Құлагер – Ұлы Даланың Атақты Тұлпары

Ұлттық құндылықтарымызға арналған ғылыми-танымдық «Қазанат» журналының ұйымдастыруымен 2009 жылдың қаңтар айының 7-ші күнінде Елордамыз Астан қаласының «Абай» қонақ үйінің мәжіліс залында «Атақты тұлпар Құлагерге ескерткіш орнату» атты «Дөңгелек үстел» басындағы кездесу өткізілді.
«Дөңгелек үстелге» есімдері елімізге белгілі мемлекет, қоғам қайраткерлері, жазушылар, тарихшылар, журналистер, ұлттық құндылықтарды зерттеушілер қатысты. Олардың ішінде: Әкім Тарази – халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Төлен Әбдіков – ҚР Президенті әкімшілігінің сектор меңгерушісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті жазушы, Нұрғожа Ораз – белгілі ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Жарасбай Сүлейменов – жазушы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Қадырбай Нұрпейісов – ҚР Президент Әкімшілігінің қаражат бөлімінің меңгерушісі, Анатөлі Құлназаров – ҚР Спорт комитетінің төрағасы, академик, Нұрлан Ережепов – Ерейментау ауданының әкімі, Елсияр Қанағатов – ҚР құрама командалар штатының директоры, Талғат Ешен – «Нұр Отан» партиясының кеңесшісі, Сағындық Жамболатов – Астана қаласының бас дизайнері және басқалар.
Дөңгелек үстелде жобаның авторы әрі инициаторы, «Қазанат» журналының шеф-редакторы, жазушы Сәдібек Түгел төмендегі мәтінде баяндама жасады.

Ассалаумағалейкум қадірлі ағалар!
Құрметті достар!

Ең алдымен, «Қазанат» журналы ұжымының шақыруын қабыл алып, қымбат уақыттарын бөліп «Дөңгелек столға» қатысып отырған ұлтымыздың даңқты перзенттері, халқымыздың ардақты азаматтары, ағаларымыз – Әкім Таразиға, Төлен Әбдікке, Нұрғожа Оразға зор ризашылығымды білдіріп, рахметімді айтамын. Сонымен қатар, бүгінгі жиынға мына абзал азаматтар қатысып отыр. Олар:

  1. Қадырбай НұрпейісовҚР Президент әкімшілігінің бөлім меңгерушісі
  2. Жарасбай Сүлейменов – ҚР Парламентінің депутаты, жазушы
  3. Ережепов Нұрлан Әскерұлы – Ерейментау ауданының әкімі
  4. Анатөлі Құлназаров – ҚР Спорт Комитетінің төрағасы, академик
  5. Елсияр Қанағатов – ҚР штаттық командалар дирекциясының директоры
  6. Талғат Ешен – «Нұр Отан» партиясының кеңесшісі
  7. Ерейментау ауданынан – Сара Дүйсембаева, Сайлау Байбосын, Мақсұт Баймұрыновтар
  8. Алмат Ыдырысов – ҚР «Бүркітшілер» Федерациясының президенті
  9. Мүсінші Сұлтан Иляев, адвокат Жұматай Әбілдинов, Бұқаралық Ақпарат Құралдарының өкілдері Қойшыбай Есентаев, Бейбіткүл Тоқабаева және басқа да тілектестер бауырлар осында қатысып отыр.

Бәріңізге Хош келдіңіздер деймін!!!

