ХVIII халықтық ойындарды тамашалап, додалы сайыстарға куәгер болған жұртшылық халықтық ойындардың алтыншы күні 1500 жанкүйерге арналған жаңа ипподромның ашылу рәсіміне қатысты. Атшабар (ипподром) орын сол күні халыққа лық толды. Бір бірімен қуаныштарын бөліскен жұртшылықтың көңілін әсем ән мен тәтті күй ерекше әсерге бөледі. Ұлттық көкпар ойынының кезекті додасына қатысушылар өз әзірліктерімен жанкүйер қауымның көз алдында ежелден қазақ даласында мың жылдық тарихы бар ұшқан жебемен таласқан сәйгүліктер додасының дүбірін елестетіп жатты.
Толығырақ оқу»Ай мұрағаты: Тамыз 2014
ХVIII халықтық спорт ойындары мәреге жетті
25 маусым күні Зайсан қаласындағы орталық «Сайхан» стадионында Балуан Шолақтың 150 жылдығына орай облыс әкімінің жүлдесі үшін өткізілген ХVIII халықтық спорт ойындарының салтанатты жабылуы болды. Қала және аудан командаларын Халықаралық дәрежедегі төреші, жарыстың бас хатшысы В.Гелерт құттықтап, халықтық спорт ойындарының қорытындысымен таныстырды. Зайсан ауданының әкімі А.Оңдақанов, Шығыс Қазақстан облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы бұқаралық спорт бөлімінің басшысы Б.Серіков сөз сөйлеп, құттықтау тілектерін білдірді.
Толығырақ оқу»Орталық «Сайхан» стадионында халықтық спорт ойындарының алауы жағылған сәт
«Спорт-денсаулық кепілі» десек, облыстық халықтық спорт ойындары үлкен-кішінің спортқа деген сезімін оятқаны да жасырын емес. Кілемде бәскелесін қас қағым сәтте тізе бүктірген шымыр денелі палуан жігіттердің әрбір қимылы жеңіске қарай жол ашатын қадам.
Толығырақ оқу»Зайсанның биік мәртебесі
Атамыз қазақта ежелден бері айтылатын «Тойдың болғанынан боладысы қызық» деген жақсы сөз бар. Соған осы жолы тағы көз жеткіздік. «Ұлтымыздың есімін асқақтатқан аңыз палуан Балуан Шолақтың 150 жылдығына байланысты облыс әкімінің жүлдесіне арналған ХVIII халықтық спорт ойындары Зайсан жерінде өтеді» дегенде әрине, күдік пен алаңдаушылық басым болғаны рас.
Толығырақ оқу»Жүрекжарды…
«Қазақ халқының мақтанышы, біртуар азаматы Дәулет Тұрлыхановтың біз үшін бағасы зор. Өзінің асқан шеберлігі мен парасаттылығының арқасында талай асуларды бағындырып, ел мәртебесін асқақтатты. Қазақ спортының нағыз майталманы, шынайы жанашыры Дәулет Тұрлыханов өскелең ұрпаққа өшпес үлгі – өнеге, терең із қалдыра білген азамат».
Толығырақ оқу»
Түгел Медиа