Қоғам қайраткері жайында

Сәдібек Түгел  1955 жылдың 23-ші ақпанында Шығыс-Қазақстан облысының Ұлан ауданының Аманкелді ауылында жарық дүниеге келді. Әкесі – Түгел, шешесі – Мәрия. Ол кезде әкесі Түгел – жылқышылар бригадасының бригадирі, шешесі Мәрия – колхозда еңбек еткен.25 жыл

Олар сегіз баланы – 3 ұл, 5 қызды тәрбиелеп өсірді. Ауылда, ел, туыстар арасында әке-шешесі абыройлы, беделді адамдар болды. Отанға адал қызмет атқарды, еңбек сіңірді. Түгел Құмаров  қазақ жылқысының өсуіне зор  үлес қосқан, есімі шығысқа  танымал атбегі болған кісі. Ол  жылқы шаруашылығы мен ат спортының  жанкүйері болған жан. Әкесі 1981 жылы 74 жасында, шешесі 1999 жылы 85 жасында қайтыс болды.

Сәдібек Түгел 1962 жылы туған ауылындағы Аманкелді бастауыш мектебінің бірінші сыныбына барып, 1966 жылы 4-ші сыныпты бітірді. Сол жылы қыркүйек айының бірінші жұлдызында Точка селосындағы (қазіргі Баяш ауылы) Аманкелді сегіз жылдық мектебінің 5-ші сыныбына оқуға келді. Бұл мектептен 1970 жылы 8-ші сыныпты бітіріп, 9-шы сыныпқа көшті. Екі жыл Шымқора ауылындағы Жамбыл орта мектебінде оқыды. 10-шы сыныпты осы мектептен 1972 жылы бітіріп, 10 жылдық білімі бар деген аттестатқа ие болды.  1972 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетіне оқуға түсті.

1980 жылы Әль-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінен жоғары білімді «журналист» деген мамандық алды. Ол әрдайым білімін жетілдіріп, жалғастырып отырды.
1973 жылы мамыр айында Совет Армиясы қатарына шақырылды. Әскери міндетін Совет Армиясының Қарулы Күштерінің Германиядағы тобында атқарды.

Еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастады. Екі жыл Алматы қаласындағы мақта-мата иіру фабрикасында слесарь болып жұмыс істеді.

1977-1978 жылдары аудандық «Өркен-Расцвет» газетінде аудармашы, 1978-1979 жылдары Ұлан аудандық атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, 1979-1984 жылдары аудандық комсомол комитетінің 1-ші хатшысы, 1984-1988 жылдары аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істеді. 1988-1990 жылдары Жоғары партия мектебінде екі жыл күндізгі бөлімінде оқып, «политолог», «социолог» деген мамандықтарға ие болды.

1990-1992 жылдары аудандық бақылау комитетінің төрағасы және басқа да жауапты қызметтерде болды.
1992-1994 жылдары «Ұлан Таңы – Уланские Зори» газетінің бас редакторы болып жұмыс істеді.
1994-1998 жылға дейін Алматы қаласында «Қазақстан Телевидениесі мен Радиосы» корпорациясында жауапты қызметтерді атқарды.

1998 жылдың басында Жаңа Елордамыздың тұңғыш баспасөз хатшысы болып тағайындалды.
Астанаға алғашқылардың бірі болып келгендіктен және өзіне көрсетілген үлкен сенімді абыроймен атқару мақсатында жұмысқа белсене кірісті. Сол кезде С. Түгелдің тікелей атсалысуымен жаңа Астананың баспасөзінің негізі қаланып, іргетасы салынды. Көптеген жаңа Бұқаралық Ақпарат Құралдары құрылды, астаналық ақпарат кеңістігі қалыптасты. Сәдібек Түгел Астана қаласының Халықаралық Баспасөз Орталығын ашып, 1000-нан астам баспасөз маслихаттарын, брифингтер, кеңестер және қызықты кездесулер өткізді.
Саясаттанушы ретінде 2001 жылдан 2002 жылға дейін Республикалық Халықтық-патриоттық «Менің Қазақстаным» қозғалысының төрағасы болды.

2002 жылдан 2004 жылға дейін Халықаралық Баспасөз Орталығының басшысы болып жұмыс істеді.
2004 жылдан 2005 жылдар арасында Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының бөлім меңгерушісі болды.
2004 жылдан бері ҚР Ұлттық Спорт Түрлері қауымдастығының 1-ші вице-президенті, Ұлттық Ат Спорты Федерациясының президенті.

2005 жылдан бері жүйелі түрде шығармашылық жұмыспен айналысып, кітап жазып, шығаруда. Бұл үлкен күрделі жұмыс.

С. Түгел жазып шығарған кітаптар:

  1. «Көк Күмбезді – Астана» – 2004 ж.
  2. «Астана – Город Солнечной мечты» – 2004 ж.
  3. «Қайдасың, қазағымның Қазанаты?!» – 2004 ж
  4. «Джигиты и аргымаки Казаната» – 2004 ж.
  5. «Қазанат» – 2006 ж.
  6. «Астана – Триумф Независимости страны» – 2007 ж.
  7. «Астана – жерұйығы Елімнің» – 2008 ж.
  8. «Ертуған» – 2008 ж.
  9. «Бүркіт – Ұлы Даланың Символы» – 2008 ж.
  10. «Беркут – Символ Великой степи» – 2008 ж.
  11. «Алғашқы астаналықтар» жинағы-2011 жыл.
  12. «Первопроходцы Астаны» жинағы-2011 жыл.
  13. «Астана хикаялары»-2013 жыл.
  14. «Өсе бер, өрлей бер, Шығысым!». 2014 жыл.

Ол патриоттық, қоғамдық жұмыстармен белсене айналысады. Ұлы Даланың атақты тұлпары Құлагерге ескерткіш салу идеясының авторы әрі негізгі  ұйымдастырушысы. Бұл  жылқы жануарына салынған  әлемдегі ең үлкен ескерткіш болып саналады. Қазір ол достарымен бірлесіп, дүниежүзінде теңдесі жоқ  «Ұлы Дала Даңқы» мұражайын салуда.

Сәдібек Түгел 7- республикалық журналдың  бас редакторы. Олар:

  1. «ҚАЗАНАТ» журналы.
  2. «Құлыным» журналы.

3 «Біз , астаналықтар» журналы

  1. «Ұлы дала Қырандары» журналы.
  2. «Керемет той» журналы.
  3. «Журналистер әлемі» журналы.
  4. «Ұлттық спорт» журналы.

Бұдан басқа «ТҮГЕЛ МЕДИА» бірлестігі бар. Оның құрамында 17  бұқаралық ақпарат құралдары  жұмыс істейді. Бір сөзбен түйіндегенде қуатты   медиа  бірлестіктіктің жұмысын  жүргізіп отыр. Сәдібек Түгел  «Бас редакторлар клубының » толық мүшесі ретінде  еліміздің ақпарат кеңістігінде  белгілі тұлға. Ол «ҰЛЫ ДАЛА ҚЫРАНДАРЫ» республикалық қоғамдық әлеуметтік-мәдени қозғалысының  негізін қалаушылардың бірі әрі оның теңтөрағасы.

Сәдібек Түгел  Астанаға арналған «Астана қаһармандары» – «Первопроходцы Астаны» атты жобаның авторы. Қазір «Астана азаматтары» атты қоғамдық бірлестік ашуда. Ондағы мақсаты – жаңа Елордамыз Астананың абыройына абырой қосу, мәртебесін одан әрі биіктету болып табылады. Қай елде, қай жерде болмасын Астананы айтып, насихаттап жүреді. Өйткені С. Түгел жаңа Елорданың ірге тасы қаланып, негізі салынған кезеңде қайнаған қазанның ішінде болған азамат.

Жаңа Астананың алғашқы қадамдарын, құрылысын, келбетін, өмір-тынысын Бұқаралық Ақпарат Құралдарында жақсы насихаттағаны үшін 2- мәрте Елбасының Алғыс хатымен, Президенттің Грантымен және «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» жоғары атағымен, «Астана» медалімен марапатталды. Астана радиосы ұйымдастырған үлкен Акцияда «Астананың 10 жылдығының қаһарманы» атағына ие болды.
Ол ҚР Жазушылар Одағы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі. ҚР Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының Академигі. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының және Целиноград ауданының құрметті азаматы. ҚР мәдениет қайраткері, ҚР еңбек сінірген жаттықтырушысы. Бүгінгі таңда шығармашылықпен айналысып келе жатқан белгілі жазушығ қоғам қайраткері.

Сәдібек Түгел Ұлттық Спорт саласында да айтарлықтай табыстарға қол жеткізген азамат. Ол адал және сенімді  достарымен бірге жиырмасыншы ғасырдың 90 жылдары  ҚР Ұлттық  Ат Спорты Түрлерінің негізін қалады,  алғашқы ережелерді жазды, жұмысын жетілдірді. Сәдібек Түгел  бүкіл қазақстан атбегілерінің   тұңғыш құрылтайын  өткізуге инициатор болған  азамат. Ол құрылтай  1995 жылдың  1-наурызы күні Алматы қаласында  өткізілді. Сонда   ұлттық спорттың негізі қаланды.

***

Садыбек Тугел родился 23 февраля 1955 года в семье бригадира табунщиков Тугела Кумарова и работницы колхоза  Марии Тусипкызы. Родители были авторитетными людьми. В районе их уважали за честность, трудолюбие и порядочность. Отец умер в 1981 году в 74-летнем возрасте, мать – в 1999 году в 85-летнем возрасте.

В 1962 году С. Тугел пошел в первый класс 4-летней школы , которую окончил в 1966 году. С 1966 года по 1970 год учился в восмилетней школе имени Амангельды . С 1970 по 1972 год учился в средней школе имени Джамбула . В 1972 году поступил на заочный факультет журналистики Казахского Государственного университета им. С.М. Кирова, который окончил в 1982 году, получив специальность «журналист».

В мае 1973 года призывался в ряды Вооруженных Сил СССР. Служил в Группе Советских Войск в Германии.(ГСВГ)

Трудовую деятельность начал слесарем Алма-Атинской хлопко- прядильной фабрики. Затем работал переводчиком-корреспондентом , инструктором орготдела исполкома районного Совета народных депутатов, первым секретарем  райкома ЛКСМ Казахстана, заведующим организационным отделом райкома партии.

. С 1988 по 1990 год учился очно в Алматинской Высшей партииной школе, по окончании которой получил специальность политолога и социолога. В декабре 1994 года был переведен в аппарат «Корпорации телевидения и радио Казахстана». В январе 1998 года на конкурсной основе был утвержден первым пресс-секретарем Акима новой столицы РК- города Астана (тогда Акмола) Адильбека Рыскельдиновича Джаксыбекова.

Пресс-секретарем акима новой столицы работал с января 1998 года по ноябрь 2000 года. С января 2000 был председателем народно- патриотического движения «Менің Қазақстаным», Генеральным секретарем Республиканской Федерации национальных видов конного спорта РК. С 2002 года по 2004 год работал руководителем Международного пресс-центра , Генеральным директором Информационного Агентства

С 2004 по 2005 года занимал должность заведующего отделом Сената Парламента РК. С января 2006 года по настоящее время занимается творческой и общественной деятельностью. Является основателем и  главным редактором  7-ми республиканских журналов: «Казанат»,  «Кулыным», «Мы, Астанчане!», «Ұлы Дала  Қырандары», «Керемет той», «Журналистер  әлемі», «Ұлттық спорт»,  обьедидения  «ТУГЕЛ МЕДИА»,  председателем  республиканского  общественного социально-культурного  движения  «Ұлы Дала Қырандары», президентом Федерации национальных видов конного спорта РК. Садыбек  Тугел  является   автором идеи  и главным   организатором  строительства    памятника   тулпару  Великой  Степи Кулагеру. В настоящее время активно занимается     неимеющего аналогов в мире строительством   «Музея Славы  Великой  Степи» посвященное   проведению  «АСТАНА ЭКСПО-17».

С. Тугел является автором 17книг. Его книга «Казанат» стала победителем международного конкурса «Искусство книги», проходившего в г. Москве в 2006 году. Кроме того, «Казанат» является самой лучшей книгой Казахстана по итогам 2006 года. С. Тугел – член Союза писателей РК, академик Академии гуманитарных наук РК, академик  Международной  Академии информации и технологии. За формирование позитивного имиджа  в Средствах Массовой Информации Указом Президента РК Н.Н. Назарбаева награжден высшим званием «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»,  за образцовую работу Грантом Президента РК в области журналистики 2008 года, дважды Благодарственным письмом Президента РК,  медалью «Астана»,   Является  лучшим пресс-секретарем страны   по итогам 1998-1999 годов.

С супругой Кайникамал воспитал сына Айдына и дочь Айгерим, имеет 6 внуков.

***

Тугел Садыбек  житель и патриот Акмолинской  области, заслуженный деятель РК, профессиональный журналист, член Союза Писателей Казахстана, член  Союза  Журналистов  Казахстана, академик, писатель-публицист, известный  общественный деятель,  основатель и руководитель  «ТУГЕЛ МЕДИА» обьединения,  главный редактор 7-ми  республиканских  журналов,  заслуженный тренер РК,  основатель  Ассоциации Национальных Видов Спорта Республики Казахстан, Президент Федерации Национальных Видов Конного Спорта,  председатель республиканского общественного социально-культурного  движения «ҰЛЫ ДАЛА ҚЫРАНДАРЫ».

  1. Дата рождения: 23 февраля 1955 года.
  2. Национальность: казах.
  3. Образование: высшее, имеет 2- высших образования.

– 1980 г. окончил КазГУ им. Аль-Фараби, факультет журналистики, специальность – журналист.

– 1990 г. Окончил Алматинскую высшую партийную школу, по специальности– политолог, социолог.

Заслуги перед страной в области государственной и общественной деятельности:

Садыбек  Тугел  является  большим  другом  Акмолинской  области. Начиная с 1998 года тесно сотрудничает  с Акмолинской  области .

Является   известным имиджмейкером  национальных ценностей  Акмолинской  области; Садыбек Тугел-автор идеи и непосредственный  организатор  памятника   знаменитому тулпар  Великой  Степи Кулагеру.

Является одним из  организаторов  строительства  Мавзолея  Кабанбай  батыру  на территории  Целиноградского района Акмолинской области, стоял  у истоков  создания данного   комплекса.

Является  видным спонсором и подвижником  развития сельских местностей области.  Он здесь на свои средства построил  магазин «Сатый-2». Помогал в решении вопросов  доставки пенсии жителям  аула  «Жанажол».

Именно Садыбек  Тугел  является  автором и  организатором народного  праздника   «Наурыз» начиная  с  2005 года   в селе  «Жанажол». Постоянно выступает спонсором конно-спортивных мероприятий  праздника «Наурыз».

– является инициатором и основателем Международного пресс-центра который сегодня объединяет более 100 СМИ не только Республики Казахстан, но и зарубежных стран;

Со дня основания Международным пресс-центром под непосредственным руководством Садыбека Тугела проведены более 1000 пресс-конференций, брифингов, встреч, «круглых столов» и семинарских занятий;

  • является инициатором проведения популярного среди журналистов страны первых пресс-туров по пропаганде внутреннего туризма Казахстана. Организованы прес-туры в живописные уголки Акмолинской  области ,
  • музею «Алжир», мавзолею  Кабанбай  батыру, по Кургальджинскому заповеднику, Чарынскому каньону, озеру Кольсай, кургану Иссык, Тургенскому ущелью, Берельскому кургану, в Катон-Карагайский район, курортную зону Боровое, Павлодарскую, Восточно-Казахстанскую область;
  • инициатор проведения важной акции под названием «Қуанса ауыл – қуанамыз бәріміз», с участием всех журналистов, посвященной «Году аула» в населенные пункты Акмолинской  области.
  • инициатор приезда в новую столицу 60-ти ведущих крупных СМИ, в числе которых «Рейтер», «Си-эн-эн», «Би-би-си», «Ассошейтед-пресс», «Франс-пресс», «Синьхуа», «Итар-ТАСС», ОРТ, РТР, «Деловые люди», «Известия», «Комсомольская правда» и т.д.;
  • является инициатором закладки «Аллеи журналистов», которая стало началом активного озеленения столицы;
  • организатор и инициатор проведения Фестиваля журналистов всех СМИ, посвященного Международному дню солидарности журналистов 8 сентября 1998 года и 2002 года;
  • активно освещал деятельность здравоохранения страны. Проводил десятки пресс-конференций и организовывал посещение журналистами объектов здравоохранения;
  • под руководством Садыбек Тугела проведены более 300 рейдов с правоохранительными органами;
  • организовал посещение журналистами более 100 новых объектов, строящихся в столице;
  • стоял у истоков становления молодой прессы новой столицы. При его активном участии были созданы «Вечерняя Астана», «Пульс столицы», информационное агентство «Астана дауысы – Голос Астаны», телевидение «АС-ТВ» (сейчас «Астана»);
  • инициатор проведения презентации двух столичных газет «Вечерняя Астана» и «Астана акшамы»;
  • принимал активное участие в подготовке и проведении международной презентации новой столицы 10 июня 1998 года;
  • был членом штаба Международного пресс-центра в дни проведения международной презентации;
  • одним их первых организовал знакомство журналистов с Генеральным планом развития новой столицы, проводил масштабную имиджевую компанию;
  • является автором названия нового парка в юго-восточной части столицы «Жер-Уйюк» с одобрением Н.Назарбаева Президента Республики Казахстан;
  • является одним из авторов проведения благотворительной акции «Детям сиротам посвящается»;
  • является инициатором проведения спортивных соревнований по футболу среди журналистов в 1998-2000 г.г.;
  • автор книг бестселлеров, «КАЗАНАТ», «ПЕРВОПРОХОДЦЫ АСТАНЫ»,  «ЕРТУҒАН»,  «АСТАНА  ХИКАЯЛАРЫ», «АТБЕГІЛІК АСЫЛ ӨНЕР», «БЕРКУТ-СИМВОЛ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ», «ҚАЙДАСЫҢ ҚАЗАҒЫМНЫҢ  ҚАЗАНАТЫ?», «Көк күмбезді – Астана» – «Астана – город солнечной мечты», «Астана – триумф незовисимости страны»,где главным героем этих книг  является ГЛАВА ГОСУДАРСТВА НУРСУЛТАН АБИШЕВИЧ НАЗАРБАЕВ;
  • по приглашению Садыбека Тугела в гостях Международного пресс-центра были десятки знаменитых деятелей политики, искусств, культуры и спорта. Среди них Ю.Лужков, Н. Михалков, В. Корчной, Ф. Киркоров, В. Спиваков, В.Кикабидзе, М. Ульянов, А. Рыскулов, Т. Мусабаев и многие другие;
  • является «Лучшим пресс-секретарем Республики Казахстан» 1998-1999 годов;

 

  • является заслуженным тренером Республики Казахстан!!
  • лауреат премии Союза журналистов Республики Казахстан им. Совета Масгутова!!!
  • дважды награжден Благодарственным письмом Президента РК Н.А. Назарбаева за образцовую работу!!!
  • член Союза Писателей Казахстана!!!
  • Член Союза Журналистов Казахстана!!!
  • Заслуженный деятель РК!!!
  • Член Клуба  Главных Редакторов!!!

***

Сәдібек Түгел жайлы пікірлер тілектер

  1. Құрметті Сәдібек Түгелұлы! Сізді ел-жұртыңыз ұлттық құндылықтарымызды ұлықтаушы, еліміздің ат спортының дамуына сүбелі үлес қосқан ардақты азамат, қарымды қаламгер, белгілі журналист ретінде жақсы таниды.Алдағы уақытта да қоғамның игілікті өміріне белсене араласып, төл мәдениетіміздің дамуы мен руханиятымыздың өркендеуі жолындағы қажырлы қызметіңіздің табысты болуына тілектестігімді білдіремін.Сізге мықты денсаулық, отбасыңызға амандық, құт-береке тілеймін!/Ізгі ниетпен, Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ/
  2. Қымбатты Сәдібек інім!Ағалық, бауырмал жүректен шыққан бар жақсы тілектерімді Өзіңе арнаймын.Талай тұлғаларды дүниеге әкелген қазақ топырағы Өзіңе де бар жақсылықты сараңдық жасамай, үйіп-төгіп беріп, адамгершілік пен парасаттың биігіне көтерді.Қас-қағым сәттей өтіп жатқан мына өмірде ізгіліктің дәнін сеуіп, адамзатқа тән құндылықтарды бойыңа сіңіріп, өміріңді пендеуи тіршіліктен алыс – биік мақсат, мұраттарға арнадың.Ең бастысы, дүние есігін ашқызған ата-ананың алдындағы перзенттік парызыңды, тек ата баласы болып қана қоймай, халықтың ұлы деген зор атаққа қол жеткізе отырып, өтедің.Тәуелсіздік алған жас мемлекеттің тұғыры бекініп, атағы асқақтаса – Өзіңдей азаматтардың белін бүге еткен еңбегінің арқасы болар.»Жігітке жеті өнер де аз» дейді ғой қазақ. Бойыңдағы өнерің өрістеп, алмас қылыштай жарқылдап, өзің тірілткен Құлагеріңнің шабысы үдей түссін!/Отбасымыз, Атырау жұрты Өзіңді құрметтейді.Жақсы көрген көңілмен – ағаң Төкен Жұмағұлов./28 ақпан 2015 жыл.Атырау қаласы./
  3. Құрметті Сәдібек Түгелұлы!Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Сіздің ел-халқымыздың жарқын болашағына арнаған ерен еңбегіңізге толағай табыс, қажымас қайрат, өмірде бақыт тілейді!Бойыңыздағы еңбексүйгіштігіңізбен, табандылығыңызбен, жігеріңізбен «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы», «Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері», «Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері», Шығыс Қазақстан облысының және Ұлан ауданының құрметті азаматы, 1998-1999 жылдары Қазақстанның ең үздік баспасөз хатшысы дәрежесіне жеттіңіз. Қоғамға деген ерекше белсенділігіңіздің, адами жақсы қасиеттеріңіздің арқасында халықтың игілігіне бөленіп, абырой-беделің арта берсін демекпін!Сіз Шығыс Қазақстан облысының, сонымен қатар еліміздің спорт және дене шынықтыру саласын, оның ішінде – ұлттық спорт түрлерін дамытуға зор үлес қосып, күш-жігеріңізді аямай еңбек етудесіз.Сізді өз ісіне берік, адал адам ретінде бағалай отырып, Сізге және сіздің жанұяңызға зор денсаулық, бақыт және береке-бірлік тілеймін!/Ізгі ниетпен, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Е. Қанағатов Астана қаласы/
  4. Құрметті Сәдібек Түгелұлы!Дана – иісі түркі әлеміне ортақ киелі ұғым. Бұл – тек уақыттың өлшемін, жастың мөлшерін ғана білдіретін сөз емес. Ақыл-ой деңгейінің кемелденіп, дүниеден түйгені, өмірде көргені көбейген парасатты жанның өмірлік белесін білдіреді.Дүйім жұртшылық Өзіңізді бүкіл саналы ғұмырын әдебиет пен ғылымға арнаған Алаштың аяулы азаматы деп біледі. Бүгінде ел ағасына айналған Сіздің өміріңізде – ізденіс пен еселі еңбектің, өнеге мен іскерліктің ізі жатыр. Журналистік қарымыңыз бен ұйымдастыру қабілетіңіздің арқасында үнемі абырой биігінен көрініп жүрсіз. Өмір жолында жинаған мол тәжірибеңізді еліміздің өркендеуі мен дамуы жолында жұмсай бергейсіз.Сізге зор денсаулық, бақ пен береке, шаңырағыңызға шаттық тілеймін./Құрметпен,Астана қаласының Әкімі Әділбек Жақсыбеков,Нәдірбек ӘПСӘЛӘМОВ,Қазақстан инновациялық университетінің президенті, профессор, экономика ғылымдрының докторы./
  5. ЕЛБАСЫ СЕНІМ АРТҚАН АЗАМАТ Әдетте атамыз қазақ «Түсі игіден түңілме» деп айтады. Сол сияқты менің түсінігімше Сәдібек Түгел інім де сондай түсі жылы, парасат-пайымы терең жандардың қатарына жатады. Осыған қоса оның тағы бір азаматтық жақсы қасиеті – кісі жатырқамайтындығы, Кішіпейілдігі. Онысына «Ұлық болсаң кішік бол!» – деп риза боласың. Ұлық деген сөз адамның тек бір ғана атақ-лауазымы, қызмет жағдайы, креслосы, шен-шекпені мағынасында болмауы керек. Ұлығ-бек сөздрінің Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің бір сөзінде ұлтты ұйыстырып біріктіретін де, алауыздық тудырып береке-бірлігін кетіретін де осы іс басындағы азаматтар – ұлықтарымыз, бектеріміз дей келіп, Көк түріктің ақылы асқан данасы әрі ержүрек батыр панасы болған Білге қағанның атақты Күлтегін ескерткішіне: «Бектерінің, халқының түзу еместігі үшін, табғаш халқының алдауына иланғаны үшін, өтірігіне көнгендігі үшін, інілі-ағалының жауласқанынан, бекті халықтың жауласқанынан түркі халқы елдігінен айрылды. Қағандық қағандығынан айрылды, табғаш халқына бек ұлдары құл болды, сұлу қыздары күң болды» деп жаздыртып қалдырғанын, мұны әрбір қазақ есте ұстауы керектігін, тіпті әр үйдің төрінде жазулы тұрса артық еместігін айтқан болатын. Міне, осы баһадүр Білге қағанша «Түркі халқы үшін түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым. Жалаңаш халықты киімді, жарлы халықты бай қылдым, аз халықты көп қылдым» деп, ел қамын ойлап, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған егемендігін әперген, халқына пана, тірек болған тәуелсіз Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жанында біздің Сәдібек Түгел бауырымыз біраз уақыт көмекші қызметін атқарған-тын. Біраз уақыт деймін-ау, ел ордасы табиғаты жылы, әсем Алматыдан қысы қатал, аязы ақтүрек, бораны апталап соғып тұратын, іргетасы енді ғана қалана бастаған Астанаға ауысқан өте күрделі және қиын уақытта ел Президентінің көмекшісі болып, жанынан табылған еді. Бұл оның Ел патшасының сенімін ақтай білген үлкен азаматтығы деп білемін.Азамат демекші, дана халқымыз «Ауылына қарап азаматын таны» дейді. Сәдібек Түгел бауырым, ұлан-байтақ елімізідің осынау күншығысындағы Ұлан деген қасиетті жердің тумасы екенін айта кетсем деймін. Бұл киелі қоныс, арысы белгілі заңгер, Семей Алашордасының басшысы Райымжан Мәрсековтың, берісі ержүрек партизан, Ұлы Отан соғысының батыры Қасым Қайсеновтың туған жері. Сол сияқты белгілі жазушы, бірнеше дүркін республикалық жүлделі сыйлықтардың лауреаты Шәрбану Құмарова да осы шұрайлы өлкеден.Ал енді осындай құтты мекен, текті елден тамыр алған менің Сәдібек інім қалайша алдаспандай қиып түсер асыл болмайды?! Әрине, болады! Бүгінде оның бойындағы бұл қасиетті ел игілігі үшін атқарған игілікті істерінен көруге болады. Мысалы, соның бірі – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, қаламы өткір жазушы-публицист, ұлттық мәдениетіміз бен өнеріміздің шынайы жанашыры Сәдібек Түгелдің елімізде ат спортын дамытуға қосқан ересен еңбегі зор еңбегі бар дер едім. Ол ұзақ жылдардан бері Қазақстан Ұлттық ат спорты Федерациясын басқарып, республикамыздың түкпір-түкпірінде дүбірлі аламан бәйге жарыстардың өтуіне, сәйгүлік пен тұлпарлардың көбейіп, даңқ-абыройының асуына, шебер шабандоздардың шыңдалып қанаттануына мұрындық болып келеді. Сонымен бірге Сәдібек Түгел еліміздегі ең беделді басылымның, атап айтқанда ұлттық құндылықтарымызға арналған «Қазанат» атты ғылыми-танымдық журналдың шеф-редакторы қызметін атқарып, руханият саласында айтарлықтай елеулі із қалдырды. Былтырғы жылы ол атақты Еуропа жазушысы Ги де Мопассанның стилінде жазылған «Ертуған» повесін баспадан жарыққа шығарды. Бұл кітапта негізінен жастарға ұлағатты тәлім-тәрбие берерлік адалдық, ізгілік пен зұлымдық, махаббат тәрізді адамгершілік құндылықтар әңгімеленді. Ұлттық игіліктерімізді ұлықтаған беделді азаматымыздың тағы бір үлкен еңбегі еліміздегі әйгілі жүйрік Құлагер тұлпардың монументіне байланысты болды. Бір сөзбен айтқанда, Астана және Көкшетау автобаны сілемінде бой көтерген осы әдемі Құлагер ескерткіші идеясының авторы Сәдібек Түгел еді. Міне, ісіне қарап кісіні таны деген осы да.Сәдібектің «Қазанат» журналының айдарына «Жігіттің де жігіті бар, Азаматы бір бөлек» деп жазылған екен. Сөз соңында Сәдібек Түгелдей ардақты ініме атақты Бұқар жыраудың:

Ер жігітке жарасар,

Қолына алған найзасы

Би жігітке жарасар,

Халқына тиген пайдасы,-деген ұлағатты өсиетін арнап, еңбегіне үлкен жеміс, деніне зор аман-саулық, отбасына баянды бақыт тілеймін. Туған елің өзіңмен мақтанып, мәртебесі биік болып жүре берсін. /Әпсәләмова Зоя мен Нәдірбек/

  1.  Қонысбай Әбіл Қазақстанның халық ақыны Досым Сәдібек Түгелге!

О, Сәдібек!

Өз ортаңның гүлісің,

Ұлтымның бір басы биік ұлысың.

Мұңын мұңдар, жырын жырлар қазақтың,

Алтын бақан азаматтың бірісің.

Тәуелсіз ел табыстарын жыр етіп,

Алатаудан келген көшпен ілесіп.

Ақмолаға аттың басын тіредің,

Әрбір басқан іздеріңе гүл өсіп.

Елге қызмет парызым деп санадың,

Адал жансың, болмайды еш алаңың.

Қандай міндет атқарсаң да қай жерде,

Қолдан түсіп көрген жоқ қой қаламың.

Тыным таппай еңбек еттің халқыңа,

Ақ жүрексің бірдей жаққан жалпыға.

Қазынасын қайта оралтып қазақтың,

Жоқшы болдың дәстүрі мен салтына.

Өнбес іске тер төгеді бекер кім,

Уақыт жүйрік, оқтай зулап өтер күн.

Ақан сері аруағын аунатып,

Құлагердің ескерткішін көтердің.

Қадірлі ғой қатарыңа бір басың,

Осында отыр бірге өскен көп құрдасың.

Көкпар десе тыным таппай күні-түн,

Ішкен асын жерге қояр тұлғасың.

Бала күнде берілген ақ батаның,

Тілеуінен кең жайылды атағың.

Күннен-күнге бара жатыр ұзарып,

Мың періште ұялаған сақалың.

Көтеріліп көңілінің желкені,

Әр шығармаң тарихтан сыр шертеді.

Сәдібектей ұлдары бар халықтың,

Қай кезде де жарқын болар ертеңі.

  1. СӘДІБЕК ТҮГЕЛ: ҰЛТҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕН ЖАЛЫҚПАЙМЫН

– Біздің білуімізше, Сіз шығарып отырған «Қазанат» журналына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ақ батасын берді. Сол игі жұмыс бұл күнде қалай жалғасын тауып жатыр?

-2006 жылы Түркияның Стамбул қаласына Кеңес Рақышев екеуміз жазған «ҚАЗАНАТ» кітабы үш тілде басылып жарыққа шықты. Басылым бірден оқырмандардың зор құрметіне бөленді. Атбегілердің қолынан түспейтін, іздеп оқитын шығармасына ай­налды. Сол кезде үлкен үйдегі тілектес ағалардан: «Жылқы шаруашылығы мен ат спорты үлкен тақырып. Тек, кітап шығарумен тоқталмай, осы аттас журнал шығарыңдар»-деген ұсыныс түсті. Айтылды, болды, біз бірден «Қазанат» журналын шығаруға кірістік. «Бұл жәй ғана қағаз емес, маңызды құжат, Елбасының сендерге берген МАНДАТЫ мен сенімі әрі жауапты тапсырмасы. Сенім биігінен көрініңдер!» – деп ағаларым мандатты қолыма ұстатты. 2007 жылы Елбасы: «Ежелден сәйгүлік баптаған елдің ұрпағымыз. Еліміз егемендік алғалы тұлпарлар тағдыры қазақы қаны бар азаматтардың қолына көшті. «Замана желімен жарысқан – Қазанат» журналы ұлттық спортты, соның ішінде, жылқы шаруашылығы мен ат спортының дамуына баса зер салады деп ойлаймын. Іске сәт жігіттер!» деп ақ батасын берді.

Бұдан шығатын қорытынды мен осы салада ҚР тұңғыш Президенті, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тікелей тап­сырмасын орындап жүрген азаматтардың бірімін. Міне, сол «Қазанаттың» жалғасы «Ұлттық спорт» журналын шығаруды қолға алдық.

-Сәке, «Ұлттық спорт» журналыңыз құтты болсын.  Жұрт Сізді ұлттық спорттың ұйымдастырушысы, насихатшысы, белсенді қайраткері ретінде тани­ды. Айтыңызшы, Сіз ұлттық спортпен қашаннан бері шұғылданып келесіз? Қаражаты мүлдем жоқ ұлттық спортты ұйымдастыру, басшылық жасау оңай шаруа емес екені белгілі. Сізді кім қолдайды және күш-қуатты қайдан аласыз?

-Жалпы ұлттық құндылықтармен шұғылдануды маған Алла тағала маңдайыма жазған деп ойлаймын. Ұлы Дала ойындарымен бала жастан айналысып келемін. 7 жасымнан бастап бәйгеге қатыстым, бертін келе ат баптаумен, ұлттық ат ойын­дарын ұйымдастырумен белсене айналыстым. Содан бері, жылқы шаруашылығы мен ат спортының бел ортасында жүрмін. Көптеген беделді халықаралық, республикалық, аймақтық жарыстардың ұйымдастырушысы болдым. Әкем Түгелге алғысым шексіз. Ең алғаш атқа мінгізіп, кейін тай, құнан жарыстарға қатыстырып, шыңдаған әкем болатын.

Марқұм ерекше ат құмар жан еді. «Қазанат» сөзін 1961 жылы алты жасымда әкемнен естідім. Әкем – белгілі жылқышы еді. Өзінің көрген білгенін, ойға түйгенін қалаған кірпіштей етіп, жүйелеп айтып оты­ратын көреген кісі еді.

Ол кісі айтып отырушы еді:

– «Қазанатқа қазақтар қарыз. Өйткені, Қазанат – қазақтың қазынасы.Осынау ұланғайыр қазақтың жерін бабаларымыз қалай қорғады, қалай сақтап қалды? Бұл қасиетті жерді қазақ батыры құр шоқпарды сүйретіп, жаяу қорғаған жоқ қой. Тұлпарлардың, Қазанаттардың үстінде, үлкендігі есік пен төрдей азынаған айғырлардың және қазақ халқының қайсарлығы мен мықтылығының арқасында қорғады. Қазанат – ердің қанаты. Яғни, азаматтың ары мен намысын қолдан бермейтін қазақтың Қазанаттары болған.»

Бүгін тарихқа көз жүгіртсек, рас солай болған. Сондықтан да, мен қазанаттарды іздеуші, ұлттық құндылықтарды ұлықтаушының бірімін. Мен қазағымның қазанатын іздеп жүрген жанмын! Қазанат халқымыздың қанаты, қорғаны, айбыны болғаны рас. Қазанаты болғанда халық қор болмаған!

Әйгілі философ, жазушы ағамыз Асқар Сүлейменов: «Осы басқа халық қайтадан жаралсын, мейлі маймыл­дан болсын, шатағым жоқ. Дәл біздің қазақ – жылқыдан, тұлпардан туған!» – деп айтқан екен. Жазушы сөзінің жаны бар. Қазақ – жылқы мінезді, рухы биік, Ер халық! Қазанат – қазақтың сахарасы. Ұлы даласының екінші есімі. Осыншама кең даланы меңгеру үшін, осыншама кеңістікті қаусыру үшін тек қазанаттың ғана жалы мен белі, тұяғының желі керек болды. Бұл сөзіме тарих – куә.

Ол жөнінде Берел, Ботай қорымдарынан табылған бұлтартпас әлемнің маңдайалды ғалымдары мойындаған дәлелдеріміз бен фактілеріміз бар. Бала кезімде «Астыңғы ерні жер тіреп, үстіңгі ерні көк тіреп…», «көлденең жатқан көк тасты тіктеп тиген тұяғы саз балшықтай илеген…» тұлпар түлігін елестететінмін. Сәби қиялмен Қазанатты тауып алып, ерттеп мінсем деген арман пайда болды. Есейе келе бұл азаматтық позицияға ауысты. Тіпті ат спортын дамыту жолы­на түбегейлі ден қою мақсатында 1994 жылы Шығыс Қазақстан облысынан Алматыға арнайы көшіп келдім.

Ал енді сұрағына келсек, қазақтың Қазанаты қазақ даласында бар. Оған біздің талай бәйге кезінде көзіміз жетті. Атақты Адай жылқысын, Қостанай жылқыларын қалайша Қазанат дей алмаймыз. Біле білсеңіз, қазір әлемге танымал ағылшын жылқыларында Қазанаттың қаны бар. Ағылшындар ертеде асыл тұқымды арғымақтарды біздің сайын даладан алып кеткен. Олардың ұтқаны сол – Қазанаттың ұрпағын көбейтіп, асылдан­дыра білді. Соның арқасында олар әлемге танылды.

Қазір әлемде жылқының 200-ден астам асыл тұқымы бар. Олар: ағылшын, араб, америка, ганновер, орлов, ақалтеке, т.б. деп кете береді. Біздің Қазанатымыз бұлардың бәрінен артық болмаса, кем емес. Өйткені, қазақ Қазанатының бойында төзімділік, жүйріктік және маңғаздық бар. Бұл жағынан келгенде Қазанат қазақ халқының мінезіне, болмысына ұқсайды. Ата-ба­баларымыз өздерін «жылқы тектес халықпыз» деп бе­кер айтпаған. «Жігітте де жігіт бар, азаматы бір бөлек, Жылқыда да жылқы бар, Қазанаты бір бөлек» – де­ген аталарымыз.

-Бұрынғы замандарда жылқының саны көп болған ғой…

-Иә, көп болған. Бір-ақ, мәлімет келтірейік. 1916 жылғы санақ бойынша қазақтарда 5 миллион 640 мың бас жылқы болған. Жалпы қазақ даласында 1928 жылға дейін 60 миллионнан астам төрт түлік малдың түрлері жайылып жүрген. Халқымыздың саны 6 миллионға жуық болатын.

-Сіз жылқы шаруашылығының тарихын зерттеп жүрген азаматсыз… Малдың саны неге күрт кеміді?

-Сұрақ дұрыс. Жылқының күрт азаюының аста­рында сұрқия саясат жатыр. Бір сөзбен түйіндесем, әдейі қазақты жер бетінен жоғалту және рухани жаншу үшін істелінген қолдан жасалған қылмыс.

Дегенмен, арғы бетке өтіп, тұқымы сақталған тұлпарларымыз да бар.

Бүкіл Қытайды мойындатқан Бейжіңгер сол қасиетті қазанаттардан қалған ұрпақ. Оған да шүкір дейміз.

Біз, қазақтар – қазанаттар десек, Алпамыстың – Байшұбарын, Қобыландының – Тайбурылын, Қамбардың – Қарақасқасын, Исатайдың – Ақтабанын, Абылайханның – Шалқұйрығын, Қабанбайдың – Құбасын, Ақан серінің – Құлагерін, Бошайдың – Үш қарасын айтамыз.

– Қазанаттар туралы жақсы айттыңыз. Бұл үлкен тақырып қой. Қалғанын келесі сандарда жалғастырармыз. Енді, ұлттық ат спортына оралсақ дұрыс болар еді. Сәке, ұлттық спорт түрлерінің негізгі ойыны ат ойындары емес пе?

