Ай мұрағаты: Қаңтар 2009

Құсбегілік – Ұлы өнер!

«Бүркіт – Ұлы Даланың символы» атты су жаңа кітап-энциклопедия жарыққа шықты. Авторлары: Кеңес Рақышев пен Сәдібек Түгел. Ұлттық құндылықтарымызды зерттеуде және оны жинап теруде қажырлы еңбектерімен көзге көрініп жүрген азаматтар Кеңес Рақышев пен Сәдібек Түгелге ризашылығымызды білдіріп, рахметімізді айтамыз. Олар жазған «Қазанат» кітап-энциклопедиясы ел игілігіне жарады, оқырмандардың жүрегіне жол тапты. Аз уақытта, бұл шығарма екі рет басылып жарыққа шықты. Бұл еңбек 2006 жылы Москвада өткен «Кітап өнері» – атты беделді …

Толығырақ оқу»

Құлагер – Ұлы Даланың Атақты Тұлпары

Ұлттық құндылықтарымызға арналған ғылыми-танымдық «Қазанат» журналының ұйымдастыруымен 2009 жылдың қаңтар айының 7-ші күнінде Елордамыз Астан қаласының «Абай» қонақ үйінің мәжіліс залында «Атақты тұлпар Құлагерге ескерткіш орнату» атты «Дөңгелек үстел» басындағы кездесу өткізілді.

Толығырақ оқу»

Бүкіл қазаққа ортақ атақты тұлпар «Құлагерге» ескерткіш тұрғызу туралы үндеу:

Қазақ халқының тарихында Ақан сері мен оның атақты тұлпары «Құлагер» ерекше орын алды. Олардың тағдыры трагедияға толы. 1876 жылдың күзінде Сағынайдың асындағы дүбірлі бәйгеде бірінші болып, жеке-дара келе жатқан Құлагерге тарихта бұрын-соңды болмаған қастандық жасалды. Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар атанған Құлагеріміз қанішер Батыраштың қолынан қаза тапты, мерт болды, Ерейментаудың Құсақ көлінің тұсында мәңгілікке көз жұмды. Бұл өлім атты жақтан жақсы көретін қазақ халқының қабырғасын қайыстырып, жүрегін езіп, есеңгіретіп …

Толығырақ оқу»