Белгілі қаламгер Сәдібек Түгел – Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы

Сәдібек Түгел Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы атандыАСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, журналист Сәдібек Түгел Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы атанды.

Бұл жөнінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылдың 10 желтоқсан күнгі №24/301-V шешімі шықты. Облыстық мәслихаттың депутаттары еліміздің ұлтжанды азаматтарының бірі Сәдібек Түгелді бірауыздан қолдап дауыс берді.

Сәдібек Түгел 1955 жылы Шығыс Қазақстан облысында, яғни, өр Алтай мен асау Ертіс жағасында дүниеге келді. Қазақ мемлекеттік университеті журналистика факультетінің түлегі. Өзі туып өскен жердегі аудандық газеттен басталған еңбек жолында «Қазақстан» ұлттық телеарнасында жемісті қызмет атқарды.

Ол – жаңа Елордамыз – Астана қаласының тұңғыш баспасөз хатшысы.

Ол – ұлттық ат спортының, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының негізін қалаушы. 15 кітаптың авторы. Оның ішінде әлемдік бестеллерге айналған «ҚАЗАНАТ» кітабының орны ерекше! «Қазанат» кітабы халықаралық «Кітап өнері» байқауында жеңімпаз атанды.

Ұлы даламыздың даңқты тұлпары Құлагерге орнатылған ескерткіштің бастамашысы және ұйымдастырушысы.

Бұл атақты беруде жерлестері танымал қаламгердің елге сіңірген еңбегін негізге алған. Айта кету керек, ол – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР Спортының құрметті қайраткері, ҚР Туризмінің құрметті мүшесі, Ұлан ауданының құрметті азаматы, 1998, 1999 жылдардағы Қазақстанның ең үздік баспасөз хатшысы, ҚР мәдениет қайраткері, «Астанаға 10 жыл» республикалық байқауындағы «Астана қаһармандары» аталымының жеңімпазы.

Сәдібек Түгелдің ғылыми атақтары да бар, атап айтқанда, ол – Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының және Халықаралық ақпараттандыру ғылымдар академиясының академигі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің дәріскері.

Автор: http://www.inform.kz/kaz/article/2728822

Бөлісу:

Сондай-ақ, оқыңыз

«Олардың есімдері – біздің жүрегімізде»

18 мамырда ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгел елордадағы Халықаралық баспасөз орталығының құрылғанына 20 жыл толуына …

Пікір қалдыру