Ақсуаттағы аламан күрес

Қазақ күресі Ұлттық спорт түрлері ішінен ойып тұріп орын алатын қазыналы саласы. Бұгінгі таңда Ата күресіміздің аршындап басқан қадамына сүйсініп қарап,қуанып отырамыз. Дүниежүзлік қазақ күресі федерациясының президенті Серік Адамұлы Түкеевтің жүйелі басшылығының арқасында бүгінде әлемнің 30 аса мемелекеттерінде ұлттық күресімізден федерациялар құрылып жұмыс істей бастауда.Қазақ халқының ұлттық күресі болғандықтан бұл күреске әрбір алаш отбасының қатысы бар екені сөзсіз.Әрбір қазақ жанұясында осы бір туған кұресімізге деген сүйіспеншілік ерекше екенін айпаса да белгілі.

  

Жуырда Тарбағатай тауының бөктеріндегі Ақсуат елді мекененді дүбірімен дүйім жұртты үйіріп алған,қазақ күресінен Ырғызбай Досқанаұлының атындағы 2-ші рет ұйымдастырылып отырған халықаралық жарыс болып өтті.

Байрақты додаға еліміздің әр өңірінен қазақ күресіне жанашырлары, шетеелдңғ құрметті меймандар және осы Ақсуат аймағының еңбектеген баласы мен еңкейген қартына дейін келіп көріп тамшалады.

Өткен жылы бұл жарыс республикалық деңгейде өткізілген болса, биыл аталмыш бәсекенің аймағы кеңейіп, халықаралық дәрежеге көтерілді.

Ақсауат елді-мекеніндегі орталық алаңда жайылған күрес кілеміне Қазақстан, Моңғолия,Қытай, Грузия,,Қырғысстан, Армения,Өзбекстан және Тәжікстан мемелекеттерінің марқасқа, апайтөс балуандары келіп күштерін сынады.

Алғашқы күні жарыс ұйымдасытырушылары ата-дәстүр салтымен келген қонақтар мен командаларды Ақсуаттан 100 шақырым жерде орын тепкен Ырғызбай әулиенің мазарының басына апарып, ас беріп, құран оқыды.

Ал енді,атақты әулие Ырғызбай бабамыз жайлы аз кем ақпар айта кетсек.

Ырызбай Досқанұлы 1787 жылы Шығыс Қазақстан олбысының Жарма ауданындағы Қарақия тауының баурайында дүниеге келіп,1850 жылы Тарбағатай ауданындағы Күмісті бастауында дүние салған.

Жергілікті халықтың айтуынша, Ырғызбай әулие хакім Абайдың әкесі Құнанабайды оның атасы Өскенбайды, атақты айтыс ақыны Түбекті, және де көптеген қарапйым қазақты емдеп жазған екен. Бүгіні күні алыс-жақын елдерден сырқат жандар ағылып келіп,әулие аянынын сауығып кетіп жатқандары жетерлік көрінді.Содан болар бір ғасырдан астам уақыт аралығында Ырғызбай атаның зиратына мінәжат етіп келетін халықтың қарасы үзілмей келеді.

Негізі,шығыс жерінің бай тарихына көз жүгірткенде қаншама асылдар мен абыздардың есімдерін кездестіретінімз ақиқат.Қазақтың дарбоз бахадүр батыры,Қабан батыр атанған Қабанбайдан бастап, кешегі Молдабай,Әбдімәлік, Шиқара, Йісбай, Ығылан мен бірге бүгінде ортамызда жүрген Марат Имашев, Хамит Ысқақаов,Қайрат Құнсафин, Дәулет Тұрлыханов, Зекен Шаймерденов, Шыңғыс Тұрсынов, Мақсат Мәзімбаев, Айбек Нұғмаров,Қуаныш Салықбаев, Шалқар Жоламанов сынды балуандардың есімдерін бүгінде білмейтін қазақ жоқ сірә.

Сонымен, Ақсуат ауылында өткен халықаралық жекпе-жекке оралып, жарыс көрігін қыздырған балуандардың өнерінен сөз етсек.

Жарыс жүйесі бойынша балуандар 80кг және +80кг жоғары салмақтар бойынша мықтыларды анықталатын болды.

Өткен жылы «Қазақстан барысын» жеңіп алған Ұлан Рысқұл, Бейбіт Ыстыбаев, Айбек Нұғмаров сынды атан жілікті балуандары келіп қатысқан республикалық жарыста бас жүлде «қазақтан барысының» 2013 жылғы қола жүлдегері.шығыстың шымыр балуаны Шалқар Жоламановтың қажығысына байланған болатын. О тықырыға бұ тықыр ұқсамайды-дмекше, биылғы жекпе-жектің бәсі әлде қайда жоғары болды.Өйткені, екінші рет жалауан желбіретіп отырған күрес халықарылық дәрежеге жетіп,10 мемлекеттен балуандар шақырылған екен. Сондықтан қатысушы мемелекеттер жауырыны жерге тимеген бура сан, бұқа мойын, таусоғарларын алып келсе керек.

Әсіресе атынан ат үркетін моңғол,өзбекстан, қытайдан келген ауыр салмақтағы балуандары жарыс басталғаннан бастап,қарсыластарын бет қаратпай жерлестерімзді бір састырды. Дегеніменде қазақ күресінен тауы бір шағылып көрмеген, намысты қолдан бір бермеген Ұлттық құраманың балуандары көп ұзамай тізгінді қолға алып, тартысты өнерлерін көрсете бастады.

Бозкілемде Бейбіт Ыстыбаев, Айбек Нұғмаров,,Мұхит Тұрсынов, Ерлан Конкеев, Саят Шәмшиев,Қуаныш Мұратов сынды марқасқа балуандарымыз аброймен ел намысын қорғауға шыққан еді.

