел Астана қаласының тұңғыш баспасөз хатшысы, танымал журналист ретінде қоғамға белгілі тұлғаның бірі. Сондай-ақ «Қазанат», «Рух» ұғымдарын алғашқылардың бірі болып айтып келе жатқан жандардың бірі. 22 жыл «Ұлы дала – Ұлттық Рух» деп айтып келе жатыр!

Сәдібек Түгел ағамыз араласқан әрбір адам жан дүниесінен, руханилықтан қоғамдағы халық үшін атқарған еңбек жолынан мол өнеге үлкен әсер алады. Қашанда білген-түйгенін аянбай, жастарға бағыт сілтеуді, жол көрсетуді, мүмкіндігінше кімді болмасын ізгілікке баулуды мұрат тұтады.  Ал қоғам қайраткерлігімен қоса қаламгерлік қыры үлкен арна десем артық айтпағаным.  Осы бір қаламгерлік жолда Сәдібек ағамыз үнемі күрделі де іргелі қоғамға жат қылықтардағы ар мәселесін жан айқайымен шырылдап, қара көздеріміздің болашағына алаңдап, түйткілді мәселелерді көтеруді жүрегімен ұққан, сол бағытта тоқтаусыз жұмыс атқарып келе жатқан қайраткер тұлға, қарымды қаламгер. Қай сала да болмасын өскелең ұрпаққа өнегелі, үлгілі сәттерді көрсетіп қалуды ескерген ағамыздың бойындағы асыл қасиеті өлшеусіз. Өзі еңбек еткен ортаның бәрінде іскерлігімен, жұмысқа адалдығымен, қиын тұстарда жол табар тапқырлығымен көзге түскен ағамызды барша халық пір тұтады. Өз заманында қаншама ел игілігі үшін еңбек еткен қаншама тұлғалармен үзеңгілес еңбек етті. Бүгін міне қаншама жылдың жемісі де халықтың жүрегінен орын алып лайықты тұғырға көтерілгендігі. Ұлы Даланың атақты тұлпары Құлагерге ескерткіш салудың инициаторы, әрі ұйымдастырушысы. «Ұлы Дала Даңқы» мұражайын салу идеясының авторы.  Ұлттық құндылық дегенде әсіресе Көкшетау бағытындағы елордадан біраз шақырым жерде бар дүние мүлкін ломбардқа өткізіп қысылтаяң шаққа қарамастан тұғырлы етіп орнатқан Құлагер ескерткішінің өзі Сәдібек ағамыздың символы. Еркіндікке құлаш жая тұяқтарын сермеген әйгілі Құлагер ескерткішінің орнатылуы да асыл мұра, болашаққа өнеге іс. Халқымыздың жылқыға деген құрметінің айқын көрінісі, жыр-дастан, құнды тарих мұрасы. Бұл  жылқы жануарына салынған  әлемдегі ең үлкен ескерткіш болып саналады.

Сәдібек Түгел –жаңа елордамыз Астана қаласының өсіп-өркендеуіне және оны республика көлемінде, ТМД елдері көлемінде насихаттауда үлгі-өнеге көрсетіп келе жатқан Үздік қоғам қайраткері. Міне бүгінгі аталымда жеңімпаз атанған Сәдібек ағамыз елордадағы атқарған еңбегінің де жемісі. Атаулы аталымда Астана қаласының 20 жылдығы аясында Тұңғыш Президент күнінде, Тәуелсіздіктің күні қарсаңында жеңімпаз болуы үлкен жеңіс.

Елорда дегенде Сәдібек ағамыздың қоғам қайраткерлігі қатар жүргендігі белгілі. Ол алғашқылардың бірі болып Астана қаласының халықаралық баспасөз орталығын құрды. Көптеген жаңа бұқаралық ақпарат құралдары құрылды, астаналық ақпарат кеңістігі қалыптасты. Сәдібек Түгел Астана қаласының Халықаралық Баспасөз орталығын ашып, 1000-нан астам баспасөз мәслихаттарын, брифингтер, кеңестер және қызықты кездесулер өткізді. Сәдібек Түгелдің тікелей бастауымен және ұйымдастыруымен маңызды кездесулер және баспасөз саяхаттарын ұйымдастырды, ұлттық ат спортының дамуына өзіндік үлесін қосты, Ұлттық құндылықтарды дәріптеуде бірнеше игі істерді атқарды. Сәдібек Түгелдің белсене қатысуымен ашылған, баспасөз орталығы бүкіл журналистердің құтты мекеніне айналды. Бір сөзбен айтқанда Сәдібек Түгел шын мәнінде жаңа Елордамыз Астана қаласының баспасөзінің негізін қалады, ондаған бұқаралық ақпарат құралдарының өмірге келуіне себепкер болды.

