Сәдібек аға Түгелдің 60 жасқа толуына арналған БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

«ЖІГІТТЕ ДЕ ЖІГІТ БАР – АЗАМАТЫ БІР БӨЛЕК» – атты
Сәдібек аға Түгелдің 60 жасқа толуына арналған
БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

Еліміздің Барлық Бұқаралық Ақпарат  құралдарына!

Құрметті әріптестер!

Бүгін, 2015 жылдың 23 ақпаны күні, біздің әріптесіміз әрі бүкіл журналистер қауымының үлкен досы, қамқоршысы, танымал Ұлт азаматы, ұлттық құндылықтарымыздың майталман ұлықтаушысы,  Ұлы Дала мәдениетінің темірқазығы болып саналатын ұлттық ат ойындарының есімі  елімізге кеңінен   белгілі зерттеушісі, ҚР Ұлттық Ат спорты Федерациясының президенті, «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық әлеуметтік-мәдени қозғалысының тең төрағасы, Ұлы даланың Даңқты  тұлпары Құлагерге тамаша ескерткіш салған, қуатты  «ТҮГЕЛ МЕДИА» бірлестігінің басшысы, өмірден ерте өткен дарынды елордалық журналистерді еске алу кешін  ұйымдастырушы, «Астана қаласының Халықаралық Баспасөз Орталығының» негізін қалаушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері,  жазушы, журналист, публицист, академик,  жаңа Елордамыз-Астана қаласының  тұңғыш баспасөз хатшысы  Сәдібек Түгел   ағамыз алтын жас – 60-қа толып отыр.

Қазақстан республикасының тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Алғы сөзімен  жарыққа шығып, халықтың қолдауына ие болып келе жатқан ұлттық құндылықтарымызға арналған ғылыми-танымдық «Қазанат» журналының танымал  ұлт азаматы, белгілі қоғам қайраткері,   жазушы, журналист, атбегі, жаңа Елордамыз-Астана қаласының тұңғыш баспасөз хатшысы Сәдібек Түгел туралы анықтамасы:

 Сәдібек Түгел – бала жастан ат жалын тартып мінген, көкірегі от-жалын, ұстанымы жоғары Азамат. Ол еліміздің інжу–маржаны Шығыс Қазақстан облысының  Өр Алтай, Асқар Алтай баурайында, Асау Ертіс, Ерке Ертіс жағасында  1955 жылдың 23 ақпанында жылқышылар бригадасының бригадирі Түгел Құмарұлы мен Мәрия Құмар келінінің шаңырағында дүниеге келді.

Ол бүкіл саналы өмірін – Ұлы Дала мәдениетінің темірқазығы болып саналатын ұлттық ат ойындарының дамуына және  жаңа Елордамыз-Астана қаласының  өсіп-өркендеуіне арнап келеді. Бұл жолда Сәкең өршіл мінез, қайсарлық, қайраткерлік танытып, небір қиындықтарға төтеп беріп, ел арасында зор абырой, беделге ие болып отыр.

Сәдібек Түгелдің – ел алдында ерлікке тең  еңбектері  бар.

Оның біріншісі: – «Қайдасың қазағымның Қазанаты?!»-деп жар салып,  елімізде алғашқылардың бірі болып  халқымыздың асыл қазынасы, ұлттық құндылықтарының бірі де бірегейі болып саналатын қазанат тақырыбын жете зерттей білді және қазанат ұғымын қоғамда қалыптастыра алды. Ол   парасатты азамат Кеңес Рақышевпен бірге әлем мойындаған және қалың оқырмандардың құрметіне ие болған «Қазанат» кітап-энциклопедиясын жарыққа шығарды.

Екіншісі: – жігіттік намысты Ту етіп ұстап, дүние мүлкін ломбардқа салып, достарымен аты аңызға айналған, небір атақты ақындардың жыр-дастандарына арқау болған Ұлы Даланың даңқты тұлпары Құлагерге «Астана-Көкшетау» автобанының бойында 2010 жылы керемет ескерткіш тұрғызды. Қазір ол,  ұлт патриоттарымен бірлесіп  теңдесі жоқ «Ұлы Дала Даңқы»- «Музей Славы Великой Степи» мұражайын салуды қолға алып отыр.

