«Құлагер есткерткіші» акциясы

Құлагер мәңгілік тұғырына мінді!

2009 жылдың қараша айының 27 жұлдызында, Ұлы Даланың даңқты тұлпары Құлагерге арналған ескерткіш салынып бітті. Бұл ел өміріндегі айтулы оқиға болып саналады. Себебі, Құлагер ескерткішін бүкіл халық тосып жүрген болатын. Ескерткіш «Астана-Көкшетау» автобанының бойында орналасқан. Мүсіннің ұзындығы – 8 метр, биіктігі – 5 метр, салмағы – 5 жарым тонна, таза мыстан құйылған. Жалпы ұзындығы 11 метр.

Толығырақ оқу»

Құлагер – Ұлы Даланың Атақты Тұлпары

Ұлттық құндылықтарымызға арналған ғылыми-танымдық «Қазанат» журналының ұйымдастыруымен 2009 жылдың қаңтар айының 7-ші күнінде Елордамыз Астан қаласының «Абай» қонақ үйінің мәжіліс залында «Атақты тұлпар Құлагерге ескерткіш орнату» атты «Дөңгелек үстел» басындағы кездесу өткізілді.

Толығырақ оқу»

Бүкіл қазаққа ортақ атақты тұлпар «Құлагерге» ескерткіш тұрғызу туралы үндеу:

Қазақ халқының тарихында Ақан сері мен оның атақты тұлпары «Құлагер» ерекше орын алды. Олардың тағдыры трагедияға толы. 1876 жылдың күзінде Сағынайдың асындағы дүбірлі бәйгеде бірінші болып, жеке-дара келе жатқан Құлагерге тарихта бұрын-соңды болмаған қастандық жасалды. Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар атанған Құлагеріміз қанішер Батыраштың қолынан қаза тапты, мерт болды, Ерейментаудың Құсақ көлінің тұсында мәңгілікке көз жұмды. Бұл өлім атты жақтан жақсы көретін қазақ халқының қабырғасын қайыстырып, жүрегін езіп, есеңгіретіп …

Толығырақ оқу»