Ай мұрағаты: Қаңтар 2012

Біз, қырандармыз!

«Ұлы дала қырандары» республикалық қозғалысының тең төрағасы, белгілі қоғам қайраткері, ұлт мақтанышы Марат Әскенұлы Набиев: Біз, қырандармыз! – Марат аға, балаларға арналған әдеби-танымдық республикалық «Құлыным» журналына сұхбат беруге келіскеніңіз үшін көп рахмет айтамын. – Неге келіспеймін. Біздің осы қозғалысты құрудағы негізгі ойымыздың бірі – жастардың жарқын болашағы үшін күн демей, түн демей жұмыс істеу. Сондықтан да балалар, жастар тақырыбы біздің қозғалыс үшін өте қасиетті есепте. Өйткені жастар – біздің болашағымыз. …

Толығырақ оқу»

Мақсатымыз – сапалы, ғұмыры ұзақ туындыларды дүниеге әкелу

– Сәлеметсіз бе, Жәнібек Нұрбекұлы! Ең алдымен жас достарымызды өзіңіз басқарып отырған «Astana film» Жастар киностудиясымен таныстыра кетсеңіз? – 2004-2009 жылдары Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясынан Анимация режиссеры мамандығын тамамадаған соң бірден Астанаға келдім. Өнердің қайнап жатқан қазаны рухани астанамыз-Алматыда бола тұра жастардың қаласы елордамыздан жұмыс бастауды бес жыл бірге оқыған досым Адай Әбілдәнов екеуіміз де жөн деп санадық. Сонымен, «Astana film» Жастар киностудиясын құрдық. Қазіргі кезде біз қазақ мультфильмін дамыту мақсатында «Қазақфильммен» келісім-шарт жасай отырып қызметімізді жалғастырудамыз.

Толығырақ оқу»

Сан сынақтан сүрінбеген спорт мектебі

Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының №7 Олимпиадалық резервінің балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі 2004 жылдың наурызында өз жұмысын бастағаннан бері көкпар, бәйге, конкур, жігіт-сайыс,  аударыспақ, қыз қуу, теңге алу, үшсайыс сынды ұлттық спорт түрлері бойынша шәкірт тәрбиелеуін төқтатқан емес.

Толығырақ оқу»

Алда алатын асуларымыз көп

– Сәлеметсіз бе, Жансұлу Жұмайқызы! Ең алдымен аталмыш оқу ошағын таныстыра кетсеңіз? – Бүгінгі ұрпақ ертеңгі болашағымыз ғой, осы мақсатта жыл сайын Астана төріндегі мектептердің қатары артып келе жатқанын білесіз. Біздің № 65 мектеп-гимназиясы да сол алтынұялардың қатарында жас ұрпақтың сауатты білім алуына үлкен жол ашып отыр. 1200 оқушыға арналған біздің мектеп 2010 жылдың 1 қыркүйегінде пайдалануға берілген болатын. Жылдан жылға мектебіміз көркейіп, оқушы саны да өсіп келеді. Қазіргі кезде 1146 оқушыға 107 ұстаз білім беруде. Оның 97-сі жоғарғы оқу орындарын бітірген. Заманауи технологиямен жабдықталған мектебімізде бастауыш буындар бойынша 599, негізгі буында 470, ал орта буында 77 жеткіншек тәрбиеленіп жатыр. Оқу орнымыз аралас мектеп болғандықтан оқу-тәрбие жұмыстары екі тілде, мемлекетті және ресми тілде жүргізіледі. Мектебімізде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған түзету және инклюзивті сыныптар да бар.

Толығырақ оқу»