Сәдібек Түгелдің осы жылдар ағымында жарыққа шығарған жаңа Елордаға арналған «Алғашқы Астаналықтар» – «Первопроходцы Астаны» кітабы қалың оқырмандардың зор құрметіне бөленді. Еңбек жолында талай игілікті істерді атқарды. 2002 жылдан 2004 жылға дейін Халықаралық Баспасөз Орталығының басшысы болып жұмыс істеді. 2004 жылдан 2005 жылдар арасында Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының бөлім меңгерушісі болды. 2004 жылдан бері ҚР Ұлттық Спорт Түрлері қауымдастығының 1-ші вице-президенті, Ұлттық Ат Спорты Федерациясының президенті. 2005 жылдан бері жүйелі түрде шығармашылық жұмыспен айналысып, кітап жазып, шығаруда. Сонымен қатар Сәдібек Түгел бірнеше  кітаптың, журналдың бас редакторы. Бұл үлкен күрделі жұмыс. С. Түгел жазып шығарған кітаптар: «Көк Күмбезді – Астана» – 2004 ж., «Астана – Город Солнечной мечты» – 2004 ж., «Қайдасың, қазағымның Қазанаты?!» – 2004 ж., «Джигиты и аргымаки Казаната» – 2004 ж., «Қазанат» – 2006 ж., «Астана – Триумф Независимости страны» – 2007 ж., «Астана – жерұйығы Елімнің» – 2008 ж., «Ертуған» – 2008 ж., «Бүркіт – Ұлы Даланың Символы» – 2008 ж., «Беркут – Символ Великой степи» – 2008 ж., «Алғашқы астаналықтар» жинағы-2011 жыл., «Первопроходцы Астаны» жинағы-2011 жыл., «Астана хикаялары»-2013 жыл, «Өсе бер, өрлей бер, Шығысым!». 2014 жыл. Сәдібек Түгел 8- республикалық журналдың  бас редакторы. («ҚАЗАНАТ» журналы, «Құлыным» журналы, «Біз, астаналықтар» журналы, «Ұлы дала Қырандары» журналы, «Керемет той» журналы, «Журналистер әлемі» журналы, «Ұлттық спорт» журналы.т.б. басылымдар.

 Сәдібек Түгел Ұлттық Спорт саласында да айтарлықтай табыстарға қол жеткізген азамат. Ол адал және сенімді достарымен бірге жиырмасыншы ғасырдың 90 жылдары ҚР Ұлттық Ат Спорты Түрлерінің негізін қалады, алғашқы ережелерді жазды, жұмысын жетілдірді. Сәдібек Түгел бүкіл қазақстан атбегілерінің тұңғыш құрылтайын өткізуге инициатор болған азамат. Ол құрылтай 1995 жылдың 1-наурызы күні Алматы қаласында өткізілді. Сонда ұлттық спорттың негізі қаланды.

Ұлттық мәдениетіміз бен өнеріміздің шынайы жанашыры Сәдібек Түгелдің елімізде ат спортын дамытуға қосқан ересен еңбегі зор еңбегі бар дер едім. Ол ұзақ жылдардан бері Қазақстан Ұлттық ат спорты Федерациясын басқарып, республикамыздың түкпір-түкпірінде дүбірлі аламан бәйге жарыстардың өтуіне, сәйгүлік пен тұлпарлардың көбейіп, даңқ-абыройының асуына, шебер шабандоздардың шыңдалып қанаттануына мұрындық болған тұлға.

