Ауыл   спорты  туралы  ой-пікір

 Оқырмандар    сұраулары  бойынша  басылды

 Сәдібек  Түгел

 Ұлт үшін ауыл дегеніміз не? Ауыл – қазақтың жан-жүрегі, тал бесігі, менталитеті, тынысы, берекесі. Бейімбет Майлин ағамыз: 20 ғасырдың 30-шы жылдары «Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз» – деп қанатты сөз айтқан. Ол сөз әлі өзінің қасиетін, болашаққа керектігін жойған жоқ. Қайта  қазір ауылға деген үлкен қажеттілік туындап отыр.Бұған менің қосарым: «Қуанса ауыл – қуанамыз бәріміз». Өйткені бәріміз  ауылдан шықтық. Ал, ауылды қуанту үшін не істеу керек?Ең біріншіден, ауылға жағдай жасау қажет. Әлеуметтік мәселелерді шешу maxresdefaultқажет. Олар: ауылға жастар үшін көптеп тұрғын  үйлер, мектеп, почта, дүкендер, мәдениет, ауруханалар нышандарын салу. Сонымен қатар ауыз су, жол, жарық мәселелерін шешу қажет.

           i Міне, осылардың ішінде шоқтығы биік дүние – спорт. Спорт түрлерімен жергілікті елді-мекендерде дамыту, өркендету. Спортпен қазақтардың шұғылдануына барынша мүмкіндіктер жасау. Сол үшін күн-түн демей жұмыс жүргізу. Спорт түрлерін күнделікті тұрмыста қолдану. Осыдан – ауыл спорты деген ұғым туындайды.

Менің түсінігімде ауыл спортының анықтамасы осы. Спорт – ең алдымен мықты денсаулық, жарыс, дене, ой қозғалысы және конкуренция. Содан кейін спорт – береке –  бірліктің дәнекері, достықтың көпірі.

Қазір Қазақстанда 2237 ауылдың округіне біріккен 5500 ауыл, елді-мекендер, 160 аудан, 85 қала, 14 облыс және республикалық маңызы бар Астана мен Алматы бар.

Соның ішінде біз сол 5500 ауылда, 160 ауданда ауыл спортын жандандыруымыз қажет.

ysk_6526Осы жерде бір екі ауыз – сөз ұлттық спорт туралы айтқанымыз жөн. Өйткені ұлттық спорттың отаны – ауыл ғой.Жалпы Ұлттық спорт деген не? Оның тарихы қалай? Бұл жөнінде қозғап көрелік.Қазақ ұлтының ұлылығын, қазақ халқының даналығын, қазақ елінің елдігін бүкіл әлемге паш ететін мәдениеті мен салт-дәстүрі болса, соның ең бастысы ұлттық спорт түрлері, ұлттық спорт ойындары болып табылады деп есептейміз. Ұлттық спорттың мың жылдық тарихы бар. Аламан бәйге, тоқ бәйге, жорға жарыс, құнан бәйге, көкпар, қыз қуу, ат үстіндегі сайыс (аударыспақ ойыны), теңге алу, жамбы ату, қамшыгерлік, саясаткерлік, түйе жарыс – желмая, қазақша күрес, жекпе-жек, тоғызқұмалақ және тағы басқа спорт түрлері сонау ықылым заманнан бері туған халқымызбен бірге жасап, ұлы ақынымыз Жұбан Молдағалиев айтқандай «Мың өліп, мың тіріліп» келеді.

img_8518sajtТүйіндеп айтсақ – Ұлттық Спорт – Ұлы Дала мәдениетінің темірқазығы. Ал – мәдениет – ұлт рухы, болмысы!Ұлттық спортымыз – соңғы 2-мың жылдықта – менің зерттеуімде 3-кезеңнен өтіп, қазір 4-ші кезеңді бастан кешіріп отыр.

  1. Бірінші кезең: Дәуіріміздің 6-шы ғасырынан – 17 ғасыр аралығын қамтиды. Түрік қағанаты, Дешті-Қыпшақ хандығы Алтын орда, Қазақ хандығы. 11 ғасырға созылды.

Бұл көшпенділер – спортының қалыптасу кезеңі.

  1. Екінші кезең: Ресей Империясының қарамағында бодан болған тұсымыздағы ұлттық спорт түрлерінің дамуы. Толық 18 ғасыр мен 20 ғасырдың басына дейін – 217 жыл. Батыл түгіл –бас қайғы болған заман.
  2. Үшінші кезең: Қазан төңкерісі болған 1917 жылдан – 1991 жылдар Советтер Одағы тарағанға дейін-74 аралығы. Ұлттық спорттың көлеңке де
  3. Төртінші кезең: Қазақтың тәуелсіздік алған 1991 жылдың 16-шы желтоқсаннан бүгінге дейінгі 19 жыл.

Құдайға шүкір – Тәуелсіздігіміздің арқасында 19 жылда біршама жұмыстар атқарылды.

Ұлттық Спорттың айы оңынан туып, жұлдызы жарқырай бастады. Оның айқын дәлелі – ұлттық спорт түрлерінің кең тарауы. Осы өткен 19 жылды – 2-ге бөлуге болады.

Біріншісі – 91 жылдан 98 жылға дейінгі 7 жыл және

Екіншісі – 98 жылдан бүгінге дейінгі – 12 жыл.

i-11998 жылы – ҚР Ұлттық Ат Спорты Федерациясының 1-съезін өткізіп, Юстиция Министрлігінен заңды тіркеуден өттік. Нәтижесінде ұлттық спорт заңдылық күшке ие болды. Бұл үлкен нәтиже болатын. Қатарынан ұлттық спортқа арналған 2-съез, 5 конференциясын, 8 кеңесін өткіздік. Ұлттық Спорт Түрлерінен көптеген халықаралық, республикалық деңгейде жарыстар өткіздік. Соның ішінде – 1999 жылғы Орта Азия мен Қазақстанның ұлттық Ат спортынан тұңғыш Фестивалі, көкпардан – Халықаралық «Көкбөрі» Федерациясын құруымыз, Ұлттық Спорттан президент Кубогі, Президент жүлдесіне арналған халық ойындары, Ұлы Аламан жарысы, Халықаралық «Жекпе-жек», Қазақ күресі, Тоғызқұмалақ, алыпсоқ, Жұдырықтасу жарыстары..

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне және Астана күніне арналған «Замана желімен жарысқан – Қазанат» – ат спортының үлкен мерекесі және қазақ бүркітшілерінің Ұлыбритания Лондон қаласында өткен әлем құсбегілерінің 1-фестиваліндегі тарихи жеңісі. «Қазанат» журналының жарыққа шығуы. Оның үстінде даңқты бабаларымыз – Қабанбай, Қарасай, Ағынтай, Сүйінбай, Темір бабаларымыз кесенелерін салуымыз.

 

 

Бөлісу:

Сондай-ақ, оқыңыз

«Олардың есімдері – біздің жүрегімізде»

18 мамырда ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгел елордадағы Халықаралық баспасөз орталығының құрылғанына 20 жыл толуына …