Бүгін екі мәселе төңірегіне әңгіме өрбиді.
Біріншісі: «Атақты жүйрік тұлпар Құлагерге Ерейментау ауданында ескерткіш орнату».
Екіншісі: «Бүркіт – Ұлы Дала Символы» атты кітапты құрметті ағаларымызға, оқырмандарымызға сыйлау әрі тұсауын кесу болып табылады.
Мақұлдасаңыздар, бірінші сұраққа көшемін. Құлагерге байланысты ойымды айтамын.
Ұлттық ат ойындары – Ұлы Дала өркениетінің темірқазығы болса, Ұлттық ат спортының, жылқы шаруашылығының тарихында – Ақансерінің Құлагері ерекше орын алады. Құлагерсіз Аламан бәйгені, ұлттық ат ойындарын елестету мүмкін емес.
Біздің ұлт үшін «Құлагер» идеясы әр кезеңде, әрқашан актуальді болып келеді.
Проблема мында. Тарихымызда Құлагерге екі мәрте қастандық жасалды.
1-ші рет: Барақбай (Батыраштың) жендеттері Ерейментаудың Қосақ көлінің маңайындағы «Шырпылы биік» – «Талды сай» жотасында Құлагерді ұрып өлтірсе, екінші рет – 1996 жылы белгісіз біреулер ескерткішін қиратып, ұрлап кеткен. Ескерткіш жақсы болатын. Оны салған адамдар: сол кездегі «Еркіншілік» совхозының директоры Риммер Андрей Андреевич және абзал азамат Молдахмет Досаев еді. Ұрылар табылған жоқ. Табылмайтын да шығар. Содан бері 12 жыл өтті. Ерейментау аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция майоры Шаймергеновтен мындай жауап алдық:
«На Ваш запрос от 10.11 2008 г. за № 439-008 сообщаем, что в период с 4 по 7 февраля 1996 года неизвестное лицо совершило кражу обелиска «Кулагер», стоявшего на 36 км трассы Ерейментау-Вишневка. По данному факту 19 февраля 1996 года было возбуждено уголовное дело № 96071025 по признакам преступления, предусмотренного ст.76 ч.2 УК РК. 19 апреля 1996 года производство по данному уголовному делу было приостановлено в связи с неустановлением лица, подлежащего привлечению в качестве обвиняемого».
Бір сөзбен айтқанда, осы келеңсіз жәйт Құлагерді құрметтейтін, ұлттық спортты, ұлттық өнерді бағалайтын азаматтардың ренішін тудырып, жанымызға ызғырдай батып, шаншудай қадалып, намысқа тиіп келеді.
Өзім нақты екі рет тығырыққа тірелдім. Біріншісі: 2000 жылы, алыс қашықтыққа тура жолмен «Құлагер-Аламан» өткізуді ойластырғанда – «Құлагер» ескерткішінің ұрланғаны айтылды.
Екінші рет, «Қазанат» журналында Құлагерге арналған «Құлагер феномені» атты материал ұйымдастырмақшы болғанда тағы да осы мәселе қатаң айтылды.
Осы жағдайды ескеріп, намысты қайрап, Құлагерге ескерткіш орнатуды бастауды ұйғардық. Өйткені Құлагерсіз бәрі бос сөз сияқты көрінеді.
Сонымен, қазірге дейін не істелді.
Алдымен, экспедиция ұйымдастырылып, Ерейментау ауданына, Сағынайдың асы өткізілген «Қосақ» көліне бардық. Жол бойында – Ескерткіш орнатылған төмпеде болдық. Ескерткіштің орыны – үңірейіп бос тұр.
Ерейментау ауданының әкімі – Нұрлан Әскерұлы Ережеповпен және ауыл ақсақалдарымен, өлкетанушыларымен кездестік.
Шешім қандай!? Шешім біреу – Құлагерге ескерткішті салуымыз керек. Міне, бүгін, сол жөнінде келісіп алуымыз қажет.
1 сұрақ – қайда саламыз.
1) бұрынғы орыны – Павловкаға ма?
2) аудан орталығы – Ерейментауға ма?
3) әлде – Елорда Астанаға ма?
2 cұрақ
Осында мүсінші Сұлтан Иляев бауырымыз отыр. Ол эскизді дайындап әкелді. Соны талқылап, бекіту.
3 сұрақ
Үндеуді талқылап, бекіту.
4 сұрақ
«Құлагер-Аламан» атты 75-шақырымдық Ұлы бәйге өткізу, тура жолмен.
Арнайы құрылыс компаниясы ашылды. Аты: «Құлагер ескерткіші» – «Памятник Кулагеру». Көп қаражат керек. Соны іздеу керек. Кімдер қол ұшын созуда.
Алдымен айтарымыз, қазақ атбегілері, бауырларымыз, Ерейментау ауданы, «Фолиант» баспа үйі, ҚР Ұлттық спорт түрлерінің Қауымдастығы, ҚР Спорт Министрлігі, Спорт Комитеті, Құрама командалар штаты және тағы басқалары.
Алда үлкен асулар мен белестер тұр. Сіздердің тікелей қолдауларыңызбен «Құлагерге» жақсы ескерткіш орнатылады деп сенемін!
В конце несколько слов на русском языке.
Речь идет о феноменальном скакуне Кулагере. «Кулагер» – гордость общенационального масштаба. Идея Кулагера сегодня как никогда актуальна. Поэтому мы решили начать строительство памятника «Кулагеру» – великому скакуну всех времен!

