«ҰЛЫ   ДАЛА  –  ҰЛТТЫҚ РУХ!»- КЕРЕМЕТ   ЖОБАСЫНА 21  жыл   толды.

«ЖАС ҚЫРАНДАР» ЖАСТАР  ҚАНАТЫНЫҢ  ЖИНАЛЫСЫНА   ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ   СҰРАҚТАРЫНА  «ҰЛЫ ДАЛА ҚЫРАНДАРЫ» ХАЛЫҚТЫҚ  ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ  НЕГІЗІН  ҚАЛАУШЫЛАРДЫҢ БІРІ  ӘРІ  ТӨРАҒАСЫ    СӘДІБЕК  ТҮГЕЛДІҢ  ҚАЙТАРҒАН  ЖАУАБЫ:

«ҰЛЫ   ДАЛА  –  ҰЛТТЫҚ РУХ!»- атты   ЖОБАСЫН ЖАСАУ ИДЕЯСЫ ҚАШАН ЖӘНЕ  ҚАЛАЙ  ОЙЫҢЫЗҒА КЕЛДІ?

–  1995-1997  жылдары   мен    қазақ    телевидиниесінде   қызмет   істедім.   Сонда  «Біз   қайда   барамыз?»-атты   бағдарлама   аштым.    Соның   негізінде    ұлт  руханиятына    арналған   хабарларды дайындап,      телеэфирге   шығардым.  Олар:  «ИСЛАМ  ДІНІ   ЖӘНЕ    ЖАСТАР  ТӘРБИЕСІ», «ҚАЗАҚТЫҢ  ҚЫЗЫНА   ҚЫРЫҚ  ҮЙДЕН  ТИЫМ», «ҚУАНСА  АУЫЛ-ҚУАНАМЫЗ  БӘРІМІЗ»,  «ПАРА   ЖӘНЕ  ПАРАҚОРЛЫҚ», «МҮГЕДЕКТЕР  МҰҢЫН  КІМ  ТЫҢДАР?», «АРАҚ АТАМЫЗДЫҢ  АСЫ ЕМЕС»   және  тағы  басқалары.  Сонда маған  көп   ізденуге  тура   келді.   Әр   елдің,   әр  ұлттың   өзіне   ғана   тән   ерекшіліктері  барын    кітаптардан  оқып,  қанықтым. Біз   қандай   елміз?  деген    сұраққа    жауапты  іздедім. 

– Мен бұл сұраққа бұрындары да жауап бергенмін. Қазір де айтып өтейін… Біздің қазақ Ұлы далада жаратылып, Ұлы далада өсіп келеді. Ұлы дала бүкіл әлемдік өркениеттің бастау алған жері. Ол тұрғысында жер шарының ең беделді археолог ғалымдары сенсациялық жаңалықтар ашуда. Мысалы, Ботай, Берел, Тарбағатай қорымдарынан табылған қазбалар оған дәлел бола алады. Жалпы алғанда, Ұлы дала болмысы, тарихы, мәдениеті,салт-дәстүрі нағыз ұлттық идеологияның өзі. Біз қазір идеология жоқ деген сыңаржақ байбаламдарды естиміз. Ол бекер сөз. Идеология бар. Ол – ұлы даланың ұлттық құндылықтары.  Досым    Марат  Нәбиев  екеуіміз «ҰЛЫ  ДАЛА  ҚЫРАНДАРЫ»  атты  халықтық   қозғалыс   аштық.   Қазір   соның   жұмысын    дөңгелетіп  жүргізіп  отырмыз.   Сол  қозғалыстың 1-құрылтай съезінде біз ұйымның «Ұлттық құндылықтарды ұлықтайық»- деген бағдарламасын қабылдадық. Қозғалыстың негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды ұлықтау, Ұлы дала мәдениетін жаңғырту болып табылады.