– Шынында, біздің ұлттық спорт түрлерінің 90 пай­ызы атқа қатысты ойналады. Бұл саланың қиындығы да, қызығы да осында. Спортшы қандай шымыр, мықты болса, оның аламан бәйгеге немесе көкпарға қосатын аты да мықты, жарамды болуы шарт. Басқа спортта бапкер тек спортшыны дайындаса, ұлттық спортта бірнеше бапкер, біреуі спортшыны, енді біреуі атты баптайды. Мен білетін ұлттық ат спортының 15 түрі бар: аламан бәйге, тоқ бәйге, құнан бәйге, жорға жарыс, көкпар, аударыспақ, теңге алу, қыз қуу, тай жа­рыс, дөнен жарыс, жамбы ату, ат омырау­ластыру, ат құлағында ойнайтын «ер жігіт ойындары» деген сияқты.

– Сәке, осы жерде ұлттық спорттың тарихымен таныстырып өтсеңіз.

– Қазақ ұлтының ұлылығын, қазақ халқының даналығын, қазақ елінің елдігін әлемге паш ететін мәдениеті мен салт-дәстүрі болса, соның ең басты­сы ұлттық спорт түрлері, ұлттық спорт ойындары болып табылады. Ұлттық спорттың мың жылдан бері көп тарихы бар. Аламан бәйге, тоқ бәйге, жорға жарыс, құнан бәйге, көкпар, қыз қуу, ат үстіндегі сайыс (аударыспақ ойыны), теңге алу, жам­бы ату, қамшыгерлік, саясаткерлік, түйе жарыс – жел­мая, қазақша күрес, жекпе-жек, тоғызқұмалақ және тағы басқа спорт түрлері сонау ықылым заманнан бері туған халқымызбен бірге жасап, ұлы ақынымыз Жұбан Молдағалиев айтқандай «Мың өліп, мың тіріліп» келеді.

Түйіндеп айтсақ, Ұлттық спорт – Ұлы дала мәдениетінің темірқазығы. Ал, мәдениет – ұлт рухы, болмысы!

Ұлттық спортымыз – екі мыңжылдық тарихында, менің зерттеуімде 4 кезеңді бастан кешіріп отыр.

1-кезең: Дәуіріміздің VI ғасырынан – XVIII ғасыр аралығын қамтиды. Түрік қағанаты, Дешті Қыпшақ, Алтын орда, Қазақ хандығының даму тұсы 13 ғасырға созылған көшпенділер спортының қалыптасу кезеңі.

2-кезең: Ресей империясының қарамағында бодан болған тұсымыздағы ұлттық спорт түрлерінің дамуы. Толық XVIII – XIX ғасырлармен мен XX ғасырдың басына дейінгі – 217 жыл. Байтал тұрғы бас қайғы заман.

3-кезең: Қазан төңкерісі болған 1917 жылдан – 1991 жылдар Советтер одағы тарағанға дейін – 74 жыл аралығы. Ұлттық спортымыздың – көлеңкедегі шөп сияқты дамуы.

4-кезең: Қазақтың тәуелсіздік алған 1991 жылдың 16 желтоқсаннан бүгінгі күнге дейінгі аралық.

Ұлттық спорттың айының оңынан туып, жұлдызының жарқырай бастауы.

– Дұрыс айтасыз. «Ат спорты» ойындарының жанданған кезі соңғы жылдары ғана емес пе? Ұлттық ат спорты түрлерінің федерациясы қашан құрылды? Тұңғыш атбегілер құрылтайы қашан өткізілді?

– Жоғарыда айтып өткенімдей ұлттық ат спор­ты Ел тәуелсіздігінің арқасында өткен тоқсаныншы жылдардың басында қолға алына басталды. Оны көтерген Айып Құсайынов, Бошай Кітапбаев, Анатөлі Құлназаров, Сайлау Тұрыскелдин, Бердібек Сапарбаев, Иманғали Тасмағамбетов, Амалбек Тшанов, Серік Үмбетов сын­ды азаматтар. Соның арқасында еліміздің көптеген об­лыстарында ат спорты ойындары жиі өткізіле баста­ды. Сол тұста ұлттық өнерге сусап қалған қауымның тамашалағаны аса бір керемет болатын.

Өз басым сондай ірі жарыстардың бел ортасында жүрдім, бірталайын ұйымдастырдым. Сол уақыттарда белгілі адамдардың ме­рейтойларын өткізу дәстүрге айналды да, ат ойындары жанданды. Қайта түлеп жатқан ұлттық ойындардың белгілі жүйесі, бекітілген ережесі болмағандықтан, көптеген олқылықтар кетті. Аударыспақ, көкпар ой­ындары өткізуге қарсылар да табылып, аяқтан шалу­шылар көп болды. Бұлай жүре берсе, ат спорты жа­старды қызықтырудан қала ма деп қорықтық.

Белгілі бір жүйе, ережеге бағынбаған істің кетеуі кететінін түсініп, 1995 жылдың қаңтарында Жастар ісі, туризм және спорт Министріне хат жаздым.

Абырой болғанда бұл хат министрліктің сол кездегі бөлім меңгерушісі Елсияр Қанағатовтың қолына тиді. Біздерге сол тұста шын ниетімен көмек жасаған Елсияр бауырға әлі күні алғысымыз шексіз. Мен жарыққа шыққан екі кітабымда ол туралы жа­зып, рахметімді білдірдім. Әлі де жүрген жерде, га­зет, журналдарда, радио, телевиденияларда айтып келемін. Өйткені, ол ұмытылмайтын жағдай. Ал, өз кезеңінде Елсияр бауырымыз менің осы ұсынысха­тым туралы жүрекжарды тілегін елге жеткізуде. Ол үшін де оған мың да бір алғыс айтамын. Бұл дегеніңіз оның әділдігін, адалдығын білдіреді. Тілегім, балалары мен немерелерінің қызығын көрсін.

Сонымен, менің хатымның негізінде Қилан Нұртазинов, Кендебай Әбішев сынды бірқатар жігіттер тізе қосып, ақырында ұлттық ойындар Ережелерінің алғашқы нұсқасын жаздық. Сосын ережелер дайын болғанан кейін 1996 жылдың 1 наурызында Алматы қаласында тұңғыш рет қазақ атбегілерінің Құрылтай конференциясы ұйымдастырдық. Бұл күн – Ұлттық ат спорты түрлерінің Федерациясы үшін тарихи дата бо­лып есте қалды.

– Ұлттық Ат Спорты федерациясын Алматыдан – Астанаға қалай әкелгеніңіз туралы да білгіміз келеді.

– Екі ғасырдың тоғысында халқымыздың тари­хында ерекше орын алатын Ұлы оқиға болды. Ол Елордамыздың Алматыдан – Астанаға көшуі еді. Мен сол ұлы көшпен алғашқылардың бірі болып Алматы­дан Астанаға қызмет ауыстырдым. Астана қаласының тұңғыш баспасөз хатшысы болып тағайындалдым. Осы кезеңде Федерациямыздың жұмысы тоқырап, жетімсіреп қалды. Өйткені, адамдарсыз жұмыс жүре ме? Не істеу керек? Ойланып, ақылдасып федерацияның офисін Алматыдан – Астанаға әкелу керек деп шешім қабылдадым. Бұл сәтте маған ағалық көмегін беріп, қолдау көрсетіп, қазақтың біртуар аза­маты, тау тұлға Құлназаров Анатөлі Қожыкенұлы. Ол кісіге федерациядағы жағдайды айтып, телефон соқтым. Ағам бірден қолдай кетті. Осы айтқандарымды қағазға түсіріп, маған жібер, мен қолдаймын деді. Мен А.Қ. Құлназаровтың атына орыс тілінде жолдадым. Анатөлі ағамыз айтқан сөзінде тұрды. 1999 жылдың ақпан айының ол Алматыдан Елсияр Қанағатов пен Нәбидолла Кикебаевты жіберді. Мен оларды теміржол вокзалынан тосып алдым, орналастырдым. Сосын бәріміз бірігіп, бірлесіп, тізе қосып, ауыз бірлікпен Ұлттық Ат спорты федерациясының съезін 1998 жылдың 7 сәуірі күні өткізіп, әділет министрлігінен тіркеуден өткіздік. Съезд делегаттары – Қайрат Назарбаевты – федера­ция президенті, мені – бас хатшы, Ерлан Атамкұлов пен Елсияр Қанағатовты – вице президент, Нәбидолла Кикебаевты – атқарушы директор, Абай Жүсіповты – қаржылық  директор ретінде бірауыздан сайлады. Жұмыс жанданды. Жер-жерде федерацияның фили­алдары ашылды. Федерация туралы жағымды пікірлер қалыптасты. Барлық жарыстар Федерацияның аты­мен, соның ережесімен өткізілді.

Ел біздің жұмысымызға оң баға берді.

Осылайша, ұлтқа жаны ашитын азаматтардың арқасында біраз шаруаларды атқардық. Алғашында бір ғана Ұлттық Ат Спорты федерациясы болса, қазір бұл үлкен Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығына айналып, ол өз құрамына 27 федерацияны біріктірді. Олардың өзінде облыстық, аудандық филиалдары бар. Құрылғаннан бері мыңдаған халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық жарыстар өткіздік. Республика бойынша 11 ұлттық спорт мектебі, 17 ат спортының клубтары мен орталықтары, 27 ипподром­дар жұмыс істейді. 22 жылдың ішінде бүкіл Қазақстан бойынша ұлттық спорттың барлық түрлеріне 18475 әртүрлі жарыстар, шаралар, басқосулар өткізілген. Халықаралық «Көкбөрі» Федерациясын құрдық. Ұлттық спортымызды әлемге паш еттік. Бұл – зор жетістік деп ойлаймын. Қауымдастықтың құрамында 1 милли­ондай адамдар бар.

– Сәке, сенімді достарыңызбен және ел­мен Ұлттық Ат спорты Федерациясына қатысты қыруар шаруалар тындырыпсыздар. Көп рахмет. Халық айтса қалт айтпайды ғой. Ел сіздердің осы ерен еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Федера­цияны, одан кейін Қауымдастықты құруда және оның жұмысын күнделікті жүргізуде кедергілер мен қиыншылықтар да болған шығар. Олай деп отырғаным биылға дейін басқа спорт түрлерімен салыстырғанда, ұлттық спортқа мемлекет тарапы­нан қаржы бөлінбеді емес пе?

– Ия, тек соңғы бір – екі  жыл көлемінде «Самұрық- Қазына» тарапынан қаржылай көмек көрсетіле бастал­ды. Ол дегеніңіз – жүздеген, мыңдаған бізді қолдаған бауырлардың еңбектерінің ақталғаны ғой деп ой­лаймын. Сіз дұрыс айтасыз біз бұрыннан қоғамдық, патриоттық, фанаттық негізде жұмыс істеп келеміз. Бізді достарымыз «жалаңтөстер» деп атап кеткен. Ол үлкен тарих. Ал, кедергілер мен қиыншылықтар өте көп болды. Федерацияны да, Қауымдастықты да жа­былудан, жабудан алып қалғанымыз көпке аян дүние. Оған болашақ бағасын беретін болар.

– Кейбір ағаларымыз «Ұлттық спорт түрлерімен әлемдік аренаға шыға алмаймыз» деген де күстаналаушылық әңгімелерін айтып жатады. Кейде дәйекті дәлелдер келтіргенде, шынымен де осы іс-әрекеттеріңіз бекер емес пе деген ой келеді…

– «Ұлттық спортпен әлемдік аренаға шыға алмай­мыз» дегендер, ұлт деген ұғымнан мақұрым, оры­станып, еуропаланып кеткендердің бос далбасасы. Ат спорты арқылы біздің қазірдің өзінде қаншама ел таныды. Олар қазақ деген ұлттың ат құлағында ойнаған халық екенін мойындады. Ұлттық спортты әлемге таныту арқылы біз қазақтың мәдениетін, салт- санасын, спортын, этнографиясын, тарихын насихат­таймыз. Біздің спортшылар шетелге барғанда жай ғана аттарын жетектеп бара салмайды. Ер – тұрманы, ұлттық киімі, жасау-жабдығымен барады. Оларды көрген шетелдіктердің талайы естерінен танды. Бір ғана қамшының өзі мәлімет береді. Ер-тұрман мен ат әбзілдері – нағыз қазақтың тарихы мен өнерін паш етеді. Ал күрес пен боксқа қатысатын спортшыдан осының қайсысын көре аласыз? Сондықтан, ұлттық спорт арқылы біз еліміздің, ұлтымыздың салт-санасын шетелге танытамыз. Ұлы дала мәдениетін паш етеміз.

Еуропаны мәшине, техника жасаудан оза алма­уымыз мүмкін, ал енді қазақтың Қазанаты арқылы ұлттық спорттын дамытсақ, онда күллі Батысты артта қалдырар едік.

– Шетелдерде өтетін дүбірлі додаларға қатысып жүрсіздер, нәтиже қандай?

– Ең алғаш рет 1996 жылы Венгрия Республика­сы ұйымдастырған әлем шабандоздарының бірінші фестиваліне қатыстық. Әлем шабандоздарының тұнғыш фестивалінің бас жүлдесінен дәмелі 23 мем­лекет ішінен қазақтың жұлдызы оңынан туды. Көкпар, қыз қуу, аударыспақ, теңге алу сынды төл ойын түрлері бойынша оқ бойы озып шықтық. Бұрын-соңды мұндайды көрмеген еуропалықтар жа­пырылып құлады. Ақырында фестиваль төрешілері мен қазылар алқасы бас жүлдені біздің жігіттердің қанжығасына байлады. Бізге дейін мажарлықтар: «Бізді дүниеде ат үстінен аударып түсіретін ұл туған жоқ» деп мақтанып жүреді екен. Осы мажар жігіттерін біздің Қаһар Қиянтаев, Шадияр Шоқанов, Жаныс Саев сияқты жігіттеріміз қас-қағымда ат үстінен жұлып-жұлып алып, лақтырып жіберді. Венгрлік гусарлардың салмақтарының өзі 120-130 келі, бой­лары екі метрден асады. Біздің жігіттер орта бой­лы, әлгілердің иықтарына да жетпейді. Бірақ, әдіс- айла мен тақым мықты болғанда, салмақ пен күштің дәрменсіз болатынын сонда көрдік.

-2001 жылы Халықаралық «Көкбөрі» Федерация­сы құрылды, оған әлемнің 17 елі мүшелікке енді. Бұл біздің көкпарымыздың әлемдік сипатқа ие болуы де­ген сөз. Сол 17 мемлекеттің ішінде Жапон, Түркия, Қытай, Ресей, Венгрия сынды ірі мемлекеттер де бар. Бірнеше жылдың алдында Ұлыбританияға барған бүркітшілеріміз зор табысқа кенелгенін білеміз. Сол туралы толығырақ айтып өтсеңіз…

– 2007 жылдың шілде айының ортасында Еуропаның төрі Лондон қаласында біздің бүркітшілер та­рихи жеңіске қол жеткізді. 33 мемлекеттің ішінен су­ырылып алға шықты. Бұл еліміз үшін үлкен абырой. Ұлыбританияға тұңғыш рет барлық жасауымен, оның ішінде сандық, қылыш, найза, ертоқым, алаша, теке­мет, қамшыдан тартып, сегіз қанат киіз үй апарған біздің жігіттер – бүкіл фестивальге қатысушыларды таң қалдырды. Франция, Германия, Бельгия, Брита­ния, Бразилия, Жапония, Қытай секілді мемлекеттер қатысқан бұл фестивалға 5000-дай адам қатысты. «Бри­тан құсбегілері» ұйымының басшысы, халықаралық құсбегілер Федерациясының президенті Джим Чик­пен кездесу өткіздік. Мәдени-спорт саласына қатысты екіжақты ынтымақтастық жасау мүмкіндіктері талқыланды. Біз апарған киіз үйді Біріккен Араб Әмірліктерінің Премьер-Министрінің орынбасары, БАӘ Құсбегілер клубының төрағасы Шейх Хамдан бин Заед Әл-Нахянның өзі келіп тамашалады. Киіз үй Брита­ния мұражайына табыс етілді.

– Сіз бастаған қазақ көкпаршылырының Түркиядан жеңіспен оралғаны жөнінде айтып берсеңіз?

-2012 жылдың 12-14 қазанында Түркияның Де­низли қаласында әлем елдерінің ұлттық ойында­рынан фестивалі жоғары деңгейде өткізілді. Оған дүниежүзінің 25 мемлекеттері қатысты. Олар: Америка, Жапония, Мажарстан, Словакия, Украина, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Монғолия, Албания, Герма­ния, Австрия, Болгария, Грузия, Азербайджан, Литва, Ауғанстан, Латвия, Эстония, Чехия, Франция, Италия, Малайзия, Индия және Түркия. Фестивальге 500-ден астам ұлттық ойындардың шеберлері, спортшыла­ры, шабандоздары, көкпаршылары, палуандары, әртүрлі ауыр заттарды көтеретін, ауыр автокөліктерді сүйрейтін күштілері күш сынасып, қатысты. Әрбір ұлттардың ұлттық ойындарының 25 түрінен қызықты жарыстар, әсерлі көрсетулер болды. Қазақстан көкпардан құрама команда апарды. Елімізге атта­ры мәлім, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионда­ры, көкпардан спорт шеберлері: Дәулетбек Омбаев, Темірқан Айтбаев, Қазбек Амангельдинов, Мұстафа Уатаев, Бақтыбай Шырынкулов, Еркеғали Мырзабаев. Бас бапкер әрі алаңдағы ойыншы болып Қуан Құрамаев барды. 12 қазан күні Қырғыз Республикасының құрама командасымен ойнадық. Матч өте тартысты әрі қызықты өтті. Өйткені қырғыздар бұл жарысқа қатты дайындалып, қайтсек де жеңеміз деп келген екен. Ол жөнінде маған сол аймақта тұратын қырғыз бауырлар айтты. Біздің жігіттер намысты бермеді, ше­бер ойнады. Нәтижесінде біз 10:5 есебімен жеңіске жеттік. Екінші ойын Турцияның көкпаршыларымен болды. Ол да керемет өтті. Есеп 7:2 қазақтар жеңді. Бұл дегеніңіз қазақ көкпаршыларының халықаралық деңгейдегі айтулы жеңісі болып табылады. Фестиваль өте жоғары деңгейде өткізілді. Үш күн толығымен 500 мың адамдар тұратын Денизли қаласы ұлттық рухта өмір сүрді. Мыңдаған түріктер ойындарды тамашала­ды, қол соғып қошамет көрсетті. Қазақтың көкпарына деген құрметтері мен құлшыныстары ерекше болды. Түркия үкіметіне алғысымнан басқа айтарым жоқ. Біздің барлық шығындарымызды, баруымыз бен келуімізді солар көтерді. Көкпарға аттар берді. Ең ба­стысы олар Ұлттық ойындарға арналған «Қызыл жа­лау» атты сайыс аренасын салып, іске қосқан. Біздің көкпар ойынына өте ыңғайлы. Бір сөзбен айтсам түрік бауырлар рухты көтеретін, ұлттық ойында­рын мемлекеттің толық қарауына алған. Оған қаржы аямай жұмсауда. Үлкен әсер алып қайттым.

– Сіз, Ұлы Дала тұлпары Құлагерге ескерткіш салу идеясының авторы әрі ұйымдастырушысыз. Идея қайдан, неден туындады? Бұл бастамаңыз тек алуды, жеп қалуды мақсат тұтқан заманда, дүние мүлкіңізді ломбардқа салып, ұлтымыздың мақтанышы Құлагерге ескерткіш тұрғызуыңыз ғажап оқиға болды?

– Ашығын айтайын, бұл идея жігіттік намыстан, азаматтық нартәуекелдігінен шықты. «Мен бастама­сам, мен істемесем кім істейді?» деген ойдан келді. Ерейментау ауданындағы ескерткіштің ұрлануы менің намысыма тиді. Зұлымдыққа тойтарыс беру қажет болды. Көп сөзден, нақты бір іс артық деп, осы шаруаға белсене кірістім. Халық қолдады. Бұл күнде «Астана – Көкшетау» автобанына сән беріп тұрған сәулет. Адам­дар көп барады. Ел ұнатады. Сол маған үлкен баға.

– Алдағы жоспарларыңыз қандай?

– Алда үлкен асулар мен белестер тосып тұр. Олар туралы келесі кездескенде айтып берейін. Ұлтқа қызмет етуден шаршамаймын.

– Тартымды әңгімеңізге көп рахмет. /Әңгімелескен Фариза Нұржақыпова Астана қаласы. Abai.kz/

 

  • Сәдібек ТҮГЕЛ: БІЗ, ҚАЗАҚТАР, ҚАЗАНАТҚА ҚАРЫЗДАРМЫЗ…

Ұлттық Ат спорты Федерациясының президенті, «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық әлеуметтік-мәдени қозғалысының тең төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сәдібек Түгелмен сұхбат.

– Сәдібек аға, алдымен кіндік қаныңыз тамып, туып-өскен өлкеңіз туралы айтсаңыз.

– Менің кіндік қаным тамған жер – бар қазақтың ырысы мен берекесі саналатын Өр Алтай, Асқар Алтай, асау Ертіс, Ерке Ертіс өңірі. Соғыстың жеңіспен аяқталуының 10 жылдығын 1955 жылы бүкіл халық болып атап өтуге арналған дайындықтың қызған шағында қарапайым еңбек адамдары, «Қызыл Ту» колхозының жылқышылар бригадасының бригадирі Түгел Құмарұлы мен колхоз жұмысшысы Мәрия Түгелкелінінің шаңырағында жетінші бала болып жарық дүниеге келдім.

– Жаңа елордамыз – Астанаға келуіңіз, атқарған жұмыстарыңыз, алған әсерлеріңіз туралы айтсаңыз…

– Астана қаласын жанымдай жақсы көремін. Оған төрт себеп бар. Біріншісі: ХХ-ХХІ ғасырлардың тоғысында туған еліміздің абыройын асқақтатқан, ұлт өмірінде өте сирек кездесетін тарихи оқиға болды, қазақтың кең жазира даласында,  Сарыарқаның нақ төсінде жаңа шаһар – Астана қаласы салынды. Бүгін Астананы бүкіл әлем танып, мойындады.Астана – дүниежүзіндегі ең сәулетті қалалардың біріне, қазақтардың басты мақтанышына айналды.

Екінші себеп: осы шаһарда менің де бағым жанып, жұлдызым жарқырады. Тағдырдың қалауымен маған жаңа Астана әкімінің тұңғыш баспасөз хатшысы болу бақыты бұйырды. Бес жарым жыл қайнаған қазанның, тарихи оқиғалардың нақ ортасында жүрдім. Керемет жобалардың жүзеге асуының басы-қасында болып, қаланың жетістіктері мен жеңістеріне куә болған жанмын. Қолымда сол кездің тыныс-тіршілігінен, тәй-тәй басқан елорданың дамуынан барынша мол мағлұмат беретін архив құжаттары сақталған. Сөзімді түйіндеп айтсам, бірінші күннен бастап 17 жылдың ішінде әсем қала, ертегі шаһар Астанамен біте қайнасып кеткем. Осында ұлымызды үйлендіріп, қызымызды тұрмысқа ұзаттық. Қазір жұбайым Қайкен екеуіміз олардан 5 немере сүйіп отырмыз. Немерелерімнің алды мектепте оқиды.

Үшінші себеп: Астана маған әдебиет кеңістігіне жол ашты, қаламгер болып қалыптасуыма ықпал етіп отыр. Қолым қалт етсе, қаламымды алып Астанаға арналған шығармалар жазамын. Мен жазып жарыққа шығарған «Көк күмбезді Астана», «Астана – город солнечной мечты», «Астана – жерұйығы елімнің», «Астана – триумф страны», «Астана – ел жүрегі», «Астана –сердце страны», «Алғашқы астаналықтар», «Первопроходцы Астаны», «Астана баспасөзінің шежіресі», «Летопись столичной прессы», «Астана хикаялары» атты кітаптарым мен «Тұңғыш» атты спектаклім елорданың бірінші күндерінен, 17 жылдық тарихынан сыр шертеді. Олар – оқырмандар тарапынан өз бағасын алған еңбектер. Қазір «Астана хикаялары» атты әңгіме-кітапты жазу үстіндемін. Одан үзінділер журналдарда басылды. Осы кітаптардың ішінде шоқтығы биіктігі – «Алғашқы астаналықтар» энцикопедиялық жинағы. Оған Елбасы Н.Ә.Назарбаев бастаған 186 алғашқы астаналықтың анкеталары мен естеліктері басылды. Бұл жоба төңірегінде біз 500-ден аса адамдардың анкетелерын жинадық. Ол материалдар әлі екі кітапқа жетеді деп отырмын.

Төртінші себеп: cенімді әріптестеріммен бірігіп Астана қаласының және еліміздің ақпарат кеңістігінде өз орны бар «ТҮГЕЛ МЕДИА» атты қуатты ақпараттық серіктестік ашып, оның жұмысын үзбей жүргізіп келеміз. Ұйымның ұраны: «Біз журналиспіз – біз біргеміз!», «Мы журналисты – мы вместе!» деп аталады.

– Қаталеспесем, ел егемендігін алған тұста «Қайдасың, қазағымның Қазанаты?!» деп, ең алғаш қазанат тақырыбын қозғаған сіз болатынсыз.

– Мен «Қазанат» сөзін ең алғаш әкем Түгелден бес жасымда естідім. «Жігіттер, мынау ұлан ғайыр Ұлы даланы, Алтайдан – Атырауға, Ұлытаудан – Алатауға дейін ұшы-қиырсыз созылып жатқан кеңістіктікті ата-бабаларымыз жаяу жүріп, шоқпарды белдеріне қыстырып жүріп қорғады ма? Олай ойласаңдар,  мүлдем қателесіңдер. Біздің батырлар жерді, елді, туған Отанды ат үстінде жүріп қорғады. Ат болғанда жауынгер қазанаттардың үстінде жүріп, күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей, бойларындағы жандарын берсе де, ұлтарақтай жерлерін бермей қорғады емес пе?! Сондықтан да біз, қазақтар,  қазанаттарға қарыздармыз. Қазанаттарды қазаққа қайтарып, оларды түлетуіміз керек» деп марқұм әкеміз өсиет сөз қалдырған. Ал, біз әкенің сол өсиетін орындап, ел игілігіне жарата білдік. 2004 жылы «Фолиант» баспасынан жарыққа шыққан «Қайдасың, қазағымның Қазанаты?!» деген кітабымда: «Мен қазағымның қазанатын іздеп жүрген жанмын! Қазанат халқымыздың қанаты, қорғаны, айбыны болғаны рас. Қазанаты болғанда халық қор болмаған! Әйгілі философ жазушы ағамыз Асқар Сүлейменов: «Осы басқалар қайдан жаралсын, мейлі, маймылдан болсын, шатағым жоқ. Дәл біздің қазақ жылқыдан, тұлпардан туған!» деген. Жазушы сөзінің жаны бар. Қазақ – жылқы мінезді, рухы биік, ер халық! Қазанат – қазақтың сахарасы, Ұлы даласының екінші есімі. Осыншама кең даланы меңгеру үшін, осыншама шалғайлықты қаусыру үшін тек қазанаттың ғана жалы мен белі, тұяғының желі керек болды. Бұл сөзіме тарих куә», – деп жаздым.

Менің зерттеуімде, қазанат – алыс жорықтарға мінетін жауынгер жылқылар, азынаған айғырлар! Қазанат туралы 1885 жылы білікті орыс зерттеушісі, жылқы тарихының білгірі В.Фирсов былай деп жазды: «Қазақтар қазанатты барлығынан жоғары қояды. Қазанаттың жақсы қасиеттерін бағалайтыны соншалық, айғырын сұрамайды да. Себебі, қазақ биесінің тұқымы тұрақты басқалармен қосылғанда, тек солардың жақсы қасиеттерін алады. Өзінікін де жоғалтпайды. Сондықтан да жергілікті халық қазанаттарға жоғары сеніммен қарайды». 2006 жылы парасатты азамат Кенес Рақышевпен бірге жазып, «Таймас» баспа үйінен үш тілде жарыққа шыққан «Қазанат» кітап-энциклопедиясы ТМД елдері арасында Мәскеу қаласында өткізілген «Кітап өнері» атты беделді халықаралық байқаудың жеңімпазы болып танылды. Елімізге үлкен абырой әкелді.

– Құлагерге ескерткіш тұрғызуыңыз – ұлт руханиятындағы елеулі оқиға болды. Басыңызды бәйгеге тігіп, дүние-мүлкіңізді ломбардқа өткізіп, нартәуекелге салдыңыз. Сонымен, ломбардқа жүгінуіңізге кім сізді мәжбүрледі? Осындай фанатизм керек пе?

– Жағдай мәжбүрледі. Жігіттермен алдын ала кеңескесін, олардың уәделеріне орай бұл жұмысты 2008 жылдың соңғы айларында бастап кеттім. Идея мақұлданды, жоспар жасалынды, ондаған эскиздің нұсқалары істелінді, оған танымал азаматтар қатысты. Белгілі архитектор Сұлтан Ильяев жасаған вариантты ҚР ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед басқарған мемлекеттік комиссия 2009 жылдың қаңтар айында бекітті. Бірнеше дөңгелек үстел басындағы басқосулар, жиналыстар, экспедициялар өткізілді. Оған еліміздің жақсылары мен жайсаңдары қатысты. Алдымен әрбір құрылыс нысандарына тән геодезия, жобалау, жер мәселелері қаралып, шешілді. Не керек, Бішкекте қырғыз елінің атақты сәулетшісі, профессор Болатбек Садықовтың шеберханасында Құлагердің мүсінін жасаудамыз, оған үш елдің шеберлері қатысуда, Қазақстанда құрылысшылар ескерткіштің іргетасын құюда және тағы басқа үлкенді-кішілі қаражат тілейтін жұмыстар жүргізілуде. Күнтізбеге сәйкес, оларды қаржыландыру керек. Ақша жоқ. Біз әлемдік қаражат дағдарысына тап болдық. Уәделерін үйіп-төгіп берген жігіттер, дағдарыстың салдарынан суы тартылған өзендегі балықтай қайраңдап қалды. Енді қайттік? Дағдарысты тоссақ, ескерткіш салынбайды. Сондықтан, маған жігіттік нартәуекелге баруға тура келді. Соның арқасында, Құлагер ескерткіші межеленген мерзімінде салынып, мен ел алдындағы уәдемді орындап шықтым.

– Қызғаншақтыққа қалай қарайсыз?

– Ең алдымен, қазақ қазақ болып жаратылғанда бізде жәй, ешбір зиянсыз қызғану үрдістері болды. Кейін бұл пәлең көреалмаушылыққа ауысты. Сосын келе-келе осы көреалмаушылықтан – күншілдік шығып, қазақ қоғамына жазылмайтын дерт, қасірет болып жабысты. Атаңа нәлет осы күншілдік өткен ХХ ғасырда ұлтымыздың ардақты арыстарын жұтты, өлтірді, атқызды, итжеккенге айдады, түрмеде шірітті, сағын сындырды, рухын таптады. Осы пәледен қашан құтыламыз деп жүргенімізде, ХХІ ғасырдың басынан бастап қазақты сатқындық ауруы басып алды. Бұл ауру қазақ қоғамында қазір мүлдем өршіп тұр. Сатқындық – күншілдіктен мың есе жаман ғой.

– Ал, сатқындықтан қалай құтыламыз?

– Қазіргі шенеуніктердің сатқындығы – жемқорлық. Туған Отанды сату жемқорлықтан басталады. Тендерлерді жеп, екі асап, заңды белінен басып, істі болып жүрген әр деңгейдегі әкімдер, министрлер, олардың орынбасарлары, генералдар, шенділер, шенеуніктер – Отанын сатқандар. Оларды ұстап, топ-тобымен атып-асу керек. Аяқтарынан іліп, бастарын салбыратып дарға асып қою керек. Тек сонда ғана әділдік орнайды. Бір-ақ мысал келтірейін. Украина мемлекетінің түбіне жеткен Ресей де, Америка да, Еуропалық Одақ та емес. Украиндердің тоз-тозын шығарған, нокаутқа түсірген, есінен тандырған, берекесін кетірген – осы жемқорлық-коррупция. Жемқорлық бар жерде дұрыс мемлекет болмайды.

– Енді жастар тәрбиесі, демография, өсіп-өнуіміз туралы не айтасыз?

– «Ұлы Дала Қырандары» қозғалысы қазақ жастарына, балаларына, жасөспірімдерге арналған «25» деген бағдарлама дайындады. Бір ғасыр төрт ширек ғасырдан тұрады. Әр ширек ғасырда 25 жыл бар. Біздің стратегияның мәні балаларды жасынан бастап тек отбасы ғана емес, қоғам болып тәрбиелеуіміз керек. Сонда ұрпақ тәрбиесінде үлкен нәтиже болады. Бір мысал: қазақтың ұлы ер жетіп,  25 жасқа дейін міндетті түрде үйленуі қажет, ал қазақтың қызы болса, бой жетіп, міндетті түрде 25 жасқа дейін тұрмысқа шығуы тиісті. Бұл жерде баса айтатыным: қазақтың қызы тек қазақ жігітіне күйеуге шығуы керек. Басқаларға рұқсат жоқ. Әр қазақтың жігітімен қазақ қызының үйленуі бүкіл республиканың қуанышы болуы қажет. Сонда жауапкершілік артады. Ажырасу болмайды. Ал, жігіт 25-ке келіп, одан әрі үйленбей жүрсе, қазақтың қызы 25-ке келіп тұрмыс құрмай жүрсе қоғам болып дабыл қағуымыз керек. /Сұхбаттасқан Асхат АСЫЛҒАЗИН. Абай.kz/

 

  1. Белгілі қаламгер Сәдібек Түгел – Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан  Жазушылар одағының мүшесі, журналист Сәдібек Түгел Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы атанды.

Бұл жөнінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылдың 10 желтоқсан күнгі № 24/301-V шешімі шықты. Облыстық мәслихаттың депутаттары еліміздің ұлтжанды азаматтарының бірі Сәдібек Түгелді бірауыздан қолдап дауыс берді.

Сәдібек Түгел 1955 жылы Шығыс Қазақстан облысында, яғни, өр Алтай мен асау Ертіс жағасында дүниеге келді. Қазақ мемлекеттік университеті журналистика факультетінің түлегі. Өзі туып өскен жердегі аудандық газеттен басталған еңбек жолында «Қазақстан» ұлттық телеарнасында жемісті қызмет атқарды.Ол – жаңа Елордамыз – Астана қаласының тұңғыш баспасөз хатшысы.Ол – ұлттық ат спортының, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының негізін қалаушы. 15 кітаптың авторы. Оның ішінде әлемдік бестеллерге айналған «ҚАЗАНАТ» кітабының орны ерекше! «Қазанат» кітабы халықаралық  «Кітап өнері» байқауында жеңімпаз атанды.Ұлы даламыздың даңқты тұлпары Құлагерге орнатылған ескерткіштің бастамашысы және ұйымдастырушысы.Бұл атақты беруде жерлестері танымал қаламгердің елге сіңірген еңбегін негізге алған. Айта кету керек, ол – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР Спортының құрметті қайраткері, ҚР Туризмінің құрметті мүшесі, Ұлан ауданының құрметті азаматы, 1998, 1999 жылдардағы Қазақстанның ең үздік баспасөз хатшысы, ҚР мәдениет қайраткері, «Астанаға 10 жыл»  республикалық байқауындағы «Астана қаһармандары» аталымының жеңімпазы.Сәдібек Түгелдің ғылыми атақтары да бар, атап айтқанда, ол –  Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының және  Халықаралық  ақпараттандыру  ғылымдар академиясының академигі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің дәріскері.

****

       Жүргізуші Айдынның шығармашылық кеште оқитын Сәдібек Түгел жайында әлеуметтік желілерде жарияланған қоғамдық пікірлер мен жылы лебіздер:

«Құлыным» журналын бастап   Қытайға барған сапары туралы:

Мынау не деген керемет бастама, осылай көп сөйлемей іс атқару Сәдібек Түгел сияқты ғана азаматтардың қолынан келеді. Бүкіл қазақ болып қолдайық ағайын-қазақтар! Мен өз басым Түгелдің мына бастамасын бірінші болып екі қолымды көтеріп қолдаймын. /Еркін. Алматы./

Тамаша, сонау Қытайға барып, ол жақтағы қандастарымыздың өмірімен танысып, журнал бетіне жариялаған «Құлыным» журналының редакциясына, ағамыз Сәдібек Түгелге мың алғыс! /Айдын./

«Құлыным» журналының басшылары үлкен бір игілікті істі бстаған екен. Шынымен де шеттегі қазақтың баласы болашағын тек қана Қазақстанмен байланыстырғаны дұрыс. Сәдібек Түгелдей ағамызға мемлекеттік мекемелердегі игерілмей жатқан қаржынын аз ғана бөлігін берсе он шенеуніктің қолынан келмейтін істі тындырар еді!!!/

«Құлынымның осы реткі сапарын өз басым жоғары бағалаймын, барлық кездесулер өте сәтті болды. «Құлынымның» сапары бұл жақтағы балалардың жүрегеіне арман ұялатып кеткені шындық. Бұл үшін Сәдібек ағаға, Майгүл қарындасымызға көп рахмет айтамыз! /Қанатхан./

«Ұлы көш» тың кадамына куат берсін Хақ Тағала! Қанатын кең жайып, бауырларымызды ата жұртқа ат бұрып, қоныстанып ел үшін қызымет етуге мүмкіндік берңп, басқа қоғамдық ұйымдар да ат салысып, бітер істің басына жақсылар көп жиылса екен…! /Қоңыр/.

Қазақ көкпаршыларын Түркияға барып келгенде

Жақсылықтың жаршысы осы кісі. Қай шаруаны алмасын дөңгелтіп, тап-тұйнақтай жасайды. /Алмасбек Қасымов. Тараздан. /

Керемет екен. Қазақтар жеңіске жете берсін, Сәдібек Түгел бастай берсін. Фамилиясы айтып тұр екен, бәрі ТҮГЕЛ болады. Түгел түгелдей бер, үлгі көрсете бер. Аталарымыз «Төртеу- түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса ауыздағы кетеді»-деген. Саған Аллатағала жақсы фамилия сыйлаған. Түгел ерекше ұғым. /Нұрлан Бекшин. Алматы. /

Қырғыздарды ұтудың өзі үлкен оқиға. Олар Қазақтарды қайтсек де ұтамыз деп барған . Біздің бауырлар оларды быт-шыт қылған. Міне, керемет осында жатыр. Бастап барған Сәдібекке Алла жар болсын! /Азамат/

Шынында Түгел баласы қолға алған шаруасын түп-түгел орындайды. Ол туралы Әкім Тарази керемет айтты бір жиналыста. Сәдібектен үлгі алу керек. /Жаңырбек./

Әкім ағаның не айтқанын естігем жоқ. Ал, өз басым осы азаматтардың тілеушісімін. Олар мықты жігіттер. бізге қазақ халқына осындай таза, мықты азаматтар қажет. Сәдібек соның біріде біреуі деп есептеймін. Сәдібек жүрген дерде жақсылық және жеңіс жүреді. /Темірхан./

 Басқа да пікірлер

Оу, қазақтар, қайдасыңдар,Түгелдің мына бастамасы керемет екен.Осындай ұлды жарық дүниеге әкелген анаға бас иесің, шүкір Аллахтағалаға,қуаныңдар қазақтар.Біріңді -бірің туған бауырдай көріңдер. /Жаңабай Оралбаев./

Сәдібек аға жарайсыз. Сізде бір қазақтың қазанатысыз! Тек сіздей жігіттер аз болсада қоғамымызда бар болғанына шүкіршілік. Тек құрып кетпеңіздерші…

Сәкеңдей азаматтар тұрғанда ұлттық спорт енді өлмейді, Әлемді таң қалтыратын дәрежеге ертең-ақ жетеді, оған толық сенуге болады.Аман болсың осындай ұлтжанды азаматтар.

