Осы жылдың сәуір айында ат спорт федерациясының президенті Сәдібек Түгелдің ұйымдастыруымен елімізде тұңғыш рет жас өспірімдер арасында «Тай жарыс» бәйгесін өткізу қолға алынды. Білім және ғылым, Туризм және спорт министрліктері мен «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының қолдауымен «Құлыным» журналының кубогына арналған «Тай жарыс» бәйгесі маусым айынан басталып мәреге бет бұрды.
Толығырақ оқу»Ай мұрағаты: Тамыз 2010
Алматыда – дүбірлі тай жарыс
Ақбас алып Алатаудың бөктеріндегі әсем Алматы қаласының «Көкбастау» ипподромында 1 тамыз күні сағат 10 кезінде республикалық әдеби-танымдық, балалар спортын насихаттауға арналған «Құлыным» журналының кубогына арналған қалалық «Тай жарыс» бәйгесі өтті. Осы бәйгенің ұйымдастырылуына және ойдағыдай өтуіне Алматы қалалық «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты, Алматы қалалық Туризм, денешынықтыру және спорт басқармасы, Алматы қалалық Ат спорты федерациясы басшылық жасады.
Толығырақ оқу»
Түгел Медиа