Алпыс жас – алтын жас

6YxZQ6K9D0gБүгін Астана қаласының тұңғыш баспасөз-хатшысы, «Астана қаласы Халықаралық баспасөз орталығын» құрушы, танымал жазушы, публицист, журналист, 15 кітаптың авторы,  Республикалық Баспасөз орталығының мүшесі және 7 бірдей Республикалық журналдың редакторы, «ТҮГЕЛ-МЕДИА» бірлестігінің басшысы-Сәдібек Түгел мырзаның 60 жас мерейтойына арнайы ұйымдастырылған «ЖІгітте де жігіт бар – Азаматы бір бөлек» атты Елорда журналистерімен кездесу болып өтті.

Жиынға зиялы қауым өкілдері, танымал қаламгерлер және жас журналистер қатысты.  Кездесуді өз құттықтауымен ащқан «Бас редакторлар клубы» Республикалық қоғамдық ұйымның мүшесі Кенжеболат Жолдыбай,жиын жұмысын бастан аяқ жүргізді. Кездесу барысында мерейтой иесінің ерең еңбегі мадақталып, адами қасиеттері жайында әңгіме өрбіді.

Жиын соңында қонақтар мерекелік дастарханнан дәм татып, естелік суретке түсті.«Старт» полиграфиясы әзірлеген «Ұлт және азамат» банері кештің көркін келтірді.

 

Сондай-ақ, оқыңыз

«Олардың есімдері – біздің жүрегімізде»

18 мамырда ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгел елордадағы Халықаралық баспасөз орталығының құрылғанына 20 жыл толуына …