АСТРАХАНЬ АУДАНЫНДАҒЫ АЛАМАН АЙРЫҚША

Жалпы Астрахань ауданының өз тарихы бар. 1895-1897 жылдары Астрахан ауданының алғашқы тұрғындары Астрахань губерниясынан келген қоныс аударушылар болды, сондықтан да ауыл Астраханка атауын алған. 1912 жылға қарай халықтың саны 126 дейін өсті. 1927 жылы жеке шаруашылықтар мен шаруа қожалықтарын жаппай ұжымдандыру басталды да, 1929 жылға қарай 5 колхоз құрылды. 1936 жылы аудан орталығы Астрахан болып ауыстырылды. Аудан аумағы арқылы Есіл өзені ағып өтеді, жергілікті маңыздағы шағын көлдер бар. Астрахан ауданы Ақмола облысының орталық бөлігінде, Көкшетау қаласының оңтүстігіне қарай орналасқан. Облыс орталығына дейінгі қашықтық 260 км құрайды, Астана қаласына дейін 130 км. Аудан аумағы арқылы республикалық маңыздағы тас жол өтеді.Аудан аумағында 14 ауылдық округ және 39 елді мекен орналасқан.Аудан әкіміне тоқталсақ Ерсейітов Талғат Аманбайұлы атаулы ауданда Астрахан селосында туған.
Білімі жоғары, «ғалым агроном» біліктілігі бойынша 1996 жылы Целиноград ауыл шаруашылық институтын 1997 жылы «ұйымдастырушы-экономист» біліктілігі бойынша Ақмола аграрлық университетін аяқтаған.
2003 жылы – «экономист» біліктілігі бойынша Астана қаласының басқару институты.
Еңбек жолын 1996 жылы Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімі аппаратының аға, одан кейін бас маманы ретінде бастады.
1997 жылдың желтоқсанынан 2004 жылдың сәуіріне дейін – Ақмола облысы Астрахан ауданы салық комитетінің маманы, бас маманы.
2004 жылдың сәуір айынан 2007 жылдың тамыз айына дейін – Ақмола облысы Астрахан ауданы салық комитеті төрағасының орынбасары.
2007 жылдың 27 тамызынан 2009 жылдың 26 қазанына дейін – Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының хатшысы.2009 жылдың 27 қазанынан 2012 жылдың 26 сәуіріне дейін – Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімінің орынбасары.
2012 жылдың 27 сәуірінен – Ақмола облысы Астрахан ауданының әкімі.

Бүгін міне ауданда дүбірлі той аудан күні аталып өтуде. Талғат Аманбайұлы аудан әкімі болып тағайындалғаннан бастап аудан қарқынды дамуда. Халықтың ықыласына бөленген аудан әкімінің нәтижелі еңбегі халықпен тығыз қарым қатынаста атқарылған шараларының жемісі. Бүгінде ауданда өткен аламан бәйге де осының көрінісі.

Сондай-ақ, оқыңыз

«Олардың есімдері – біздің жүрегімізде»

18 мамырда ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгел елордадағы Халықаралық баспасөз орталығының құрылғанына 20 жыл толуына …