Екіншіден, мен осы Алла Тағала сыйлаған ғұмырымда жиырма  жылдай ұлттық «Ұлы Дала-Ұлттық Рух!» деген атпен көптеген шараларды жүзеге асырып, Ұлы Даланың ат ойындарын зерттеумен келемін. Ұлы Далаға арнап ондаған зерттеу мақалалар мен кітаптарды жазып, жарыққа шығардым. Сонымен қатар, Ұлы далаға арналған «Ұлы Дала Батырлары», «Ұлы Дала Тұлпарлары» атты игілікті іс-шаралардың басы-қасында, ұйымдастырушылардың бірі болып жүрмін. Мысалы, Ұлы Дала мәдениетінің темірқазығы болып саналатын ұлттық ат ойындары, жылқы шаруашылығы, «Қазанат» тақырыбы, көкпар, аламан, қыз қуу, аударыспақ, бүркітшілік т.б.

Үшіншіден, Ұлы деген сөзден қашпау керек. Қазақ – Ұлы халық. Қазақ Ұлы болмаса, осынау жерді ұстап тұра алмаған болар еді.. Менің зерттеуімде, қазақтың тарихында болған барлық соғыстардың 90 пайызы осы Ұлы дала жері үшін болған. Біздің міндетіміз – ұлы даланы қастерлеу, құрметтеу, тарихын зерттеу, соны тек зерттеп қана қоймай болашақ ұрпақтың игілігіне жарату – қазіргі қазақ жастарын ерлікке, батылдыққа, батылдыққа, отансүйгіштікке, жерді сүюге тәрбиелеу. Бір сөзбен айтқанда, бұрынғы ата-бабаларындай ержүрек азаматтарды дайындау. Менің   түсінігімде   ҰЛЫ  ДАЛА   ұлттың    ұлағатты  мекені.  Бұл  тұста   Елбасының  «БОЛАШАҚҚА  БАҒДАР: РУХАНИ  ЖАҢҒЫРУ»  атты    мақаласы   маған  ұнады.  Түсінген  жанға   тағлымы   мол.

-Неге   көңіліңіз  толмайды?

-Қолы  қызметке  жеткендердің,  қызмет  бабын    шебер пайдаланып, мемлекеттің   қазынасындағы  қарапайым халықтың несібесіне  арам  қолдарын   салып,  тонаулары,   тапа-талтүсте  жеулері ашу-ызамды   келтіреді.  Оларды  түп-тамырымен  құртпай    көзіміз  ашылмайды.

– Шығармашылығыңыз  қалай?

-Өмірдің  өзі   новелла. Негізінен шығармашылықтамын. Кітап  жазумен   шұғылданамын.   Уақыт  жетіспейді.  Зейнеткерлері  «минималкамен»  өмір   сүретін   қарапайым   қазақ    ауылында  тұрамын.  Кейіпкерлерім  өмірдегі   адамдар.  Олардың  тіршіліктері, ұстанымдары,  қарым-қатынастары  әңгімелеріме    арқау  болуда.

-Әлеуметтік   желілер  туралы   пікіріңіз   қандай?

– «ФЕЙСБУК»  деген   ӘЛЕМ   бар.    Сол  дүние  маған  ұнайды. Бүгінгі  таңда  оған  жететін   интернет-  портал  жоқ.   Әлемді   тербетіп  отыр.  Сол  жерден  көптеген  достар  таптым.   Ой-пікірлерімізбен  бөлісіп  тұрамыз. Әңгімелерім   басылып  тұрады.   Оқырмандарым да жетерлік.   Күн  сайын  олардың   қатары  өсіп  келеді.

Дидар   Нұржігіт- «ЖАС ҚЫРАНДАР» ЖАСТАР  ҚАНАТЫНЫҢ  ЖЕТЕКШІСІ,  ЖУРНАЛИСТ.

 

Сондай-ақ, оқыңыз

Құрбан айт қабыл болсын!

Баршаңызды күллі мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті, ұлық мереке – Құрбан айт мейрамымен құттықтаймыз! Құрбан …