Керемет идея Сәдібек аға! Сіз нағыз қазақтың ұлысыз, Сіз сияқты азаматтар үкіметте болса ғой деген арман…./Құрметпен, Исабек/

Тұңғыш Президенті күніне Сәдібек Түгелдің сыйынан кейін       

Исабек, қарағым, сен бәріміздің ойымызда жүрген сұрақты қозғап отырсың. Құдай қаласа Сәдібек жарып шығады. Ол сияқты азаматтар қоғамға керек. Мен 45 жыл ұстаз болып, шәкірттер тәрбиеледім. Сондағы айтарым мың рет айтқаннан, тек бір рет көрсетсең сол өте тиімдірек болады. Сәдібек салған Құлагер ескерткіші сондай міндет орындап отыр. Құлагер ескерткіші тәрбиенің-тәрбиесі, ұлттық рухтың өзі. Сондықтан Сәдібек нағыз қазақтың ұлы деуің шындық. Аман жүрсін. Елге керек азамат. /Мұхтарбек Кенжебеков./

Осы кісі мынаның бәріне қалай үлгереді, қалай ұйымдастырады? Соған таңым бар? Ұлттық спортты алсаң-Сәдібек, Ат спортын алсаң-Сәдібек, Түркияға көкпарды апаратын-Сәдібек, Марафонды ұйымдастыратын-Сәдібек, Өмірден өткен қаламгер-журналистерді еске алатын-Сәдібек, Құлагерге әлемде теңдесі жоқ ескерткіш салған-Сәдібек.Қай жұмысты алмасын жарқыратып, жайнатып істейді. Журналдары бір бөлек. Көз тимесін дейік. Рахмет , Сізге, Сәдібек аға! /Дидар Еркінбекұлы заңгер. Елордадан./

 

«Мен нағыз саясаткердің өзімін» сұхбатынан кейінгі пікірлер:

Жақсы сұхбат екен. Сәдібек Түгел саясаттағы жаңа есім!

Бұл әңгімеден түсінгенім,саясатқа жаңа леп келді. Айтар ойы анық. Өзгелерге ұқсамайды. Осы жігіттен үміт үлкен. /Болатбек./

Айналайындар, жасым 77-де. Талай дүниені бастан кешіп, көріп, білім келемін. Кімнің-кім екенін жақсы білемін. Сәдібек, тілден көзден сақтасын, озық азамат. Ол Қазанатты Қазаққа қайтарған , ұлттық дала ойындарын әлемге танытқан, Құлагерді тірілткен биік парасат иесі болса, енді саясат алаңына алмас қылышын жарқылдатып, атой салып шығып отыр. Мына сұхбатын екі мәрте оқып, риза болдым. Бүгінгі қалыптасып отырған жағдайды дөп басып, батыл суреттеп отыр. Айтқандарының бәрі керемет. Бірақ, мысал. Ауылды қайта қалпына келтірмесек, істің бәрі бос болады. Соны жақсы айтып отыр, бұл бала. Ойлары көңілге қонымды. Сонысымен әңгімесі жақсы шыққан. /Қайролла қажы./

  1. Елорданың елгезегі

Жаңа Астананың алғашқы қадам­дарын, құрылысын, келбетін, тыныс-тіршілігін БАҚ-та жақсы насихат­тағаны үшін екі мәрте Елбасының Алғыс хатымен, Президенттің Грантымен және «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен, «Астана» медалімен марапатталған, «Астана» радиосы ұйымдастырған үлкен акцияда «Астананың 10 жыл­дығының қаһарманы» атағына ие болған, ҚР Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының академигі, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының құрметті азаматы, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сәдібек Түгел.

«ӨМІРЛІК ТӘЛІМГЕРІМ – САҚАН АПАМ»

Әр адам – ұстаз. Болмысына, мінез-құлқына өмір сүру салтына қарасаң, әйтеуір, бірдеңе үйренесің. Әсіресе, жақсылардың бойында өнеге етерлік қасиеттер аз болмайды.

«Алпыс жас – алтын жас» деп, асқаралы асудан аттағалы отырған ағамызды қуанышымен құттықтағалы бара жатқанда осындай ой орала берді. Кездесіп, аман-саулық сұрасқан соң алғашқы әңгімені де: «Ақын Ұлықбек Есдәулеттің жастарға «Сәдібек Түгел қандай қиындықтарға тап болса да, мойымайды, үнемі күліп, жарқырап жүреді, қайран қаламын. Сәдібектен үйрену керек» деп, сізді өнеге қылғанын естіген едім. Сіздің осы қасиетіңіздің сыры неде? Осыншалық ерік-жігерді, күш-қуатты қайдан аласыз?» деген сұрақпен бастадым.Сәкеңнің жауабы да орнықты болды.«Менің Сақан деген апам болды. Ол әкем Түгелдің әпкесі еді. Күйеуі, балалары соғыс кезінде мерт болып кеткен. Содан кейін інілік қамқорлықпен әкем оны үйге көшіріп алған еді. Біздің үй Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы, Амангелді ауылында болатын. Кейін әкем сол үлкен үйімізді Сақан апама берді. Мен Сақан апамның қолында өстім. Ол кісі өзі көзі ашық, білімпаз, көргені көп, бес уақыт намазын үзбеген, таза адам еді. Үнемі маған ертегі оқып беретін. Сағымбай деген пошташы бар еді, сол кісі арқылы газет-журналдарды үзбей алып тұратын. Мектепке барған жылымнан бастап мені апам газет-журнал оқып отыруға дағдыландырды.

Бірде апам маған домбыра, кітап, ақша және тағы бір затты беріп тұрып: «Осылардың қайсысы түсіңе кіреді, сен ертең сол саланы таңдайтын боласың» деді. Сол күні мен түнімен түсімде кітап көріп шықтым. Оянып, айтқанымда Сақан апам қатты қуанды. «Сен білімге әуес баласың. Зиялы, айналасына пайдалы азамат боласың» деп жорыды… Сол айтқан тілек қабыл болып, мен, міне, үнемі қағазбен жұмыс істеп, кітап оқу мен кітап жазуды тастамай келе жатырмын», – деді Сәдібек аға.

Сәдібек Түгел бала күнінде-ақ кітапқұмар болыпты. Өзі оқыған мектепке таң атпастан барып алып, кітапханашының жолын тосып отырады екен. Кітапханаға кірсе, тамақ ішуді де ұмытып, оқудан бас алмай қоятын көрінеді…

Сол оқыған-тоқығандарын бүгін өмірлік тәжірибеде қолда­нып келе жатыр. Кітап оны сабыр­лылыққа, төзімділікке, кең ойлауға, үнемі тір­шілік етіп, кездескен қиын­шылық­тарға қажыр мен қайратын жинап, төтеп беруге үйретіпті.

«Биллиард ойнағанда, мысалы, кейбір жігіттер шын шеберлерден қашып, әлсіз адамдармен ойнағанды жақсы көреді. Ал мен керісінше, ең мықтылармен додаға түскенді ұнатамын. Өйткені, қарсыласың мықты болса, сен де шыңдаласың, шынығасың», – дейді сөз арасында Сәдібек Түгел.

Үнемі күліп, жадырап, өзінше жаңа бастамалар көтеріп, қайнаған тірліктің ортасында жүретін Сәдібек Түгелге өмір ылғи оңай соғып отыр­ған жоқ. Аяғынан шалып, сүрін­дір­мек болғандар да табылыпты. Алға қойған мақсатқа жетерде кесе-көл­денең кезіккен қиындықтар да аз болмаған. Бірақ, тауы шағылып қал­май, шыңдарға ұмтылып жүретін ағамыздың өзіндік ұстанымы бар.

«Кейбір адамдар ағайынның арасындағы түсініспеушілік болсын, қызметтегі сәтсіздік болсын – кездескен қиындықты көтере алмай, мүжіліп қалады. Мен, тіпті, қызметтен түсіп қалғаны үшін екі жыл үйінен шықпай жатып алған азаматтарды да көрдім. Бірақ, өмірде ештеңе де мәңгілік емес. Сондықтан, ара-тұра кез­десіп қалатын қиыншылыққа адам төтеп беруі керек. Айналаңа көмек­тесіп, жақсы іс істеуден, Алланың ризалығына бөленуден маңызды ештеңе жоғын ескеру керек», – дейді ол.

Маған ұнағаны, осы әңгіме үстінде Сәдібек Түгел адамның рухын, жі­герін темірге теңеді. «Тот басқан, боркемік темір бір ұрғанда сынып қалады. Ал, болат темір соққан са­йын шыңдалады. Адам өз жігерін жа­нып, болат темірдей бабында

ұстай білу керек», – дейді ағамыз… Ал өзіне болат темірдей қайрат бітіріп, жігер-рухын биік ұстауға баулыған бала күнгі тәрбиешісі Сақан апайы деп білетінін жасырмады.

ЖАҚСЫҒА КІСІ ҮЙІРСЕК

 

Біздің кейіпкеріміз ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, айналасына сес көрсетіп, қабақ шытып, бұйырып сөйлемей-ақ сөзін өткізе білетін ерекше мінез иесі. Сол қа­сиет­терінің арқасында кезінде Астана қаласы әкімінің алғашқы баспасөз хатшысы болғанда игі істерге көпті жұмылдырып, солармен бірге небір маңызды шаруа­ларды тындырды. Астана әкімінің назарын аудартып, қаладағы журналистерге қамқорлық етті. Ал қазір, тілеулес достарымен, кәсіпкер азаматтармен, қазаққа жаны ашитын абзал жандармен бірігіп, бірнеше қоғамдық жұмыстар атқарып келеді. Қасиетті Құлагерге ескерткіш орнатты. Қазақтың жылқыға деген құрметін арттырып, оны мәдени түрде әспеттеп көрсетудің үлгісін жасады. Ұлттық спорт ойындарын дәріптеп, небір іс-шаралар өткізіп, қайырымдылық жұмыстарымен де айналысып жүрген ағамыз бүгінде құрамында 17 ақпарат құралы бар «Түгел» медиа орталығын ұстап отыр. Жеті журнал шығаруда.

Осындай қат-қабат жұмыстар атқарып, қаншама адамды жұмыл­дырып, ұстап отырған қайраткер, қаламгер ағамыздан:

«Сіз қалай ойлайсыз, жақсы басшы болу үшін қол астындағыларға бұйыра сөйлеп, өзінің басшы екенін жиірек еске салып тұрған дұрыс па, әлде қызметкерлермен тең дәре­жеде, жұмсақ сөйлесе жүріп-ақ бағын­ды­руға бола ма?» деп сұрадым мен.

Сәдібек ағамыз өз тәжірибесімен былай бөлісті:

«Мен он сегіз жыл аудандық деңгейде басшылық қызметтер атқардым. Комсомол ұйымдарын басқардым, басылым басшысы болдым. Астанаға келгелі де біраз шаруалар атқардық. Қазір де аз жұмыс істеп отырғанымыз жоқ. Бірақ креслода шіреніп отырып, өкіре сөйлеу, қызметкерлерге биіктен қарау – менің болмысыма жат нәрсе. Қазір де өзім жұмысқа тартқандарға ерікті түрде қызмет ету құқы берілетінін айтып отырамын. Сондықтан шығар, менің айналама кісі үйірсек».

Өзгелердің еңбегін бас мүддесіне сатпайтын, өзгелердің сенімі мен сүйіспеншілігіне, қызығушылығы мен мақсатына құрметпен қарай білген басшының басшылықтан түскен күнде де жүзі жарық.

АСТАНА – АСҚАҚТЫҒЫМЫЗДЫҢ АЙҒАҒЫ

 

Сәдібек ағамыз ұйымдастырып, Астананың іргесіне «Құлагер» ес­керткішін орнатқаннан кейін жылқыны жанындай сүйетін қазақ іштегі аңсарын жасырмай, әр аймақтан жануарға ескерткіш қоя бастады. Астананың саябақтары мен көшелерінде де жылқылардың бейнесі пайда болды.

Сәдібек Түгел жалпы идеяға бай адам. Қазіргі жүзеге асырып отырған жұмыстарынан бөлек, әлі қолға алын­баған, дайындалып жатқан жобалары да баршылық. Солардың  бірі – Құлагер ескерткіші жанынан «Ұлы дала қырандары» музейін ашу.

«Парижге барғандар – Луврға, Италияға барғандар – Колизейге, Петербургке барғандар Эрмитажға кіреді. Ал бізге келгендер қайда барады? Қазақты қалай таниды? Кез келген халық өзінің қаһармандары, тарихи тұлғалары арқылы танылады. Сондықтан, «Ұлы дала қырандары» музейі біздің сол даңқты, тарихта аты қалған, қазақты қазақ еткен тұлғалардың мүсіндері орнатылатын мәдени орнымыз болса екен деймін. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін эскиздік жобасын жасап, ұсыныстар әзірлеп отырмын» – дейді бұл туралы Сәдібек ағамыз…

«Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын» депті Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов. Қоғам қайраткері, жазушы, журналист Сәдібек Түгел де өзінің барлық жұ­мысын елімізді, елордамызды гүл­дендіруге арнағысы келеді. Елор­даға алғашқы көшпен келген ағамыз үшін Астана анасындай ыстық.

«Астана біздің мықтылы­ғы­мызды дәлелдеген жоба болды. Осы қала­ның алғашқы баспасөз хатшысы болғанымды мақтаныш тұтамын. Қалаға келген күннен бастап осында қайнаған өмірдің эпицентрінде болдым. Қазір де сол деңгейден түскенім жоқ. Сон­дықтан, қуанышымды да осы қалада дос-жаранның басын қосып атап өтейін деп шештім» дейді ағамыз ақтарылып.

 

 

  1. Сәдібек Түгел: Отанын сату – жемқорлықтан басталады

Сәдібек Түгел – ұлттық құндылықтардың ұлықтаушысы, зерттеушісі, Астана қаласының тұңғыш  баспасөз хатшысы, Ұлттық Ат спорты Федерациясының президенті, «Ұлы Дала Қырандары» республикалық  қоғамдық әлеуметтік-мәдени  қозғалысының тең төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы. Сәдібек мырза 23 ақпанда асқаралы алпысқа толып отыр. Назарларыңызға  Сәдібек Түгелдің сұхбатын ұсынып отырмыз.

Тілші: – Сәдібек аға,  Менің түсінігімде  Алла Тағаланың  қалауымен  жер бетін басып жүрген  әрбір  адам  жақсылықты, ізгілікті,  ең бастысы  әділдікті  қалайды, соған ұмтылады.   Қоғам да  мемлекет  те  солай  дамуға, өркендеуге тиісті.  Әділдік болмай   ешқандай қоғам, мемлекет өрге баспайды.  Ол  бұзылмайтын ақиқат. Туған  Отанымыз – Қазақстан Республикасындағы  адами ниеттері бұзылмаған, дұрыс жүріп, дұрыс  табыс тауып, еліне, отанына  адал қызмет істеп жүрген ағайындар аз да болса  баршылық. Оған шүкіршілік етуіміз керек деп ойлаймын.   Жастар соларға  қарап  бет түзейді, үлгі алады. Сол сандағы    азғана азаматтардың бірі ретінде  Сізді,  біздер жастар  қадір тұтып, қастерлейміз. Оған арқау болатын  Сіздің айшықты атқарған  игілікті  шараларыңыз бен  өршілдігіңіз,  жігіттік мәрттігіңіз, нартәукелшілдігіңіз  даусыз дәлел бола алады. Ең басты  құндылығыңыз – ұлтқа адал қызмет   істеп келе  жатқаныңыз  деп айта аламын. Аға, бүгінгі   сұхбатымның негізгі тақырыбы да   адалдық, әділдік   ұстанымдары туралы  болайын деп тұр.

Біздер жастар, Сізді айтқан уәдесін  қайтсе де  орындайтын, сөзімен ісі бір,  ұлтқа ерекше жанашыр және тың ойлар мен  өткір пікірі бар   тұлға-азамат  ретінде   бағалаймыз.   Ашығын айтсам мерзімді басылымдардан,  әлеуметтік желілерден Сіздің  ұлтымыздың  болашағына, ел мүдесіне  арналған   батыл түрде ашық   айтқан  ерекше  ойларыңыз бен  өткір пікірлеріңізді   іздеймін.  Тапқан бойда  құшырланып оқимын. Басқаларға интернет арқылы салып жіберемін, олармен бірігіп  талқылаймыз. Сіздің жазғандарыңыз,  сұхбаттарыңыз    әрқашан  қызу пікір- талас  туғызады. Бір сөзбен тұжырымдасам, Сіздің тұла бойыңызда    ұлтқа аса қажет ұлағаттық   ұғымы бар. Сондықтан да осы сұхбатты алып тұрмын.        Алдымен,  кіндік қаныңыз тамып, туып-өскен өлкеңіз туралы айтып берсеңіз?

Сәдібек Түгел:  Дұрыс айтасыз алдымен оқырмандарымды  өмірбаяныммен  және  туып-өскен ауылыммен  оның ғажайып табиғатымен таныстыра кетуді  жөн  көріп тұрмын.  Басы ашық  мәселе менің кіндік қаным тамған жер, бар қазақтың  ырысы  мен берекесі саналатын  Өр Алтай, Асқар Алтай, асау Ертіс, Ерке Ертіс  өңірі екені   барша  елге  аян.  Ұлы Отан соғысының  жеңіспен  аяқталғанының  10 жылдығын 1955 жылы  бүкіл халық болып атап  өтуге  арналған дайындықтың қызған шағында қарапайым еңбек адамдары «Қызыл Ту» колхозының жылқышылар бригадасының бригадирі  Түгел Құмарұлы  мен  колхоз жұмысшысы Мәрия Түгел келінінің шаңырағында  мен   7-ші  бала болып  мынау жарық дүниеге келдім.  Шынында жер шарын да өмір сүріп жатқан әрбір адам үшін  кіндік қаны тамған, құлдыраңдаған құлындай  құрбыларымен асыр салып ойнап-өскен жерінен артық жұмақ жер барма шіркін  бұл дүниеде?! Мұндайда дана халқымыз : «Туған жердей – жер болмас, туған елдей-ел болмас» – деп дәл тауып айтқан ғой. Сонау ғасырлардағы ержүрек ата-бабаларымыздың  бойларындағы   жандарын қиып, қасық қандары қалғанша  арпалысып-соғысып жүріп,  болашақ ұрпақтарына аманат ретінде  қалдырған Ұлан ауданының топырағы мен   Сәдібек Түгел   үшін, кір жуып, кіндік қаным  тамған, ат жалын тартып мініп, ер жетіп есейген, кейін үйленіп, отау құрып, балалы –шағалы болған және туған отанымызға адал қызмет атқарған киелі де қасиетті мекенім  болып саналады.  Ұлан ауданы  Өр Алтайдың, Асқар Алтайдың құт қонып, бақ дарыған аудандарының бірі де бірегейі десем артық айтпаған болар едім. Өйткені оның  жерінің асты да алтын, үсті де алтын аймақ. Табиғаты қандай ғажайып  десеңізші?! Сібенің бес көлі  Аллатағалының  бізге  берген   керемет сыйы емеспе?! Ондай тостағандай, суы мөлдір көлдер әлемде сирек кездеседі. «Айыртау» мен «Шыбындыкөлдер», «Сандықтау»  жайлауы, шыңдары биік  Көктау, Қалбатаулар, «Сібе», «Ұлан», «Ұранхай» өзендері, «Шешекті» мен «Атығай» асулары ауданымызға көрік беріп тұрған жерлер. Қазақстандағы суы балдай, тау бұлақтары ең көп  өлке де Ұлан ауданы. Жалпы Ұлан ауданы  жылдың  төрт мезгілі толық сақталатын:  берекелі күзі,   әдемі қысы,  көктеген-көктемі, жайнаған –жазы бар аймақ. Қойнауы кенге, өрісі малға толған өлке де Ұлан жері. Дүниежүзіндегі ең  қымбат, ең бағалы  металл  саналатын «Танталда» біздің жерден  табылған. «Ақбауырға» байланысты ғалымдар  Ұлан ауданын жер кіндігі деп атауда.  Ұлан ауданы  жүрек жұтқан батырлар отаны болып есептеледі. Біздің ауданнан  бес  Совет Одағының Батырлары , бір Халық Қаһарманы  туып-өскен. Олар:Ізғұтты Айтықов, Төлген Тоқтаров, Серікқазы Бекбосынов,  Иван Варепа,  Хамза Мұхамадиев  және партизан Қасым Қайсенов. Күй атасы-Құрманғазы,  ал күй патшасы-Кет-Бұқа  бабамыз. Шыңғыс ханнан кейін  екінші тұлға болып саналатын Кет-Бұқа атамыз Ұлан топырағының тумасы. Оған  қарт тарих куә. Алаш қозғалысының негізін қалаушылардың бірі де бірегейі  Райымжан Мәрсеков есімі   барлық елге аян.Айта берсем, бізде  таусылмайтын тарих бар. Өз заманында Жәйілмістің ұлдары Сатый мен Сатыбалды бес қаруын сайлаған батыр, тереңнен сөз қазып, тіл безеген шешен, топ бастаған көсем болыпты. Егескен тұстағы ерліктері аңызға айналып, қиуадан шауып, қисынын тауып айтқан өнегелі сөздері ұрпақтан-ұрпаққа ауысыпты. «Туыс-жақындарымның айтуынша, мен жарық дүние есігін ашар күннің алдында көрші әйел босанып, үш қыз туыпты. Ең қызығы, Нағыш  тәтеміз үш күн қатарынан  толғатып,  босанған.  Дүниеге  үш  егіз  қыз әкелген. Нәрестелердің біреуі – 20, екіншісі – 21, үшіншісі – 22 күні туған. Ауылда үш күн бойы шілдехана тойы өтеді. Енді болды ма дегенде, төртінші күні 1955 жылдың 23-ақпанында мен туыппын. Сонда біздің Сатый ауылы атқа мінер ұл келді  деп  қуанып , бір жұма тойлаған екен. Мұндайда қазақ: «Тойдан құдай  айырмасын», – дейді.

Тілші: Әке-шешеңіз туралы, олардың   ұлағатты тәрбиелері туралы да  айтып берсеңіз?…

Сәдібек Түгел: Жалпы, өмірімде әкем Түгел Құмарұлының  орны ерекше.  Күні бүгінге дейін бірталай жауапты қызметтердің тізгінін ұстап,  қайтсем елге пайдамды тигізсем деп жар құлағым жастыққа тимей жүрсе, ол ең алдымен менің санама әкемнің сіңірген асыл қасиеттерінің арқасы деп білемін.

Қасиет, демекші әкеміздің сонау жылдардағы мына бір елден ерекше өсиеті күні бүгінге дейін жадымда жаңғырады. Бұл да әкелік асыл қасиеттің нышаны шығар деп білемін. Біз бір үйде сегіз баламыз. Ата-атанамыз үш ұл, бес қыз сүйген. Мен ұлдың кенжесімін. Сол уақыттарда менің он екі, он үштердегі ағаларымның  менен гөрі едәуір естияр болып қалған кезі. Біркүні әкеміз үшеуімізді қарсы алдына жүгінтіп қойып, салмақты бір сөз бастады. Қолында сабы бедерлі, әсем  де суық үш бірдей қанжар-пышақ.

– Мына қанжарларды сендер  үшін арнайы ұстаға барып, соқтырып алдым, – деді әкем ойлы жанарын біздерге қадай отырып. – Менің ойымша, үшеуің де жігіт болдыңдар. Қазақ он үште отау иесі дейді. Сендер ертең-ақ азамат болып ержетесіңдер. Сондықтан өздеріңе  ғана айтар аманат-тілегім бар. Совет балам, міне, сенің қанжарың. Алдыңдағы әпкең Шәрбануды, қарындастарың үлкен Шолпан мен кіші Шолпанды қорғап жүру – сенің міндетің. Мына қанжарды Мәмбетке қарындасы Розаның ешкімнен қаймықпай жүруі үшін беремін. Міне – Сәдібектің қанжары. Сен қарындасың Салтанатқа қорған болуың керек. Менің қыздарымның ешкімнен жасқанбай, ешкімнің басынуын көрмей өсуі осы үшеуіңе байланысты. Бұл менің ойдан шығарғаным емес, атадан балаға мирас дәстүр. Жігіт адам ешқашан намысын қолдан бермеуге тиіс. Қазақ бес дүниені қатты қастерлеген, құрмет тұтқан.

Біріншісі: Жерді қорғаған;

Екіншісі: Әруақтарды сыйлаған;

Үшіншісі: Қыздарды еркелеткен;

Төртіншісі: Үлкенді құрметтеген;

Бесіншісі: Қазанатты қастерлеген. Әкемнің осы бір сөзі менің санамда сақталған, өсиеттері кедергісі мен қиын-қыстауы көп өмірде тура жолды адастырмай табатын компас іспетті болып кетті. Тағы бір ұлағатты оқиға.

Әкем ұлттық дәстүрді, мұсылмандық салттарды қастерлеген, қатаң сақтаған кісі. Мен үшке толғанда сүндетке отырғызуға дайындалады. Сосын сүндет тойымды өткізуге даярлық жұмыстарын бастап кетеді. Ол кездегі жағдай белгілі. Ұстайтындары – бір сиыр, бұзау, торпақ. «Ұлымнан аяйтын ештеңем жоқ», –  деп торпағын сүндет тойға соймақшы болады.

Бір күні үйге сау етіп, көмекшілерін ертіп колхоз төрағасы Мұқаш Сапарғалиев аға келеді. Амандық-саулық сұрағаннан кейін, әкемнің тойға не соятындығын сұрайды. Әкем, кішігірім торпақты соятындығын айтады. Өз кезегінде, колхоз төрағасы тойды естіп, арнайы келгенін, жаз жайлауда табында жүрген үлкен өгіздің аяғын шұңқырға тығып, сындырып алғанын тілге тиек етеді. «Егер келіссең, сол малды ал, орнына торпағыңды өткіз», – деген ұсыныс білдіреді. Әкем келіседі.

Атын арбасына жегіп, шешем Мәрия екеуі өгізді алуға барады. Сиыршы үшеуі қосылып малды орнынан қозғай алмайды. Сосын әкем ауылға қайта келіп, қос ат жегілген пірішке арбамен, қасына 5-6 жігітті ертіп қайта келеді.

Барлығы жабылып жүріп, әрең дегенде өгізді көтеріп арбаға салады. Жаңағы өгіздің ірілігі мен салмағының ауырлығы сондай пірішкенің ағаштары шыдамай күрт-күрт сынады. Енді, сол жерде союдан басқа амал қалмайды. Сойған кезде өгіздің семіздігі сондай, ақ-май болып ақтарылады. Оны көрген жаңағы колхоз төрағасы Мұқаш Сапарғалиев: – «Баланың жолы ақ, ашық болады екен. Бағы жанып, жұлдызы жарқырайды екен», – деп,  ақ батасын береді.

Бала шағымда болған тағы бір қызықты оқиға есіме түсіп отыр. 1967 жылы Октябрь революциясының 50 жылдығы кеңінен аталып өтілген кез. Мен – ол кезде алтыншы сыныптың оқушысымын. Совет үкіметі туралы ашық сабақтар жиі-жиі өткізіліп тұратын.

Сондай бір сабақтың бірінде: «Осы біздер неге кеңес үкіметінен бөлініп, дербес мемлекет құра алмаймыз?» деген өткір сұрақ қойған болатынмын. Сол үшін мұғалімдерден сөгіс алғаным да әлі есімде. Осындай қызықты оқиғалар санада мәңгі жаңғырып тұрады. Қалай ұмытарсың? Ұмытылмас бақытты балалық шақтан сыр шертеді осы сәттер.

Тілші:  қай мектептерде  оқып білім алдыңыз?

Сәдібек Түгел: 1962 – 1966 жылдары  Шығыс Қазақстан облысының  Ұлан ауданының  Сатый ауылындағы  «Аманкелді» бастауыш, 1966-1970 жылдары  «Точка селосындағы «Аманкелді» сегіз жылдық, 1970-1972  жылдары  Шымқора ауылындағы Жамбыл орта мектебінде оқыдым.

Ал 1973-1975 жылдар аралығында Алмания топырағында Отан алдындағы әскери борышымды абыроймен атқарып шықтым.

Тілші: – Жоғарғы білім алған оқу орныңыз,  мамандығыңыз туралы білгіміз келеді.

Сәдібек Түгел: 1980 жылы Әль-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік  Университетінің журналистика факультетін тәмамдап,  журналист мамандығын алдым. Ал, 1990 жылы Алматы    басқару  институтын бітіріп,  саясаттанушы және социолог деген мамандыққа ие болдым.

Тілші: – Сәдібек аға,  пресс-релизде  «небір қиындықтарға» төтеп беріп  келеді деп айтылған. Соны түсіндіріп өтсеңіз дұрыс болар еді?

Сәдібек Түгел:  Мемлекетіміз  үшін  ең маңызды міндеттердің бірі – азаматтық қоғам құру болып  саналады.  Азаматтық қоғам қалыптасқан   тұста  Сіз айтқан  әділеттілік, тазалық үстем құрады.  Мен   көп жылдар бойы   қоғамдық бірлестіктер ашып соның       жұмыстармен  белсене  шұғылданып келемін.   Солай жұмыс істеу маған ұнайды. Халықтың ішінде  жүреміз. Ол дегеніңіз үлкен жауапкершілік жүктейді.  Өйткені   ақшасыз жұмыс істеу   оңай шаруа емес. Оған  көпшіліктің дәті  бармайды.  Мен  20 жылдан асты  қоғамдық негізде, мемлекеттен бір тиын алмай   Ұлттық ат спорты  Федерациясының   жұмысын  жүргізіп келемін.   Бізді  достарымыз  жалақы алмайтын «жалаңтөстер» деп айтады. Менімше    «небір қиындықтарға» дегенде соны меңзеп отыр деп  топшылаймын.

Тілші: – Жаңа елордамыз – Астанаға келуіңіз, атқарған  жұмыстарыңыз, алған әсерлеріңіз  туралы айтсаңыз?

Сәдібек Түгел:- Оқырмандарға ағымнан жарылып, турасын айтайын: мен, Қазақстан Республикасының тұңғыш  Президенті-Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Өзі таңдап, Өзі негізін салып, Өзі  іргетасын қалаған жаңа Елордамыз –  Астана қаласын жанымдай жақсы көремін. Оған төрт  себеп бар. Біріншісі: жиырмасыншы ғасыр мен жиырма  бірінші ғасыр тоғысында, туған  еліміздің абыройын асқақтатқан, ұлт өмірінде  өте сирек кездесетін тарихи оқиға  орын алды. Ол- қазақтың кең жазира  даласы сарыарқаның  нақ төсінде теңдесі жоқ , таңғажайып  жаңа шаһар –Астана қаласының салынуы. Бүгін Астананы бүкіл әлем танып, мойындады.Астана –дүниежүзіндегі  ең сәулетті  қалалардың біріне,  қазақтардың  басты  мақтанышына  айналды. Ол- ең алдымен  Елбасымыздың ерлігі әрі көрегендігі. Ұлы жүректің – туған Отаным деген соғуынан болған дара бастамасы және  мәні де маңызы ерекше  әлемдік  Жобасы.  Астана мені баурап алды.

Екінші себеп:   осы  шаһарда менің де бағым жанып , жұлдызым жарқырады. Тағдырдың қалауымен  маған жаңа Астананың тұңғыш  баспасөз хатшысы болу  бақыты  бұйырды. Бес жарым жыл  қайнаған қазанның, тарихи оқиғалардың эпицентрінде жүрдім. Керемет жобалардың жүзеге асуының басы-қасында болып, қаланың жетістектері мен жеңістеріне тірідей  куә болған жанмын. Қолымда сол кездің тыныс-тіршілігінен, тәй-тәй басқан  елорданың дамуынан   барынша  мол мағлұмат беретін архив құжаттары сақталған. Сөзімді түйіндеп айтсам, бірінші күннен бастап  17 жылдың  ішінде әсем қала, ертегі шаһар Астанамен біте қайнасып кеткем.Осында ұлымызды үйлендіріп, қызымызды тұрмысқа ұзаттық. Қазір жұбайым Қайкен екеуіміз олардан 5 немере сүйіп отырмыз. Немерелерімнің алды мектепте оқиды.

Үшінші себеп: Астана  маған әдебиет кеңістігіне жол ашты, қаламгер болып қалыптасуыма ықпал етіп отыр. Қолым қалт етсе , қаламымды алып  Астанаға арналған шығармалар жазамын. Мен жазып жарыққа шығарған «Көк күмезді-Астана», «Астана-город солнечной мечты», «Астана- жерұйғы елімнің», «Астана-триумф страны», «Астана-ел жүрегі», «Астана –сердце страны»,  «Алғашқы астаналықтар», «Первопроходцы Астаны», «Астана баспасөзінің шежіресі», «Летопись столичной прессы», «Астана хикаялары» атты кітаптарым мен «Тұңғыш» атты спектаклім  елорданың  бірінші күндерінен,  17 жылдық тарихынан сыр шертеді.Олар оқырмандар тарапынан өз бағасын алған  еңбектер. Қазір «Астана хикаялары» атты әңгіме –кітапты жазу үстіндемін. Одан үзінділер журналдарда басылды.Осы кітаптардың ішінде шоқтығы биіктігі «Алғашқы астаналықтар» энцикопедиялық жинағы. Оған  Елбасы Н.. Ә. Назарбаев бастаған 186 алғашқы астаналықтардың  анкеталары мен естеліктері басылды. Бұл жоба төңірегінде біз 500 ден аса адамдардың анкетелерын жинап отырмыз. Ол  материалдар    әлі екі кітапқа жетеді деп отырмын.

Төртінші себеп: cенімді әріптестеріммен бірігіп  Астана қаласының және еліміздің ақпарат кеңістігінде  өз орыны бар «ТҮГЕЛ МЕДИА» атты   қуатты ақпараттық серіктестік  ашып, оның жұмысын  үзбей жүргізіп келеміз. Ұйымның  ұраны: «Біз журналистер, біз біргеміз!», «Мы журналисты-мы вместе!» деп аталады. Бірлестік мына журналдарды шығарады:

«Қазанат»

«Құлыным»

«Біз, Астаналықтар!»

«Ұлы дала қырандары»

«Керемет той»

«Журналистер әлемі»

«Ұлттық спорт»

Жалпы алғанда  бірлестіктің құрамында 15 БАҚ-тар  бар. Біз бұл межеде әсте  тоқтап қалмайтынымыз анық. Бұл тұста айтайын дегенім осы журналдар, баспасөз клубтары, газет-сайттар ел егемендігімен Астанаға адал  қызмет істейді және істей береді.

Тілші:  Сіз ұйымдастырған журналист-қаламгерлерді еске алу кеші жалпы журналистика тарихындағы бұрын-соңды болмаған жаңа үрдіс. Сол туралы   таратып айтып берсеңіз….

Сәдібек Түгел: Ия, біздің қозғалыс тағы бір ұлағатты шараны жүзеге асырды. Оны мен айтып өтуім керек. Ол – «Олардың есімдері жүрегімізде» – атты өмірден өткен дарынды елордалық қаламгер журналистерді еске алуға арналған мәні де маңызы зор керемет кеш. Бірінші кеш 2012 жылдың 4 мамырында Астана қаласында өтті.Онда Ақселеу Сейдімбек, Дүкеш Байымбетов, Жұматай Сабыржанұлы, Владимир Коченов, Талғат Ілімжан, Владимир Бойко, Жомарт Әбдіхалықов, Рафаель Жұмабаев, Олег Квятковский, Октябрь Әлібеков, Мадрид Рысбеков, Шакизада Куттыаяков, Алмас Жолтаев, Біржан Белқара бастаған 14 әріптес-журналистерді еске алдық.

2013 жылдың 12 желтоқсаны күні журналист қаламгерлерге арналған екінші кеш елорданың «Жастар» мәдениет сарайында жоғары деңгейде өткізілді. Онда елордамыздың дамуына және журналистикаға зор үлес қосқан әріптестеріміз Әскен Нәбиев, Бақтыбай Шаһанов, Владимир Гундарев, Ербол Шаймерденов, Дукенбай Досжанов, Сабыржан Шүкіров, Марфуға Бектемирова, Андрей Тришечкин ,Наталья Хабарова, Иван Балучевский туралы бейне сюжеттер көрсетіліп, әсерлі естеліктер айтылды, ұлағатты концерт қойылды.Үлкен тебіреніспен өткен шарада көзіне жас алып, көңілі толқымаған жан болмады.

 

Тілші: Бүкіл елге мәлім, ел егемендігін алған тұста «Қайдасың, қазағымның Қазанаты?!»- деп,  ең алғаш қазанат тақырыбын  қозғаған Сіз  болатынсыз? Оған қандай дау болуы керек?! Шырылдап жүріп  қоғамда «Қазанат» ұғымын қалыптастыра алдыңыз.  Ол  Сізге оңайға түскен жоқ.  Қазанат  тақырыбына  байланысты  сіздің адресіңізге  сан-алуан пікірлер айтылды. Бұл «миф» немесе   «өзі қазанат деген сөз қайдан  шықты, Сәдібек  оны қайдан алды» – деп езеуреп, байбалам салушылар кездесті.   Олардың арасында, өкінішке орай білімі таяз, қазақтың тарихынан мақұрым  ғалымдарда болды.  Мен оған куәмін.   Сіздің алдыңызда,  сол кезде үлкен жауапты міндет тұрды.  Көреалмаушылықпен сыни да сынай қарағандарға тойтарыс беру және   «Қазанат» ұғымын дәлелдеп  шығуыңыз аса  қажет еді. Көп ізденіс пен зерттеудің нәтижесінде  Сіз   жеңіске қол жеткізіп, биіктен көріне білдіңіңіз,  бір сөзбен түйіндегенде  аламан  додада  топты жардыңыз!  Сол туралы өз ауызыңыздан естігеніміз дұрыс болар еді…..

Сәдібек Түгел: Мен, «Қазанат» сөзін ең алғаш  әкем Түгелден   бес  жасымда  1960 жылы естідім.

-«Жігіттер, мынау ұлан ғайыр Ұлы Даланы Алтайдан-Атырауға, Ұлытаудан-Алатауға дейін   ұшы қиырсыз созылып жатқан кеңістіктікті  ата –бабаларымыз жаяу  жүріп, шоқпарды белдеріне қыстырып жүріп қорғады ма?  Олай ойласаңдар мүлдем  қателесіздер. Біздің батырлар жерді, елді, туған Отанды аттардың  үстінде жүріп қорғады. Аттар болғанда жауынгер  қазанаттардың үстінде жүріп, күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей,  бойларындағы жандарын берсе де, ұлтарақтай жерлерін  бермей қорғады емес пе?!   Сондықтан  да біздер,  қазақтар қазанаттарға қарыздармыз.  Қазанатарды қазаққа қайтарып,  оларды түлетуіміз  керек» –  деп марқұм әкеміз  қазанаттарды  өте жоғары бағалап, өсиет сөз қалдырған. Ал,  біз  әкенің сол  өсиетін  орындап,  ел игілігіне  жарата білдік.

2004 жылы  «Фолиант» баспаханасынан  басылып  жарыққа шыққан  «Қайдасың қазағымның Қазанаты?!» – деген кітабымда – «Мен қазағымның қазанатын іздеп жүрген жанмын! Қазанат халқымыздың қанаты, қорғаны, айбыны болғаны рас. Қазанаты болғанда халық қор болмаған! Әйгілі философ жазушы ағамыз Асқар Сүлейменов: «Осы басқалар қайдан жаралсын, мейлі маймылдан болсын, шатағым жоқ. Дәл біздің қазақ жылқыдан, тұлпардан туған!. Жазушы сөзінің жаны бар. Қазақ – жылқы мінезді, рухы биік, Ер халық! Қазанат – қазақтың сахарасы, Ұлы даласының екінші есімі. Осыншама кең даланы меңгеру үшін, осыншама шалғайлықты қаусыру үшін тек қазанаттың ғана жалы мен белі, тұяғының желі керек болды. Бұл сөзіме тарих – куә» – деп жаздым.

Менің зерттеуімде,  қазанат – алыс жорықтарға мінетін  жауынгер жылқылар, азынаған айғырлар!