Cұлтан ИляевСәдібек Түгелдің баяндамасын талқылауда мына азаматтар белсенділік көрсетті:
Сұлтан Иляев: «Екерткішті қалада орнатсақ атақты тұлпарды клеткаға қойған боламыз. Оның орыны оның Отанында, бостандығында деп ойлаймын».

Нұрғожа ОразНұрғожа Ораз: «Құлагерге ескерткішті Астана қаласының маңайына қою керек, Құлагер барлық қазақстандықтар үшін Ұлы тұлпардың бейнесі. Және де шетелдіктер келген кезде туристік маршрут ұйымдастыруға өте қолайлы. Ерейментау ауданы алыста жатыр».

Әкім ТаразиӘкім Тарази: «Мен Құлагер ескерткіші қаланың ішінде болуды қаламаймын, өйткені қатардағы жәй бір ескерткіштің бірі болып қалады. Құлагерге кең дала керек, қанатын самғап шабардай. Бірақ ақылдасайық».

Төлен ӘбдіковТөлен Әбдіков: «Мен Нұрғожа Ораздың айтқанына толық қосыламын. Қаланың іргесінде, күре жолдың бойында болғаны дұрыс деп ойлаймын.

Сайлау БайбосынСайлау Байбосын: «Жалпы Құлагерге ескерткіш орнатуды Сіздердің бірауыздан қолдауларыңыз қуантады. Тарихқа көз тастасақ Құлагердің аты осы Ерейментау ауданы арқылы барлық елге мәлім болды. Құлагердің ескерткіші Ерейментау даласында болғанын қалаймын.

Жарасбай СүлейменовЖарасбай Сүлейменов: «Мен Нұрғожа Ораздың пікірін қолдаймын. Бұл бүкілхалықтық, ұлттық идея. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамын».

Анатөлі ҚұлназаровАнатөлі Құлназаров: «Бүгінгі «Дөңгелек үстелде» көтеріліп отырған мәселенің қазіргі уақытта өте орынды екенін айтқым келеді. Бұл іс шараның болашақта жас ұрпақты тәрбиелеу бағытында үлесі мол деп санаймын. Ескерткішті асыл тастан жасауға болатынын айтқым келеді».

Нұрлан ЕрежеповНұрлан Ережепов: «Ескерткіш туралы айтарым, архитектор Сұлтан Иляев Астана-Павлодар тас жолының Ерейментау қаласының қасында болуды жоспарлап эскиздарын сызып әкеліпті. Бірақ бұл жерде келешектегі тас жолының өзгертілу жоспары бойынша жаңадан жол салынады. Сондықтан қазір ескерткіш эскиздік проект бойынша бола алмайды. Жалпы ескерткіштің Ерейментау ауданында қойылуын қалаймын».

Сағындық ЖамболатовСағындық Жамболатов: «Ескерткішке орын табу Елордамыз Астанада проблема емес. Ескерткішті Астанада салу қажет».

Бейбіткүл ТоқабаеваБейбіткүл Тоқабаева: «Қазанат» журналының мәселені көтеріп отырғанына өте ризамын. Біз Ататүркке ескерткіш орнатудамыз ғой. Оның жанында ең бірінші «Құлагерге» ескерткішін салу қажет».

Елсияр ҚанағатовЕлсияр Қанағатов: «Астана – жастар орталығы, сондықтан Құлагер республиканың астанасында орналасуы дұрыс деп санаймын, өйткені жастар үшін тәрбиелік маңызы бар».

Соңында Сәдібек Түгел «дөңгелек үстелдің» қорытындысын шығарды: «Қадірлі ағайындар! Айтылған келелі ұсыныс, пікірлеріңізге және белсенділік білдіргендеріңізге көп рахмет айтамын. Ең бастысы, біз ұйымдастырушылар бастаған шарамыздың маңыздылығына, елге қажеттілігіне көзімізді жеткіздік, нық сенімге ие болдық. Бұл бірінші.
Екінші. Ескерткішті қайда орнату жөнінде қызу пікірталас болды. Бұл мәселені келесі басқосуда мұқият талқылап, таразыға салып, содан кейін ғана шешім қабылдайтын боламыз».

«Дөңгелек үстел» Құлагер ескерткішін салуға арналған Үндеу қабылдады.

Бөлісу:

Сондай-ақ, оқыңыз

Құлагерге ескерткіш орнатылды

6 маусым күні Ұлы Даламыздың атақты тұлпары Құлагерге арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді. Бөлісу:

Пікір қалдыру