Сонымен қатар ең айтулы қоғам үшін әсіресе өмірден өткен дарынды елордалық журналистерді еске алу кештерін дәстүрлі ұйымдастырып келе жатқан үлкен маңызды жобаның авторларының бірі. Ол 2012 жылдың 4 мамырында және 2013 жылдың 12 желтоқсанында ағымдағы жылы 12 қазанда  өткізілген «Олардың есімдері жүрегімізде» атты мәні де маңызы зор, өмірден ерте өткен  белгілі журналистерге  арналған  кештердің ұйымдастырушысы болуы да қоғам тарапынан жоғары бағаланды. Мұндай жобаны елорда төсінде алғашқылардың бірі болып ұйымдастыру да ерен ерлік. Әлі күнге дейін маңызды кеш туралы барша халық аузынан тастамай айтып жүргендігі, жүректерді серпілткен шара болуында еді. Бұлда елеулі еңбекпен терең ой мол тәжірибе, рухани ізгілікпен келген дүние. Ал оның идеясы дегенде Сәдібек ағамыздың өзінен бастау алып жатқандығы тағы да. Бұл  шаралар да жоғары деңгейде өтті. Кешке қатысқан мыңдаған адамдар әлі күнге дейін алғыстарын айтуда, қатысқан көрерменнің көз жасы жүрек тебіреністерін еске алудан айту тілмен жеткізу мүмкін емес.

Сәдібек Түгел ағамыз осы жылдар аралығында талай марапаттарға да ие болған тұлғалардың бірі. Қай елде, қай жерде, өңірде болмасын Астананы айтып, насихаттап жүреді. Өйткені Сәдібек Түгел жаңа Елорданың ірге тасы қаланып, негізі салынған кезеңде қайнаған қазанның ішінде болған азамат.

Жаңа Астананың алғашқы қадамдарын, құрылысын, келбетін, өмір-тынысын Бұқаралық Ақпарат Құралдарында жақсы насихаттағаны үшін 2- мәрте Елбасының Алғыс хатымен, Президенттің Грантымен және «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» жоғары атағымен, «Астана» медалімен марапатталды. Астана радиосы ұйымдастырған үлкен Акцияда «Астананың 10 жылдығының қаһарманы» атағына ие болды. Ол ҚР Жазушылар Одағы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі. ҚР Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының Академигі. Бірдей 4 ауданның құрметті азаматы атануда ерен еңбегінің жемісі яғни,  Ақмола облысы Целиноград және Шортанды ауданының құрметті азаматы, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай және Ұлан аудандарының құрметті азаматы. ҚР мәдениет қайраткері, ҚР еңбек сінірген жаттықтырушысы, «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық мәдени бірлестігінің тең төрағасы. Жуырда ғана өткен Ұлт көшбасшысы – еліміздің тұңғыш Президенті күніне арналған 50 жастан жоғары адамдар арасындағы бильярд спорты бойынша «Ұлы Даланың Үлкен Кубогі» атты дәстүрлі республикалық бильярд турнирінің ұйымдастырушысы, әрі авторы.

Сонымен қатар қоғам қайраткері ретінде қоғамдағы белең алып жатқан өзекті мәселенің бірі ар дағдарысы, жемқорлық тақырыбында өзіндік  азаматтық көзқарасын білідіріп, жан айқайын ой-пікірін қоғам талқысына салып, ұлт болашағын ойлап жүрген парасаттылығы мен азаматтылығы бір төбе.

Сәдібек Түгел қоғамға деген ерекше белсенділігінің, отаншылдықты, ұлттық құндылықты биік ұстанған, адамгершілік қасиеттердің арқасында халықтың игілігіне бөленген, халықтың сүйіктісіне айналған біргей тұлға.

Биік мақсат, табандылық, өзіне деген сенімділік, адалдық сынды қасиеттерді бойына біріктіре білген Сәдібек Түгелдің бүгінгі таңда халыққа жасаған жақсылығының жемісін көріп Халықтың сүйіктісі атануы да тегін емес. Халқы үшін жанын қияр, жұмыр жүрегі «Елім!» деп, «Жерім!» деп соғатын ер азаматтардың бірі осы Сәдібек Түгел ағамыз десек, артық айтпағанымыз болады. Олай болса құрметті Сәдібек аға Сізге барша қазақстандықтардың атынан жеңісіңізбен шын жүректен құттықтай отырып деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, елеулі еңбегіңіздің жемісін көріп халқыңызбен мың жасаңыз демекпіз! Нағыз еліміздің үздік қоғам қайраткері Сізсіз! Құтты болсын!

 

Құрметпен,

барша халықтың атынан                                                   Дидар НҰРЖІГІТ.

 

Сондай-ақ, оқыңыз

Целиноград-озат аудан!

Ауданға 90 жыл толады 1928-2018 Желтоқсан айының соңғы күндерінде бір жыл бойы атқарылған жұмыстардың қорытындысы …