Қазанат туралы  1885 жылы   білікті орыс зерттеушісі, жылқы тарихының білгірі В.Фирсов  былай деп жазды: «Қазақтар қазанатты барлығынан жоғары қояды. Қазанаттың жақсы қасиеттерін бағалайтыны соншалық айғырын сұрамайды да. Себебі қазақ биесінің тұқымы тұрақты басқалармен қосылғанда, тек солардың жақсы қасиеттерін алады. Өзінікін де жоғалтпайды. Сондықтан да жергілікті халық қазанаттарға жоғары сеніммен қарайды».  2006 жылы  парасатты азамат  Кенес Рақышевпен  бірге  жазып «Таймас»  баспа үйінен  үш тілде  жарыққа шыққан «Қазанат»  кітап-энциклопедиясы ТМД елдері арасында  Москва қаласында өткізілген  «Кітап өнері» – атты   беделді халықаралық байқаудың  жеңімпазы болып танылды.  Елімізге үлкен абырой әкелді.  Сонда, беделді халықаралық  байқаудың қорытындысына арналған  конференция мінбесінен  танымал ежелгі түркі  мәдениетінің зертеушісі, этнограф, әзербайжандық ғалым ағамыз  Шыңғыс Әли ұлы былай деген еді: -«Осы  кітапты шығару арқылы қазақтар  ерледі.  Мен олардың еңбектеріне  тәнтімін.   Қазанат  ұғымы  бүкіл түркі жұртына  ортақ. Ол- жеңіс жылқысы, жауынгер жылқы дегенді білдіреді. Орысшылағанда «Победоносный  конь. Конь-рыцарь деп аталады. Қазанат кітабының  түркі тарихымен  табиғаттың адамзатқа ғажайып сыйлығы жылқы әлемін  зерттеу де алатын орны ерекше». Сол жолы  түркі дүниесінің білімді де білгірі Шыңғыс аға іштері тар,оқығандары таяз, біздің кейбір ғалымсымақтарға  ойсырата  жауап берді: «Кімдер олар  қазанат сөзін – котелға аударып, есі кетіп, адасып  жүргендер. Олар ғалымдар емес – шалажансарлар. Дипломдарын  қоқыс салатынға тастасын. Қазанатқа тіл тигізбесін. Қазанат білген және түсінген  жанға ең  қастерлі, ең  қажетті ұғым болып  табылады».  Бұдан артық  қазанатқа қандай баға беруге болады?!  Ия   қазанат – қазақ батырларының   жауынгерлік аты.   Тарихтан  қозғағанда Қазанаттың дене бітімі басқалардан ірі,  шоқтығы биік, омыраулы,  кең кеуделі, алыс мініске   өте берік,  шабысқа жүйрік, додада ешкімге дес бермейтін нағыз   ер аты болып саналған. Бұдан шығатын қорытынды: заманында   бар қазақтың  қазынасы мен ырысы, берекесі мен  айбыны және   батырларымыздың  қолқанаты мен сенімді серігі  атанған, әртүрлі жағдайлармен кейінгі  ғасырларды  ұмтыла, жоғала бастаған  ҚАЗАНАТТАРЫМЫЗДЫ  қайта түлетіп- табуда, қайтаруда, оған оңды көзқарас  жасауда   бір өзімізге  бір институт атқаратын жұмысты  істеуге тура келді. Айта кету керек,  «Қазанат» кітабы   еліміз бойынша 2006 жылдың ең үздік басылымы ретінде тарихта қалды. Бұған қалай қуанбайсың! Қалай мақтанбайсың! Реті келген сәтте   тағы бір  жақсылықты айта кетуді  жөн санап тұрмын. «Жақсының  жақсылығын айт нұры –тасысын демей ме!» біздің қазақ. 2004 жылдың 15 қарашасы күні   жаңа елордамыз-Астана қаласының Қалибек Қуанышбаев атындағы драма театрында    менің    «Көк күмбезді – Астана» – «Астана – город солнечной мечты»  және  «Қайдасың, қазағымның Қазанаты?!» – «Джигиты и аргымаки  Казахстана» атты  қазақ және орыс тілдерінде шыққан қос кітабымның  тұсаукесері  өткізілді. Ол жиынға  мемлекет қайраткерлері,  ғалымдар, тарихшылар,   жазушылар, журналистер, кітап оқырмандары қатысты.Тұсаукесер   бұқаралық ақпаратта   кең насихатталды. Соның нәтижесі де болар  ертеңінде  Кеңес Рақышев  өзі  саған телефон шалып, кітапқа байланысты кездесуді қалады. «Аға, сіздің  «Қайдасың, қазағымның қазанаты?!»- «Джигиты и аргымаки  Казахстана» деп аталатын шығармаңызды оқып шықтым. Маған ұнады. Жаза алады екенсіз. Бұл орайда менің нақты  ұсынысым бар. Осы тақырыпты одан әрі  жалғастыру  қажет сияқты. Ашығын айту керек жылқы туралы көп айтамыз, бірақ бізде бұл бағытта  әдебиеттер өте аз. Тіпті жоқтың қасы деуге болады. Жылқы әлеміне  арналған   толыққанды, үлкен  энциклопедия-кітап  шағарсақ деп ойлаймын. Соны  Сіз жазсаңыз дұрыс болар еді. Осы тақырыпта  жазу  Сіздің қолыңыздан келеді екен» деп тілегін білдірді. -«Кеңес бауырым,  мен   жазуға дайынмын.  Біріншіден,  бұған көп ізденіп, көп еңбектену қажет.  Оны  мен өз мойныма аламын.  Екіншіден, баспаханадан басып  шығару үшін қаражат керек дегеніңе, Кеңес, басылым шығынын мен көтеремін деп нық жауап қатты».  Кеңес Рақышев сөзінде тұратын азамат екен. Айтқан уәдесін толығымен орындап шықты.  Қазір бестселлерге айналған  «Қазанат» кітап –энциклопедиясы осылай   өмірге келді.

Тілші: Ұлы Даламыздың Даңқты тұлпары, небір атақты ақын-жыраулардың  жыр-дастандарына арқау болған Құлагерге ескерткіш   тұрғызуыңыз ұлт руханиятындағы  Ұлы  оқиға болды. Басыңызды бәйгеге тігіп,  дүние-мүлкіңізді ломбардқа  өткізіп, нартәуекелге салдыңыз. Сонымен, ломбардқа жүгінуіңізге кім Сізді мәжбүрледі?! Осындай  фанатизм неге керек? Оқырмандарға түсінікті болу үшін толығырақ айтып берсеңіз…

Сәдібек Түгел:– Жағдай мәжбүрледі. Жігіттермен алдын ала кеңескесін, олардың уәделеріне орай бұл жұмысты 2008 жылдың соңғы айларында бастап кеттім. Идея мақұлданды, жоспар жасалынды, ондаған эскиздің нұсқалары істелінді, оған танымал азаматтар қатысты. Белгілі архитектор Сұлтан Ильяев жасаған вариантты ҚР ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед басқарған мемлекеттік комиссия 2009жылдың қаңтар айында бекітті. Бірнеше дөңгелек үстел басындағы бас қосулар, жиналыстар, экспедициялар өткізілді. Оған еліміздің жақсылары мен жайсаңдары қатысты. Алдымен әрбір құрылыс нысандарына тән геодезия, жобалау, жер мәселелері қаралып, шешілді. Не керек, Бішкекте қырғыз елінің атақты сәулетшісі, профессор Болатбек Садықовтың шеберханасында Құлагердің мүсінін жасаудамыз, оған үш елдің шеберлері қатысуда, қазақстанда құрылысшылар ескерткіштің фундаментіне бетон құюда және тағы басқа үлкенді-кішілі қаражат тілейтін жұмыстар жүргізілуде. Күнтүзбеге сәйкес,оларды қаржыландыру керек. Ақша жоқ. Біз, әлемдік қаражат дағдарысына тап болдық. Уәделерін үйіп-төгіп берген жігіттер, дағдарыстың салдарынан суы тартылған өзендердегі балықтардай қарбалаңдап қалды. Енді қайттік. Дағдарысты тоссақ, ескерткіш салынбайды. Сондықтан, маған  жігіттік  нартәуекелге баруға тура келді. Соның арқасында , Құлагер ескерткіші   межеленген мерзімінде  салынып, мен ел алдындағы уәдемді орындап шықтым.

Тілші: Сәдібек аға, Сіз  ұлттық  ат спорты Федерациясының  негізін қалаушы,  ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының өмірге келуіне ұйытқы болған азаматтардың бірісіз?  Ұлттық спорт тура­лы молынан айтып беруіңізді қалап отырмын?

Сәдібек Түгел: – Қазақ ұлтының ұлылығын, қазақ халқының даналығын, қазақ елінің елдігін әлемге паш ететін мәдениеті мен салт-дәстүрі болса, соның ең басты­сы ұлттық спорт түрлері, ұлттық спорт ойындары болып табылады деп есептейміз. Ұлттық спорттың мың жылдан бері көп тарихы бар.

Аламан бәйге, тоқ бәйге, жорға жарыс, құнан бәйге, көкпар, қыз қуу, ат үстіндегі сайыс (аударыспақ ойыны), теңге алу, жам­бы ату, қамшыгерлік, саясаткерлік, түйе жарыс – жел­мая, қазақша күрес, жекпе-жек, тоғызқұмалақ және тағы басқа спорт түрлері сонау ықылым заманнан бері туған халқымызбен бірге жасап, ұлы ақынымыз Жұбан Молдағалиев айтқандай «Мың өліп, мың тіріліп» келеді.

Түйіндеп айтсақ, Ұлттық спорт – Ұлы дала мәдениетінің темірқазығы. Ал, мәдениет – ұлт рухы, болмысы!

Ұлттық спортымыз – екі мыңжылдық тарихында, менің зерттеуімде 4 кезеңді бастан кешіріп отыр.

1-кезең: Дәуіріміздің 6-ғасырынан – 18 ғасыр аралығын қамтиды. Түрік қағанаты, Дешті Қыпшақ, Алтын орда, Қазақ хандығының даму тұсы 13 ғасырға созылған көшпенділер спортының қалыптасу кезеңі.

2-кезең: Ресей империясының қарамағында бодан болған тұсымыздағы ұлттық спорт түрлерінің дамуы. Толық 18, 19 ғасырлармен мен 20 ғасырдың басына дейінгі – 217 жыл. Байтал тұрғы бас қайғы заман.

3-кезең: Қазан төңкерісі болған 1917 жылдан – 1991 жылдар Советтер одағы тарағанға дейін – 74 жыл аралығы. Ұлттық спортымыздың – көлеңкедегі шөп сияқты дамуы.

4-кезең: Қазақтың тәуелсіздік алған 1991 жылдың 16 желтоқсаннан бүгінгі күнге дейінгі аралық.

Ұлттық спорттың айының оңынан туып, жұлдызының жарқырай бастауы.

Тілші: Дұрыс айтасыз. «Ат спорты» ойындарының жанданған кезі соңғы жылдары ғана емес пе? Ұлттық ат спорты түрлерінің федерациясы қашан құрылды? Тұңғыш атбегілер . құрылтайы. қашан өткізілді?

Сәдібек Түгел: Жоғарыда айтып өткенімдей ұлттық спор­т Ел тәуелсіздігінің арқасында өткен тоқсаныншы жылдардың басында қолға алына басталды. Оны көтерген Айып Құсайынов, Бошай Кітапбаев, Анатөлі Құлназаров, Сайлау Тұрыскелдин, Бердібек Сапарбаев, Иманғали Тасмағамбетов, Амалбек Тшанов, Серік Үмбетов сын­ды азаматтар. Соның арқасында еліміздің көптеген об­лыстарында ат спорты ойындары жиі өткізіле баста­ды. Сол тұста ұлттық өнерге сусап қалған қауымның тамашалағаны аса бір керемет болатын.

Өз басым сондай ірі жарыстардың бел ортасында жүрдім, бірталайын ұйымдастырдым. Осы мақсатпен 1994 жылы Шығыс Қазақстаннан Алматыға арнайы көшіп келдім. Сол уақыттарда белгілі адамдардың ме­рейтойларын өткізу дәстүрге айналды да, ат ойындары жанданды.

Қайта түлеп жатқан ұлттық ойындардың белгілі жүйесі, бекітілген ережесі болмағандықтан, көптеген олқылықтар кетті. Аударыспақ, көкпар ой­ындары өткізуге қарсылар да табылып, аяқтан шалу­шылар көп болды. Бұлай жүре берсе, ат спорты жа­старды қызықтырудан қала ма деп қорықтық.

Белгілі бір жүйе, ережеге бағынбаған істің кетеуі кететінін түсініп, 1995 жылдың қаңтарында Жастар ісі, туризм және спорт Министріне хат жаздым:

ҚР жастар ісі, туризм және спорт

Министрі Б.С. Әйтімова ханымға

Ұсыныс хат

Құрметті Бірғаным Сарықызы!

Тәуелсіз мемлекет болғанымызға үш жыл то­лып, төртінші жылға аяқ басты. Егемендігімізге сай спорттың олимпиадалық түрлері өсіп-өркендеу кезеңін бастан кешіруде. Үкімет тарапынан қажетті қаражат бөлініп, спорт кешендері көптеп салыну­да. Бұл сөзсіз қуанарлық жағдай.

Өкінішке орай, мың жылдық тарихы бар, халқымызбен бірге жасап келе жатқан төл спортымыз – Ұлттық ат ойындарымыз – Аламан бәйге, тоқ бәйге, құнан жарыс, жорға жарыс, көкпар, теңге алу, қыз қуу, аударыспақ және басқа түрлері көзге ілінбей, ұмыт қалып тұр. Айтайын дегенім, халықта осы спорт түріне деген үлкен құлшыныс бар, бірақ оны қолдайтын спорт басшыларында, әкімдерде құлық жоқ.

Олар ұлттық ойындарымызға үрке қарайды, спорт түрі деп санамайды. Мен оларды мәңгүрттер деп санаймын. Негізгі кемшілік – ережелердің жоқтығы. Сізден сұрарым, біз дайындаған Қазақ Ұлттық ат спортының барлық түрлерінің Ережесін заңды түрде бекітуге және Ұлттық Ат спорты түрлері Федерациясын құруға ат салысуыңыз болып табы­лады.

Құрметпен,

Ұлттық ат спортының

жанашыры, атбегі                                                                                    Сәдібек Түгел

15 қаңтар 1995 жыл.

Алматы қаласы.

Абырой болғанда бұл хат министрліктің сол кездегі бөлім меңгерушісі Елсияр Қанағатовтың қолына тиді. Біздерге сол тұста шын ниетімен көмек жасаған Елсияр бауырға әлі күні алғысымыз шексіз. Мен, жарыққа шыққан екі кітабым да ол туралы жа­зып, рахметімді білдірдім. Әлі де жүрген жерде, га­зет, журналдарда, радио, телевиденияларда айтып келемін.

Өйткені, ол ұмытылмайтын жағдай. Ал, өз кезеңінде Елсияр бауырымыз менің осы ұсыныс – ха­тым туралы жүрекжарды тілегін елге жеткізуде. Ол үшін де оған мың да бір алғыс айтамын. Бұл дегеніңіз оның әділдігін, адалдығын білдіреді. Тілегім,балалары мен немерелерінің қызығын көрсін.

Сонымен, менің хатымның негізінде Қилан Нұртазинов, Кендебай Әбішев сынды бірқатар жігіттер тізе қосып, ақырында ұлттық ойындар Ережелерінің алғашқы нұсқасын жаздық. Сосын ережелер дайын болғанан кейін 1996 жылдың 1 наурызында Алматы қаласында тұңғыш рет қазақ атбегілерінің Құрылтай конференциясы ұйымдастырдық. Бұл күн – Ұлттық ат спорты түрлерінің Федерациясы үшін тарихи дата бо­лып есте қалды.

Тілші: Сәке, менің елден және Елсияр мырзадан естіген Сіздің тарихи хатыңыздың сырына енді қанық болып тұрмын. Өте бағалы ұсыныс. Ал, Ұлттық Ат Спорты федерациясын Алматыдан – Астанаға қалай әкелгеніңіз туралы да білгіміз келеді.

Сәдібек Түгел: Екі ғасырдың тоғысында халқымыздың тари­хында ерекше орын алатын Ұлы оқиға болды. Ол Елордамыздың Алматыдан – Астанаға көшуі еді. Мен сол ұлы көшпен алғашқылардың бірі болып Алматы­дан Астанаға қызмет ауыстырдым. Астана қаласының тұңғыш баспасөз хатшысы болып тағайындалдым.

Осы кезеңде Федерациямыздың жұмысы тоқырап, жетімсіреп қалды. Өйткені, адамдарсыз жұмыс жүре ме? Не істеу керек? Ойланып, ақылдасып федерацияның офисін Алматыдан – Астанаға әкелу керек деп шешім қабылдадым.

Бұл сәтте маған ағалық көмегін беріп, қолдау көрсетіп, қазақтың біртуар аза­маты, тау тұлға Құлназаров Анатөлі Қожыкенұлы. Ол кісіге федерациядағы жағдайды айтып, телефон соқтым. Ағам бірден қолдай кетті. Осы айтқандарымды қағазға түсіріп, маған жібер, мен қолдаймын деді. Мен, мына төмендегі хатты А.Қ. Құлназаровтың атына орыс тілінде жолдадым.

Министру туризма и спорта РК

господину Кулназарову А. К.

Предложение

Уважаемый Анатолий Кажыкенович!

Я, являюсь руководителем пресс-службы города Аста­ны – столицы, выбранной, основанной и строящейся са­мим Президентом страны – Н.А.Назарбаевым. Как вы знаете, с 1980 года я активно участвую в широком разви­тии, систематизации, проведении по специальным прави­лам нашего национального достояния, прекрасных тради­ций – Аламан байге, ток байге, жорга жарыс, сайыс, кыз куу, тенге алу, кокпар.

В связи с этим прошу Вас перевести Центральный штаб Федерации Национальных видов Конного Спорта в столицу – город Астану. В новой столице я провел неко­торые подготовительные работы по этому вопросу. Со­бираю и провожу совещание с неравнодушными к конному спорту людьми. Они поддерживают, мое предложение.

Среди них Кайрат Назарбаев, Кенталь Исламов, Абсамат Байбеков. Я верю, что эти люди в будущем внесут свой вклад в развитие Национальных видов конного спорта и будут верны традициям наших предков. И поэтому-то я позвал их принять активное участие в работе Федерации Национальных видов Конного Спорта.

В связи с этим про­шу Вас направить из Алматы в Астану некоторых членов президиума Федерации. Цель встречи – обсуждение и ут­верждение соревнований по национальным видам Конного Спорта на 1999 год и проведения съезда Федерации, выборы руководящих органов, организация Головного Офиса в городе Астане.

С уважением, атбегы – руководитель

пресс-службы Акима города Астаны                                                 Садыбек Тугел

5 декабря 1998 года.

Город Астана.

Анатөлі ағамыз айтқан сөзінде тұрды. 1999 жылдың ақпан айының ол Алматыдан Елсияр Қанағатов пен Нәбидолла Кикебаевты жіберді. Мен оларды теміржол вокзалынан тосып алдым, орналастырдым. Сосын бәріміз бірігіп, бірлесіп, тізе қосып, ауыз бірлікпен Ұлттық Ат спорты федерациясының съезін 1998 жылдың 7 сәуірі күні өткізіп, әділет министрлігінен тіркеуден өткіздік.

Съезд делегаттары – Қайрат Назарбаевты, федера­ция президенті, мені – бас хатшы, Ерлан Атамкұлов пен Елсияр Қанағатовты вице президент, Нәбидолла Кикебаевты – атқарушы директор, Абай Жүсіповты қаржылық директор ретінде бірауыздан сайлады. Жұмыс жанданды. Жер-жерде федерацияның фили­алдары ашылды.

Федерация туралы жағымды пікірлер қалыптасты. Барлық жарыстар Федерацияның аты­мен, соның ережесімен өткізілді. Ел біздің жұмысымызға оң баға берді. Осылайша, ұлтқа жаны ашитын азаматтардың арқасында біраз шаруаларды атқардық. Алғашында бір ғана Ұлттық Ат Спорты федерациясы болса, қазір бұл үлкен Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығына айналып, ол өз құрамына 27 федерацияны біріктірді.  Біз, ұлттық спорт түрлерімізді дүниежүзіне таныта алдық деп санаймын.  Қазақ құсбегілерінің Ұлыбританияның Лондон қаласында өткен Әлем бүркітшілерінің 1-ші Фестиваліндегі, Қазақ қөкпаршыларының Туркиядағы  тарихи жеңістері соған куә. Сол жарыстарда  мен, Сәдібек Түгел бастаған қазақтар әлемнің 53 мемлекеттерінен озып, үлкен доданың 2 мәрте бас жеңімпазы атанып,  елімізге үлкен абырой әкелді.

Қауымдастықтың қүрамында  облыстық, аудандық филиалдарымыз  бар. Құрылғаннан бері мыңдаған халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық жарыстар өткіздік. Республика бойынша 11 ұлттық спорт мектебі, 17 ат спортының клубтары мен орталықтары, 27 ипподром­дар жұмыс істейді.

23 жылдың ішінде бүкіл Қазақстан бойынша ұлттық спорттың барлық түрлеріне 18475 әртүрлі жарыстар, шаралар, басқосулар өткізілген. Халықаралық «Көкбөрі» Федерациясын құрдық. Ұлттық спортымызды әлемге паш еттік. Бұл – зор жетістік деп ойлаймын. Қауымдастықтың құрамында 1 милли­ондай адамдар бар.

Тілш: Сәке, сенімді достарыңыз бен және ел­мен Ұлттық Ат спорты Федерациясына қатысты қыруар шаруалар тындырыпсыздар. Көп рахмет. Халық айтса қалт айтпайды ғой. Ел сіздердің осы ерен еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Федера­цияны одан кейін Қауымдастықты құруда және оның жұмысын күнделікті жүргізуде кедергілер мен қиыншылықтар да болған шығар. Олай деп отырғаным биылға дейін басқа спорт түрлерімен салыстырғанда, ұлттық спортқа мемлекет тарапы­нан қаржы бөлінбеді емеспе?

Сәдібек Түгел:  Ия, тек соңғы бір-екі жыл көлемінде «Самұрық- Қазына» тарапынан қаржылай көмек көрсетіле бастал­ды. Ол дегеніңіз – жүздеген, мыңдаған бізді қолдаған бауырлардың еңбектерінің ақталғаны ғой деп ой­лаймын. Сіз дұрыс айтасыз біз бұрыннан қоғамдық , патриоттық, фанаттық негізде жұмыс істеп келеміз. Бізді достарымыз «жалаңтөстер» деп атап кеткен. Ол үлкен тарих. Ал кедергілер мен қиыншылықтар өте көп болды. Федерацияны да, Қауымдастықты да жа­былудан, жабудан алып қалғанымыз көпке аян дүние. Оған болашақ өз  бағасын беретін болар.

Тілші: Аға,  осы сіз  сансыз  күшті, қажыр-қайратты қайдан аласыз?! Әлеуметтік желіден мына бір азаматтың Сіз туралы пікірін оқыдым. Ол былай деп жазады: – «Осы кісіге таңым бар. Осының бәріне қалай үлгереді?  Құлагерге  керемет ескерткіш  салған – Сәдібек Түгел!, Бұрқыратып кітап жазып шығаратын – Сәдібек Түгел!, Журналист-қаламгерлерді еске алатын – Сәдібек Түгел!,Ұлттық спортты алсаң – Сәдібек Түгел!, Ат спортында да-Сәдібек Түгел!,  Түркияға көкпарды апаратын – Сәдібек Түгел!, Қазір шығарып жатқан журналдарын айтсаңшы, бірінен-бірі жақсы. Тек тіл-көзден сақтасын дейік!». Шынында осының бәріне қалай үлгересіз?

 

Сәдібек Түгел: Туған отаныңды  шын және шексіз сүйсең  бәріне үлгересің және опырып жұмыс істей аласың. Мен Отанымды  шексіз сүйемін әрі  қастерлеймін.  Сол жолда  барлық білімім мен тәжірибемді, күш-қайратымды аямай жұмсап ,  еңбек ете беремін.  Оны    халқым  жақсы біледі.

Автордан:Осы арада қаламгер Сәдібек  Түгел ағаның  Ростов қаласында ауруханада операциядан соң, жазған  «Отан» атты новелла- әңгімесін ұсынуды жөн көріп тұрмын:

 

«ОТАН»

 

Бүгін  мен  өзіме-өзім таңмын. Бұрын соңды болмаған   алып күш менің   денемді  кернеп алған.   Байқаймын  бойымда тау  көтеріп, тас сындыратын   қайрат  бар. Соның дәлелі,   мен әп-сәттің ішінде  операциядан соң жатқан  ауруханадағы  нөмірі 219 палатының   төбесіне салынған ауыр бетон плиталарды иығыммен итеріп,  екі қолыммен көтеріп  тұрып  ашып,     ғимараттың үстіне жеп-жеңіл секіріп   шықтым.  Сыртта  түн.   Орыстардың «Ростов-папа» дейтін  қаласы  қалың ұйқыда жатыр. Далаға шыққан  бойы,  кеудемді  кере таза  ауаны аямай жұттымда, сансыз жұлдыздар мен арайлы ай мекен еткен   биік  аспан төріне қарай  құлашымды кеңге жайып, бейне бір  алып қырандай ұшып келемін, ұшып келемін.  Сөз жоқ, белгісіз  бір ғажайып   мені алға сүйрейді, сүйемелдейді, қолдайды, қоштайды, шақырады. О тоба, бұл  не екен?!

– Сәдібек, көзіңді аш, біз қасыңда тұрмыз- деген жан-жарым Қайкеннің дауысынан соң наркоздан ояндым.  Палата толы ақ халатты абзал жандар, мені емдеуші  дәрігерлер мен хирургтер.

– Вы в рубашке родились,  операция прошла  удачно. Будете жить- деді, білікті маман, Ресейдің Ростов қаласының атақты хирургі Валерий Викторович.

– Спасибо, брат! Я Вам, чрезмерно благодарен – деп, ақырын  жауап бердім. Есімді тез жидым.

Дәрігерлер кетіп реанимацияда жалғыз қалғанда, жаңағы наркоз  кезінде   болған жағдайлардың  шешімін табуға ой жүгірттім. Шынында бұл , не нәрсе?! Не күш, мені сүйрелеп, ашық аспанға алып шыққан?!

– Таптым, таптым – деп, қуаныштан өзіме-өзім күбірледім.  Ол- жаратушы иеміз, Аллатағаланың нұрына бөленген, ата-бабаларым  қанын, терін төккен, құт қонған құтты мекенім Қазақстаным! Аллатағала сыйлаған жарық дүниедегі ең   қымбатты, ең  қастерлі құндылық-туған Отан! Оған ештеңе жетпейді!  Ештеңе  тең келмейді!  Мені жетелеген де, сүйемелдеген де жаратушының қолдауы мен туған Отанның ыстық ықыласы, аялы алақаны, Ұлы даласы, ұл-қыздары, достарым, балаларыммен немерелерім,  елім-қазағым !

Мен, Сәдібек Түгел атты  қарапайым бір ұлың,  бойымда жаным, жүрегімде от барда Отаныма   адал  қызмет  істеуден  әсте шаршамаймын, жалықпаймын. Тілейтінім  алладан -Отаным сен  аман болшы, сен бар болсаң мен бармын, сен  тұрғанда мен  тірімін!

Сәдібек Түгел. 2012 жылдың  4 сәуірі. Аурухана .  Ресейдің Ростов қаласы».

 

Тілші: «Ұлы Дала Қырандары» қозғалысының   атқарып жатқан жұмыстары туралы   айта кетсеңіз  дұрыс болар еді…

Сәдібек Түгел:   Мен,    жақын досым, ұлт патриоты  Марат Нәбиев пен  бірге 2011 жылдың 12  қазанында  ұраны: «БІРЛІГІ МЫҚТЫ ЕЛ ОЗАДЫ!» -атты, ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын «Ұлы Дала Қырандары» атты республикалық қоғамдық әлеуметтік-мәдени қозғалысын құрдым.  Бұл қозғалыстың да,  негізгі   мақсаты халыққа адал қызмет ету, ұлттық құндылықтарды ұлықтау, Ұлы Дала  мәдениетін жаңғырту және ел бірлігін   нығайту   болып табылады.  Біздің  қырандар көптеген игілікті іс-шараларды жоғары деңгейде өткізіп  халық құрметіне ие болуда.   Олардың ішінде,  «Ұлы Дала Даңқы»-«Музей Славы  Великой Степи» мұражайының алғашқы тасын қалауы,  «Ұлы дала –Ұлттық Рух!», «Бұлақ көрсең көзін аш», «Туған табиғатты аялайық», «Ауыл – алтын бесігіміз» атты    елге қажетті акцияларын өткізулерімізді  жариялап айта аламын.  Сонымен қатар , біз  Қытай елінде тұратын қазақтардың  тұрмыс-тіршілігімен танысу сапарымызды және қазір республика деңгейіндегі  жастарды   биік рухани адамгершілікке,  ізгілікке  инабаттылыққа, арды сақтауға тәрбиелейтін жұмыстарды тиянақты  жүргізулерімізді мақтан тұтамыз. Қуанышпен әрі мақтанышпен айтарымыз қырандар қозғалысы әлемде теңдесі жоқ «Ұлы Дала Даңқы» (Музей Славы Великой Степи) мұражай құрылысын салу туралы жарқын бастама көтеріп, жалпыұлттық Акцияны бастап отыр.  АКЦИЯаясында жүздеген игілікті шаралар өтеді. Акцияның аты: «Ұлы Дала – Ұлттық Рух!» – «Великая Степь – Национальный Дух!» – деп аталады. Өздеріңізге белгілі 2013 жылдың 10 мамыры күні мұражайдың алғашқы тасы қаланды.

 

Тілші: – Қазақстан  Жазушылар Одағының мүшесі Сәдібек Түгел неше кітап жазып, жарыққа шығарды?

Сәдібек Түгел: Жалпы саны  он жеті  кітап шығардым. Оның ішінде   повесте,  әңгімелер жинағы да, деректі-танымдық дүниелерде бар. Мен жазған кітаптар мыналар:

«Көк Күмбезді – Астана» – 2004 ж.

«Астана – Город Солнечной мечты» – 2004 ж.

«Қайдасың, қазағымның Қазанаты?!» – 2004 ж

«Джигиты и аргымаки Казаната» – 2004 ж.

«Қазанат» – 2006 ж.

«Астана – Триумф Независимости страны» – 2007 ж.

«Астана – жерұйығы Елімнің» – 2008 ж.

«Ертуған» – 2008 ж.

«Бүркіт – Ұлы Даланың Символы» – 2008 ж.

«Беркут – Символ Великой степи» – 2008 ж.

«Алғашқы астаналықтар» жинағы-2011 жыл.

«Первопроходцы Астаны» жинағы-2011 жыл.

«Астана хикаялары»-2014 жыл.

«Өсе бер, өрлей бер, Шығысым!». 2015 жыл.

Астана қаласы баспасөзінің шежіресі-2015 жыл.

«Атбегілік-асыл өнер», 2015 жыл.

«Астана-журналистикасының шежіресі», 2015 жыл.

Тілші: – Қызғаншақтық туралы бір басылымда айтқан едіңіз?

Сәдібек Түгел: – Ең алдымен,  қазақ-қазақ болып жаратылғанда  бізде  жәй,  ешбір зиянсыз қызғану үрдістері  болды. Кейін  бұл пәлең  көреалмаушылыққа ауысты. Сосын келе-келе осы  көреалмаушылықтан-күншілдік сұм жыланның ішінен шыққан –сұм жыландай, қазақ қоғамына жазылмайтын дерт, қасірет болып жабысты. Атаңа нәлет осы күншілдік   өткен 20 ғасырда қаншама  ұлтымыздың ардақты арыстарын жұтты, өлтірді,  атқызды, итжеккенге айдады, түрмеде шірітті, сағын сындырды, рухын таптады.  Осы пәледен  қашан құтыламыз  деп жүргенімізде – 21 ғасырдың басынан  бастап  қазақты сатқындық ауруы басып алды. Бұл ауру қазақ қоғамында  қазір мүлдем өршіп тұр. Сатқындық –күншілдіктен    мың есе жаман  ғой.

Тілші: – Сатқындық дегеніміз не? Олардан қалай құтыламыз?

Сәдібек Түгел: – Қазіргі  шенеуніктердің сатқындығы – жемқорлық.  Туған Отанды сату жемқорлықтан басталады. Тендерлерді жеп, екі асап, заңды белінен басып, істі болып жүрген   әр деңгейдегі әкімдер,  министрлер,  олардың орынбасарлары,  генералдар,  шенділер,  шенеуніктер барып тұрған  Отанды сатқандар болып саналады. Оларды  ұстап, топ-тобымен атып-асу керек.  Аяқтарынан іліп, бастарын салбыратып дарға асып  қою керек.  Тек, сонда  ғана әділдік орнайды. Бір-ақ мысал келтірейін.  Украина  мемлекетінің түбіне жеткен Ресей де, Америка да, Еуропалық Одақ та емес. Украиндердің  тоз-тозын шығарған, нокаутқа түсірген, есінен тандырған, берекесін кетірген  осы жемқорлық-коррупция екен. Басы ашық нәрсе жемқорлық бар жерде  дұрыс мемлекет  болмайды. Корризияға ұшыраған темірдей  опырылады. Құдай одан сақтасын дейміз. Сондықтан  бәріміз бірлесіп күресуіміз керек.

Тілші:  – Жастар тәрбиесі, демография, өсіп-өнуіміз туралы не айтасыз?

Сәдібек Түгел:  – Жақсы сұрақ. «Ұлы Дала Қырандары» қозғалысы   қазақ жастарына, балаларына, жасөспірімдерге арналған  «25» – деген  бағдарлама   дайындады.  Бір ғасыр   төрт ширек ғасырдан тұрады. Әр ширек ғасырда 25 жыл бар.  Біздің стратегияның мәні балаларды жасынан  бастап тек отбасы ғана емес, қоғам болып  тәрбиелеуіміз керек. Сонда ұрпақ тәрбиесінде  үлкен нәтиже болады. Бір мысал: қазақтың ұлы ер жетіп  25 жасқа дейін міндетті түрде үйленуі қажет, ал қазақтың қызы болса, бой жетіп, міндетті түрде  25 жасқа дейін  тұрмысқа шығуы тиісті. Бұл жерде баса айтатыным қазақтың қызы тек қазақ жігітіне күйеуге шығуы керек.  Басқаларға рұқсат жоқ. Әр қазақтың жігітімен қазақ қызының үйленуі  бүкіл республиканың қуанышы болуы қажет. Сонда жауапкершілік артады. Ажырасу болмайды. Ал,  жігіт 25-ке  келіп, одан әрі үйленбей жүрсе, қазақтың қызы 25-ке келіп тұрмыс құрмай жүрсе қоғам болып дабыл қағуымыз керек.

Тілші: – Аға, қазіргі таңдағы қазақ қыздарының, жалпы жастар тәрбиесі жайында не айтар едіңіз?

Сәдібек Түгел: – Көп нәрсе айтамын. Көп жағдайлар қынжылтады мені. Әсіресе, ар мәселесі. Оның ішінде қаракөз қыздарымыздың, қандастармыздың тәртібі алаңдатады. Қазақ айтады: «Қызға қырық үйден тыйым».Қазіргі кезде өзекті мәселердің бірі көптеген қазақ бауырларымыздың, қаракөз қыздарымыз бен қазақ әйелдерінің ар-ұятты аяққа таптап, арсыздықтың батпағына батулары. Турасын айтайық ұлтымыздың менталитетіне, болмысына, салт-дәстүріне, діліне, дініне өте жат тұрпайы арсыздықтар үлкен шаһарларымызға баса көктеп кіріп, жастарымызды, қазақстанның болашақтары балаларымызды ар жолдарынан тайдыру үстінде. Ұлт үшін нағыз трагедия осы.

Мысалы: тек Алматы қаласының бір өзінде 20 гей клубтар, 40 тан астап неше түрлі жын-ойнақ мекемелер күндіз-түні жұмыс істейді. Борделге айналған сауна-хауыздарда сан жоқ. Қазақ қыздарының жезөкшелігі ұлтқа қара таңба болды. Күнен –күнге бір жыныстылардың үйленуі көбейіп, қалыпты нәрсеге айналуда. Былтыр сондай оқиға Қарағанды және Тараз қалаларында орын алды. Елімізде қаптап кеткен «Гей-тур», «Гей-отель», «Гейша-клубтар» . Көзге ілінер күлкі театрларының қазақ әртіс-жігітсымақтары алдымен әйелдердің рольдерін ойнауға бейім тұрады. Сол образға кіріп алған. Театр институтынан тек әйелдердің ролін ойнауға үйреніп шығатын сияқты. Бұл не сұмдық? Олар кімге үлгі көрсетеді? Оны көрген шетелдіктер артарын көрсетіп, бізді мазақтап күледі.Ұлдарымыз әлсіз, қыздарымыз басқалардың жемі болуда. «Алаш айнасы» газетінің мәліметі бойынша 40 пайыз жас жігіттердің белдері нашар жағдайда. Оларда ұрық жоқ. Соның салдарынан жас жұбайлардың ажырасуы көп. Ол неден? Қазақта ондай бұрын болып па?

Осында сұрқия бір пәле жатыр.Біздің ата – бабаларымыздың: “Малсыз болсаң да арсыз болма; әрлі болғанша – арлы бол; арыңды жеме, барыңды же; ар жазасы бар жазадан ауыр; ер жігіт елінің ұлы, намысының құлы” деген өсиетін неге біз орындамай, аяқсыз қалдырып келеміз? Жоғарыда атап кеткенімдей, кейінгі жылдарда адамның жанын түршіктіретін, қанын қайнаттыратын сорақылықтар, жастардың азғындықтары барған сайын белең алуда.

Осы азғындықты тоқтатпасақ, күлкімізді жия алмай қаламыз. Болашақ ұрпақтарымыздың, немере, шөберелеріміздің жағдайын ойласақ осындай намысқа кір келтіретін, ұлттың арына дақ түсіретін сорақылықтарды болдырмайық, күресейік, алдын алайық дер едім. Мына мәселеге мен ерекше көңіл аудармақпын. Бірінші болып дабыл қағып тұрмын. Қазір біз , Қазақстанды туризм еліне айналдырамыз деп әкім, министрлер болып алашапқын болып жүрміз ғой. Ол қандай туризм??? Біздің ата-баба салтымызды құрметтейтін, ұрпақ тәрбиесіне зиян тигізбейтін болса әңгіме басқаша. Ал, жоғарыда айтқанымдай, біздің қасиетті жерімізге, елімізге гейлер, лесбиянкалар, жезөкшелік сияқты азғындық лас дүниелерді әкелетін болса оған біз төзбеуіміз керек, алдын-ала тосқауыл қойуымыз керек. Сақ болайық, ағайын! Тізе берсек ұлтымыздың ұлылығына, еліміздің елдігіне, халқымыздың тазалығына кір келтіретін, абыройын төгетін, намысын таптайтын зұлым әрекеттер барған сайын көбейіп барады. Төзіп отыра беруге болмайды. Ұрпақ кешірмейді, ата-баба рухы кешірмейді.

Тілші: – Осыларды болдырмаудың жолы қандай? Болдырмауға бола ма?

