АСТАНА күнімен құттықтау!

Құрметті астаналықтар және Елорда қонақтары!

Баршаңызды келе жатқан жаңа Елордамыз-Астана қаласының күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жиырмасыншы мен жиырма бірінші ғасырлардың тоғысында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың таңдауымен және тікелей басшылығымен салынған Астана қаласы ұлтымыздың Ұлы жеңісі, мың жылда бір рет болатын тарихи оқиғасы болып саналады.

Астана- қазақтың абыройын асқақтатып, мерейін өсірді. Бүгін Тәуелсіз Қазақстан Республикасының астанасын бүкіл әлем танып, мойындап отыр. Астана дүниежүзіндегі ең әдемі шаһарлардың біріне айналды. Алғашқы астаналықтардың қатарында болып, күндіз-түні тыным таппай еңбек етіп, жаңа елорданың негізін салып, іргетасын қалауға белсене қатысқанымызға қуанамыз әрі мақтанамыз. Астана күні құтты болсын! Алғашқы астаналықтар ұмыт қалмасын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Жаңа Елордамыз-Астана қаласы өсіп, өркендей берсін!!!

Құрметпен,
Астана қаласының тұңғыш баспасөз хатшысы,
ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Астана қаһарманы»
номинациясының жеңімпазы Сәдібек Түгел.

Сондай-ақ, оқыңыз

«Олардың есімдері – біздің жүрегімізде»

18 мамырда ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгел елордадағы Халықаралық баспасөз орталығының құрылғанына 20 жыл толуына …