Үшіншісі:  – Ұлттық спорт түрлерімізді дүниежүзіне танытуы және мойындатуы. Қазақ құсбегілерінің Ұлыбританияның Лондон қаласында өткен Әлем бүркітшілерінің 1-ші Фестиваліндегі, Қазақ қөкпаршыларының Туркиядағы  тарихи жеңістері соған куә. Сол жарыстарда Сәдібек Түгел бастаған қазақтар әлемнің 53 мемлекеттерінен озып, үлкен доданың 2 мәрте бас жеңімпазы атанып,  елімізге үлкен абырой әкелді. Сәдібек Түгел  Ұлттық Ат   спорты Федерациясының, Ұлттық  спорт түрлері Қауымдастығының негізін қалаушылардың  бірі. Ол  ұлттық спорт түрлерінің жүйелі дамуына және оның ережелерінің алғашқы нұсқаларын  жасауға белсене қатысып, атсалысқан азамат. Сәдібек Түгелдің бастауымен «Қазақ атбегілерінің  кодексі»-«Кодекс конников Казахстана», «Ұлттық спортың  гүлденуі 2010-2020» – «Расцвет национального спорта 2010-2020» мемлекеттік бағдарламасының   және  «Ұлттық спорт туралы»-«Закон о национальном  видах спорта» заңдарының жобалары   дайындалынып, жазылды.

Жиырма үш жылдың ішінде Сәдібек Түгел қоғамдық негізде мемлекеттен бір тиын қаржы алмай достарымен Ұлттық спорт түрлерінен 27 республикалық Федерация, 16 облыстық, 80 қалалық, 195 аудандық, 325 ауылдық-селолық филиалдар құруға  қатысты. Сәкеңнің тікелей басшылығымен және  ұйымдастыруымен   Қазақстан  бойынша  ондаған. жүздеген бәйгеден, көкпардан, ат спортынан халықаралық, республикалық деңгейлердегі жарыстар  өткізілді. Ол  Ұлттық Ат  спорты Федерациясы мен  ұлттық спорт түрлері Қауымдастығын құру кезінде барлық облыстарға, аймақтарға  ат  басын тіреп, өзі барып,  жиналыстар өткізіп, қажетті жұмыстар   істеген азамат.

Төртіншісі. – Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың  Өзі таңдап, Өзі негізін салып, Өзі іргетасын  қалаған  жарқыраған жаңа Елордамыз – Астана қаласының тұңғыш баспасөз хатшысы болу бақытына ие болып, қайнаған қазанның,  жаңа шаһар  құрылысының  басы-қасында,  нақ эпицентрінде болып жемісті  жұмыстар атқарды, үлгі көрсете білді. Ол  жаңа Астана баспасөзінің негізін қалады.  Астана  қаласының «Халықаралық баспасөз орталығын» құрып,  бір мыңнан астам әртүрлі   елордаға  қажетті  ұлағатты іс-шаралар, оның ішінде  баспасөз мәслихаттары, брифингтер, кездесулер,  журналистік семинарлар, басқосулар  өткізді.  Соның ішінде,  жыл сайын   Сәдібек Түгелдің идеясымен және тікелей басшылығымен ұйымдастырылынып өткізілінетін  «Өмірден ерте  өткен дарынды елордалық    журналист-қаламгерлерді еске алу»  кештерін атап  айтамыз. Сәкең  жаңа Астана баспасөзінің шежіресін жазған журналист. Ол бүкіл Қазақстан  журналистер қауымы құрметтейтін кең байтақ еліміздің  көрікті жерлеріне баспасөз саяхатының ұйымдастырушысы. Сәдібек Түгел Астанаға арналған 7 кітаптың авторы, қазақ радиосы ұйымдастырған «Астананың 10-жылдығының қаһарманы»  байқауы номинациясының жеңімпазы. Қазір «Астана хикаялары» атты кітапты жазу үстінде. Оның  парасатты азамат Дәурен Мұсамен бірлесіп жазған «Алғашқы Астаналықтар»- «Первопроходцы Астаны» кітап-энциклопедиясы оқырмандар тарапынан үлкен бағаға ие болынып  отыр. Бүгінгі таңда жаңа Елордамыз-Астана  қаласының тыныс-тіршілігін,  өсіп-өркендеуін насихаттайтын  қуатты «Түгел Медиа» бірлестігін   құрып, оның жұмысын  шебер жүргізіп отыр.

Бесіншісі: –   Ол  жақын досы, ұлт патриоты  Марат Нәбиев пен  бірге 2011 жылдың 12  қазанында  ұраны: «БІРЛІГІ МЫҚТЫ ЕЛ ОЗАДЫ!» -атты, ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын «Ұлы Дала Қырандары» атты республикалық қоғамдық әлеуметтік-мәдени қозғалысын құрды. Бұл қозғалыстың да негізгі мақсаты халыққа адал қызмет ету, ұлттық құндылықтарды ұлықтау, Ұлы Дала  мәдениетін жаңғырту және ел бірлігін   нығайту   болып табылады.  Сәдібек Түгел тең төраға болған қырандар көптеген игілікті іс-шараларды жоғары деңгейде өткізіп  халық құрметіне ие болуда.   Олардың ішінде, «Ұлы Дала Даңқы» – «Музей Славы  Великой Степи» мұражайының алғашқы тасын қалауы,  «Ұлы дала –Ұлттық Рух!», «Бұлақ көрсең көзін аш», «Туған табиғатты аялайық», «Ауыл-алтын бесігіміз»- атты    елге қажетті акцияларын өткізуі,қытай елінде тұратын қазақтардың  тұрмыс – тіршілігімен танысу сапары және қазір республика деңгейіндегі  жастарды   биік рухани адамгершілікке,  ізгілікке  инабаттылыққа, арды сақтауға тәрбиелейтін жұмыстарды тиянақты  жүргізулері.