Сәдібек Түгел: – Әрине болады. Болғанда қандай. Ол үшін біз аса қажетті екі-үш нәрселерді түзетуіміз қажет. Оның біріншісі жемқорлықты жою. Егер жемқорлықтың желкесін қимасақ, осы келеңсіз жағдайлар көбейгеннің үстіне көбейе береді. Барлық былықтың басы коррупцияда жатыр. Коррупцияға белшесінен батқан тұлғалар, кейбір министрлер, әкімдер, мемлекеттік қызметкерлер, шенеуніктер өз жұмыстарына жүрдім-бардым қарап, тек, соқыр баюдың жолына түскен. Олар жастар тәрбиесін ұмыт қалдырған. Лауазымды тұлғалар Елбасыға, мемлекетке берген анттарын бұзып ірі көлемде пара алуда. Оларға басқа ештеңе керек емес. Соның салдарынан осы жағдайлар ойып тұрып орын алуда. Егер де жоғарыда айтып кеткенімдей, тиісті шараларымызды уақытында қолданбасақ, күлкімізді жия алмай қаламыз. Екінші мәселе, қазақтың рухын көтеру, рухы мықты жастарды тәрбиелеу. Олардың бойына патриоттық, намыстық сезімдерді берік орналастыру болып табылады. Ол үлкен жұмыс, біздің қоғамда үлгі болатын тұлғалар қалмай бара жатыр. Жемқорлықпен ұсталынып жатқан генералдар, министрлер , вице –министрлер, әкім-қаралар кімдерге үлгі бола алады? Жастар кімнен үлгі алады?

Келесі маңызды мәселе, жастарды тәрбиелейтін бізде барлық институттар мен университеттерден артық бір академия да бар. Ол- ұлттық салт-дәстүрлерді қатаң сақтау. Қазақ айтады, қызға «қырық үйден тыю», «ұлға ұядан тәрбие» деп . Сол атадан балаға, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасын тауып, мирас болып келе жатқан мыңжылдық салт-дәстүрлерімізді қатаң сақтайтын болсақ, біз жастарымызды рухани азғындық апатынан сақтап қала аламыз.

Біз өмірге бейжәй қарай алмаймыз. Сондықтан осындай   проблемалардың болмауына атсалысамыз. Азамат болып туған соң- Азамат болып  өмірден өтеміз.  Біз шындықты, әділдікті қалаймыз.Жемқорларды жек көреміз.   Олармен аяусыз күрес жүргізіп, елге үлгі көрсетеміз, халықтың бізге артқан сенімін ақтаймыз.  Алда үлкен асулар мен белестер күтіп тұр. Солардан  туған халқыммен  бірге өтемін деп ойлаймын. Алға қойған мақсаттарым , мені  алға жетелейді! Өсе бер, Өрлей бер, Қазақстаным!

Тілші: –  Аға, сұхбатыңызға көп-көп рахмет! Алпыс жасыңыз құтты болсын!

Сұхбаттасқан Тұран Мұрал

 

  1. “Сәбиіміздің атын Сәдібек Түгелдің құрметіне қойдық”

«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» дейді біздің дана халқымыз. Үстіміздегі жылдың 8-ші ақпаны күні Елордамыз-Астана қаласына қарайтын «Интернациональный» елді-мекенінде ауыл ардагерлері Сәтті Кәрімұлы мен Райхан Кәрімкелінінің шаңырағында жүрек тебірентерлік қуанышты оқиға өтті. Мынау жарық дүниеге осы жылдың 28 қаңтарында келген немерелеріне «Ерсайын Манаев» атындағы мешіттің бас имамы Ибрахим Сматаев азан шақырып, сенің атың Сәдібек деп жеті мәрте қайталап ат қойды. Сол сәтте, кішкентай Сәдібекті халқымыздың үлкен азаматтарымыздың бірі Сәдібек Түгел аға көтеріп тұрды. Біз осы әдемі рәсімді көзімізбен көріп, куә болдық. Мерекеге халық көп жиналды. Біз, өз тарапымыздын олардан алған әсерлерімен бөлісуді сұрадық:

«Дәулет Сәттіұлы кішкентай Сәдібектің әкесі: -«Сәдібек менің екінші ұлым. Үлкенімнің аты –Сұлтанбек. Ол тура 2-жаста. Мен үшін Сәдібек қасиетті есім.Ұлт қайраткері Сәдібек аға Түгел нақты істің адамы. Сәдібек аға басқалармен салыстырғанда, айтқан уәдесін қайтсе де орындайтын,сөзі мен ісі бір жерден шығатын азамат. Сол үшін оны құрмет тұтамын. Құлагер ескерткіші соның нағыз дәлелі емес пе. Осы жерден өткен сайын бір тоқтап өтем.Ағаның жігіттік мәрттігіне тәнтімін. Сондықтан да, ырымдап балама ағаның атын қойып отырмын».

Атасы Сәтті Кәрімұлы: -«Біздің үйдің жанында «Құлагер» ат спортының клубы бар. Қолым босағанда немерелерімді сонда апарамын. Атқа мінгізіп, серуендетемін. Сәкең осы клубтың ұйымдастырушыларының бірі. Оның небір үлкенді-кіші жарыстарға білікті басшылық жасағанын көріп жүрмін. Жүрегі елім жерім деп соғады.Жалпы біз Құлагер десек үш тұлғаны ерекше айтамыз. Олар: Ақан сері, Ільяс Жансүгіров және Сәдібек Түгел. Ол кісінің атқарған сан-алуан жобалары елге өнеге, ұрпаққа үлгі. Несін айтасыз, атасы ретінде Сәдібек есімін қуана қабылдадым.Немеремнің Сәкеңдей елге танымал, қайраткер-азамат болғанын қалаймын».

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел:-«Қуанышымды жасыра алмай,үлкен әсерде, толқып тұрмын. Бұл сенім маған үлкен жауапкершілік жүктейді.60-жылдық мерей тойымның алдында ерекше сый болды. Кішкене, сәби Сәдібектің жолы ашық болсын деймін!».

Үлкен бақ, ұлағатты жұмыстарды өзі бастап,толығымен орындап шығатын тұлға азаматтарға ғана бұйырады. Осы жерде Сәдібек ағаның туған ұлтына арналған еңбектерінің нәтижесінде, халқымыздың маңдайы жарқыраған асылдарының бірі болғанына көзім жетті.

Нұрлан Сағынай, Астана қаласы

  1. СӘДІБЕК ТҮГЕЛ: ҰЛТҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕН ЖАЛЫҚПАЙМЫН

– Біздің білуімізше, Сіз шығарып отырған «Қазанат» журналына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ақ батасын берді. Сол игі жұмыс бұл күнде қалай жалғасын тауып жатыр?

-2006 жылы Түркияның Стамбул қаласына Кеңес Рақышев екеуміз жазған «ҚАЗАНАТ» кітабы үш тілде басылып жарыққа шықты. Басылым бірден оқырмандардың зор құрметіне бөленді. Атбегілердің қолынан түспейтін, іздеп оқитын шығармасына ай­налды. Сол кезде үлкен үйдегі тілектес ағалардан: «Жылқы шаруашылығы мен ат спорты үлкен тақырып. Тек, кітап шығарумен тоқталмай, осы аттас журнал шығарыңдар»-деген ұсыныс түсті. Айтылды, болды, біз бірден «Қазанат» журналын шығаруға кірістік. «Бұл жәй ғана қағаз емес, маңызды құжат, Елбасының сендерге берген МАНДАТЫ мен сенімі әрі жауапты тапсырмасы. Сенім биігінен көрініңдер!» – деп ағаларым мандатты қолыма ұстатты. 2007 жылы Елбасы: «Ежелден сәйгүлік баптаған елдің ұрпағымыз. Еліміз егемендік алғалы тұлпарлар тағдыры қазақы қаны бар азаматтардың қолына көшті. «Замана желімен жарысқан – Қазанат» журналы ұлттық спортты, соның ішінде, жылқы шаруашылығы мен ат спортының дамуына баса зер салады деп ойлаймын. Іске сәт жігіттер!» деп ақ батасын берді.

Бұдан шығатын қорытынды мен осы салада ҚР тұңғыш Президенті, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тікелей тап­сырмасын орындап жүрген азаматтардың бірімін. Міне, сол «Қазанаттың» жалғасы «Ұлттық спорт» журналын шығаруды қолға алдық.

-Сәке, «Ұлттық спорт» журналыңыз құтты болсын.  Жұрт Сізді ұлттық спорттың ұйымдастырушысы, насихатшысы, белсенді қайраткері ретінде тани­ды. Айтыңызшы, Сіз ұлттық спортпен қашаннан бері шұғылданып келесіз? Қаражаты мүлдем жоқ ұлттық спортты ұйымдастыру, басшылық жасау оңай шаруа емес екені белгілі. Сізді кім қолдайды және күш-қуатты қайдан аласыз?

-Жалпы ұлттық құндылықтармен шұғылдануды маған Алла тағала маңдайыма жазған деп ойлаймын. Ұлы Дала ойындарымен бала жастан айналысып келемін. 7 жасымнан бастап бәйгеге қатыстым, бертін келе ат баптаумен, ұлттық ат ойын­дарын ұйымдастырумен белсене айналыстым. Содан бері, жылқы шаруашылығы мен ат спортының бел ортасында жүрмін. Көптеген беделді халықаралық, республикалық, аймақтық жарыстардың ұйымдастырушысы болдым. Әкем Түгелге алғысым шексіз. Ең алғаш атқа мінгізіп, кейін тай, құнан жарыстарға қатыстырып, шыңдаған әкем болатын.

Марқұм ерекше ат құмар жан еді. «Қазанат» сөзін 1961 жылы алты жасымда әкемнен естідім. Әкем – белгілі жылқышы еді. Өзінің көрген білгенін, ойға түйгенін қалаған кірпіштей етіп, жүйелеп айтып оты­ратын көреген кісі еді.

Ол кісі айтып отырушы еді:

– «Қазанатқа қазақтар қарыз. Өйткені, Қазанат – қазақтың қазынасы.Осынау ұланғайыр қазақтың жерін бабаларымыз қалай қорғады, қалай сақтап қалды? Бұл қасиетті жерді қазақ батыры құр шоқпарды сүйретіп, жаяу қорғаған жоқ қой. Тұлпарлардың, Қазанаттардың үстінде, үлкендігі есік пен төрдей азынаған айғырлардың және қазақ халқының қайсарлығы мен мықтылығының арқасында қорғады. Қазанат – ердің қанаты. Яғни, азаматтың ары мен намысын қолдан бермейтін қазақтың Қазанаттары болған.»

Бүгін тарихқа көз жүгіртсек, рас солай болған. Сондықтан да, мен қазанаттарды іздеуші, ұлттық құндылықтарды ұлықтаушының бірімін. Мен қазағымның қазанатын іздеп жүрген жанмын! Қазанат халқымыздың қанаты, қорғаны, айбыны болғаны рас. Қазанаты болғанда халық қор болмаған!

Әйгілі философ, жазушы ағамыз Асқар Сүлейменов: «Осы басқа халық қайтадан жаралсын, мейлі маймыл­дан болсын, шатағым жоқ. Дәл біздің қазақ – жылқыдан, тұлпардан туған!» – деп айтқан екен. Жазушы сөзінің жаны бар. Қазақ – жылқы мінезді, рухы биік, Ер халық! Қазанат – қазақтың сахарасы. Ұлы даласының екінші есімі. Осыншама кең даланы меңгеру үшін, осыншама кеңістікті қаусыру үшін тек қазанаттың ғана жалы мен белі, тұяғының желі керек болды. Бұл сөзіме тарих – куә.

Ол жөнінде Берел, Ботай қорымдарынан табылған бұлтартпас әлемнің маңдайалды ғалымдары мойындаған дәлелдеріміз бен фактілеріміз бар. Бала кезімде «Астыңғы ерні жер тіреп, үстіңгі ерні көк тіреп…», «көлденең жатқан көк тасты тіктеп тиген тұяғы саз балшықтай илеген…» тұлпар түлігін елестететінмін. Сәби қиялмен Қазанатты тауып алып, ерттеп мінсем деген арман пайда болды. Есейе келе бұл азаматтық позицияға ауысты. Тіпті ат спортын дамыту жолы­на түбегейлі ден қою мақсатында 1994 жылы Шығыс Қазақстан облысынан Алматыға арнайы көшіп келдім.

Ал енді сұрағына келсек, қазақтың Қазанаты қазақ даласында бар. Оған біздің талай бәйге кезінде көзіміз жетті. Атақты Адай жылқысын, Қостанай жылқыларын қалайша Қазанат дей алмаймыз. Біле білсеңіз, қазір әлемге танымал ағылшын жылқыларында Қазанаттың қаны бар. Ағылшындар ертеде асыл тұқымды арғымақтарды біздің сайын даладан алып кеткен. Олардың ұтқаны сол – Қазанаттың ұрпағын көбейтіп, асылдан­дыра білді. Соның арқасында олар әлемге танылды.

Қазір әлемде жылқының 200-ден астам асыл тұқымы бар. Олар: ағылшын, араб, америка, ганновер, орлов, ақалтеке, т.б. деп кете береді. Біздің Қазанатымыз бұлардың бәрінен артық болмаса, кем емес. Өйткені, қазақ Қазанатының бойында төзімділік, жүйріктік және маңғаздық бар. Бұл жағынан келгенде Қазанат қазақ халқының мінезіне, болмысына ұқсайды. Ата-ба­баларымыз өздерін «жылқы тектес халықпыз» деп бе­кер айтпаған. «Жігітте де жігіт бар, азаматы бір бөлек, Жылқыда да жылқы бар, Қазанаты бір бөлек» – де­ген аталарымыз.

-Бұрынғы замандарда жылқының саны көп болған ғой…

-Иә, көп болған. Бір-ақ, мәлімет келтірейік. 1916 жылғы санақ бойынша қазақтарда 5 миллион 640 мың бас жылқы болған. Жалпы қазақ даласында 1928 жылға дейін 60 миллионнан астам төрт түлік малдың түрлері жайылып жүрген. Халқымыздың саны 6 миллионға жуық болатын.

-Сіз жылқы шаруашылығының тарихын зерттеп жүрген азаматсыз… Малдың саны неге күрт кеміді?

-Сұрақ дұрыс. Жылқының күрт азаюының аста­рында сұрқия саясат жатыр. Бір сөзбен түйіндесем, әдейі қазақты жер бетінен жоғалту және рухани жаншу үшін істелінген қолдан жасалған қылмыс.

Дегенмен, арғы бетке өтіп, тұқымы сақталған тұлпарларымыз да бар.

Бүкіл Қытайды мойындатқан Бейжіңгер сол қасиетті қазанаттардан қалған ұрпақ. Оған да шүкір дейміз.

Біз, қазақтар – қазанаттар десек, Алпамыстың – Байшұбарын, Қобыландының – Тайбурылын, Қамбардың – Қарақасқасын, Исатайдың – Ақтабанын, Абылайханның – Шалқұйрығын, Қабанбайдың – Құбасын, Ақан серінің – Құлагерін, Бошайдың – Үш қарасын айтамыз.

– Қазанаттар туралы жақсы айттыңыз. Бұл үлкен тақырып қой. Қалғанын келесі сандарда жалғастырармыз. Енді, ұлттық ат спортына оралсақ дұрыс болар еді. Сәке, ұлттық спорт түрлерінің негізгі ойыны ат ойындары емес пе?

– Шынында, біздің ұлттық спорт түрлерінің 90 пай­ызы атқа қатысты ойналады. Бұл саланың қиындығы да, қызығы да осында. Спортшы қандай шымыр, мықты болса, оның аламан бәйгеге немесе көкпарға қосатын аты да мықты, жарамды болуы шарт. Басқа спортта бапкер тек спортшыны дайындаса, ұлттық спортта бірнеше бапкер, біреуі спортшыны, енді біреуі атты баптайды. Мен білетін ұлттық ат спортының 15 түрі бар: аламан бәйге, тоқ бәйге, құнан бәйге, жорға жарыс, көкпар, аударыспақ, теңге алу, қыз қуу, тай жа­рыс, дөнен жарыс, жамбы ату, ат омырау­ластыру, ат құлағында ойнайтын «ер жігіт ойындары» деген сияқты.

– Сәке, осы жерде ұлттық спорттың тарихымен таныстырып өтсеңіз.

– Қазақ ұлтының ұлылығын, қазақ халқының даналығын, қазақ елінің елдігін әлемге паш ететін мәдениеті мен салт-дәстүрі болса, соның ең басты­сы ұлттық спорт түрлері, ұлттық спорт ойындары болып табылады. Ұлттық спорттың мың жылдан бері көп тарихы бар. Аламан бәйге, тоқ бәйге, жорға жарыс, құнан бәйге, көкпар, қыз қуу, ат үстіндегі сайыс (аударыспақ ойыны), теңге алу, жам­бы ату, қамшыгерлік, саясаткерлік, түйе жарыс – жел­мая, қазақша күрес, жекпе-жек, тоғызқұмалақ және тағы басқа спорт түрлері сонау ықылым заманнан бері туған халқымызбен бірге жасап, ұлы ақынымыз Жұбан Молдағалиев айтқандай «Мың өліп, мың тіріліп» келеді.

Түйіндеп айтсақ, Ұлттық спорт – Ұлы дала мәдениетінің темірқазығы. Ал, мәдениет – ұлт рухы, болмысы!

Ұлттық спортымыз – екі мыңжылдық тарихында, менің зерттеуімде 4 кезеңді бастан кешіріп отыр.

1-кезең: Дәуіріміздің VI ғасырынан – XVIII ғасыр аралығын қамтиды. Түрік қағанаты, Дешті Қыпшақ, Алтын орда, Қазақ хандығының даму тұсы 13 ғасырға созылған көшпенділер спортының қалыптасу кезеңі.

2-кезең: Ресей империясының қарамағында бодан болған тұсымыздағы ұлттық спорт түрлерінің дамуы. Толық XVIII – XIX ғасырлармен мен XX ғасырдың басына дейінгі – 217 жыл. Байтал тұрғы бас қайғы заман.

3-кезең: Қазан төңкерісі болған 1917 жылдан – 1991 жылдар Советтер одағы тарағанға дейін – 74 жыл аралығы. Ұлттық спортымыздың – көлеңкедегі шөп сияқты дамуы.

4-кезең: Қазақтың тәуелсіздік алған 1991 жылдың 16 желтоқсаннан бүгінгі күнге дейінгі аралық.

Ұлттық спорттың айының оңынан туып, жұлдызының жарқырай бастауы.

– Дұрыс айтасыз. «Ат спорты» ойындарының жанданған кезі соңғы жылдары ғана емес пе? Ұлттық ат спорты түрлерінің федерациясы қашан құрылды? Тұңғыш атбегілер құрылтайы қашан өткізілді?

– Жоғарыда айтып өткенімдей ұлттық ат спор­ты Ел тәуелсіздігінің арқасында өткен тоқсаныншы жылдардың басында қолға алына басталды. Оны көтерген Айып Құсайынов, Бошай Кітапбаев, Анатөлі Құлназаров, Сайлау Тұрыскелдин, Бердібек Сапарбаев, Иманғали Тасмағамбетов, Амалбек Тшанов, Серік Үмбетов сын­ды азаматтар. Соның арқасында еліміздің көптеген об­лыстарында ат спорты ойындары жиі өткізіле баста­ды. Сол тұста ұлттық өнерге сусап қалған қауымның тамашалағаны аса бір керемет болатын.

Өз басым сондай ірі жарыстардың бел ортасында жүрдім, бірталайын ұйымдастырдым. Сол уақыттарда белгілі адамдардың ме­рейтойларын өткізу дәстүрге айналды да, ат ойындары жанданды. Қайта түлеп жатқан ұлттық ойындардың белгілі жүйесі, бекітілген ережесі болмағандықтан, көптеген олқылықтар кетті. Аударыспақ, көкпар ой­ындары өткізуге қарсылар да табылып, аяқтан шалу­шылар көп болды. Бұлай жүре берсе, ат спорты жа­старды қызықтырудан қала ма деп қорықтық.

Белгілі бір жүйе, ережеге бағынбаған істің кетеуі кететінін түсініп, 1995 жылдың қаңтарында Жастар ісі, туризм және спорт Министріне хат жаздым.

Абырой болғанда бұл хат министрліктің сол кездегі бөлім меңгерушісі Елсияр Қанағатовтың қолына тиді. Біздерге сол тұста шын ниетімен көмек жасаған Елсияр бауырға әлі күні алғысымыз шексіз. Мен жарыққа шыққан екі кітабымда ол туралы жа­зып, рахметімді білдірдім. Әлі де жүрген жерде, га­зет, журналдарда, радио, телевиденияларда айтып келемін. Өйткені, ол ұмытылмайтын жағдай. Ал, өз кезеңінде Елсияр бауырымыз менің осы ұсынысха­тым туралы жүрекжарды тілегін елге жеткізуде. Ол үшін де оған мың да бір алғыс айтамын. Бұл дегеніңіз оның әділдігін, адалдығын білдіреді. Тілегім, балалары мен немерелерінің қызығын көрсін.

Сонымен, менің хатымның негізінде Қилан Нұртазинов, Кендебай Әбішев сынды бірқатар жігіттер тізе қосып, ақырында ұлттық ойындар Ережелерінің алғашқы нұсқасын жаздық. Сосын ережелер дайын болғанан кейін 1996 жылдың 1 наурызында Алматы қаласында тұңғыш рет қазақ атбегілерінің Құрылтай конференциясы ұйымдастырдық. Бұл күн – Ұлттық ат спорты түрлерінің Федерациясы үшін тарихи дата бо­лып есте қалды.

– Ұлттық Ат Спорты федерациясын Алматыдан – Астанаға қалай әкелгеніңіз туралы да білгіміз келеді.

– Екі ғасырдың тоғысында халқымыздың тари­хында ерекше орын алатын Ұлы оқиға болды. Ол Елордамыздың Алматыдан – Астанаға көшуі еді. Мен сол ұлы көшпен алғашқылардың бірі болып Алматы­дан Астанаға қызмет ауыстырдым. Астана қаласының тұңғыш баспасөз хатшысы болып тағайындалдым. Осы кезеңде Федерациямыздың жұмысы тоқырап, жетімсіреп қалды. Өйткені, адамдарсыз жұмыс жүре ме? Не істеу керек? Ойланып, ақылдасып федерацияның офисін Алматыдан – Астанаға әкелу керек деп шешім қабылдадым. Бұл сәтте маған ағалық көмегін беріп, қолдау көрсетіп, қазақтың біртуар аза­маты, тау тұлға Құлназаров Анатөлі Қожыкенұлы. Ол кісіге федерациядағы жағдайды айтып, телефон соқтым. Ағам бірден қолдай кетті. Осы айтқандарымды қағазға түсіріп, маған жібер, мен қолдаймын деді. Мен А.Қ. Құлназаровтың атына орыс тілінде жолдадым. Анатөлі ағамыз айтқан сөзінде тұрды. 1999 жылдың ақпан айының ол Алматыдан Елсияр Қанағатов пен Нәбидолла Кикебаевты жіберді. Мен оларды теміржол вокзалынан тосып алдым, орналастырдым. Сосын бәріміз бірігіп, бірлесіп, тізе қосып, ауыз бірлікпен Ұлттық Ат спорты федерациясының съезін 1998 жылдың 7 сәуірі күні өткізіп, әділет министрлігінен тіркеуден өткіздік. Съезд делегаттары – Қайрат Назарбаевты – федера­ция президенті, мені – бас хатшы, Ерлан Атамкұлов пен Елсияр Қанағатовты – вице президент, Нәбидолла Кикебаевты – атқарушы директор, Абай Жүсіповты – қаржылық  директор ретінде бірауыздан сайлады. Жұмыс жанданды. Жер-жерде федерацияның фили­алдары ашылды. Федерация туралы жағымды пікірлер қалыптасты. Барлық жарыстар Федерацияның аты­мен, соның ережесімен өткізілді.

Ел біздің жұмысымызға оң баға берді.

Осылайша, ұлтқа жаны ашитын азаматтардың арқасында біраз шаруаларды атқардық. Алғашында бір ғана Ұлттық Ат Спорты федерациясы болса, қазір бұл үлкен Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығына айналып, ол өз құрамына 27 федерацияны біріктірді. Олардың өзінде облыстық, аудандық филиалдары бар. Құрылғаннан бері мыңдаған халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық жарыстар өткіздік. Республика бойынша 11 ұлттық спорт мектебі, 17 ат спортының клубтары мен орталықтары, 27 ипподром­дар жұмыс істейді. 22 жылдың ішінде бүкіл Қазақстан бойынша ұлттық спорттың барлық түрлеріне 18475 әртүрлі жарыстар, шаралар, басқосулар өткізілген. Халықаралық «Көкбөрі» Федерациясын құрдық. Ұлттық спортымызды әлемге паш еттік. Бұл – зор жетістік деп ойлаймын. Қауымдастықтың құрамында 1 милли­ондай адамдар бар.

– Сәке, сенімді достарыңызбен және ел­мен Ұлттық Ат спорты Федерациясына қатысты қыруар шаруалар тындырыпсыздар. Көп рахмет. Халық айтса қалт айтпайды ғой. Ел сіздердің осы ерен еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Федера­цияны, одан кейін Қауымдастықты құруда және оның жұмысын күнделікті жүргізуде кедергілер мен қиыншылықтар да болған шығар. Олай деп отырғаным биылға дейін басқа спорт түрлерімен салыстырғанда, ұлттық спортқа мемлекет тарапы­нан қаржы бөлінбеді емес пе?

– Ия, тек соңғы бір – екі  жыл көлемінде «Самұрық- Қазына» тарапынан қаржылай көмек көрсетіле бастал­ды. Ол дегеніңіз – жүздеген, мыңдаған бізді қолдаған бауырлардың еңбектерінің ақталғаны ғой деп ой­лаймын. Сіз дұрыс айтасыз біз бұрыннан қоғамдық, патриоттық, фанаттық негізде жұмыс істеп келеміз. Бізді достарымыз «жалаңтөстер» деп атап кеткен. Ол үлкен тарих. Ал, кедергілер мен қиыншылықтар өте көп болды. Федерацияны да, Қауымдастықты да жа­былудан, жабудан алып қалғанымыз көпке аян дүние. Оған болашақ бағасын беретін болар.

– Кейбір ағаларымыз «Ұлттық спорт түрлерімен әлемдік аренаға шыға алмаймыз» деген де күстаналаушылық әңгімелерін айтып жатады. Кейде дәйекті дәлелдер келтіргенде, шынымен де осы іс-әрекеттеріңіз бекер емес пе деген ой келеді…

– «Ұлттық спортпен әлемдік аренаға шыға алмай­мыз» дегендер, ұлт деген ұғымнан мақұрым, оры­станып, еуропаланып кеткендердің бос далбасасы. Ат спорты арқылы біздің қазірдің өзінде қаншама ел таныды. Олар қазақ деген ұлттың ат құлағында ойнаған халық екенін мойындады. Ұлттық спортты әлемге таныту арқылы біз қазақтың мәдениетін, салт- санасын, спортын, этнографиясын, тарихын насихат­таймыз. Біздің спортшылар шетелге барғанда жай ғана аттарын жетектеп бара салмайды. Ер – тұрманы, ұлттық киімі, жасау-жабдығымен барады. Оларды көрген шетелдіктердің талайы естерінен танды. Бір ғана қамшының өзі мәлімет береді. Ер-тұрман мен ат әбзілдері – нағыз қазақтың тарихы мен өнерін паш етеді. Ал күрес пен боксқа қатысатын спортшыдан осының қайсысын көре аласыз? Сондықтан, ұлттық спорт арқылы біз еліміздің, ұлтымыздың салт-санасын шетелге танытамыз. Ұлы дала мәдениетін паш етеміз.

Еуропаны мәшине, техника жасаудан оза алма­уымыз мүмкін, ал енді қазақтың Қазанаты арқылы ұлттық спорттын дамытсақ, онда күллі Батысты артта қалдырар едік.

– Шетелдерде өтетін дүбірлі додаларға қатысып жүрсіздер, нәтиже қандай?

– Ең алғаш рет 1996 жылы Венгрия Республика­сы ұйымдастырған әлем шабандоздарының бірінші фестиваліне қатыстық. Әлем шабандоздарының тұнғыш фестивалінің бас жүлдесінен дәмелі 23 мем­лекет ішінен қазақтың жұлдызы оңынан туды. Көкпар, қыз қуу, аударыспақ, теңге алу сынды төл ойын түрлері бойынша оқ бойы озып шықтық. Бұрын-соңды мұндайды көрмеген еуропалықтар жа­пырылып құлады. Ақырында фестиваль төрешілері мен қазылар алқасы бас жүлдені біздің жігіттердің қанжығасына байлады. Бізге дейін мажарлықтар: «Бізді дүниеде ат үстінен аударып түсіретін ұл туған жоқ» деп мақтанып жүреді екен. Осы мажар жігіттерін біздің Қаһар Қиянтаев, Шадияр Шоқанов, Жаныс Саев сияқты жігіттеріміз қас-қағымда ат үстінен жұлып-жұлып алып, лақтырып жіберді. Венгрлік гусарлардың салмақтарының өзі 120-130 келі, бой­лары екі метрден асады. Біздің жігіттер орта бой­лы, әлгілердің иықтарына да жетпейді. Бірақ, әдіс- айла мен тақым мықты болғанда, салмақ пен күштің дәрменсіз болатынын сонда көрдік.

-2001 жылы Халықаралық «Көкбөрі» Федерация­сы құрылды, оған әлемнің 17 елі мүшелікке енді. Бұл біздің көкпарымыздың әлемдік сипатқа ие болуы де­ген сөз. Сол 17 мемлекеттің ішінде Жапон, Түркия, Қытай, Ресей, Венгрия сынды ірі мемлекеттер де бар. Бірнеше жылдың алдында Ұлыбританияға барған бүркітшілеріміз зор табысқа кенелгенін білеміз. Сол туралы толығырақ айтып өтсеңіз…

– 2007 жылдың шілде айының ортасында Еуропаның төрі Лондон қаласында біздің бүркітшілер та­рихи жеңіске қол жеткізді. 33 мемлекеттің ішінен су­ырылып алға шықты. Бұл еліміз үшін үлкен абырой. Ұлыбританияға тұңғыш рет барлық жасауымен, оның ішінде сандық, қылыш, найза, ертоқым, алаша, теке­мет, қамшыдан тартып, сегіз қанат киіз үй апарған біздің жігіттер – бүкіл фестивальге қатысушыларды таң қалдырды. Франция, Германия, Бельгия, Брита­ния, Бразилия, Жапония, Қытай секілді мемлекеттер қатысқан бұл фестивалға 5000-дай адам қатысты. «Бри­тан құсбегілері» ұйымының басшысы, халықаралық құсбегілер Федерациясының президенті Джим Чик­пен кездесу өткіздік. Мәдени-спорт саласына қатысты екіжақты ынтымақтастық жасау мүмкіндіктері талқыланды. Біз апарған киіз үйді Біріккен Араб Әмірліктерінің Премьер-Министрінің орынбасары, БАӘ Құсбегілер клубының төрағасы Шейх Хамдан бин Заед Әл-Нахянның өзі келіп тамашалады. Киіз үй Брита­ния мұражайына табыс етілді.

– Сіз бастаған қазақ көкпаршылырының Түркиядан жеңіспен оралғаны жөнінде айтып берсеңіз?

-2012 жылдың 12-14 қазанында Түркияның Де­низли қаласында әлем елдерінің ұлттық ойында­рынан фестивалі жоғары деңгейде өткізілді. Оған дүниежүзінің 25 мемлекеттері қатысты. Олар: Америка, Жапония, Мажарстан, Словакия, Украина, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Монғолия, Албания, Герма­ния, Австрия, Болгария, Грузия, Азербайджан, Литва, Ауғанстан, Латвия, Эстония, Чехия, Франция, Италия, Малайзия, Индия және Түркия. Фестивальге 500-ден астам ұлттық ойындардың шеберлері, спортшыла­ры, шабандоздары, көкпаршылары, палуандары, әртүрлі ауыр заттарды көтеретін, ауыр автокөліктерді сүйрейтін күштілері күш сынасып, қатысты. Әрбір ұлттардың ұлттық ойындарының 25 түрінен қызықты жарыстар, әсерлі көрсетулер болды. Қазақстан көкпардан құрама команда апарды. Елімізге атта­ры мәлім, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионда­ры, көкпардан спорт шеберлері: Дәулетбек Омбаев, Темірқан Айтбаев, Қазбек Амангельдинов, Мұстафа Уатаев, Бақтыбай Шырынкулов, Еркеғали Мырзабаев. Бас бапкер әрі алаңдағы ойыншы болып Қуан Құрамаев барды. 12 қазан күні Қырғыз Республикасының құрама командасымен ойнадық. Матч өте тартысты әрі қызықты өтті. Өйткені қырғыздар бұл жарысқа қатты дайындалып, қайтсек де жеңеміз деп келген екен. Ол жөнінде маған сол аймақта тұратын қырғыз бауырлар айтты. Біздің жігіттер намысты бермеді, ше­бер ойнады. Нәтижесінде біз 10:5 есебімен жеңіске жеттік. Екінші ойын Турцияның көкпаршыларымен болды. Ол да керемет өтті. Есеп 7:2 қазақтар жеңді. Бұл дегеніңіз қазақ көкпаршыларының халықаралық деңгейдегі айтулы жеңісі болып табылады. Фестиваль өте жоғары деңгейде өткізілді. Үш күн толығымен 500 мың адамдар тұратын Денизли қаласы ұлттық рухта өмір сүрді. Мыңдаған түріктер ойындарды тамашала­ды, қол соғып қошамет көрсетті. Қазақтың көкпарына деген құрметтері мен құлшыныстары ерекше болды. Түркия үкіметіне алғысымнан басқа айтарым жоқ. Біздің барлық шығындарымызды, баруымыз бен келуімізді солар көтерді. Көкпарға аттар берді. Ең ба­стысы олар Ұлттық ойындарға арналған «Қызыл жа­лау» атты сайыс аренасын салып, іске қосқан. Біздің көкпар ойынына өте ыңғайлы. Бір сөзбен айтсам түрік бауырлар рухты көтеретін, ұлттық ойында­рын мемлекеттің толық қарауына алған. Оған қаржы аямай жұмсауда. Үлкен әсер алып қайттым.

– Сіз, Ұлы Дала тұлпары Құлагерге ескерткіш салу идеясының авторы әрі ұйымдастырушысыз. Идея қайдан, неден туындады? Бұл бастамаңыз тек алуды, жеп қалуды мақсат тұтқан заманда, дүние мүлкіңізді ломбардқа салып, ұлтымыздың мақтанышы Құлагерге ескерткіш тұрғызуыңыз ғажап оқиға болды?

– Ашығын айтайын, бұл идея жігіттік намыстан, азаматтық нартәуекелдігінен шықты. «Мен бастама­сам, мен істемесем кім істейді?» деген ойдан келді. Ерейментау ауданындағы ескерткіштің ұрлануы менің намысыма тиді. Зұлымдыққа тойтарыс беру қажет болды. Көп сөзден, нақты бір іс артық деп, осы шаруаға белсене кірістім. Халық қолдады. Бұл күнде «Астана – Көкшетау» автобанына сән беріп тұрған сәулет. Адам­дар көп барады. Ел ұнатады. Сол маған үлкен баға.

– Алдағы жоспарларыңыз қандай?

– Алда үлкен асулар мен белестер тосып тұр. Олар туралы келесі кездескенде айтып берейін. Ұлтқа қызмет етуден шаршамаймын.

– Тартымды әңгімеңізге көп рахмет.

Әңгімелескен Фариза Нұржақыпова

Астана қаласы.

