Сәдібек Түгел, жазушы. Әңгіме «Бақытсыз қазақ қыздары. Олар кімдер?» 2015 жылдың қараша айының 30 күні сағат тілі тура 11.00-ді көрсеткенде «Өскемен – Алматы» қалаларының арасына жүретін «Тұлпар-Тальго» жүрдек поезд екінші теміржол вокзалына келіп тоқтады. Нөмірі он екінші вагонның алдынан мені, көп жылдан бері ізетті іні болып жүрген, кездескен сайын «Алматыға келгенде бауырыңызды аттап кетпеңіз аға, оның үстіне мен бұл қаланы бес саусағымдай білем» деп жар салатын Төлубай қарсы алды.
Толығырақ оқу»Ай мұрағаты: Желтоқсан 2015
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, журналист Сәдібек Түгел Целиноград ауданының құрметті азаматы атанды
Белгілі қоғам қайраткері, жазушы-журналист, «Түгел Медиа» бірлестігің басшысы Сәдібек Түгел Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күнінің қарсаңында «Целиноград ауданының құрметті азаматы» атағына ие болды. Мерейлі мерекеге орай ұйымдастырылған іс-шарада аудан әкімі Таткеев Малғаждар Саттарұлы ауданның өркендеуіне сүбелі үлес қосқан Сәдібек ағамызға салтанатты түрде «Целиноград ауданының құрметті азаматы» атағын беріп, төсбелгісін салтанатты түрде табыс етті. Ал, тағы бірнеше ауданға еңбегі сіңген тұлғалар Балабеков Ғабдулла Баймолдаұлы, Қожабаев Едіріс Асанұлы, Құсайнов Амангелді Құсайынұлы, Родионов Алексей …
Толығырақ оқу»
Түгел Медиа