Өткен ғасырдың орта кезінен бастап тың игеругеушілердің қотарыла қоныс аударған аумағының бірі Қостанай облысы болды да, мұндағы жергілікті халықтың үлес салмағы азайып, ұлттық салт-дәстүр, өнер, спорты қапаста қалғандай күй кешкен еді. Осы елде Ұлттық спорт еңсесін көтеріп, қазақтың исі шыға бастаған кезең еліміз егемендік алған кезден басталды. Соның ішінде көш бастап алғашқылардың бірі болып Ұлттық спортты қолға алған Жітіқара елі болды. Мұнда да жергілікті халық аз болғанына қарамастан, бойында ұлтының қайнаған …
Толығырақ оқу»Ұлттық спорт
Қазақтың хас батыры!
Қазақ халқының жауымен жекпе-жекке шығып айқасуы ежелден келе жатқан қанында бар қасиет. Батырларымыз не бір сұсты қаныпезер жауларымен жекпе-жекте кездесіп тізе бүктіріп, жеңілгендігін мойындатып отырғандығын халық жақсы біледі. Абылайхан атамыздың 20 жасында тайсалмай Қалмақ қонтайшысының батыр күйеу баласы Шырышты жекпе-жекте жеңіп, қалмақтардың жеңілгендігін мойындатқан.
Толығырақ оқу»Ұлттық спортсыз рухты көтеру қиын
ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының бірінші вице-президенті, ҚР «Ұлттық ат спорты» федерациясының президенті Сәдібек Түгел: ҰЛТТЫҚ СПОРТСЫЗ РУХТЫ КӨТЕРУ ҚИЫН Тамыры тереңнен тартылған ұлттық спорт түрлері халық құндылықтарының ажырамас бөлігі. Сондықтан, оның өрісін кеңейтіп, дені сау, өресі биік ұрпақ тәрбиелеуде сенімді құралға айналдыра білсек ұтқанымыз. Ата-бабаларымыздың қалдырған осынау мұрасына ісімізбен адалдық танытсақ, әрине, өзімізге пайда. Тәуелсіздік қолға тиісімен кезінде тас атылғандықтан тасаға тығылған, қолдан тұншықтырылған, «ескіліктің қалдығы» деп «әдемі» айдар …
Толығырақ оқу»Ұлтымыздың болашағын ойласақ
Биыл еліміздің Тәуелсіздік алғанына 20 жыл толды. Осыған орай Елбасымыз Н.Назарбаев осы жылды «Тәуелсіздік жылы» деп атап, 20 жыл ішінде мемлекетіміздің жүріп өткен жолын, жеткен жетістігін қоғамымыздың әр бір мүшесі өз жүрегімен сезініп, өз көзімен көру керектігін айтқан болатын. Бұл мерекені еліміздің барлық түкпірлерінде: ауыл, аудан, қалаларында, оған мейілінше көбірек халықты қатыстыра отырып атап өту жөнінде әкімдіктер, мекеме, ұйым, қоғамдардың алдына міндеттер қойылды. Осыған орай Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері …
Толығырақ оқу»«Күш атасы Қажымұқанның 140 жылдығы тойланды»
7 мамыр күні Ақмола облысы Целиноград ауданы Қажымұқан ауылында Қажымұқан Мұнайтпасовтың 140 жылдығына арналған ерекше маңызды мәдени –спорттық іс-шара болып өтті. Өткізіліп отырған шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды, Ұлы Дала мәдениетін ұлықтау, ұлттық спортты және денешынықтыруды кеңінен насихаттау, XX ғасырдың Ұлы перзенті әрі атақты балуаны Қажымұкан Мұңайтпасұлының ерлігі арқылы өскелең ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеу. Сонымен қатар, бұл шара тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына да арналып өткізілді.
Толығырақ оқу»
Түгел Медиа