Ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуда келелі жұмыстар атқарамыз

Халқымыздың аяулы ұлы, еліміздегі журналист қауым үлкен аға ретінде сылай жүретін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед «Қазанат» журналының бүгінгі қонағы.
Жалпы ұлттық құндылықтарымыз туралы ойыңыз, пікіріңіз?
Ұлттық құндылықтар дегеніміз халқымыздың ұлттық бет-болмысын, ерекшелігін көрсететін мәдениеті, өнері, тілі. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері ұлттық құндылықтарымызды дамыту, жаңғырту бағытында келелі жұмыстар атқарылуда. Ғасырлар бойғы ата-бабамыз сақтап келген ұлттық жәдігерлерімізді ұрпақ тәрбиесіне пайдаланып, мақтану тұту аса маңызды. Осы бағыттағы жұмысқа үлкен серпін берген президентіміз Н.Назарбаевтың бастамасымен елімізде 2004 жылдан бастап жұмыс істеп жатырған «Мәдени мұра» бағдарламасы.
Осы бағдарлама аясында біраз жұмыстар жүргізіліп, жоғары жетістіктерге қол жеткізілді.

– Ұлттық құндылықтарды ұлықтаудағы Министрліктің атқарып жатқан іс-шаралары қандай?
– Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау мақсатында президентіміз Н.Назарбаевтың бастамасымен елімізде 2004 жылдан бастап «Мәдени мұра» бағдарламасының жүзеге асырыла бастағаны белгілі.
Осы бағдарлама аясында соңғы жылдары елімізде 35 тарихи-мәдени маңызы бар және ұлттық мәдениет үшін маңызы зор сәулет өнері ескерткіштерін қайта қалпына келтіру, 30 археологиялық зерттеулер, 17 қолданбалы ғылыми зерттеу жобаларын іске асыру, шетелдік қолжазбалар мен сирек кітаптар қорларына астам күрделі археографиялық экспедициялар өткізу, Қолжазба деректер қорына бай Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ, Жапония, Түркия, Египет, Қытай, Ресей, Армения мемлекеттерінде 30-дай іздену жұмыстары жүргізіліп, 5,0 мыңға жуық құнды деректер табылып, қажетті ксерокөшірмелері мен микрокөшірмелері сатылып алынды, қазақ халқының тарихы, материалдық және рухани мәдениетімен байланысты түйінді ғылыми мәселелерді зерттеу және көпшілікке тарату, қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын шетел тілдеріне аудару және баспадан шығару, ғылымның әр түрлі саласындағы 200-ден аса фундаменталды ғылыми басылымдарын шығару, тарихи-мәдени мұраның бір бөлігі ретінде деректі мұраны тиімді пайдалануды және сақтауды қамтамасыз етудің біртұтас жүйесі құру жұмыстары жүргізілді.
Жалпы алғанда, «Мәдени мұра» бағдарламасы жоғары нәтижелерге қол жеткізді және зиялы қауым ортасында жоғары бағаға ие болды, сонымен қатар жақын және алыс шетелдерде де аса жоғары бағаланып, брэндке айналды.
Халықтың тарихи-мәдени мұрасын сақтау мәселелерін жетілдіру мақсатында 1992 жылы қабылданған «Тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау және пайдалану туралы» заңға өзгертулер енгізілді. 2006 жылы 15 желтоқсанда «Мәдениет туралы» ҚР заңы қабылданды. Ал, Қазақстанның 1993 жылы Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраларды қорғау туралы конвенцияға қосылғаны белгілі.
Қазіргі таңда тарихи-мәдени құндылықтарды қорғау, күтіп-сақтау, насихаттау жұмыстары Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы заңына», тарихи ескерткіштерді қорғау туралы заңы» негізінде және қаулылар бойынша жүргізіледі.
Ал, Ақан серінің атақты тұлпары Құлагерге арналған ескерткішке қатысты мән-жайды анықтау мақсатында Мәдениет комитеті Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарына хат жолдады. Осыған орай, бұл сауалға жауап беру тек алдағы уақытта ғана мүмкін екендігін жеткіземіз.

– Ұлттық құндылықтарымыз арналған «Замана желісімен жарасқан – Қазанат» журналына айтар ой-пікір, талап-тілегіңіз?
Ұлттық құндылықтарды жаңғырту, дәріптеуді басты мақсат санаған «Қазанат» журналына шығармашылық табыс тілеймін.
Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Анар Қызыкенова

Сондай-ақ, оқыңыз

Батырдың жары – Күлпан

Ер үйдің иесі болса, шаңырақтың киесі саналатын жақсы әйел – тіршіліктің шырайы, отбасының шырағы дегендей, …