Қазақстан  Жазушылар Одағының мүшесі Сәдібек Түгел жазып шығарған кітаптар тізімі:

  1. «Көк Күмбезді – Астана» – 2004 ж.
  2. «Астана – Город Солнечной мечты» – 2004 ж.
  3. «Қайдасың, қазағымның Қазанаты?!» – 2004 ж
  4. «Джигиты и аргымаки Казаната» – 2004 ж.
  5. «Қазанат» – 2006 ж.
  6. «Астана – Триумф Независимости страны» – 2007 ж.
  7. «Астана – жерұйығы Елімнің» – 2008 ж.
  8. «Ертуған» – 2008 ж.
  9. «Бүркіт – Ұлы Даланың Символы» – 2008 ж.
  10. «Беркут – Символ Великой степи» – 2008 ж.
  11. «Алғашқы астаналықтар» жинағы-2011 жыл.
  12. «Первопроходцы Астаны» жинағы-2011 жыл.
  13. «Астана хикаялары»-2014 жыл.
  14. «Өсе бер, өрлей бер, Шығысым!». 2014 жыл.
  15. Астана қаласы баспасөзінің шежіресі-2014 жыл.

Журналист  Сәдібек Түгел  7- республикалық журналдардың негізін қалап, олардың  бас редакторы болып, «Біз журналистер, біз біргеміз!»- «Мы журналисты, мы вместе!»-деген  ұстаныммен   ақпарат кеңістігінен  өз орынын  алып отыр.   «Түгел Медиа» бірлестігіне  қарайтын  журналдар тізімі.:

  1. «ҚАЗАНАТ» журналы.
  2. «Құлыным» журналы.
  3. «Біз , астаналықтар» журналы
  4. «Ұлы дала Қырандары» журналы.
  5. «Керемет той» журналы.
  6. «Журналистер әлемі» журналы.
  7. «Ұлттық спорт» журналы

Сәдібек Түгел қарапайым оқушыдан – Академикке, жас тілшіден қаламы жүйрік  журналист, публицист- жазушыға, қатардағы шабандоздан еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, қарапайым азаматтан белгілі қоғам қайраткері деңгейіне дейін өскен Азамат.  Жан жары  – Зайсан ауданының тумасы Қайникамалмен екі балалары Айдын мен Әйгерімді  тәрбиелеп, өсіріп, ұлды ұяға, қызды қияға қондырып,  олардан  бес немере сүйіп отырған  бақытты отбасы иесі.

Сәдібек Түгелдің ғылыми атақтары: – Қазақстан Республикасы Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының Академигі,  халықаралық  ақпараттандыру  Ғылымдар Академиясының академигі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің дәріскері.

Мүшелігі – ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Журналистер Одағының мүшесі,  республикалық Бас Редакторлар Клубының  мүшесі

Лауреаттығы –  2006 жылы Москвада өткен Халықаралық «Кітап өнері» байқауының жеңімпазы, 2006 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ең үздік атанған «Қазанат» кітабының авторы, Астана қаласының  дамуын БАҚ-да жақсы насихаттағаны үшін Президент Грантымен және   2-мәрте ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталды және  ҚР Журналистер Одағының Совет Масғұтов және Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтарының  иегері.

Құрмет атақтары – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР Спортының құрметті қайраткері, ҚР Туризмінің құрметті мүшесі, Шығыс-Қазақстан облысы Ұлан ауданының құрметті азаматы, 1998, 1999 жылдардағы Қазақстанның ең үздік баспасөз хатшысы, ҚР мәдениет қайраткері, «Астанаға 10-жыл»  республикалық байқауындағы «Астана қаһармандары» номинациясының жеңімпазы.

«ҚАЗАНАТ» журналының ұжымы.
Астана қаласы. 2015 жыл.

Сондай-ақ, оқыңыз

«Олардың есімдері – біздің жүрегімізде»

18 мамырда ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгел елордадағы Халықаралық баспасөз орталығының құрылғанына 20 жыл толуына …