«Құлыным»

Халық өлшемдері

Халық өлшемдері – ұлт мәдениеті мен этнографииясының қызықты салаларының бірі болып саналады. «Халық айтса қалып айтпайды» дегендей халық өлшемі анық өлшем десек қателеспейміз. Өйткені оны ата-бабаларымыз бірнеше ғасырлар бойы қолданып және сол арқылы өлшем негіздерін жасаған. Оны төмендегідей бөлуге болады.

Толығырақ оқу»

Сан сынақтан сүрінбеген спорт мектебі

Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының №7 Олимпиадалық резервінің балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі 2004 жылдың наурызында өз жұмысын бастағаннан бері көкпар, бәйге, конкур, жігіт-сайыс,  аударыспақ, қыз қуу, теңге алу, үшсайыс сынды ұлттық спорт түрлері бойынша шәкірт тәрбиелеуін төқтатқан емес.

Толығырақ оқу»

Алда алатын асуларымыз көп

– Сәлеметсіз бе, Жансұлу Жұмайқызы! Ең алдымен аталмыш оқу ошағын таныстыра кетсеңіз? – Бүгінгі ұрпақ ертеңгі болашағымыз ғой, осы мақсатта жыл сайын Астана төріндегі мектептердің қатары артып келе жатқанын білесіз. Біздің № 65 мектеп-гимназиясы да сол алтынұялардың қатарында жас ұрпақтың сауатты білім алуына үлкен жол ашып отыр. 1200 оқушыға арналған біздің мектеп 2010 жылдың 1 қыркүйегінде пайдалануға берілген болатын. Жылдан жылға мектебіміз көркейіп, оқушы саны да өсіп келеді. Қазіргі кезде 1146 оқушыға 107 ұстаз білім беруде. Оның 97-сі жоғарғы оқу орындарын бітірген. Заманауи технологиямен жабдықталған мектебімізде бастауыш буындар бойынша 599, негізгі буында 470, ал орта буында 77 жеткіншек тәрбиеленіп жатыр. Оқу орнымыз аралас мектеп болғандықтан оқу-тәрбие жұмыстары екі тілде, мемлекетті және ресми тілде жүргізіледі. Мектебімізде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған түзету және инклюзивті сыныптар да бар.

Толығырақ оқу»