«Қамшы» сілтейді

 

  1. Қазанатты іздеген қазақ

Ұлттық ат спорты федерациясының президенті, «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық әлеуметтік-мәдени қозғалысының тең төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сәдібек ТҮГЕЛМЕН әңгіме. – Алдымен, кіндік қаны­ңыз тамып, туып-өскен өл­кеңіз туралы айтып берсеңіз? – Дұрыс айтасыз, алдымен оқырмандарды өмір­баяныммен және туып-өскен ауылыммен, оның ғажайып табиғатымен таныстыра кетуді жөн көріп тұрмын. Менің кіндік қаным тамған жер, бар қазақтың ырысы мен берекесі саналатын Өр Алтай, Асқар Алтай, асау Ертіс, Ерке Ертіс өңірі. Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанының 10 жылдығын 1955 жылы бүкіл халық болып атап өтуге ар­нал­ған дайындықтың қызған шағында қарапайым еңбек адамдары «Қызыл Ту» колхозының жылқышылар бригадасының бригадирі Түгел Құмарұлы мен колхоз жұмысшысы Мәрия Түгел келінінің шаңырағында мен жетінші бала болып мынау жарық дүниеге келдім. Туыс-жақындарымның айтуынша, мен жарық дүние есігін ашар күннің алдында көрші әйел босанып, үш қыз туыпты. Ең қызығы, Нағыш тәтеміз үш күн қатарынан толғатып, босанған. Дүниеге үш егіз қыз әкелген. Нәрестелердің біреуі – 20, екіншісі – 21, үшіншісі – 22 күні туған. Ауылда үш күн бойы шілдехана тойы өтеді. Енді болды ма дегенде, төртінші күні 1955 жылдың 23-ақпанында мен туыппын. Сонда біздің Сатый ауылы атқа мінер ұл келді деп қуанып, бір жұма тойлаған екен. – Астанаға келуіңіз, атқарған жұмыс­тарыңыз, алған әсерлеріңіз туралы айтсаңыз? – Мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі таңдап, өзі негізін салып, өзі іргетасын қалаған жаңа елордамыз – Астана қаласын жанымдай жақсы көремін. Осы шаһарда менің де бағым жанып, жұлдызым жарқырады. Тағдырдың қалауымен маған жаңа Астананың тұңғыш баспасөз хатшысы болу бақыты бұйырды. Бірінші күннен бастап 17 жылдың ішінде әсем қала, ертегі шаһар Астанамен біте қайнасып кеткенмін. Осында ұлымызды үйлендіріп, қызымызды тұрмысқа ұзаттық. Қазір жұбайым Қайкен екеуіміз олардан 5 немере сүйіп отырмыз. Астана маған әдебиет кеңістігіне жол ашты, қаламгер болып қалыптасуыма ықпал етіп отыр. Қолым қалт етсе, қаламымды алып Астанаға арналған шығармалар жазамын. Қазір cенімді әріптестеріммен бірігіп Астана қаласының және еліміздің ақпарат кеңістігінде өз орны бар «ТҮГЕЛ МЕДИА» атты қуатты ақпараттық серіктестік ашып, оның жұмысын үзбей жүргізіп келеміз. Бірлестік «Қазанат», «Құлыным», «Біз, Астаналықтар!», «Ұлы дала қырандары», «Керемет той», «Журналистер әлемі», «Ұлттық спорт» атты журналдарды шығарады. Жалпы алғанда, бірлестіктің құрамында 15 БАҚ бар. Осы журналдар, баспасөз клубтары, газет, сайттар ел егемендігі мен Астанаға адал қызмет істейді және істей береді. – Бүкіл елге мәлім, ел егемендігін алған тұста «Қайдасың, қазағымның қазанаты?!», деп, ең алғаш қазанат тақырыбын қозғаған сіз болатынсыз. Сіз шырылдап жүріп қоғам­да «Қазанат» ұғымын қалыптастыра ал­дыңыз. Ол сізге оңайға түскен жоқ. Қазанат тақырыбына байланысты сіздің адресіңізге сан алуан пікірлер айтылды. Бұл «миф» немесе «өзі қазанат деген сөз қайдан шықты, Сәдібек оны қайдан алды» деп байбалам салушылар кездесті. Мен оған куәмін. Енді осы әңгіме туралы өз ауызыңыздан естігеніміз дұрыс болар еді… – Мен «Қазанат» сөзін ең алғаш әкем Түгелден бес жасымда 1960 жылы естідім. 2004 жылы «Фолиант» баспасынан басылып жарыққа шыққан «Қайдасың қазағым­ның қазанаты?!» деген кітабымда – «Мен қа­зағымның қазанатын іздеп жүрген жанмын! Қазанат халқымыздың қанаты, қорғаны, айбыны болғаны рас. Қазанаты болғанда халық қор болмаған. Әйгілі философ жазушы ағамыз Асқар Сүлейменов: «Осы басқалар қайдан жаралсын, мейлі маймылдан болсын, шатағым жоқ. Дәл біздің қазақ жылқыдан, тұлпардан туған!», деген еді. Жазушы сөзінің жаны бар. Қазақ – жылқы мінезді, рухы биік, Ер халық! Қазанат – қазақтың сахарасы, Ұлы даласының екінші есімі. Осыншама кең даланы меңгеру үшін, осыншама шалғайлықты қаусыру үшін тек қазанаттың ғана жалы мен белі, тұяғының желі керек болды. Бұл сөзіме тарих – куә», деп жаздым. Менің зерттеуімде, қазанат – алыс жорықтарға мінетін жауынгер жылқылар, азынаған айғырлар! 2006 жылы Кеңес Рақышевпен бірге жазып «Таймас» баспа үйінен үш тілде жарыққа шыққан «Қазанат» кітап-энциклопедиясы ТМД елдері арасында Мәскеу қаласында өткізілген «Кітап өнері» атты беделді халықаралық байқаудың жеңімпазы болып танылды. Сол жылы «Қазанат» кітабы еліміз бойынша жылдың ең үздік басылымы ретінде тарихта қалды. «Жақсының жақсылығын айт нұры – тасысын» демей ме, біздің қазақ. 2004 жылдың 15 қарашасы күні жаңа елордамыз – Астана қаласының Қалибек Қуанышбаев атындағы драма театрында менің «Көк күмбезді – Астана» – «Астана – город солнечной мечты» және «Қайдасың, қазағымның қазанаты?!» – «Джигиты и аргымаки Казахстана» атты қазақ және орыс тілдерінде шыққан қос кітабымның тұсаукесері өтті. Ертеңінде Кеңес Рақышев телефон шалып, кітапқа байланысты кездесуді қалады. «Аға, сіздің «Қайдасың, қазағымның қазанаты?!» – «Джигиты и аргымаки Казахстана» деп аталатын шығармаңызды оқып шықтым. Маған ұнады. Жаза алады екенсіз. Бұл орайда менің нақты ұсынысым бар. Осы тақырыпты одан әрі жалғастыру қажет сияқты. Ашығын айту керек, жылқы туралы көп айтамыз, бірақ бізде бұл бағытта әдебиеттер өте аз. Тіпті, жоқтың қасы деу­ге болады. Жылқы әлеміне ар­налған толыққанды, үлкен энциклопедия-кітап шығар­сақ деп ойлаймын. Соны сіз жазсаңыз дұрыс болар еді. Осы тақырыпта жазу сіздің қолыңыздан келеді екен» деп тілегін білдірді. – «Кеңес бауы­рым, мен жазуға дайынмын. Біріншіден, бұған көп ізденіп, көп еңбектену қажет. Оны мен өз мойныма аламын. Екіншіден, баспаханадан басып шығару үшін қаражат керек» дегенге, Кеңес, басылым шығынын мен көтеремін деп нық жауап қатты. Кеңес Рақышев сөзінде тұратын азамат екен. Айтқан уәдесін толығымен орындап шықты. Қазір бестселлерге айналған «Қазанат» кітап-энциклопедиясы осылай өмірге келді. – Ұлы Даламыздың даңқты тұлпары, небір атақты ақын-жыраулардың жыр-дастандарына арқау болған Құлагерге ескерткіш тұрғызуыңыз ұлт руханиятындағы үлкен оқиға болды. Басыңызды бәйгеге тігіп, дүние-мүлкіңізді ломбардқа өткізіп, нартәуекелге салдыңыз. Сонымен, ломбардқа жүгінуіңізге кім сізді мәжбүрледі?! Осындай фанатизм неге керек? Оқырмандарға түсінікті болу үшін толығырақ айтып берсеңіз… – Жағдай мәжбүрледі. Жігіттермен алдын ала кеңескен соң, олардың уәделеріне орай бұл жұмысты 2008 жылдың соңғы айларында бастап кеттім. Идея мақұлданды, жос­пар жасалынды, ондаған эскиздің нұсқалары істелінді, оған танымал азаматтар қатысты. Белгілі архитектор Сұлтан Ильяев жасаған вариантты министр Мұхтар Құл-Мұхаммед басқарған мемлекеттік комиссия 2009 жылдың қаңтар айында бекітті. Бірақ ескерткіш тұрғызуға ақша болмады. Уәделерін үйіп-төгіп берген жігіттер, дағдарыстың салдарынан суы тартылған өзендердегі балықтардай қарбалаңдап қалды. Енді қайттік? Дағдарысты тоссақ, ескерткіш салынбайды. Сондықтан, маған жігіттік нартәуекелге баруға тура келді. Соның арқасында, Құлагер ескерткіші межеленген мерзімінде салынып, ел алдындағы уәдемді орындап шықтым. – Сәке, сіз ұлттық ат спорты федерация­сы­ның негізін қалаушы, ұлттық спорт түрлері қауымдастығының өмірге келуіне ұйытқы болған азаматтардың бірісіз. Ұлттық ат спорты түрлерінің федерациясы қашан құрылды? – Ұлттық спортты дамыту ел тәуелсіздігінің арқасында тоқсаныншы жылдардың басында қолға алына басталды. Оны көтерген Айып Құсайынов, Бошай Кітапбаев, Анатөлі Құлназаров, Сайлау Тұрыскелдин, Бердібек Сапарбаев, Иманғали Тасмағамбетов, Амалбек Тшанов, Серік Үмбетов сынды азаматтар. Соның арқасында еліміздің көптеген облыстарында ат спорты ойындары жиі өткізіле бастады. Сол тұста ұлттық өнерге сусап қалған қауымның тамашалағаны аса бір керемет болатын. Дегенмен, қайта түлеп жатқан ұлттық ойындардың белгілі жүйесі, бекітілген ережесі болмағандықтан, көптеген олқылықтар кетті. Аударыспақ, көкпар ойындарын өткізуге қарсылар да табылып, аяқтан шалушылар көп болды. Бұлай жүре берсе, ат спорты жастарды қызықтырудан қала ма деп қорықтық. Белгілі бір жүйе, ережеге бағынбаған істің кетеуі кететінін түсініп, 1995 жылдың қаңтарында Жастар ісі, туризм және спорт министріне хат жаздым. Абырой болғанда, бұл хат министрліктің сол кездегі бөлім меңгерушісі Елсияр Қанағатов­тың қолына тиді. Біздерге сол тұста шын ниетімен көмек жасаған Елсияр бауырға әлі күні алғысымыз шексіз. Сонымен, менің хатымның негізінде Қилан Нұртазинов, Кендебай Әбішев сынды бірқатар жігіттер тізе қосып, ақырында ұлттық ойындар ережелерінің алғашқы нұсқасын жаздық. Сосын ережелер дайын болғаннан кейін 1996 жылдың 1 наурызында Алматы қаласында тұңғыш рет қазақ атбегілерінің құрылтай конференциясын ұйымдастырдық. Бұл күн – Ұлттық ат спорты түрлерінің федерациясы үшін тарихи дата болып есте қалды. Ал қазір Ұлттық ат спорты федерациясы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығына айналып, ол өз құрамына 27 федерацияны біріктірді. Қауымдастықтың құрамында облыстық, аудандық филиалдарымыз бар. Құрылғаннан бері жүздеген халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық жарыстар өткіздік. Рес­публика бойынша 11 ұлттық спорт мектебі, 17 ат спортының клубтары мен орталықтары, 27 ипподромдар жұмыс істейді. 23 жылдың ішінде бүкіл Қазақстан бойын­­ша ұлттық спорттың барлық түрлеріне 18475 әр­түрлі жарыстар, шаралар, басқосулар өткі­зілген. Халықаралық «Көкбөрі» федерациясын­ құрдық. Бұл – зор жетістік деп ойлаймын. Қауым­дастықтың құрамында 1 миллиондай адамдар бар. – Әңгімеңізге рахмет. /Әңгімелескен Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан»./

***

Сәдібек Түгел  туралы  нақты  деректер мен дәйектер:

  1. Сәдібек Түгел- сөзі мен ісі бір жерден шығатын, айтқан уәдесін бұлжытпай орындайтын еліміздегі бірден-бір азамат.
  2. Сәдібек Түгел- әлемдегі тұлпарға  салынған ең үлкен ескерткіштің  идея авторы әрі негізгі ұйымдастырушысы.
  3. Сәдібек Түгел-ұлтқа адал қызмет істеудің үлгісін танытқан азамат.
  4. Сәдібек Түгел- 17 кітаптың авторы.
  5. Сәдібек Түгел-7 республикалық журналдардың бас редакторы болып отырған алғашқы қазақ азаматы. Ол рекорд.
  6. Сәдібек Түгелдің журналистика саласында 47 жылдық стажы бар.
  7. Сәдібек Түгел ең алғашқы мақаласын 1968 жылы 6- класта оқып жүргенде жазған. Мақала  «Совхозға көмек» деп аталды.
  8. Сәдібек Түгел- 1968 жылдың  шешімі бойынша  Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық «Рацсвет-Өркен» газетінің   үздік жас тілшісі атанды.
  9. Сәдібек Түгел- атақты «Қазанат» кітабының авторы. Ол елімізде  қазанат ұғымын қалыптастырған парасатты азамат.
  • Сәдібек Түгел- халық арасынан шыққан ұлт азаматы.
  • Сәдібек Түгел-халық арасында зор беделге ие болған бірден-бір азамат!
  • Сәдібек Түгел- Құлагерге ескерткіш салу үшін дүние мүлкін Ломбардқа салған  тұңғыш қазақ.
  • Сәдібек Түгел- еліміздегі ең жарқын, ең көрнекті идеялар мен бастамалардың иесі.
  • Сәдібек Түгел- айтқан сөздер мен терминдер:

 

  • Сәдібек ағаның жары Қайникамал  Түгел  келінінің жазған «Додада топты жарған  Азаматым!»- атты кітабынан   үзінді:  «Ғалымның хаты, асылдың сөзі  өлмейді»-деген халық нақылы бар. Сенің көптеген  тауып айтқан  өткір де асыл сөздеріңді    естіген бойда қалам алып, қойын дәптеріме  түртіп, жазып қоятын әдетім бар. Солардың біразын келтірейін: 1.«Кресломаниядан құтылмай, коррупциядан құтылмаймыз», 2.«Қуанса ауыл-қуанамыз бәріміз!». 3.«Қазанат –қазақтың қазынасы!»,   «Өткен замандарда империялық пиғылдағылар біздің халықты    101 қойға теңеп кемсіткен, біздің міндет-қазақтардың қой емес,  тұлпар, арғымақ  тектес Ер, Өр  халық екенін  дәлелдеу.  Бұл сөздерің  90 жылдары газетте басылған. 5. «Капитализм-жыртқыш аң сияқты. Тежегіштерін дұрыс пайдаланбасаң   талап жеп қояды». 6. Ауылды қайтадан құлпырту үшін, «Жаңа ауыл өндірісі» құрылымын ашу қажет. Сонда ғана ауыл  қалпына келеді. 7.  «Дипломмен –ауылға акциясын бастамас бұрын, ауыл тіршілігіне қан жүгіртетін  «Ауыл өндірісін» енгізу керек. Әйтпесе, жас маман жұмысы жоқ  ауылға барып, дипломды басына бастап жата ма? Арбаны аттың алдына  шығаруға болмайды.». 8.  «Арды сақтамай-алға баспаймыз, дұрыс  ел болмаймыз». 9. «Ұлтқа  адал қызмет істеу- бізге абыройлы міндет!», 10.  Ұлттық ат спортының Федерациясын алғашқы  құрушылары-нағыз  «жалаңтөстер». Олар ешқандай  ақша алмай  идея үшін жұмыс істеушілер  болып табылады. 11. «Біз журналистер, бізге біргеміз! «Мы журналисты-мы вместе!», 12 «Туризм, туризм деп жүріп күлкімізді тиып ала алмай қалып жүрмейік. Лас туризмді  елімізге кіргізбейік». 13. «Астана – жерұйығы елімнің!», «Астана- триумф независимости страны»14.  «Бүркіт-Ұлы Дала символы!», 15. «Жемқорлықты  болдырмау  үшін- «жемқорлықты жою» сабағын өткізу керек,  жемқорлыққа байланысты жұрттың  көзін ашу  керек, сонда  ғана бәрі  дұрыс  болады». 16. «Құлагер ескерткішін салу маған кімнің-кім екенін дәлелдеп берді». 17. «Азамат болсаң алдымен уәдеңді орында».18.2012 жылдың  қаңтар, ақпан айларында   «Ростов –на дону» қаласының аурханасында емделу кезінде  жазғаным: -«Қайкен, «Сәдібек сен үшін, осы  жаратушы иеміз Аллатағала сыйлаған  жарық дүниедегі ең  басты құндылық не?- деген сауалыңа айтар жауабым: 1. Бірінші: Туған Отаным-Қазақстан Республикасы. Оның тәуелсіздігі, жері, халқы, тарихы,  салт-дәстүрі, мәдениеті. 2. Екінші:  жанұям, балаларым мен  немерелерім. 3. Достарым».  Осы жерде  сенің  «Ростов» шаһарында  операциядан соң жазған  «Отан» атты шағын новеллаңды берудің реті келіп тұр.   

                                           ОТАН

«Бүгін  мен  өзіме-өзім таңмын. Бұрын соңды болмаған   алып күш менің   денемді  кернеп алған.   Байқаймын  бойымда тау  көтеріп, тас сындыратын   қайрат  бар. Соның дәлелі,   мен әп-сәттің ішінде  операциядан соң жатқан  ауруханадағы  нөмірі 219 палатының   төбесіне салынған ауыр бетон плиталарды иығыммен итеріп,  екі қолыммен көтеріп  тұрып  ашып,     ғимараттың үстіне жеп-жеңіл секіріп   шықтым.  Сыртта  түн.   Орыстардың «Ростов-папа» дейтін  қаласы  қалың ұйқыда жатыр. Далаға шыққан  бойы,  кеудемді  кере таза  ауаны аямай жұттымда, сансыз жұлдыздар мен арайлы ай мекен еткен   биік  аспан төріне қарай  құлашымды кеңге жайып, бейне бір  алып қырандай ұшып келемін, ұшып келемін.  Сөз жоқ, белгісіз  бір ғажайып   мені алға сүйрейді, сүйемелдейді, қолдайды, қоштайды, шақырады. О тоба, бұл  не екен?!

– Сәдібек, көзіңді аш, біз қасыңда тұрмыз- деген жан-жарым Қайкеннің дауысынан соң наркоздан ояндым.  Палата толы ақ халатты абзал жандар, мені емдеуші  дәрігерлер мен хирургтер.

– Вы в рубашке родились,  операция прошла  удачно. Будете жить- деді, білікті маман, Ресейдің Ростов қаласының атақты хирургі Валерий Викторович.

– Спасибо, брат! Я Вам, чрезмерно благодарен – деп, ақырын  жауап бердім. Есімді тез жидым.

Дәрігерлер кетіп реанимацияда жалғыз қалғанда, жаңағы наркоз  кезінде   болған жағдайлардың  шешімін табуға ой жүгірттім. Шынында бұл , не нәрсе?! Не күш, мені сүйрелеп, ашық аспанға алып шыққан?!

 

– Таптым, таптым – деп, қуаныштан өзіме-өзім күбірледім.  Ол- жаратушы иеміз, Аллатағаланың нұрына бөленген, ата-бабаларым  қанын, терін төккен, құт қонған құтты мекенім Қазақстаным! Аллатағала сыйлаған жарық дүниедегі ең   қымбатты, ең  қастерлі құндылық-туған Отан! Оған ештеңе жетпейді!  Ештеңе  тең келмейді!  Мені жетелеген де, сүйемелдеген де жаратушының қолдауы мен туған Отанның ыстық ықыласы, аялы алақаны, Ұлы даласы, ұл-қыздары, достарым, балаларыммен немерелерім,  елім-қазағым !

Мен, Сәдібек Түгел атты  қарапайым бір ұлың,  бойымда жаным, жүрегімде от барда Отаныма   адал  қызмет  істеуден  әсте шаршамаймын, жалықпаймын. Тілейтінім  алладан -Отаным сен  аман болшы, сен бар болсаң мен бармын, сен  тұрғанда мен  тірімін!

Сәдібек Түгел. 2012 жылдың  4 сәуірі. Аурухана .  Ресейдің Ростов қаласы».

  • Құлагер ескерткішін салу ұлт тарихындағы ерекше оқиға болды. Құлагер есерткішін слуға байланысты орын алған қызықты оқиғалар:
  1. Адвокат Жұматай Абдильдиндердің  айтқандары:

 

 

 

 

 

«–«Сәкең маған телефон шалып, А. Жұбанов көшесінің бойындағы нотариусқа келуімді сұрады. Бұл мерзімі 2009 жылдың мамыр айының басы болатын. Мына қағаздарды қарап берші деді. Құжатты қолға алған сәтте, денем дірілдеп,шошып кеттім. Сату – алу келісім шарты жасалынып қойылған. Тек қол қою ғана қалған екен. —Сәке, мынау сұмдық қауіп қой. Сізді бұған кім мәжбүрлеп отыр? Алған ақшаңызды уақытында қайтара алмасаңыз, бәрінен айырыласыз дедім. Бірақ Сәкең менің айтқаныма көнбеді».

 

-«Ескерткішті тұрғызбасам, елдің алдындағы уәдем орындалмай қалады. Ол мен үшін өлгенмен тең»-деді. Біздің қазақ мұндайды «Басын бәйгеге тіккен Азамат» – деп айтады, жоғары бағалайды.

 

-«Сәке, өзіңіз білесіз, мен заңгер ретінде ескертіп тұрмын деп тұрсам да, іштей Сәкеңнің алған бетінен қайтпайтын, жігіттік намысты бәрінен биік қоятындығына риза болдым. Мемлекет қазанынан бюджеттің ақшасын тек жапырып алуды, жеуді, қарапайым халықты алдауды, тонауды білетін, сосын шетелге тұра қашатын сатқындар көбейген мына заманда да, дәл осындай мәрт, нағыз патриот азаматтардың азда болса барына көзімді анық жеткіздім. Бір Аллатағалаға шүкірлік еттім. Содан бері Сәдібек Түгелді үлгі ретінде үйде де, достар арасында да, елде де айтып жүремін. Сәкең ондай құрметке бірден- бір лайық азамат. Бұл жерде баса айтар бір пікірім бар. Негізінен алғанда, ескерткіштер мемлекет қаржысына, бюджеттің ақшасына салынады. Сондай монументтер салынып, оның салтанатты ашылу тұсында кейбір облыс, қала, аудан әкімдері өз қалтасынан ақшасын шығарып салғандай, әтеш сияқты қоразданып, айналасындағыларға менсінбей қарап, кекірейіп жүреді. Олардан жүрегің айныйды. Ал, тіпті, ескерткіштер салуға бөлінген мемлекет ақшасын оңды-солды шашып, жемқорлықпен қымқыратындары бар. Сондай мемлекет қаражатына салынып, жараусыз қалған ескерткіштермен салыстырғанда, Ұлы Дала тұлпары Құлагер ескерткіші мың, миллион есе құнды әрі таза еңбек деп есептеймін. Сондықтан да, азамат ретінде, заңгер ретінде Сәкеңнің бұл қадамын ерлік деп есептеймін».

                Марат Нәбиевтің мәрттігі.

  • «Сосын, Құлагер ескерткішінің салынуына байланысты халқымыздың біртуар азаматы, белгілі кәсіпкер Марат Нәбиевтің өткір сөздеріне риза болып, азаматтық позициясына тәнті болдым. Біраз ауқатты, лауазымды адамдар бас қосқан жерде, бір байшікеш мырза өрескелдеу әңгіме бастайды. -«Жаңа көшеден шегірткедей кіп-кішкентай машина мінген Сәдібек Түгелді көрдім. Естуімше бір атқа ескерткіш саламын деп, бар жиғанын ломбардқа өткізіп жіберіп, жаяу қалыпты. Ломбард ойыншық емес. Қарызын қайтармаса үйінен де күйінен де айырылып далада қалады . Осындай Қожанәсірді бірінші рет көріп тұрмын деп, үйді басына көтеріп, тырқ-тырқ күледі. Бұл сөзге шыдамай кеткен Марат аға орынан атып тұрып:-Әй, олигарх, не оттап, не қыртып тұрсың?! Намысың қайда?! Сәдібек ұлттың тарихын асқақтатып осындай қадамға барып отыр емес пе?! Менімше, бұл нағыз ерлік! Сен, неге салмайсың осындай ескерткішті, жиған–тергеніңді оффшорға жіберіп, қалғанын жамбасыңа баса бермей?! Біз тұрғанда, халықтың ішінен шыққан Сәдібек Түгел ешқашан далада қалмайды, жаяу қалмайды!» – деп оған тарпа бас салады. Жауап қатуға уәжі жоқ бейшара «супербай», қып-қызыл болып сол жерден қашып кетеді».

Сұрақ:- Аға, олигарх айтқан кішкентай машина туралы білгім келеді?

«Жауап:- Ол дұрыс айтқан. Өзім күндіз-түні мініп жүрген көлігімді ломбардқа салғаннан кейін, шарасыздан әйелімнің титтей «Киа-пикантосын» пайдалануға тура келді. Сол машинаны теуіп жүрген кезде бір қызық оқиға орын алды. Абылайхан даңғылынан Кенесары көшесіне өтер сәтте, мені алдыңғы бағдар шамын жыпылықтатып, пип-пип деп бір машина тоқтатты. – «Не болып қалды» – деп терезенің шынысын түсіріп қарасам, маған қарай қабағы түсіп кеткен белгілі журналист, «Ел» республикалық газетінің бас редакторы Қойшыбай Есентаев келеді.

  • –«Сәке, Ассалаумағелейкум! Әдейі тоқтатып тұрмын. Байқаймын, бірнеше күн болды басқа көлікпен жүрсіз. Не болып қалды? Өзіңіздің қара Джипіңіз қайда? Мына машина Сізге мүлдем жараспайды, келіспейді. Қысылып жүрсеңіз менің машинамды тебіңіз, міне кілтіңіз деп тұр.»
  • «Бүгін құлын, ертең тай, ұстараның жүзіндей аударылған дүние ай»- демей ме, өмірде қандай қатал болсам да, көңілім толқып кетті. –Қойшыбай бауырым, осы айтқаныңның өзі, мен үшін, қандай қолдау екенін білесің бе?! Жүр кеттік, бильярдқа дедім.»
  • Сұрақ:–Ал, елден естуіміз ше, Сіздің жездеңіздің уайымдағаны сондай, жүрегі ұстап, ауруханадан бірақ шығыпты ғой.
  • Жауап:–Ол да рас. «Әкенің жақсысы жездедей болады»- деген біздің қазақ. Ертеңінде жездемнің көңілін сұрауға ауруханаға бардым. —«Палатаға кірген бойда, жезде, ештеңе бүлінген жоқ, достарым бар емес пе, алған қарызды уақытында қайтарып, залогтағы дүние-мүлікті аламын, бәрі дұрыс болады, сен оған бола жүрегіңді ауыртпа»- деп тіл қаттым. —«Сәдібек, мен саған тілектес жанмын ғой. Айтайын дегенім, ең жаман түсімде көргім келмейтін, нар тәуекел іске барып отырсың. Ұтылып қалма. Қазір, біздің қоғамда не-бір табалайтын ағайындар бар. Оларға сенің өскенің, жеңіске жеткенің емес, жеңілгенің мен құлағаның керек. Солардан сақ бол! Қалай дегенмен, жарайсың, ұлтқа керек батыл қадам жасап отырсың! Алла тағала қолдасын!»- деп жездем ақ тілегін жеткізді.
  • Құлагер ескерткіші арқылы «Кімнің кім екенін» білдік. Бір қыртты өлтіріп ала жаздадық.
  • Мына бір оқиғаның жанында жездемнің ауырып қалғаны әшейін ойыншық сияқты. Оқиға былай өрбіген: ….Құлагер ескерткішінің салынарында «Құлагер – Ұлы дала тұлпары» атты республикалық бастама көтерілді. Оған жүрегі елім, жерім, ұлттық құндылықтар деп соғатын азаматтар белсене араласып, ат салысты. Солардың бірі арқа қазағы Тастемір деген азамат. Ол Құлагер ескерткішін салуға демеушілік жасайтын адамдарды іздеу барысында Қазақ темір жолы бойынша өткізілетін тендрлерден жыл сайын мол ақша қарпып алатын, бір құрылыс компаниясының сақалы беліне түсетін, қолынан тәспиығы түспейтін директорымен кездеседі. Кездесуінің себебі, әлгі бизнесмен қазақ жүрген жерінде кеудесін соғып, мен ұлтжандымын, мен ұлттық мүддені сақтаймын, мен ұлт үшін отқа түсемін деп аузы көбікке толып, сөз сөйлейтін адам еді. Тастемір оның қандай азамат екенін іс жүзінде тексеріп алайын деп жолыққан ғой. Келген бойда оған жаңа елордамыз – Астана қаласының жанында аты аңызға айналған, мың жылда бір рет туатын атақты Құлагер тұлпарға ескерткіш салынатынын, оның қажеттілігін айтады. Бұл әңгімені естіген жаңағы екіжүзді қырт бұлқан-талқан болады. Сонда оның айтқаны:
  • – «Астапыралла, астапыралла, хайуанға да ескерткіш салынады екен ғой. Мен барлық ескерткіштерге қарсы діндар кісімін. Маған салса, Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи, Арыстан баб, Алматы, Көкшетаудағы Абылайханның, Астанадағы Кенесары ескерткіштерін, Қабанбай кесенелерін құрту керек, алып тастау керек дейді». Мұндай ұлтқа, ұлт руханиятына қиянат келтіретін сөзге шыдамаған Тастемір батыр оған қарсылық білдіріп былай дейді:
  • -«Ал, жарайды делік, сіз о дүниелік болған ата-бабаларымыз Яссавиге, Арыстан бабқа, Абылайға, Қабанбайға, Кенесарыға қарсысыз. Ал, Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевқа «Қазақ Елі» алаңының алдында ескерткіш ашылған сәтте сонда ба тұрғаныңызды теледидардан көріп едім. Сіз сонда біз үшін аса құрметті, аса мәртебелі, тәуелсіз еліміздің негізін қалаушы Елбасының ескерткішіне де қарсы болдыңыз ғой. Соны айтыңызшы, – деп, қарсы сұрақ қояды. Сонда әлгі бейшара не айтарын білмеей, ааа…ааа…ааа деп есінен талып, ауызынан ақ көбік шығып құлап түседі. Сөйтсе, оның эпилепсия – талма ауруы бар екен. Әлгі жерде бәрі әбір-сәбір болады да қалады. Бастығының осылай ауыратынын білген көмекшісі мен хатшысы жүгіріп кеп, біреуі аузына су құяды, екіншісі таяқпен аузын керіп, есін жиғызады. Сөйтіп, қадалған жерінен қан алатын Тастемір бауырымыздың қасиетінің нәтижесінде, сөз жүзінде газет- теледидардың бетін бермей елге ақыл айтып көсемситін, іс жүзінде былшыл қырт әрі екі жүзді, ұлтқа қауіпті өте арам пиғылды қазақтан айырылып қала жаздадық.
  • Сұрақ: – Сәдібек аға, сонымен, менің редактор, бастығым сұрағандай ломбардқа жүгінуіңізге кім Сізді мәжбүрледі?! Оқырмандарға түсінікті болу үшін, толығырақ айтып берсеңіз.
  • НАРТӘУЕКЕЛ
  • Жауап: – Жағдай мәжбүрледі. Жігіттермен алдын-ала кеңескесін, олардың уәделеріне орай бұл жұмысты 2008 жылдың соңғы айларында бастап кеттім. Идея мақұлданды, жоспар жасалынды, ондаған эскиздің нұсқалары істелінді, оған танымал азаматтар қатысты. Белгілі архитектор Сұлтан Ильяев жасаған вариантты ҚР ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед басқарған мемлекеттік комиссия 2009жылдың қаңтар айында бекітті. Бірнеше дөңгелек үстел басындағы бас қосулар, жиналыстар, экспедициялар өткізілді. Оған еліміздің жақсылары мен жайсаңдары қатысты. Алдымен әрбір құрылыс нысандарына тән геодезия, жобалау, жер мәселелері қаралып, шешілді. Бішкекте қырғыз елінің атақты сәулетшісі, профессор Болатбек Садықовтың шеберханасында Құлагердің мүсінін жасаудамыз, оған үш елдің шеберлері қатысуда, қазақстанда құрылысшылар ескерткіштің фундаментіне бетон құюда және тағы басқа үлкенді-кішілі қаражат тілейтін жұмыстар жүргізілуде. Графикке сәйкес оларды қаржыландыру керек. Ақша жоқ. Біз әлемдік қаражат дағдарысына тап болдық. Уәделерін үйіп-төгіп берген жігіттер, дағдарыстың салдарынан суы тартылған өзендердегі балықтардай қарбалаңдап қалды. Енді қайттік. Дағдарысты тоссақ, ескерткіш салынбайды. Сондықтан, нартәуекелге баруға тура келді. Ар жағын өзіңіз білесіз.
  • Адамдар-ау, айтыңдаршы, сендердің алдарыңда қандай жазығым бар? Мені не үшін ұрып өлтірдіңдер?
  • Сұрақ: Құлагерге арналған «Құлагер құдыреті-Феномен Кулагера»- атты кітабыңыз неге аяқталмай қалды?
  • Жауап: Қазақша нұсқасы бітпей тұр. Әзірге. Жағдай былай болған. Құлагер ескерткішінің салтанатты ашылуы қарсаңында «Фолиант» баспасының басшысы Нұрлан Исабековтен екі тілде кітап шығарайық деген ұсыныс болды. Келістік. Мен бірден жазуға отырдым. Мерзім өте тығыз болатын. Орысша бөлімін жылдам жазып шыққаныммен, қазақшасын жазарда қаламым жүрмей тұрдым да қалдым. Оған Құлагер тұлпармен екеуара әңгімеміз себеп болды. Мен сұрақ қоямын. Тұлпар жауап береді. Бір сәтте, мың жылда бір-ақ рет туатын асыл жануар тіл қатып былай деді: «Мені жер мен көке сыйғызбай мақтайсыңдар кеп, жүзден-жүйрік, мыңнан-тұлпар шыққан, алдына қара салмай 12 Ұлы Аламанды ұтқан,  бүкіл қазаққа қуаныш сыйлаған деп. Олай болса ,айтыңыздаршы адамдар-қазақтар,    не үшін мені  ұрып өлтірдіңіздер? Жазығым қандай??».
  • Осы жерге келгенде қаламым жүрмей қалды. Себебі жауап жоқ. Аға, үлгере алмай қаламыз деп Нұрлан асықтырады. Бір күні ертесімен «Фолиантқа» келіп, Нұрекеге болған жағдайды баяндап бердім. Құлагердің сұрағына толық жауап бермегенше бұл кітап жазылмайды дедім. Ол түсінді. Содан бері тұлпардың сауалына жауап іздеп жүрмін…Тірі болсақ жауап табармыз деп ойлаймын. Сонда ол кітап жарыққа шығып, оқырмандарымен қауышады.

***

Садыбек Тугел – сопредседатель республиканского социально –культурного движения  «Ұлы дала қырандары», известный писатель, автор 14 книг, Член Союза Писателей Республики Казахстан, общественный деятель страны,  Президент Федерации национальных видов конного спорта РК,  автор идеи и непосредственный организатор памятника знаменитому тулпару степи Кулагеру, первый пресс-секретарь новой столицы – города Астаны,  основатель и главноый редактор 7-ми  республиканских журналов: «Замана желімен жарысқан – Қазанат», «Біз – Астаналықтар!» – «Мы – Астанчане!», «Керемет той», «Құлыным», «Журналистер әлемі», «Ұлы Дала Қырандары», «Ұлттық спорт»,  основатель и руководитель   «ТУГЕЛ-МЕДИА» обьединения автор и организатор вечера памяти известных журналистов столицы, автор идеи  и руководитель проекта «Бірлігі мықты ел озады!» – «Наша сила – в единстве!».

Известный писатель-журналист,  общественный деятель Садыбек Тугел является  известным имиджмейкером Восточно Казахстанской области; Героями книг Садыбека Тугела  является   жители ВКО. Он автор 14 книг. Он является  первым секретарем новой столицы –  г. Астаны. Именно он стоял у истоков создания столичной прессы. Садыбек Тугел  умело  и грамотно проводил  образцовую работу по созданию позитивного имиджа  новой столицы  города Астаны в СМИ.   Он является основателем  Международного пресс-центра г.Астаны.  Здесь  он проводил более 1000 пресс –конференции,  брифингов,  интересных встреч, «круглых столов»,  ярких «пресс-туров».  При его активном участии  были созданы  газеты «Вечерняя Астана», «Астана Ақшамы», телекомпания «Астана» и радио «Астана».  Автор и организатор  проведения  вечеров памяти известных столичных журналистов совместно с Акиматом города Астаны. Является  признанным имиджмейкером  новой столицы – города Астаны. Он автор 7 книг, посвященные новой столице : «Көк күмбезді –  Астана», «Астана- город солнечной системы», «Жерұйығы елімнің Астана», «Астана  – триумф независимости страны», «Астана – таңғажайып қала», «Астана – сердце страны», «Первопроходцы Астаны», «Астана хикаялары»,  «ӨСЕ бер, ӨРЛЕЙ бер, АСТАНА!» где главным героем является основатель новой столицы, Первый Президент  РК – Елбасы Нурсултан Абишевич Назарбаев.   Он активный общественный деятель страны. Является   основателем и Президентом Федерации Национальных видов конного спорта РК,  сопредседателем  республиканского движения «Ұлы Дала Қырандары». Со дня создания  Федерации  непосредственно проводил более 100 международных, республиканских конно-спортивных соревнований.

Садыбек Тугел пользуется заслуженным уважением и авторитетом среди астанчан и жители  республики. Имя Садыбека Тугела  хорошо известно не только в  городе Астане, но по всей стране и за ее пределами. Снискал он эту известность не только многогранной творческой деятельностью, но и неутомимой общественной работой. Садыбек Тугел  является патриотом и пропагандистом культуры и традиций своего народа, благодаря ему о нас знают во многих странах мира.

Главное его детище – энциклопедия «Казанат», написанная в сооавторстве с известным  патриотом страны Кенесом Хамитовичем Ракишевым изданная в Турции на трех языках, на московской Международной книжной ярмарке признанная лучшей книгой года в странах СНГ, успевшая уже стать раритетом, помогла читателям заново открыть для себя красоту и величие гривастых, полюбить их, прикипеть к ним душой.

Он расширил границы традиционных национальных конно-спортивных искусств, презентовал их во многих странах мира. Показательные выступления и официальные соревнования по ним на сегодняшний день успели пройти на четырех континентах из пяти, обитаемых человеком.

Всем известно, потрясающее выступление казахстанской команды под руководством Садыбека Тугела на первом мировом фестивале  беркутчи, состоявшемся в Лондоне  с участием посланцев 53 стран. Там наши мастера охоты с пернатыми поднебесными бойцами не только становились обладателями главных призов, но и провели мастер-классы с очарованными их мастерством «хозяевами площадки».

Увенчался триумфом для казахстанцев и международный фестиваль национальных спортивных игр их 20-ти с лишним видах с участием команд из 25 стран мира, включая от США, Франции до Японии и Малайзии, прошедший минувшей осенью в Турции. Здесь не было равных нашем кокпаристам. В исполнении наших всадников игра, которую по азарту и страстям приравнивают к футболу, не раз и до этого завораживала зарубежных зрителей.

Но чтобы блистать на мировой арене, непременно нужно свое внутреннее спортивное хозяйство вывести на должную высоту. Эту сферу  С.Тугел считает несущей линией своей работой. Если перейти на язык статистики, то получается, что за 23 года работы неутомимый человек со своими единомышленниками успел создать 27 республиканских федераций по различным национальным видам спорта, сотней их областных, районных и сельский филиалов.

Сегодня Садыбек Тугел является академиком Академии гуманитарных наук и Международой Академии  Информатизаций РК, преподавателем ЕНУ им. Л.Н. Гумилева. Им создан международный центр печати. Заложил основу объединение «ТУГЕЛ МЕДИА». Под его руководством издается целые ряд журналов. Он автор 12 книг, 7 замечательных документальных фильмов, около 1000 очерков и статей на актуальнейшие темы. В мире художественной литературы его знают как признанного мастера самого трудного жанра – новеллы. По его проекту появилось на свет социально-культурное общественное движение «Ұлы Дала Қырандары» (Герои Великой Степи) девизом движения является «Бірлігі мықты ел озады», «Наша сила в единстве». В настоящее время работает над созданием музея Славы Великой Степи посвященное  проведению в нашей стране «АСТАНА ЭКСПО-2017».

Садыбек Тугел  является инициатором и основателем Международного пресс-центра города Астаны, который сегодня объединяет более 100 СМИ не только Республики Казахстан, но и зарубежных стран;

– со дня основания Международным  пресс-центром под непосредственным руководством Садыбека Тугела проведены более 1000 пресс-конференций, брифингов, встреч, «круглых столов» и семинарских занятий;

– является инициатором проведения популярного среди журналистов страны первых пресс-туров по Коргальжинскому заповеднику, Чарынскому каньону, озеру Кольсай, кургану Иссык, Тургеньскому ущелью, Берельскому кургану, в Катон-Карагайский район, курортную зону Боровое, Павлодарскую, Восточно-Казахстанскую область;

– инициатор проведения важной акции под названием «Қуанса ауыл – қуанамыз бәріміз», с участием всех журналистов, посвященной «Году аула»;

– инициатор приезда в новую столицу 60-ти ведущих крупных СМИ 1998 году , в числе которых: «Рейтер», «Си-эн-эн», «Би-би-си», «Ассошейтед-пресс», «Франс-пресс», «Синь-Хуа», «Итар-ТАСС», ОРТ, РТР, «Деловые люди», «Известия», «Комсомольская правда» и т.д.;

– является инициатором закладки «Аллеи журналистов», которая стала началом активного озеленения столицы;

            – организатор и инициатор проведения Фестиваля журналистов всех СМИ, посвященного Международному дню солидарности журналистов 8 сентября 1998 года и 2002 года;

– активно освещал деятельность здравоохранения столицы. Проводил десятки пресс-конференций и организовал посещение журналистами объектов здравоохранения;

– под руководством Садыбека Тугел проведены более 30 рейдов с правоохранительными органами;

– организовал посещение журналистами более 100 новых объектов, строящихся в столице;

– стоял у истоков становления молодой прессы новой столицы. При его активном участии были созданы «Вечерняя Астана», «Астана акшамы», «Елорда – Астана», «Пульс – столицы», информационное агентство «Астана дауысы – Голос Астаны», телевидение «АС – ТВ» (сейчас «Астана»);

– инициатор проведения презентации двух столичных газет «Вечерняя Астана» и «Астана акшамы»;

– принимал активное участие в подготовке и проведении международной презентации новой столицы 10 июня 1998 года;

– был членом штаба Международного пресс-центра в дни проведения международной презентации;

– одним из первых организовал знакомство журналистов с Генеральным планом развития новой столицы, проводил масштабную имиджевую компанию;

– является автором названия нового парка в юго-восточной части столицы «Жерұйық» с одобрением Н.Назарбаева Президента Республики Казахстан;

– является одним из авторов проведения благотворительных акции «Детям сиротам посвящается»;

– является инициатором проведения спортивных соревнований по футболу среди журналистов в 1998-2000г.г;

– автор книг посвященных новой столице – городу Астане «Первопроходцы Астаны», «Көк күмбезді – АСТАНА» – «АСТАНА город солнечной мечты» и «Астана – триумф независимости страны», «ӨСЕ бер, ӨРЛЕЙ бер, АСТАНА!», «Астана хикаялары», «Астана –Жерұйығы елімнің» главным Героем, которых является ГЛАВА ГОСУДАРСТВА НУРСУЛТАН АБИШЕВИЧ НАЗАРБАЕВ;

– по приглашению Садыбека Тугел в гостях Международного пресс-центра г. Астаны были десятки знаменитых деятелей политики, искусств, культуры и спорта. Среди них Ю. Лужков, Н. Михалков, В. Корчный,  Ф. Киркоров, В. Спиваков, В. Кикабидзе, М. Ульянов, А. Рыскулов, Т.Мусабаев и многие другие;

– является «Лучшим пресс-секретарем Республики Казахстан» 1998-1999годов;

– награжден медалью «Астана»;

– является заслуженным тренером Республики Казахстана;

– лауреат премии Союза журналистов Республики Казахстан им. Совета Масгутова;

– дважды награжден Благодарственным письмом Президента РК Н. А. Назарбаева, Грантом первого президента РК Н. А. Назарбаева  за  образцовую работу по созданию позитивного имиджа новой столицы- города Астаны.;

– заслуженный деятель РК , 2008 год;

–  заслуженный деятель культуры РК;

– почетный деятель спорта РК;

– почетный деятель туризма РК.