Сонымен қатар, Моңғолия,Қытай,Өзбекстан мемелекеттерінің қатарында өз елдерінің бірнеше дүркін жеңімпаздары болып жүрген атан жілікті балуандары келіп күресіп, көрермен халықтың айызын қандыратын жекпе-жектерді тарту етті.

Ақтық айқасқта 80 кг салмақ бойынша алдына жан салмаған қазақстандық қос қабалан ШҚО балуаны Қуаныш Мұратов пен Алматы облысының балуаны Саят Шәмшиевтер кездесті.Екеуі де сен тұр мен атайын дейтұғын қазақстанның апайтөс балуандары. Бұл жекпе-жекте Қуаныштың бағы жанып бір жамбас әдімен жеңсік жетті.Сөйтіп,әулие Ырғызбай бабаның атындағы 2-ші рет өткізілп ортыған байрақты жарыстың жеңімпазы атанды.

Бұл салмақта жүлделі үшінші орын өзбекстандық самбо күресінен әлем чемпионнатының жүлдегері Олим Равшанов пен ресейлік балуан Артем Ковалевскийлерге бұйырды.

Ал. Түйе балуандық жекпе-жектер қортындысында қарсылас шақ келтірмей соңғы финалға шыққан әлем чемпионы, 2013 жылдың Қазақстан барысы Айбек Нұғмаров өзінің жерлесі әлем чемпионатның жүлдегері,белглі блуан Мұхит Тұрсыновқа қарсы шыққан еді.Негізгі уақыт тең аяқталып жеңімпаз қосымша берілетін сында анықталатын болды. Шешуші кезеңде Айбек салмақ басымдылығын пайдаланып, Мұхитты кілемнен көтеріп шығарып алып кетті.Осылайша, дәстүрге айналған Ырғызбай әулиенің атындағы халықарлық жарыстың бас балуаны мен қомақты жүлде қоры Айбек Нұғмаровқа бұйырды.

Сонымен түйе балуандық жекпе-жектің қола медальдары самбо күресінен әлем чемпионы өзбекстандық Абазхан Таймұрадов пен ШҚО балуаны Мереке Тұрашевтердің мойындарына тағылды.

Бір айта кетер жаңалық осы жарыста өнер көрсеткен әлем чемпионы,2012 жылдың «Қазақстан барысы» атағын жеңіп алған белгілі балуан Жамбылдық Бейбіт Ыстыбаев жоқ жерден ШҚО балуаны Мереке Тұрашевке жеңіліп жарыс жолынан шығып қалды.

Сонымен таңазаннан басталған додалы жекпе-жектер аяқталып, салтанатты жабылу сәтіне де келіп жетті.Облыс орталығы Өскемен қаласынан 400 шақырымдай жердегі шалғайда жатқан ауданда осындай дүбірлі жарыстың әлемдік деңгейде ұйымдастырылуы үлкен жетістік деп баға берген жөн.

Осы жарысты өткізу үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей, дайындық жасаған Талғат, Мақсат Мәзімбаевтар, Тарбағатай ауданының әкімі Тәжібайұлы Ділдәбек, ШҚО спорт және денешынықтыру басқармасының бастығы Әбіл Донбай мен бірге Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының президенті Серік Төкеев пен оның орынбасары Бәделхан Камелханұлының ерен еңбектері елеусіз қалмады.

Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының президенті Серік Адамұлы Түкеев «Қазақ күресінің дамуына зор үлесін қосқан» -деген ордендермен ШҚО спорт және денешықтыру басқармасының бастығы Әбіл Донбайды, Ырғызбай Досқанаұлы атындағы халықаралық жарыстың ұйымдастырушысы Талғат Мәзімбаевты және Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының вице-президенті Бәделхан Камелханұлын жиылған халық алдында құрметпен марапаттады.

Өз кезегінде сөз алған ФИЛА Ұлттық спорт түрлері бөлімінің басшысы Вилетта Гентаутес мырза, ауыл төрінде осындай әлемдік стандартқа сай жарыстың ұйымдастырылуына, жергілкті қазақ халықының қонақжайлығына шексіз рахметін білдіріп, ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаевқа ФИЛА -ның арнайы құрмет громтасын табыс етті.

Ашық аспан астында тартысты өткен жекпе-жектердің еш мінсіз өткендігіне риза болған ауыл халқы алғыстарын аянып қалмады.. Ия күрес сүйер халықпыз ғой.

Жекпе-жек ата -бабамыздан бері келе жатқан сайыс өнері.Сондықтанда қанымызда бар осы күрес өнеріне құрметіміз ешқашан сарқылып қалмасы бір анық.

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылардың әзірлеген жүлделі сыйларымен марпатталды. Байрақты бәсеке соңы жергілкті жердің көркем өнерпаздарының концертімен ұласты.

Халықаралық турнирдің жоғары деңгейде өткендігі ескеріліп, алдағы жылы Түркия сияқты мемлекттерден командалар шақыруды мақсат етіп отыр екен.Қазақ күресінің дамуына зор үлесін қосып отырған Ырғызбай Досқанұлы атындағы байрақты жарыстың әруақытта жолы жарық болғай.

Ақын ОРДАБАЙҰЫ
Қазақстан журналистер Одағының мүшесі,С. Бердіқұлов атындағы сыйлықтың иегері

Сондай-ақ, оқыңыз

«Олардың есімдері – біздің жүрегімізде»

18 мамырда ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгел елордадағы Халықаралық баспасөз орталығының құрылғанына 20 жыл толуына …