 ***

Халықтың арасынан шыққан жарқын Азамат!

 Сәдібек Түгел – бала жастан ат жалын тартып мінген, көкірегі от-жалын, ұстанымы жоғары Азамат. Ол бүкіл саналы өмірін – Ұлы Дала мәдениетінің темірқазығы болып саналатын ұлттық ат ойындарының дамуына және  жаңа Елордамыз-Астана қаласының  өсіп-өркендеуіне арнап келеді. Бұл жолда Сәкең өршіл мінез, қайсарлық, қайраткерлік танытып, небір қиындықтарға төтеп беріп, ел арасында зор абырой, беделге ие болып отыр.

 Еліміздегі   ұлттық құндылықтардың  танымал ұлықтаушысы, зерттеушісі, Астана қаласының тұңғыш  баспасөз хатшысы, Ұлттық Ат спорты Федерациясының президенті, «Ұлы Дала Қырандары» республикалық  қоғамдық әлеуметтік-мәдени  қозғалысының тең төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы   Сәдібек Түгелмен  сұхбат

 А. Қашағанова : – Сәдібек аға,  Сіздің 60 жылдық  мерейтойыңызға арналған  баспасөздік ақпарат-хабарды  оқып шыққан бойда,   Сізбен кездесуге асықтым.  Оның сыры мынада.   Менің түсінігімде  Алла Тағаланың  қалауымен  жер бетін басып жүрген  әрбір  адам  жақсылықты, ізгілікті,  ең бастысы  әділдікті  қалайды, соған ұмтылады.   Қоғам да  мемлекет  те  солай  дамуға, өркендеуге тиісті.  Әділдік болмай   ешқандай қоғам, мемлекет өрге баспайды.  Ол  бұзылмайтын ақиқат. Туған  Отанымыз – Қазақстан Республикасындағы  адами ниеттері бұзылмаған, дұрыс жүріп, дұрыс  табыс тауып, еліне, отанына  адал қызмет істеп жүрген ағайындар аз да болса  баршылық. Оған шүкіршілік етуіміз керек деп ойлаймын.   Жастар соларға  қарап  бет түзейді, үлгі алады. Сол сандағы    азғана азаматтардың бірі ретінде  Сізді,  біздер жастар  қадір тұтып, қастерлейміз. Оған арқау болатын  Сіздің айшықты атқарған  игілікті  шараларыңыз бен  өршілдігіңіз,  жігіттік мәрттігіңіз, нартәукелшілдігіңіз  даусыз дәлел бола алады. Ең басты  құндылығыңыз – ұлтқа адал қызмет   істеп келе  жатқаныңыз  деп айта аламын. Аға, бүгінгі   сұхбатымның негізгі тақырыбы да   адалдық, әділдік   ұстанымдары туралы  болайын деп тұр.

Біздер жастар, Сізді айтқан уәдесін  қайтсе де  орындайтын, сөзімен ісі бір,  ұлтқа ерекше жанашыр және тың ойлар мен  өткір пікірі бар   тұлға-азамат  ретінде   бағалаймыз.   Ашығын айтсам мерзімді басылымдардан,  әлеуметтік желілерден Сіздің  ұлтымыздың  болашағына, ел мүдесіне  арналған   батыл түрде ашық   айтқан  ерекше  ойларыңыз бен  өткір пікірлеріңізді   іздеймін.  Тапқан бойда  құшырланып оқимын. Басқаларға интернет арқылы салып жіберемін, олармен бірігіп  талқылаймыз. Сіздің жазғандарыңыз,  сұхбаттарыңыз    әрқашан  қызу пікір- талас  туғызады. Бір сөзбен тұжырымдасам, Сіздің тұла бойыңызда    ұлтқа аса қажет ұлағаттық   ұғымы бар. Сондықтан да осы сұхбатты алып тұрмын.                                               

 Сұрақ:  Алдымен,  кіндік қаныңыз тамып, туып-өскен өлкеңіз туралы айтып берсеңіз?

Жауап:  Дұрыс айтасыз алдымен оқырмандарымды  өмірбаяныммен  және  туып-өскен ауылыммен  оның ғажайып табиғатымен таныстыра кетуді  жөн  көріп тұрмын.  Басы ашық  мәселе менің кіндік қаным тамған жер, бар қазақтың  ырысы  мен берекесі саналатын  Өр Алтай, Асқар Алтай, асау Ертіс, Ерке Ертіс  өңірі екені   барша  елге  аян.  Ұлы Отан соғысының  жеңіспен  аяқталғанының  10 жылдығын 1955 жылы  бүкіл халық болып атап  өтуге  арналған дайындықтың қызған шағында қарапайым еңбек адамдары «Қызыл Ту» колхозының жылқышылар бригадасының бригадирі  Түгел Құмарұлы  мен  колхоз жұмысшысы Мәрия Түгел келінінің шаңырағында  мен   7-ші  бала болып  мынау жарық дүниеге келдім.  Шынында жер шарын да өмір сүріп жатқан әрбір адам үшін  кіндік қаны тамған, құлдыраңдаған құлындай  құрбыларымен асыр салып ойнап-өскен жерінен артық жұмақ жер барма шіркін  бұл дүниеде?! Мұндайда дана халқымыз : «Туған жердей – жер болмас, туған елдей-ел болмас» – деп дәл тауып айтқан ғой. Сонау ғасырлардағы ержүрек ата-бабаларымыздың  бойларындағы   жандарын қиып, қасық қандары қалғанша  арпалысып-соғысып жүріп,  болашақ ұрпақтарына аманат ретінде  қалдырған Ұлан ауданының топырағы мен   Сәдібек Түгел   үшін, кір жуып, кіндік қаным  тамған, ат жалын тартып мініп, ер жетіп есейген, кейін үйленіп, отау құрып, балалы –шағалы болған және туған отанымызға адал қызмет атқарған киелі де қасиетті мекенім  болып саналады.  Ұлан ауданы  Өр Алтайдың, Асқар Алтайдың құт қонып, бақ дарыған аудандарының бірі де бірегейі десем артық айтпаған болар едім. Өйткені оның  жерінің асты да алтын, үсті де алтын аймақ. Табиғаты қандай ғажайып  десеңізші?! Сібенің бес көлі  Аллатағалының  бізге  берген   керемет сыйы емеспе?! Ондай тостағандай, суы мөлдір көлдер әлемде сирек кездеседі. «Айыртау» мен «Шыбындыкөлдер», «Сандықтау»  жайлауы, шыңдары биік  Көктау, Қалбатаулар, «Сібе», «Ұлан», «Ұранхай» өзендері, «Шешекті» мен «Атығай» асулары ауданымызға көрік беріп тұрған жерлер. Қазақстандағы суы балдай, тау бұлақтары ең көп  өлке де Ұлан ауданы. Жалпы Ұлан ауданы  жылдың  төрт мезгілі толық сақталатын:  берекелі күзі,   әдемі қысы,  көктеген-көктемі, жайнаған –жазы бар аймақ. Қойнауы кенге, өрісі малға толған өлке де Ұлан жері. Дүниежүзіндегі ең  қымбат, ең бағалы  металл  саналатын «Танталда» біздің жерден  табылған. «Ақбауырға» байланысты ғалымдар  Ұлан ауданын жер кіндігі деп атауда.  Ұлан ауданы  жүрек жұтқан батырлар отаны болып есептеледі. Біздің ауданнан  бес  Совет Одағының Батырлары , бір Халық Қаһарманы  туып-өскен. Олар:Ізғұтты Айтықов, Төлген Тоқтаров, Серікқазы Бекбосынов,  Иван Варепа,  Хамза Мұхамадиев  және партизан Қасым Қайсенов. Күй атасы-Құрманғазы,  ал күй патшасы-Кет-Бұқа  бабамыз. Шыңғыс ханнан кейін  екінші тұлға болып саналатын Кет-Бұқа атамыз Ұлан топырағының тумасы. Оған  қарт тарих куә. Алаш қозғалысының негізін қалаушылардың бірі де бірегейі  Райымжан Мәрсеков есімі   барлық елге аян.Айта берсем, бізде  таусылмайтын тарих бар. Өз заманында Жәйілмістің ұлдары Сатый мен Сатыбалды бес қаруын сайлаған батыр, тереңнен сөз қазып, тіл безеген шешен, топ бастаған көсем болыпты. Егескен тұстағы ерліктері аңызға айналып, қиуадан шауып, қисынын тауып айтқан өнегелі сөздері ұрпақтан-ұрпаққа ауысыпты. «Туыс-жақындарымның айтуынша, мен жарық дүние есігін ашар күннің алдында көрші әйел босанып, үш қыз туыпты. Ең қызығы, Нағыш  тәтеміз үш күн қатарынан  толғатып,  босанған.  Дүниеге  үш  егіз  қыз әкелген. Нәрестелердің біреуі – 20, екіншісі – 21, үшіншісі – 22 күні туған. Ауылда үш күн бойы шілдехана тойы өтеді. Енді болды ма дегенде, төртінші күні 1955 жылдың 23-ақпанында мен туыппын. Сонда біздің Сатый ауылы атқа мінер ұл келді  деп  қуанып , бір жұма тойлаған екен. Мұндайда қазақ: «Тойдан құдай  айырмасын», – дейді.

Сұрақ: Әке-шешеңіз туралы, олардың   ұлағатты тәрбиелері туралы да  айтып берсеңіз?…

Жалпы, өмірімде әкем Түгел Құмарұлының  орны ерекше.  Күні бүгінге дейін бірталай жауапты қызметтердің тізгінін ұстап,  қайтсем елге пайдамды тигізсем деп жар құлағым жастыққа тимей жүрсе, ол ең алдымен менің санама әкемнің сіңірген асыл қасиеттерінің арқасы деп білемін.

Қасиет, демекші әкеміздің сонау жылдардағы мына бір елден ерекше өсиеті күні бүгінге дейін жадымда жаңғырады. Бұл да әкелік асыл қасиеттің нышаны шығар деп білемін. Біз бір үйде сегіз баламыз. Ата-атанамыз үш ұл, бес қыз сүйген. Мен ұлдың кенжесімін. Сол уақыттарда менің он екі, он үштердегі ағаларымның  менен гөрі едәуір естияр болып қалған кезі. Біркүні әкеміз үшеуімізді қарсы алдына жүгінтіп қойып, салмақты бір сөз бастады. Қолында сабы бедерлі, әсем  де суық үш бірдей қанжар-пышақ.

– Мына қанжарларды сендер  үшін арнайы ұстаға барып, соқтырып алдым, – деді әкем ойлы жанарын біздерге қадай отырып. – Менің ойымша, үшеуің де жігіт болдыңдар. Қазақ он үште отау иесі дейді. Сендер ертең-ақ азамат болып ержетесіңдер. Сондықтан өздеріңе  ғана айтар аманат-тілегім бар. Совет балам, міне, сенің қанжарың. Алдыңдағы әпкең Шәрбануды, қарындастарың үлкен Шолпан мен кіші Шолпанды қорғап жүру – сенің міндетің. Мына қанжарды Мәмбетке қарындасы Розаның ешкімнен қаймықпай жүруі үшін беремін. Міне – Сәдібектің қанжары. Сен қарындасың Салтанатқа қорған болуың керек. Менің қыздарымның ешкімнен жасқанбай, ешкімнің басынуын көрмей өсуі осы үшеуіңе байланысты. Бұл менің ойдан шығарғаным емес, атадан балаға мирас дәстүр. Жігіт адам ешқашан намысын қолдан бермеуге тиіс. Қазақ бес дүниені қатты қастерлеген, құрмет тұтқан.

Біріншісі: Жерді қорғаған;

Екіншісі: Әруақтарды сыйлаған;

Үшіншісі: Қыздарды еркелеткен;

Төртіншісі: Үлкенді құрметтеген;

Бесіншісі: Қазанатты қастерлеген. Әкемнің осы бір сөзі менің санамда сақталған, өсиеттері кедергісі мен қиын-қыстауы көп өмірде тура жолды адастырмай табатын компас іспетті болып кетті. Тағы бір ұлағатты оқиға.

Әкем ұлттық дәстүрді, мұсылмандық салттарды қастерлеген, қатаң сақтаған кісі. Мен үшке толғанда сүндетке отырғызуға дайындалады. Сосын сүндет тойымды өткізуге даярлық жұмыстарын бастап кетеді. Ол кездегі жағдай белгілі. Ұстайтындары – бір сиыр, бұзау, торпақ. «Ұлымнан аяйтын ештеңем жоқ», –  деп торпағын сүндет тойға соймақшы болады.

Бір күні үйге сау етіп, көмекшілерін ертіп колхоз төрағасы Мұқаш Сапарғалиев аға келеді. Амандық-саулық сұрағаннан кейін, әкемнің тойға не соятындығын сұрайды. Әкем, кішігірім торпақты соятындығын айтады. Өз кезегінде, колхоз төрағасы тойды естіп, арнайы келгенін, жаз жайлауда табында жүрген үлкен өгіздің аяғын шұңқырға тығып, сындырып алғанын тілге тиек етеді. «Егер келіссең, сол малды ал, орнына торпағыңды өткіз», – деген ұсыныс білдіреді. Әкем келіседі.

Атын арбасына жегіп, шешем Мәрия екеуі өгізді алуға барады. Сиыршы үшеуі қосылып малды орнынан қозғай алмайды. Сосын әкем ауылға қайта келіп, қос ат жегілген пірішке арбамен, қасына 5-6 жігітті ертіп қайта келеді.

Барлығы жабылып жүріп, әрең дегенде өгізді көтеріп арбаға салады. Жаңағы өгіздің ірілігі мен салмағының ауырлығы сондай пірішкенің ағаштары шыдамай күрт-күрт сынады. Енді, сол жерде союдан басқа амал қалмайды. Сойған кезде өгіздің семіздігі сондай, ақ-май болып ақтарылады. Оны көрген жаңағы колхоз төрағасы Мұқаш Сапарғалиев: – «Баланың жолы ақ, ашық болады екен. Бағы жанып, жұлдызы жарқырайды екен», – деп,  ақ батасын береді.

Бала шағымда болған тағы бір қызықты оқиға есіме түсіп отыр. 1967 жылы Октябрь революциясының 50 жылдығы кеңінен аталып өтілген кез. Мен – ол кезде алтыншы сыныптың оқушысымын. Совет үкіметі туралы ашық сабақтар жиі-жиі өткізіліп тұратын.

Сондай бір сабақтың бірінде: «Осы біздер неге кеңес үкіметінен бөлініп, дербес мемлекет құра алмаймыз?» деген өткір сұрақ қойған болатынмын. Сол үшін мұғалімдерден сөгіс алғаным да әлі есімде. Осындай қызықты оқиғалар санада мәңгі жаңғырып тұрады. Қалай ұмытарсың? Ұмытылмас бақытты балалық шақтан сыр шертеді осы сәттер.

Сұрақ:  қай мектептерде  оқып білім алдыңыз?

1962 – 1966 жылдары  Шығыс Қазақстан облысының  Ұлан ауданының  Сатый ауылындағы  «Аманкелді» бастауыш, 1966-1970 жылдары  «Точка селосындағы «Аманкелді» сегіз жылдық, 1970-1972  жылдары  Шымқора ауылындағы Жамбыл орта мектебінде оқыдым.

Ал 1973-1975 жылдар аралығында Алмания топырағында Отан алдындағы әскери борышымды абыроймен атқарып шықтым.

– Жоғарғы білім алған оқу орныңыз,  мамандығыңыз туралы білгіміз келеді.

Жауап: 1980 жылы Әль-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік  Университетінің журналистика факультетін тәмамдап,  журналист мамандығын алдым. Ал, 1990 жылы Алматы    басқару  институтын бітіріп,  саясаттанушы және социолог деген мамандыққа ие болдым.

 

Сұрақ: – Сәдібек аға,  пресс-релизде  «небір қиындықтарға» төтеп беріп  келеді деп айтылған. Соны түсіндіріп өтсеңіз дұрыс болар еді?

Жауап:  Мемлекетіміз  үшін  ең маңызды міндеттердің бірі – азаматтық қоғам құру болып  саналады.  Азаматтық қоғам қалыптасқан   тұста  Сіз айтқан  әділеттілік, тазалық үстем құрады.  Мен   көп жылдар бойы   қоғамдық бірлестіктер ашып соның       жұмыстармен  белсене  шұғылданып келемін.   Солай жұмыс істеу маған ұнайды. Халықтың ішінде  жүреміз. Ол дегеніңіз үлкен жауапкершілік жүктейді.  Өйткені   ақшасыз жұмыс істеу   оңай шаруа емес. Оған  көпшіліктің дәті  бармайды.  Мен  20 жылдан асты  қоғамдық негізде, мемлекеттен бір тиын алмай   Ұлттық ат спорты  Федерациясының   жұмысын  жүргізіп келемін.   Бізді  достарымыз  жалақы алмайтын «жалаңтөстер» деп айтады. Менімше    «небір қиындықтарға» дегенде соны меңзеп отыр деп  топшылаймын.

 Сұрақ: – Жаңа елордамыз – Астанаға келуіңіз, атқарған  жұмыстарыңыз, алған әсерлеріңіз  туралы айтсаңыз?

Жауап:- Оқырмандарға ағымнан жарылып, турасын айтайын: мен, Қазақстан Республикасының тұңғыш  Президенті-Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Өзі таңдап, Өзі негізін салып, Өзі  іргетасын қалаған жаңа Елордамыз –  Астана қаласын жанымдай жақсы көремін. Оған төрт  себеп бар. Біріншісі: жиырмасыншы ғасыр мен жиырма  бірінші ғасыр тоғысында, туған  еліміздің абыройын асқақтатқан, ұлт өмірінде  өте сирек кездесетін тарихи оқиға  орын алды. Ол- қазақтың кең жазира  даласы сарыарқаның  нақ төсінде теңдесі жоқ , таңғажайып  жаңа шаһар –Астана қаласының салынуы. Бүгін Астананы бүкіл әлем танып, мойындады.Астана –дүниежүзіндегі  ең сәулетті  қалалардың біріне,  қазақтардың  басты  мақтанышына  айналды. Ол- ең алдымен  Елбасымыздың ерлігі әрі көрегендігі. Ұлы жүректің – туған Отаным деген соғуынан болған дара бастамасы және  мәні де маңызы ерекше  әлемдік  Жобасы.  Астана мені баурап алды.

Екінші себеп:   осы  шаһарда менің де бағым жанып , жұлдызым жарқырады. Тағдырдың қалауымен  маған жаңа Астананың тұңғыш  баспасөз хатшысы болу  бақыты  бұйырды. Бес жарым жыл  қайнаған қазанның, тарихи оқиғалардың эпицентрінде жүрдім. Керемет жобалардың жүзеге асуының басы-қасында болып, қаланың жетістектері мен жеңістеріне тірідей  куә болған жанмын. Қолымда сол кездің тыныс-тіршілігінен, тәй-тәй басқан  елорданың дамуынан   барынша  мол мағлұмат беретін архив құжаттары сақталған. Сөзімді түйіндеп айтсам, бірінші күннен бастап  17 жылдың  ішінде әсем қала, ертегі шаһар Астанамен біте қайнасып кеткем.Осында ұлымызды үйлендіріп, қызымызды тұрмысқа ұзаттық. Қазір жұбайым Қайкен екеуіміз олардан 5 немере сүйіп отырмыз. Немерелерімнің алды мектепте оқиды.

Үшінші себеп: Астана  маған әдебиет кеңістігіне жол ашты, қаламгер болып қалыптасуыма ықпал етіп отыр. Қолым қалт етсе , қаламымды алып  Астанаға арналған шығармалар жазамын. Мен жазып жарыққа шығарған «Көк күмезді-Астана», «Астана-город солнечной мечты», «Астана- жерұйғы елімнің», «Астана-триумф страны», «Астана-ел жүрегі», «Астана –сердце страны»,  «Алғашқы астаналықтар», «Первопроходцы Астаны», «Астана баспасөзінің шежіресі», «Летопись столичной прессы», «Астана хикаялары» атты кітаптарым мен «Тұңғыш» атты спектаклім  елорданың  бірінші күндерінен,  17 жылдық тарихынан сыр шертеді.Олар оқырмандар тарапынан өз бағасын алған  еңбектер. Қазір «Астана хикаялары» атты әңгіме –кітапты жазу үстіндемін. Одан үзінділер журналдарда басылды.Осы кітаптардың ішінде шоқтығы биіктігі «Алғашқы астаналықтар» энцикопедиялық жинағы. Оған  Елбасы Н.. Ә. Назарбаев бастаған 186 алғашқы астаналықтардың  анкеталары мен естеліктері басылды. Бұл жоба төңірегінде біз 500 ден аса адамдардың анкетелерын жинап отырмыз. Ол  материалдар    әлі екі кітапқа жетеді деп отырмын.

Төртінші себеп: cенімді әріптестеріммен бірігіп  Астана қаласының және еліміздің ақпарат кеңістігінде  өз орыны бар «ТҮГЕЛ МЕДИА» атты   қуатты ақпараттық серіктестік  ашып, оның жұмысын  үзбей жүргізіп келеміз. Ұйымның  ұраны: «Біз журналистер, біз біргеміз!», «Мы журналисты-мы вместе!» деп аталады. Бірлестік мына журналдарды шығарады:

  1. «Қазанат»
  2. «Құлыным»
  3. «Біз, Астаналықтар!»
  4. «Ұлы дала қырандары»
  5. «Керемет той»
  6. «Журналистер әлемі»
  7. «Ұлттық спорт»

Жалпы алғанда  бірлестіктің құрамында 15 БАҚ-тар  бар. Біз бұл межеде әсте  тоқтап қалмайтынымыз анық. Бұл тұста айтайын дегенім осы журналдар, баспасөз клубтары, газет-сайттар ел егемендігімен Астанаға адал  қызмет істейді және істей береді.

 

 Сіз ұйымдастырған журналист-қаламгерлерді еске алу кеші жалпы журналистика тарихындағы бұрын-соңды болмаған жаңа үрдіс. Сол туралы   таратып айтып берсеңіз….

Ия, біздің қозғалыс тағы бір ұлағатты шараны жүзеге асырды. Оны мен айтып өтуім керек. Ол – «Олардың есімдері жүрегімізде» – атты өмірден өткен дарынды елордалық қаламгер журналистерді еске алуға арналған мәні де маңызы зор керемет кеш. Бірінші кеш 2012 жылдың 4 мамырында Астана қаласында өтті.Онда Ақселеу Сейдімбек, Дүкеш Байымбетов, Жұматай Сабыржанұлы, Владимир Коченов, Талғат Ілімжан, Владимир Бойко, Жомарт Әбдіхалықов, Рафаель Жұмабаев, Олег Квятковский, Октябрь Әлібеков, Мадрид Рысбеков, Шакизада Куттыаяков, Алмас Жолтаев, Біржан Белқара бастаған 14 әріптес-журналистерді еске алдық.

2013 жылдың 12 желтоқсаны күні журналист қаламгерлерге арналған екінші кеш елорданың «Жастар» мәдениет сарайында жоғары деңгейде өткізілді. Онда елордамыздың дамуына және журналистикаға зор үлес қосқан әріптестеріміз Әскен Нәбиев, Бақтыбай Шаһанов, Владимир Гундарев, Ербол Шаймерденов, Дукенбай Досжанов, Сабыржан Шүкіров, Марфуға Бектемирова, Андрей Тришечкин ,Наталья Хабарова, Иван Балучевский туралы бейне сюжеттер көрсетіліп, әсерлі естеліктер айтылды, ұлағатты концерт қойылды.Үлкен тебіреніспен өткен шарада көзіне жас алып, көңілі толқымаған жан болмады.

 

 Сұрақ: Бүкіл елге мәлім, ел егемендігін алған тұста «Қайдасың, қазағымның Қазанаты?!»- деп,  ең алғаш қазанат тақырыбын  қозғаған Сіз  болатынсыз? Оған қандай дау болуы керек?! Шырылдап жүріп  қоғамда «Қазанат» ұғымын қалыптастыра алдыңыз.  Ол  Сізге оңайға түскен жоқ.  Қазанат  тақырыбына  байланысты  сіздің адресіңізге  сан-алуан пікірлер айтылды. Бұл «миф» немесе   «өзі қазанат деген сөз қайдан  шықты, Сәдібек  оны қайдан алды» – деп езеуреп, байбалам салушылар кездесті.   Олардың арасында, өкінішке орай білімі таяз, қазақтың тарихынан мақұрым  ғалымдарда болды.  Мен оған куәмін.   Сіздің алдыңызда,  сол кезде үлкен жауапты міндет тұрды.  Көреалмаушылықпен сыни да сынай қарағандарға тойтарыс беру және   «Қазанат» ұғымын дәлелдеп  шығуыңыз аса  қажет еді. Көп ізденіс пен зерттеудің нәтижесінде  Сіз   жеңіске қол жеткізіп, биіктен көріне білдіңіңіз,  бір сөзбен түйіндегенде  аламан  додада  топты жардыңыз!  Сол туралы өз ауызыңыздан естігеніміз дұрыс болар еді…..

 Жауап: Мен, «Қазанат» сөзін ең алғаш  әкем Түгелден   бес  жасымда  1960 жылы естідім.

-«Жігіттер, мынау ұлан ғайыр Ұлы Даланы Алтайдан-Атырауға, Ұлытаудан-Алатауға дейін   ұшы қиырсыз созылып жатқан кеңістіктікті  ата –бабаларымыз жаяу  жүріп, шоқпарды белдеріне қыстырып жүріп қорғады ма?  Олай ойласаңдар мүлдем  қателесіздер. Біздің батырлар жерді, елді, туған Отанды аттардың  үстінде жүріп қорғады. Аттар болғанда жауынгер  қазанаттардың үстінде жүріп, күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей,  бойларындағы жандарын берсе де, ұлтарақтай жерлерін  бермей қорғады емес пе?!   Сондықтан  да біздер,  қазақтар қазанаттарға қарыздармыз.  Қазанатарды қазаққа қайтарып,  оларды түлетуіміз  керек» –  деп марқұм әкеміз  қазанаттарды  өте жоғары бағалап, өсиет сөз қалдырған. Ал,  біз  әкенің сол  өсиетін  орындап,  ел игілігіне  жарата білдік.

 2004 жылы  «Фолиант» баспаханасынан  басылып  жарыққа шыққан  «Қайдасың қазағымның Қазанаты?!» – деген кітабымда – «Мен қазағымның қазанатын іздеп жүрген жанмын! Қазанат халқымыздың қанаты, қорғаны, айбыны болғаны рас. Қазанаты болғанда халық қор болмаған! Әйгілі философ жазушы ағамыз Асқар Сүлейменов: «Осы басқалар қайдан жаралсын, мейлі маймылдан болсын, шатағым жоқ. Дәл біздің қазақ жылқыдан, тұлпардан туған!. Жазушы сөзінің жаны бар. Қазақ – жылқы мінезді, рухы биік, Ер халық! Қазанат – қазақтың сахарасы, Ұлы даласының екінші есімі. Осыншама кең даланы меңгеру үшін, осыншама шалғайлықты қаусыру үшін тек қазанаттың ғана жалы мен белі, тұяғының желі керек болды. Бұл сөзіме тарих – куә» – деп жаздым.

Менің зерттеуімде,  қазанат – алыс жорықтарға мінетін  жауынгер жылқылар, азынаған айғырлар!

Қазанат туралы  1885 жылы   білікті орыс зерттеушісі, жылқы тарихының білгірі В.Фирсов  былай деп жазды: «Қазақтар қазанатты барлығынан жоғары қояды. Қазанаттың жақсы қасиеттерін бағалайтыны соншалық айғырын сұрамайды да. Себебі қазақ биесінің тұқымы тұрақты басқалармен қосылғанда, тек солардың жақсы қасиеттерін алады. Өзінікін де жоғалтпайды. Сондықтан да жергілікті халық қазанаттарға жоғары сеніммен қарайды».  2006 жылы  парасатты азамат  Кенес Рақышевпен  бірге  жазып «Таймас»  баспа үйінен  үш тілде  жарыққа шыққан «Қазанат»  кітап-энциклопедиясы ТМД елдері арасында  Москва қаласында өткізілген  «Кітап өнері» – атты   беделді халықаралық байқаудың  жеңімпазы болып танылды.  Елімізге үлкен абырой әкелді.  Сонда, беделді халықаралық  байқаудың қорытындысына арналған  конференция мінбесінен  танымал ежелгі түркі  мәдениетінің зертеушісі, этнограф, әзербайжандық ғалым ағамыз  Шыңғыс Әли ұлы былай деген еді: -«Осы  кітапты шығару арқылы қазақтар  ерледі.  Мен олардың еңбектеріне  тәнтімін.   Қазанат  ұғымы  бүкіл түркі жұртына  ортақ. Ол- жеңіс жылқысы, жауынгер жылқы дегенді білдіреді. Орысшылағанда «Победоносный  конь. Конь-рыцарь деп аталады. Қазанат кітабының  түркі тарихымен  табиғаттың адамзатқа ғажайып сыйлығы жылқы әлемін  зерттеу де алатын орны ерекше». Сол жолы  түркі дүниесінің білімді де білгірі Шыңғыс аға іштері тар,оқығандары таяз, біздің кейбір ғалымсымақтарға  ойсырата  жауап берді: «Кімдер олар  қазанат сөзін – котелға аударып, есі кетіп, адасып  жүргендер. Олар ғалымдар емес – шалажансарлар. Дипломдарын  қоқыс салатынға тастасын. Қазанатқа тіл тигізбесін. Қазанат білген және түсінген  жанға ең  қастерлі, ең  қажетті ұғым болып  табылады».  Бұдан артық  қазанатқа қандай баға беруге болады?!  Ия   қазанат – қазақ батырларының   жауынгерлік аты.   Тарихтан  қозғағанда Қазанаттың дене бітімі басқалардан ірі,  шоқтығы биік, омыраулы,  кең кеуделі, алыс мініске   өте берік,  шабысқа жүйрік, додада ешкімге дес бермейтін нағыз   ер аты болып саналған. Бұдан шығатын қорытынды: заманында   бар қазақтың  қазынасы мен ырысы, берекесі мен  айбыны және   батырларымыздың  қолқанаты мен сенімді серігі  атанған, әртүрлі жағдайлармен кейінгі  ғасырларды  ұмтыла, жоғала бастаған  ҚАЗАНАТТАРЫМЫЗДЫ  қайта түлетіп- табуда, қайтаруда, оған оңды көзқарас  жасауда   бір өзімізге  бір институт атқаратын жұмысты  істеуге тура келді. Айта кету керек,  «Қазанат» кітабы   еліміз бойынша 2006 жылдың ең үздік басылымы ретінде тарихта қалды. Бұған қалай қуанбайсың! Қалай мақтанбайсың! Реті келген сәтте   тағы бір  жақсылықты айта кетуді  жөн санап тұрмын. «Жақсының  жақсылығын айт нұры –тасысын демей ме!» біздің қазақ. 2004 жылдың 15 қарашасы күні   жаңа елордамыз-Астана қаласының Қалибек Қуанышбаев атындағы драма театрында    менің    «Көк күмбезді – Астана» – «Астана – город солнечной мечты»  және  «Қайдасың, қазағымның Қазанаты?!» – «Джигиты и аргымаки  Казахстана» атты  қазақ және орыс тілдерінде шыққан қос кітабымның  тұсаукесері  өткізілді. Ол жиынға  мемлекет қайраткерлері,  ғалымдар, тарихшылар,   жазушылар, журналистер, кітап оқырмандары қатысты.Тұсаукесер   бұқаралық ақпаратта   кең насихатталды. Соның нәтижесі де болар  ертеңінде  Кеңес Рақышев  өзі  саған телефон шалып, кітапқа байланысты кездесуді қалады. «Аға, сіздің  «Қайдасың, қазағымның қазанаты?!»- «Джигиты и аргымаки  Казахстана» деп аталатын шығармаңызды оқып шықтым. Маған ұнады. Жаза алады екенсіз. Бұл орайда менің нақты  ұсынысым бар. Осы тақырыпты одан әрі  жалғастыру  қажет сияқты. Ашығын айту керек жылқы туралы көп айтамыз, бірақ бізде бұл бағытта  әдебиеттер өте аз. Тіпті жоқтың қасы деуге болады. Жылқы әлеміне  арналған   толыққанды, үлкен  энциклопедия-кітап  шағарсақ деп ойлаймын. Соны  Сіз жазсаңыз дұрыс болар еді. Осы тақырыпта  жазу  Сіздің қолыңыздан келеді екен» деп тілегін білдірді. -«Кеңес бауырым,  мен   жазуға дайынмын.  Біріншіден,  бұған көп ізденіп, көп еңбектену қажет.  Оны  мен өз мойныма аламын.  Екіншіден, баспаханадан басып  шығару үшін қаражат керек дегеніңе, Кеңес, басылым шығынын мен көтеремін деп нық жауап қатты».  Кеңес Рақышев сөзінде тұратын азамат екен. Айтқан уәдесін толығымен орындап шықты.  Қазір бестселлерге айналған  «Қазанат» кітап –энциклопедиясы осылай   өмірге келді.

Сұрақ: Ұлы Даламыздың Даңқты тұлпары, небір атақты ақын-жыраулардың  жыр-дастандарына арқау болған Құлагерге ескерткіш   тұрғызуыңыз ұлт руханиятындағы  Ұлы  оқиға болды. Басыңызды бәйгеге тігіп,  дүние-мүлкіңізді ломбардқа  өткізіп, нартәуекелге салдыңыз. Сонымен, ломбардқа жүгінуіңізге кім Сізді мәжбүрледі?! Осындай  фанатизм неге керек? Оқырмандарға түсінікті болу үшін толығырақ айтып берсеңіз…

Жауап:– Жағдай мәжбүрледі. Жігіттермен алдын ала кеңескесін, олардың уәделеріне орай бұл жұмысты 2008 жылдың соңғы айларында бастап кеттім. Идея мақұлданды, жоспар жасалынды, ондаған эскиздің нұсқалары істелінді, оған танымал азаматтар қатысты. Белгілі архитектор Сұлтан Ильяев жасаған вариантты ҚР ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед басқарған мемлекеттік комиссия 2009жылдың қаңтар айында бекітті. Бірнеше дөңгелек үстел басындағы бас қосулар, жиналыстар, экспедициялар өткізілді. Оған еліміздің жақсылары мен жайсаңдары қатысты. Алдымен әрбір құрылыс нысандарына тән геодезия, жобалау, жер мәселелері қаралып, шешілді. Не керек, Бішкекте қырғыз елінің атақты сәулетшісі, профессор Болатбек Садықовтың шеберханасында Құлагердің мүсінін жасаудамыз, оған үш елдің шеберлері қатысуда, қазақстанда құрылысшылар ескерткіштің фундаментіне бетон құюда және тағы басқа үлкенді-кішілі қаражат тілейтін жұмыстар жүргізілуде. Күнтүзбеге сәйкес,оларды қаржыландыру керек. Ақша жоқ. Біз, әлемдік қаражат дағдарысына тап болдық. Уәделерін үйіп-төгіп берген жігіттер, дағдарыстың салдарынан суы тартылған өзендердегі балықтардай қарбалаңдап қалды. Енді қайттік. Дағдарысты тоссақ, ескерткіш салынбайды. Сондықтан, маған  жігіттік  нартәуекелге баруға тура келді. Соның арқасында , Құлагер ескерткіші   межеленген мерзімінде  салынып, мен ел алдындағы уәдемді орындап шықтым.

 

 Сұрақ: Сәдібек аға, Сіз  ұлттық  ат спорты Федерациясының  негізін қалаушы,  ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының өмірге келуіне ұйытқы болған азаматтардың бірісіз? – Сәке, осы жерде ұлттық спорттың тарихымен таныстырып өтсеңіз. Біздің басылымның оқырмандары – негізінен жастар. Оларға тарихты білу – артық болмас деп ойлаймын. Ұлттық спорт тура­лы молынан айтып беруіңізді қалап отырмын?

Жауап: – Қазақ ұлтының ұлылығын, қазақ халқының даналығын, қазақ елінің елдігін әлемге паш ететін мәдениеті мен салт-дәстүрі болса, соның ең басты­сы ұлттық спорт түрлері, ұлттық спорт ойындары болып табылады деп есептейміз. Ұлттық спорттың мың жылдан бері көп тарихы бар.

Аламан бәйге, тоқ бәйге, жорға жарыс, құнан бәйге, көкпар, қыз қуу, ат үстіндегі сайыс (аударыспақ ойыны), теңге алу, жам­бы ату, қамшыгерлік, саясаткерлік, түйе жарыс – жел­мая, қазақша күрес, жекпе-жек, тоғызқұмалақ және тағы басқа спорт түрлері сонау ықылым заманнан бері туған халқымызбен бірге жасап, ұлы ақынымыз Жұбан Молдағалиев айтқандай «Мың өліп, мың тіріліп» келеді.

Түйіндеп айтсақ, Ұлттық спорт – Ұлы дала мәдениетінің темірқазығы. Ал, мәдениет – ұлт рухы, болмысы!

Ұлттық спортымыз – екі мыңжылдық тарихында, менің зерттеуімде 4 кезеңді бастан кешіріп отыр.

1-кезең: Дәуіріміздің 6-ғасырынан – 18 ғасыр аралығын қамтиды. Түрік қағанаты, Дешті Қыпшақ, Алтын орда, Қазақ хандығының даму тұсы 13 ғасырға созылған көшпенділер спортының қалыптасу кезеңі.

2-кезең: Ресей империясының қарамағында бодан болған тұсымыздағы ұлттық спорт түрлерінің дамуы. Толық 18, 19 ғасырлармен мен 20 ғасырдың басына дейінгі – 217 жыл. Байтал тұрғы бас қайғы заман.

3-кезең: Қазан төңкерісі болған 1917 жылдан – 1991 жылдар Советтер одағы тарағанға дейін – 74 жыл аралығы. Ұлттық спортымыздың – көлеңкедегі шөп сияқты дамуы.

4-кезең: Қазақтың тәуелсіздік алған 1991 жылдың 16 желтоқсаннан бүгінгі күнге дейінгі аралық.

Ұлттық спорттың айының оңынан туып, жұлдызының жарқырай бастауы.

– Дұрыс айтасыз. «Ат спорты» ойындарының жанданған кезі соңғы жылдары ғана емес пе? Ұлттық ат спорты түрлерінің федерациясы қашан құрылды? Тұңғыш атбегілер . құрылтайы. қашан өткізілді?

– Жоғарыда айтып өткенімдей ұлттық спор­ты Ел тәуелсіздігінің арқасында өткен тоқсаныншы жылдардың басында қолға алына басталды. Оны көтерген Айып Құсайынов, Бошай Кітапбаев, Анатөлі Құлназаров, Сайлау Тұрыскелдин, Бердібек Сапарбаев, Иманғали Тасмағамбетов, Амалбек Тшанов, Серік Үмбетов сын­ды азаматтар. Соның арқасында еліміздің көптеген об­лыстарында ат спорты ойындары жиі өткізіле баста­ды. Сол тұста ұлттық өнерге сусап қалған қауымның тамашалағаны аса бір керемет болатын.

Өз басым сондай ірі жарыстардың бел ортасында жүрдім, бірталайын ұйымдастырдым. Осы мақсатпен 1994 жылы Шығыс Қазақстаннан Алматыға арнайы көшіп келдім. Сол уақыттарда белгілі адамдардың ме­рейтойларын өткізу дәстүрге айналды да, ат ойындары жанданды.

Қайта түлеп жатқан ұлттық ойындардың белгілі жүйесі, бекітілген ережесі болмағандықтан, көптеген олқылықтар кетті. Аударыспақ, көкпар ой­ындары өткізуге қарсылар да табылып, аяқтан шалу­шылар көп болды. Бұлай жүре берсе, ат спорты жа­старды қызықтырудан қала ма деп қорықтық.

Белгілі бір жүйе, ережеге бағынбаған істің кетеуі кететінін түсініп, 1995 жылдың қаңтарында Жастар ісі, туризм және спорт Министріне хат жаздым:

ҚР жастар ісі, туризм және спорт

Министрі Б.С. Әйтімова ханымға

Ұсыныс хат

Құрметті Бірғаным Сарықызы!

Тәуелсіз мемлекет болғанымызға үш жыл то­лып, төртінші жылға аяқ басты. Егемендігімізге сай спорттың олимпиадалық түрлері өсіп-өркендеу кезеңін бастан кешіруде. Үкімет тарапынан қажетті қаражат бөлініп, спорт кешендері көптеп салыну­да. Бұл сөзсіз қуанарлық жағдай.

Өкінішке орай, мың жылдық тарихы бар, халқымызбен бірге жасап келе жатқан төл спортымыз – Ұлттық ат ойындарымыз – Аламан бәйге, тоқ бәйге, құнан жарыс, жорға жарыс, көкпар, теңге алу, қыз қуу, аударыспақ және басқа түрлері көзге ілінбей, ұмыт қалып тұр. Айтайын дегенім, халықта осы спорт түріне деген үлкен құлшыныс бар, бірақ оны қолдайтын спорт басшыларында, әкімдерде құлық жоқ.

Олар ұлттық ойындарымызға үрке қарайды, спорт түрі деп санамайды. Мен оларды мәңгүрттер деп санаймын. Негізгі кемшілік – ережелердің жоқтығы. Сізден сұрарым, біз дайындаған Қазақ Ұлттық ат спортының барлық түрлерінің Ережесін заңды түрде бекітуге және Ұлттық Ат спорты түрлері Федерациясын құруға ат салысуыңыз болып табы­лады.

Құрметпен,

Ұлттық ат спортының

жанашыры, атбегі                                                                                    Сәдібек Түгел

15 қаңтар 1995 жыл.

Алматы қаласы.

Абырой болғанда бұл хат министрліктің сол кездегі бөлім меңгерушісі Елсияр Қанағатовтың қолына тиді. Біздерге сол тұста шын ниетімен көмек жасаған Елсияр бауырға әлі күні алғысымыз шексіз. Мен, жарыққа шыққан екі кітабым да ол туралы жа­зып, рахметімді білдірдім. Әлі де жүрген жерде, га­зет, журналдарда, радио, телевиденияларда айтып келемін.

Өйткені, ол ұмытылмайтын жағдай. Ал, өз кезеңінде Елсияр бауырымыз менің осы ұсыныс – ха­тым туралы жүрекжарды тілегін елге жеткізуде. Ол үшін де оған мың да бір алғыс айтамын. Бұл дегеніңіз оның әділдігін, адалдығын білдіреді. Тілегім,балалары мен немерелерінің қызығын көрсін.

Сонымен, менің хатымның негізінде Қилан Нұртазинов, Кендебай Әбішев сынды бірқатар жігіттер тізе қосып, ақырында ұлттық ойындар Ережелерінің алғашқы нұсқасын жаздық. Сосын ережелер дайын болғанан кейін 1996 жылдың 1 наурызында Алматы қаласында тұңғыш рет қазақ атбегілерінің Құрылтай конференциясы ұйымдастырдық. Бұл күн – Ұлттық ат спорты түрлерінің Федерациясы үшін тарихи дата бо­лып есте қалды.

– Сәке, менің елден және Елсияр мырзадан естіген Сіздің тарихи хатыңыздың сырына енді қанық болып тұрмын. Өте бағалы ұсыныс. Ал, Ұлттық Ат Спорты федерациясын Алматыдан – Астанаға қалай әкелгеніңіз туралы да білгіміз келеді.

– Екі ғасырдың тоғысында халқымыздың тари­хында ерекше орын алатын Ұлы оқиға болды. Ол Елордамыздың Алматыдан – Астанаға көшуі еді. Мен сол ұлы көшпен алғашқылардың бірі болып Алматы­дан Астанаға қызмет ауыстырдым. Астана қаласының тұңғыш баспасөз хатшысы болып тағайындалдым.

Осы кезеңде Федерациямыздың жұмысы тоқырап, жетімсіреп қалды. Өйткені, адамдарсыз жұмыс жүре ме? Не істеу керек? Ойланып, ақылдасып федерацияның офисін Алматыдан – Астанаға әкелу керек деп шешім қабылдадым.

Бұл сәтте маған ағалық көмегін беріп, қолдау көрсетіп, қазақтың біртуар аза­маты, тау тұлға Құлназаров Анатөлі Қожыкенұлы. Ол кісіге федерациядағы жағдайды айтып, телефон соқтым. Ағам бірден қолдай кетті. Осы айтқандарымды қағазға түсіріп, маған жібер, мен қолдаймын деді. Мен, мына төмендегі хатты А.Қ. Құлназаровтың атына орыс тілінде жолдадым.

Министру туризма и спорта РК

господину Кулназарову А. К.

Предложение

Уважаемый Анатолий Кажыкенович!

Я, являюсь руководителем пресс-службы города Аста­ны – столицы, выбранной, основанной и строящейся са­мим Президентом страны – Н.А.Назарбаевым. Как вы знаете, с 1980 года я активно участвую в широком разви­тии, систематизации, проведении по специальным прави­лам нашего национального достояния, прекрасных тради­ций – Аламан байге, ток байге, жорга жарыс, сайыс, кыз куу, тенге алу, кокпар.

В связи с этим прошу Вас перевести Центральный штаб Федерации Национальных видов Конного Спорта в столицу – город Астану. В новой столице я провел неко­торые подготовительные работы по этому вопросу. Со­бираю и провожу совещание с неравнодушными к конному спорту людьми. Они поддерживают, мое предложение.

Среди них Кайрат Назарбаев, Кенталь Исламов, Абсамат Байбеков. Я верю, что эти люди в будущем внесут свой вклад в развитие Национальных видов конного спорта и будут верны традициям наших предков. И поэтому-то я позвал их принять активное участие в работе Федерации Национальных видов Конного Спорта.

В связи с этим про­шу Вас направить из Алматы в Астану некоторых членов президиума Федерации. Цель встречи – обсуждение и ут­верждение соревнований по национальным видам Конного Спорта на 1999 год и проведения съезда Федерации, выборы руководящих органов, организация Головного Офиса в городе Астане.

С уважением, атбегы – руководитель

пресс-службы Акима города Астаны                                                 Садыбек Тугел

5 декабря 1998 года.

Город Астана.

– Анатөлі ағамыз айтқан сөзінде тұрды. 1999 жылдың ақпан айының ол Алматыдан Елсияр Қанағатов пен Нәбидолла Кикебаевты жіберді. Мен оларды теміржол вокзалынан тосып алдым, орналастырдым. Сосын бәріміз бірігіп, бірлесіп, тізе қосып, ауыз бірлікпен Ұлттық Ат спорты федерациясының съезін 1998 жылдың 7 сәуірі күні өткізіп, әділет министрлігінен тіркеуден өткіздік.

Съезд делегаттары – Қайрат Назарбаевты, федера­ция президенті, мені – бас хатшы, Ерлан Атамкұлов пен Елсияр Қанағатовты вице президент, Нәбидолла Кикебаевты – атқарушы директор, Абай Жүсіповты қаржылық директор ретінде бірауыздан сайлады. Жұмыс жанданды. Жер-жерде федерацияның фили­алдары ашылды.

Федерация туралы жағымды пікірлер қалыптасты. Барлық жарыстар Федерацияның аты­мен, соның ережесімен өткізілді. Ел біздің жұмысымызға оң баға берді. Осылайша, ұлтқа жаны ашитын азаматтардың арқасында біраз шаруаларды атқардық. Алғашында бір ғана Ұлттық Ат Спорты федерациясы болса, қазір бұл үлкен Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығына айналып, ол өз құрамына 27 федерацияны біріктірді.  Біз, ұлттық спорт түрлерімізді дүниежүзіне таныта алдық деп санаймын.  Қазақ құсбегілерінің Ұлыбританияның Лондон қаласында өткен Әлем бүркітшілерінің 1-ші Фестиваліндегі, Қазақ қөкпаршыларының Туркиядағы  тарихи жеңістері соған куә. Сол жарыстарда  мен, Сәдібек Түгел бастаған қазақтар әлемнің 53 мемлекеттерінен озып, үлкен доданың 2 мәрте бас жеңімпазы атанып,  елімізге үлкен абырой әкелді.

Автордан:  Сәдібек Түгел   ұлттық спорт түрлерінің жүйелі дамуына және оның ережелерінің алғашқы нұсқаларын  жасауға   белсене қатысып, атсалысқан азамат. Сәдібек Түгелдің бастауымен   «Қазақ атбегілерінің  кодексі»-«Кодекс конников Казахстана», «Ұлттық спортың  гүлденуі 2010-2020» – «Расцвет национального спорта 2010-2020»  мемлекеттік бағдарламасының   және  «Ұлттық спорт туралы» – «Закон о национальном  видах спорта» заңдарының жобалары   дайындалынып, жазылды

Қауымдастықтың қүрамында  облыстық, аудандық филиалдарымыз  бар. Құрылғаннан бері мыңдаған халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық жарыстар өткіздік. Республика бойынша 11 ұлттық спорт мектебі, 17 ат спортының клубтары мен орталықтары, 27 ипподром­дар жұмыс істейді.

23 жылдың ішінде бүкіл Қазақстан бойынша ұлттық спорттың барлық түрлеріне 18475 әртүрлі жарыстар, шаралар, басқосулар өткізілген. Халықаралық «Көкбөрі» Федерациясын құрдық. Ұлттық спортымызды әлемге паш еттік. Бұл – зор жетістік деп ойлаймын. Қауымдастықтың құрамында 1 милли­ондай адамдар бар.

– Сәке, сенімді достарыңыз бен және ел­мен Ұлттық Ат спорты Федерациясына қатысты қыруар шаруалар тындырыпсыздар. Көп рахмет. Халық айтса қалт айтпайды ғой. Ел сіздердің осы ерен еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Федера­цияны одан кейін Қауымдастықты құруда және оның жұмысын күнделікті жүргізуде кедергілер мен қиыншылықтар да болған шығар. Олай деп отырғаным биылға дейін басқа спорт түрлерімен салыстырғанда, ұлттық спортқа мемлекет тарапы­нан қаржы бөлінбеді емеспе?

– Ия, тек соңғы бір-екі жыл көлемінде «Самұрық- Қазына» тарапынан қаржылай көмек көрсетіле бастал­ды. Ол дегеніңіз – жүздеген, мыңдаған бізді қолдаған бауырлардың еңбектерінің ақталғаны ғой деп ой­лаймын. Сіз дұрыс айтасыз біз бұрыннан қоғамдық , патриоттық, фанаттық негізде жұмыс істеп келеміз. Бізді достарымыз «жалаңтөстер» деп атап кеткен. Ол үлкен тарих. Ал кедергілер мен қиыншылықтар өте көп болды. Федерацияны да, Қауымдастықты да жа­былудан, жабудан алып қалғанымыз көпке аян дүние. Оған болашақ өз  бағасын беретін болар.

.  Сұрақ: Аға,  осы сіз  сансыз  күшті, қажыр-қайратты қайдан аласыз?! Әлеуметтік желіден мына бір азаматтың Сіз туралы пікірін оқыдым. Ол былай деп жазады: – «Осы кісіге таңым бар. Осының бәріне қалай үлгереді?  Құлагерге  керемет ескерткіш  салған – Сәдібек Түгел!, Бұрқыратып кітап жазып шығаратын – Сәдібек Түгел!, Журналист-қаламгерлерді еске алатын – Сәдібек Түгел!,Ұлттық спортты алсаң – Сәдібек Түгел!, Ат спортында да-Сәдібек Түгел!,  Түркияға көкпарды апаратын – Сәдібек Түгел!, Қазір шығарып жатқан журналдарын айтсаңшы, бірінен-бірі жақсы. Тек тіл-көзден сақтасын дейік!». Шынында осының бәріне қалай үлгересіз?

 

Жауап: Туған отаныңды  шын және шексіз сүйсең  бәріне үлгересің және опырып жұмыс істей аласың. Мен Отанымды  шексіз сүйемін әрі  қастерлеймін.  Сол жолда  барлық білімім мен тәжірибемді, күш-қайратымды аямай жұмсап ,  еңбек ете беремін.  Оны    халқым  жақсы біледі.

 Автордан:Осы арада қаламгер Сәдібек  Түгел ағаның  Ростов қаласында ауруханада операциядан соң, жазған  «Отан» атты новелла- әңгімесін ұсынуды жөн көріп тұрмын:  

  

                                                    «ОТАН

 

Бүгін  мен  өзіме-өзім таңмын. Бұрын соңды болмаған   алып күш менің   денемді  кернеп алған.   Байқаймын  бойымда тау  көтеріп, тас сындыратын   қайрат  бар. Соның дәлелі,   мен әп-сәттің ішінде  операциядан соң жатқан  ауруханадағы  нөмірі 219 палатының   төбесіне салынған ауыр бетон плиталарды иығыммен итеріп,  екі қолыммен көтеріп  тұрып  ашып,     ғимараттың үстіне жеп-жеңіл секіріп   шықтым.  Сыртта  түн.   Орыстардың «Ростов-папа» дейтін  қаласы  қалың ұйқыда жатыр. Далаға шыққан  бойы,  кеудемді  кере таза  ауаны аямай жұттымда, сансыз жұлдыздар мен арайлы ай мекен еткен   биік  аспан төріне қарай  құлашымды кеңге жайып, бейне бір  алып қырандай ұшып келемін, ұшып келемін.  Сөз жоқ, белгісіз  бір ғажайып   мені алға сүйрейді, сүйемелдейді, қолдайды, қоштайды, шақырады. О тоба, бұл  не екен?!

– Сәдібек, көзіңді аш, біз қасыңда тұрмыз- деген жан-жарым Қайкеннің дауысынан соң наркоздан ояндым.  Палата толы ақ халатты абзал жандар, мені емдеуші  дәрігерлер мен хирургтер.

– Вы в рубашке родились,  операция прошла  удачно. Будете жить- деді, білікті маман, Ресейдің Ростов қаласының атақты хирургі Валерий Викторович.

– Спасибо, брат! Я Вам, чрезмерно благодарен – деп, ақырын  жауап бердім. Есімді тез жидым.

 Дәрігерлер кетіп реанимацияда жалғыз қалғанда, жаңағы наркоз  кезінде   болған жағдайлардың  шешімін табуға ой жүгірттім. Шынында бұл , не нәрсе?! Не күш, мені сүйрелеп, ашық аспанға алып шыққан?!

– Таптым, таптым – деп, қуаныштан өзіме-өзім күбірледім.  Ол- жаратушы иеміз, Аллатағаланың нұрына бөленген, ата-бабаларым  қанын, терін төккен, құт қонған құтты мекенім Қазақстаным! Аллатағала сыйлаған жарық дүниедегі ең   қымбатты, ең  қастерлі құндылық-туған Отан! Оған ештеңе жетпейді!  Ештеңе  тең келмейді!  Мені жетелеген де, сүйемелдеген де жаратушының қолдауы мен туған Отанның ыстық ықыласы, аялы алақаны, Ұлы даласы, ұл-қыздары, достарым, балаларыммен немерелерім,  елім-қазағым !

Мен, Сәдібек Түгел атты  қарапайым бір ұлың,  бойымда жаным, жүрегімде от барда Отаныма   адал  қызмет  істеуден  әсте шаршамаймын, жалықпаймын. Тілейтінім  алладан -Отаным сен  аман болшы, сен бар болсаң мен бармын, сен  тұрғанда мен  тірімін!             

Сәдібек Түгел. 2012 жылдың  4 сәуірі. Аурухана .  Ресейдің Ростов қаласы».

 

 Сұрақ: «Ұлы Дала Қырандары» қозғалысының   атқарып жатқан жұмыстары туралы   айта кетсеңіз  дұрыс болар еді…

Жауап:   Мен,    жақын досым, ұлт патриоты  Марат Нәбиев пен  бірге 2011 жылдың 12  қазанында  ұраны: «БІРЛІГІ МЫҚТЫ ЕЛ ОЗАДЫ!» -атты, ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын «Ұлы Дала Қырандары» атты республикалық қоғамдық әлеуметтік-мәдени қозғалысын құрдым.  Бұл қозғалыстың да,  негізгі   мақсаты халыққа адал қызмет ету, ұлттық құндылықтарды ұлықтау, Ұлы Дала  мәдениетін жаңғырту және ел бірлігін   нығайту   болып табылады.  Біздің  қырандар көптеген игілікті іс-шараларды жоғары деңгейде өткізіп  халық құрметіне ие болуда.   Олардың ішінде,  «Ұлы Дала Даңқы»-«Музей Славы  Великой Степи» мұражайының алғашқы тасын қалауы,  «Ұлы дала –Ұлттық Рух!», «Бұлақ көрсең көзін аш», «Туған табиғатты аялайық», «Ауыл – алтын бесігіміз» атты    елге қажетті акцияларын өткізулерімізді  жариялап айта аламын.  Сонымен қатар , біз  Қытай елінде тұратын қазақтардың  тұрмыс-тіршілігімен танысу сапарымызды және қазір республика деңгейіндегі  жастарды   биік рухани адамгершілікке,  ізгілікке  инабаттылыққа, арды сақтауға тәрбиелейтін жұмыстарды тиянақты  жүргізулерімізді мақтан тұтамыз. Қуанышпен әрі мақтанышпен айтарымыз қырандар қозғалысы әлемде теңдесі жоқ «Ұлы Дала Даңқы» (Музей Славы Великой Степи) мұражай құрылысын салу туралы жарқын бастама көтеріп, жалпыұлттық Акцияны бастап отыр.  Акция аясында жүздеген игілікті шаралар өтеді. Акцияның аты: «Ұлы Дала – Ұлттық Рух!» – «Великая Степь – Национальный Дух!» – деп аталады. Өздеріңізге белгілі 2013 жылдың 10 мамыры күні мұражайдың алғашқы тасы қаланды.

 

 Сұрақ: – Қазақстан  Жазушылар Одағының мүшесі Сәдібек Түгел неше кітап жазып, жарыққа шығарды?

Жауап:Жалпы саны  он жеті  кітап шығардым. Оның ішінде   повесте,  әңгімелер жинағы да, деректі-танымдық дүниелерде бар. Мен жазған кітаптар мыналар:

  1. «Көк Күмбезді – Астана» – 2004 ж.
  2. «Астана – Город Солнечной мечты» – 2004 ж.
  3. «Қайдасың, қазағымның Қазанаты?!» – 2004 ж
  4. «Джигиты и аргымаки Казаната» – 2004 ж.
  5. «Қазанат» – 2006 ж.
  6. «Астана – Триумф Независимости страны» – 2007 ж.
  7. «Астана – жерұйығы Елімнің» – 2008 ж.
  8. «Ертуған» – 2008 ж.
  9. «Бүркіт – Ұлы Даланың Символы» – 2008 ж.
  10. «Беркут – Символ Великой степи» – 2008 ж.
  11. «Алғашқы астаналықтар» жинағы-2011 жыл.
  12. «Первопроходцы Астаны» жинағы-2011 жыл.
  13. «Астана хикаялары»-2014 жыл.
  14. «Өсе бер, өрлей бер, Шығысым!». 2015 жыл.
  15. Астана қаласы баспасөзінің шежіресі-2015 жыл.
  16. «Атбегілік-асыл өнер», 2015 жыл.
  17. «Астана-журналистикасының шежіресі», 2015 жыл.

 Сұрақ: – Қызғаншақтық туралы бір басылымда айтқан едіңіз?

Жауап: – Ең алдымен,  қазақ-қазақ болып жаратылғанда  бізде  жәй,  ешбір зиянсыз қызғану үрдістері  болды. Кейін  бұл пәлең  көреалмаушылыққа ауысты. Сосын келе-келе осы  көреалмаушылықтан-күншілдік сұм жыланның ішінен шыққан –сұм жыландай, қазақ қоғамына жазылмайтын дерт, қасірет болып жабысты. Атаңа нәлет осы күншілдік   өткен 20 ғасырда қаншама  ұлтымыздың ардақты арыстарын жұтты, өлтірді,  атқызды, итжеккенге айдады, түрмеде шірітті, сағын сындырды, рухын таптады.  Осы пәледен  қашан құтыламыз  деп жүргенімізде – 21 ғасырдың басынан  бастап  қазақты сатқындық ауруы басып алды. Бұл ауру қазақ қоғамында  қазір мүлдем өршіп тұр. Сатқындық –күншілдіктен    мың есе жаман  ғой.

Сұрақ:- Сатқындық дегеніміз не? Олардан қалай құтыламыз?

Жауап:- Қазіргі  шенеуніктердің сатқындығы – жемқорлық.  Туған Отанды сату жемқорлықтан басталады. Тендерлерді жеп, екі асап, заңды белінен басып, істі болып жүрген   әр деңгейдегі әкімдер,  министрлер,  олардың орынбасарлары,  генералдар,  шенділер,  шенеуніктер барып тұрған  Отанды сатқандар болып саналады. Оларды  ұстап, топ-тобымен атып-асу керек.  Аяқтарынан іліп, бастарын салбыратып дарға асып  қою керек.  Тек, сонда  ғана әділдік орнайды. Бір-ақ мысал келтірейін.  Украина  мемлекетінің түбіне жеткен Ресей де, Америка да, Еуропалық Одақ та емес. Украиндердің  тоз-тозын шығарған, нокаутқа түсірген, есінен тандырған, берекесін кетірген  осы жемқорлық-коррупция екен. Басы ашық нәрсе жемқорлық бар жерде  дұрыс мемлекет  болмайды. Корризияға ұшыраған темірдей  опырылады. Құдай одан сақтасын дейміз. Сондықтан  бәріміз бірлесіп күресуіміз керек.

Сұрақ: Жастар тәрбиесі, демография, өсіп-өнуіміз туралы не айтасыз?

Жауап: Жақсы сұрақ. «Ұлы Дала Қырандары» қозғалысы   қазақ жастарына, балаларына, жасөспірімдерге арналған  «25» – деген  бағдарлама   дайындады.  Бір ғасыр   төрт ширек ғасырдан тұрады. Әр ширек ғасырда 25 жыл бар.  Біздің стратегияның мәні балаларды жасынан  бастап тек отбасы ғана емес, қоғам болып  тәрбиелеуіміз керек. Сонда ұрпақ тәрбиесінде  үлкен нәтиже болады. Бір мысал: қазақтың ұлы ер жетіп  25 жасқа дейін міндетті түрде үйленуі қажет, ал қазақтың қызы болса, бой жетіп, міндетті түрде  25 жасқа дейін  тұрмысқа шығуы тиісті. Бұл жерде баса айтатыным қазақтың қызы тек қазақ жігітіне күйеуге шығуы керек.  Басқаларға рұқсат жоқ. Әр қазақтың жігітімен қазақ қызының үйленуі  бүкіл республиканың қуанышы болуы қажет. Сонда жауапкершілік артады. Ажырасу болмайды. Ал,  жігіт 25-ке  келіп, одан әрі үйленбей жүрсе, қазақтың қызы 25-ке келіп тұрмыс құрмай жүрсе қоғам болып дабыл қағуымыз керек.

– Аға, қазіргі таңдағы қазақ қыздарының, жалпы жастар тәрбиесі жайында не айтар едіңіз?

– Көп нәрсе айтамын. Көп жағдайлар қынжылтады мені. Әсіресе, ар мәселесі. Оның ішінде қаракөз қыздарымыздың, қандастармыздың тәртібі алаңдатады. Қазақ айтады: «Қызға қырық үйден тыйым».Қазіргі кезде өзекті мәселердің бірі көптеген қазақ бауырларымыздың, қаракөз қыздарымыз бен қазақ әйелдерінің ар-ұятты аяққа таптап, арсыздықтың батпағына батулары. Турасын айтайық ұлтымыздың менталитетіне, болмысына, салт-дәстүріне, діліне, дініне өте жат тұрпайы арсыздықтар үлкен шаһарларымызға баса көктеп кіріп, жастарымызды, қазақстанның болашақтары балаларымызды ар жолдарынан тайдыру үстінде. Ұлт үшін нағыз трагедия осы.

Мысалы: тек Алматы қаласының бір өзінде 20 гей клубтар, 40 тан астап неше түрлі жын-ойнақ мекемелер күндіз-түні жұмыс істейді. Борделге айналған сауна-хауыздарда сан жоқ. Қазақ қыздарының жезөкшелігі ұлтқа қара таңба болды. Күнен –күнге бір жыныстылардың үйленуі көбейіп, қалыпты нәрсеге айналуда. Былтыр сондай оқиға Қарағанды және Тараз қалаларында орын алды. Елімізде қаптап кеткен «Гей-тур», «Гей-отель», «Гейша-клубтар» . Көзге ілінер күлкі театрларының қазақ әртіс-жігітсымақтары алдымен әйелдердің рольдерін ойнауға бейім тұрады. Сол образға кіріп алған. Театр институтынан тек әйелдердің ролін ойнауға үйреніп шығатын сияқты. Бұл не сұмдық? Олар кімге үлгі көрсетеді? Оны көрген шетелдіктер артарын көрсетіп, бізді мазақтап күледі.Ұлдарымыз әлсіз, қыздарымыз басқалардың жемі болуда. «Алаш айнасы» газетінің мәліметі бойынша 40 пайыз жас жігіттердің белдері нашар жағдайда. Оларда ұрық жоқ. Соның салдарынан жас жұбайлардың ажырасуы көп. Ол неден? Қазақта ондай бұрын болып па?

Осында сұрқия бір пәле жатыр.Біздің ата – бабаларымыздың: “Малсыз болсаң да арсыз болма; әрлі болғанша – арлы бол; арыңды жеме, барыңды же; ар жазасы бар жазадан ауыр; ер жігіт елінің ұлы, намысының құлы” деген өсиетін неге біз орындамай, аяқсыз қалдырып келеміз? Жоғарыда атап кеткенімдей, кейінгі жылдарда адамның жанын түршіктіретін, қанын қайнаттыратын сорақылықтар, жастардың азғындықтары барған сайын белең алуда.

Осы азғындықты тоқтатпасақ, күлкімізді жия алмай қаламыз. Болашақ ұрпақтарымыздың, немере, шөберелеріміздің жағдайын ойласақ осындай намысқа кір келтіретін, ұлттың арына дақ түсіретін сорақылықтарды болдырмайық, күресейік, алдын алайық дер едім. Мына мәселеге мен ерекше көңіл аудармақпын. Бірінші болып дабыл қағып тұрмын. Қазір біз , Қазақстанды туризм еліне айналдырамыз деп әкім, министрлер болып алашапқын болып жүрміз ғой. Ол қандай туризм??? Біздің ата-баба салтымызды құрметтейтін, ұрпақ тәрбиесіне зиян тигізбейтін болса әңгіме басқаша. Ал, жоғарыда айтқанымдай, біздің қасиетті жерімізге, елімізге гейлер, лесбиянкалар, жезөкшелік сияқты азғындық лас дүниелерді әкелетін болса оған біз төзбеуіміз керек, алдын-ала тосқауыл қойуымыз керек. Сақ болайық, ағайын! Тізе берсек ұлтымыздың ұлылығына, еліміздің елдігіне, халқымыздың тазалығына кір келтіретін, абыройын төгетін, намысын таптайтын зұлым әрекеттер барған сайын көбейіп барады. Төзіп отыра беруге болмайды. Ұрпақ кешірмейді, ата-баба рухы кешірмейді.

– Осыларды болдырмаудың жолы қандай? Болдырмауға бола ма?

– Әрине болады. Болғанда қандай. Ол үшін біз аса қажетті екі-үш нәрселерді түзетуіміз қажет. Оның біріншісі жемқорлықты жою. Егер жемқорлықтың желкесін қимасақ, осы келеңсіз жағдайлар көбейгеннің үстіне көбейе береді. Барлық былықтың басы коррупцияда жатыр. Коррупцияға белшесінен батқан тұлғалар, кейбір министрлер, әкімдер, мемлекеттік қызметкерлер, шенеуніктер өз жұмыстарына жүрдім-бардым қарап, тек, соқыр баюдың жолына түскен. Олар жастар тәрбиесін ұмыт қалдырған. Лауазымды тұлғалар Елбасыға, мемлекетке берген анттарын бұзып ірі көлемде пара алуда. Оларға басқа ештеңе керек емес. Соның салдарынан осы жағдайлар ойып тұрып орын алуда. Егер де жоғарыда айтып кеткенімдей, тиісті шараларымызды уақытында қолданбасақ, күлкімізді жия алмай қаламыз. Екінші мәселе, қазақтың рухын көтеру, рухы мықты жастарды тәрбиелеу. Олардың бойына патриоттық, намыстық сезімдерді берік орналастыру болып табылады. Ол үлкен жұмыс, біздің қоғамда үлгі болатын тұлғалар қалмай бара жатыр. Жемқорлықпен ұсталынып жатқан генералдар, министрлер , вице –министрлер, әкім-қаралар кімдерге үлгі бола алады? Жастар кімнен үлгі алады?

Келесі маңызды мәселе, жастарды тәрбиелейтін бізде барлық институттар мен университеттерден артық бір академия да бар. Ол- ұлттық салт-дәстүрлерді қатаң сақтау. Қазақ айтады, қызға «қырық үйден тыю», «ұлға ұядан тәрбие» деп . Сол атадан балаға, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасын тауып, мирас болып келе жатқан мыңжылдық салт-дәстүрлерімізді қатаң сақтайтын болсақ, біз жастарымызды рухани азғындық апатынан сақтап қала аламыз.

 

Біз өмірге бей –жәй қарай алмаймыз. Сондықтан осындай   проблемалардың болмауына атсалысамыз. Азамат болып туған соң- Азамат болып  өмірден өтеміз.  Біз шындықты, әділдікті қалаймыз.Жемқорларды жек көреміз.   Олармен аяусыз күрес жүргізіп, елге үлгі көрсетеміз, халықтың бізге артқан сенімін ақтаймыз.  Алда үлкен асулар мен белестер күтіп тұр. Солардан  туған халқыммен  бірге өтемін деп ойлаймын. Алға қойған мақсаттарым , мені  алға жетелейді! Өсе бер, Өрлей бер, Қазақстаным!

Алтынай Қашағанова:  Аға, маңызды сұхбатыңызға көп-көп рахмет!

****

Журналистика тарланы

Журналистер дайындайтын екі жоғары оқу орнын тәмамдағандар бізде көп емес. Солардың бірі астаналық әріптес ағамыз, ұстазымыз танымал журналист Сәдібек Түгел. Ол 1980 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетін, 1990 жылы Алматы Жоғары Партия мектебінің журналистика бөлімдерінен білім алып, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық «Ұлан таңы»- «Уланские зори» газеттерінде аудармашы, тілші, аға тілші, газеттің бас редакторы, кейін «Қазақстан телевидениесі мен радиосы корпороциясының» журналисі, «Біз қайда барамыз?» телебағдарламасының жетекшісі, «Қазақтелефильмнің» бас редакторы міндеттерін абыроймен атқарды. 1998 жылдың басында конкурстық негізде Астана қаласының тұңғыш баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Ол жаңа Елордамыз – Астана қаласы баспасөзінің негізін қалады, «Астана қаласының Халықаралық Баспасөз Орталығының» басшысы болып жемісті қызмет атқарды.Осы жерде бір мыңнан астам баспасөз мәжілістері мен брифингтерді, қызықты кездесулер мен кеңестерді, дөңгелек үстелдерді, журналистердің пресс-турлары мен басқосуларын шебер ұйымдастыра білді. Сонымен аты шықты. Ол екі мәрте Қазақстан Республикасының ең үздік баспасөз хатшысы атанды, Астананың қалыптасуына арналған публистикалық материалдары үшін ҚР Президенті Грантының иегері және Астана қаласының жағымды бейнесін бұқаралық ақпарат құралдарында шебер насихаттағаны үшін екі мәрте ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталды. Елорданың он жылдығы қарсаңында біздің ағамыз айрықша атақарған жұмыстарының нәтижесінде республикалық «Астана қаһарманы» номинацисына ие болды. Бұл күнде Сәдібек Түгел құрамында он сегіз бұқаралық ақапарат құралдары бар «ТҮГЕЛ МЕДИА» бірлестігінің жұмысын дөңгелетіп отыр. Бұл бірлестіктің 7 журналдары бар. Олар: «Қазанат», «Құлыным», «Біз, астаналықтар!», «Ұлы Дала Қырандары», «Керемет той», «Журналистер әлемі», «Ұлттық спорт». Сәдібек Түгел өмірден ерте өткен дарынды астаналық журналист-қаламгерлерге арналған «Олардың есімдері біздің жүрегімізде»-«Они в наших сердцах» атты еске алу кештерін өткізудің идея авторы әрі негізгі ұйымдастырушысы болып табылады. Ағамыз Астанаға арналған алты кітаптың, ұлттық спортқа арналған жеті кітаптардың авторы. Ол сонымен қатар, «Астана журналистикасының шежіресін» жазып жарыққа шығарды. Сәдібек аға көптеген шәкірттер тәрбиеледі. Журналистиканың тарландарының бірі ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәдібек Түгел ағаға шығармашылық табыс, мықты денсаулық және үлкен бақыт тілейміз!

***

В прошлом первый пресс-секретарь столичной администрации, Садыбек Тугел сейчас активно занимается  журналистикой, являясь шеф-редактором республиканского журнала «Қазанат», созданного в 2007 году.

«Для меня Садыбек Тугел, прежде всего, писатель. Но, в то же время, он очень близок к спорту, что ярко доказал, пребывая в качестве президента Федерации конного спорта и оказывая поддержку казахстанским беркутчи. При этом он прекрасный организатор, мы это наблюдали во время его работы пресс-секретарем акима столицы, когда она только   была перенесена сюда», – сказал писатель, лауреат Государственной премии РК Аким Тарази.

***

«Астана – это счастье нашего народа. Она является самой величественной столицей за все историю казахского народа. Я являюсь первопроходцем и первым пресс-секретарем новой столицы Казахстана Астаны. Этот город сыграл в моей жизни самую необыкновенную и положительную роль. Каждый день, проведенный в этом городе, оставил только счастливые воспоминания», – рассказывает Садыбек Тугел.
«Для меня остается вечной тема развития столицы, потому что моя жизнь полностью заполнена ею. По моему мнению, этот город ожидает огромное светлое будущее. Я достаточно часто езжу за рубеж, но не перестаю гордиться своей столицей. Астана с каждым годом растет и расцветает, она становится легендой и музеем под открытым небом. Через 10-20 лет, я уверен, Астана станет одной из лучших столиц мира. На данный момент я заканчиваю вторую часть книги, посвященной Астане, «Процветай моя столицы» и я считаю, что Астана стал городом победы для казахов», – поделился Садыбек Тугел.

Айгерим ТУКУШЕВА

Книга о триумфе

       В преддверии Дня столицы состоялась презентация книги известного журналиста Садыбека Тугела «Астана — триумф независимости». В богато иллюстрированном издании содержится своеобразный экскурс в историю главного города государства, рассказывается о роли Президента Нурсултана Назарбаева и его соратников в осуществлении уникального проекта по переносу столицы.
Являясь первым руководителем пресс-службы акимата Астаны, Садыбек Тугел стал участником многих важных событий в первые годы жизни столицы. А его активная роль в образовании Международного пресс-центра отражена в главе «Летопись столичной прессы». Садыбек Тугел провел более тысячи пресс-конференций и в своей книге рассказал о встречах с Нурсултаном Назарбаевым, Юрием Лужковым, Толегеном Мухамеджановым, Евгением Евтушенко, Владимиром Спиваковым, Вахтангом Кикабидзе и многими другими известными людьми.
Кстати, это не первое издание автора о главном городе Казахстана. Садыбек Тугел уже выпустил в свет книгу «Астана — город солнечной мечты».
Поздравить С. Тугела с новой творческой работой пришли представители Администрации Президента, столичного акимата, журналисты, ученые, друзья.
С. Тугел представил также первый номер журнала «Казанат». В нем планируется широко освещать развитие коневодства и конного спорта в Казахстане, рассказывать о национальных видах спорта и традициях казахского народа.В планах Садыбека Тугела — работа над энциклопедией национальных видов спорта.Мариям Турежанова.
**
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Героем нашего времени не раз называли Садыбека Тугела (на фото) на его творческом вечере в Усть-Каменогорске. Поздравить легендарную личность приехали его земляки, жители Уланского района, известные общественные деятели Казахстана, писатели, поэты, спортсмены. Аким Восточно-Казахстанской области Бердыбек Сапарбаев одел на виновника торжества роскошный чапан и вручил ему букет цветов.

Родился Садыбек Тугел в ауле Амангелды Уланского района в семье бригадира табунщиков Тугела Кумарова и работницы колхоза «Кызыл Ту» Марии Тусипкызы. Родители были авторитетными людьми. В районе их уважали за честность, трудолюбие и порядочность. В 1972 году Садыбек поступил на заочный факультет журналистики Казахского государственного университета, получил специальность «журналист». Работал председателем комитета народного контроля Уланского района, главным редактором Уланской районной газеты «?лан та?ы – Уланские зори». В январе 1998 года на конкурсной основе был утвержден первым пресс-секретарем акима новой столицы. Пресс-секретарем акима Астаны работал до ноября 2000 года. С января 2000-го был председателем народно-патриотического движения «Менің Қазақстаным», генеральным секретарем республиканской Федерации национальных видов конного спорта. С 2002 по 2004 год работал руководителем Международного пресс-центра города Астаны, генеральным директором информационного агентства «Астана дауысы». С 2004 по 2005 год занимал должность заведующего отделом сената. С января 2006 года по настоящее время занимается творческой и общественной деятельностью. Является шеф-редактором республиканского научно-популярного журнала о национальных ценностях «Казанат», первым вице-президентом Ассоциации национальных видов спорта и президентом Федерации национальных видов конного спорта.Садыбек Тугел является автором 10 книг, а фолиант «Казанат» стал победителем международного конкурса «Искусство книги», проходившего в Москве в 2006 году. Кроме того, «Казанат» является самой лучшей книгой Казахстана по итогам 2006 года. Садыбек Тугел является членом Союза писателей Казахстана и академиком Академии гуманитарных наук. За формирование позитивного имиджа столицы Астаны в средствах массовой информации указом президента Нурсултана Назарбаева награжден высшим званием «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», грантом президента в области журналистики 2008 года, благодарственным письмом президента и медалью «Астана».На выставке с материалами о жизни и деятельности Садыбека Тугела, различными журналами, которые издаются с его участием, была представлена полная информация о разнообразной деятельности писателя и общественного деятеля. Это по его инициативе в окрестностях Астаны был воздвигнут памятник легендарному казахскому тулпару Кулагеру, что стало большим вкладом в возрождение национальных ценностей. В дальнейшем Садыбек Тугел хочет открыть на площади возле памятника музей национальных ценностей, аналогов которому нет, и построить ипподром, на котором можно было бы проводить состязания по национальным видам спорта. Друзья и гости пожелали Садыбеку Тугелу успехов во всех его начинаниях.

 

 


 

Садыбек ТУГЕЛ, вице-президент Ассоциации национальных видов спорта г. Астана):

— Без преувеличения могу сказать: Астана для меня — самый лучший город в мире. Отчасти и оттого, что в ее строительство я, в числе многих, вложил всю свою душу. Это первая столица, которую суверенный Казахстан выбрал самостоятельно. И я очень горд, что мы, как свободная нация, получили право самостоятельно выбрать дорогу в будущее. Как патриот, я без раздумий приехал сюда в составе первой делегации. Мне посчастливилось быть пресс-секретарем первого акима Астаны, основателем Международного пресс-клуба, тесно работать с известнейшими людьми.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сондай-ақ, оқыңыз

«55+55» жаңа жоба

«Жігітте де жігіт бар, Азаматы бір бөлек, Жылқыда да жылқы бар, Қазанаты бір бөлек!» Сәдібек …