Ұлттық спорт

Атбегі Нәбен!

Құдайға шүкір, бүгінгі юбиляріміз Нәбидолла Ақанұлы Кикебаевтың өзінің ақыл-парасатымен, білімі мен біліктілігінің, талпынысы мен талмай ізденісте болуының арқасында қол жеткізген атақтары жетерлік. Ол ауылшаруашылық ғылымының докторы, профессор, ғылым академиясының академигі, жылқы тұқымының авторы, ірі ғалым, мемлекеттік кәсіпорынның бас директоры және тағы басқалары. Олары бір төбе. Солармен қатар, бүкіл Қазақстан халқы зор құрметпен айтатын Нәбидолланың екінші тау атағы бар. Ол- «Атбегі Нәбен»- «біздің Нәбен» деген құрметті аты. Менің біздің Нәбенмен танысуым …

Толығырақ оқу»

«Көкжүйріктің» шабысы-ай!

Бәйге десе, оның ішінде «Аламан»десе делебесі қозбайтын қазақ баласы жоқ шығар деп ойлаймын бұл әлемде. Ол туралы поэзияның Құлагері атанған ақиық ақын Ільяс Жансүгіров ағамыздан артық айтқан адам жоқ:- «Жанына еліміздің жылқы жаққан, Жылқыға жетпеген көз жәутең қаққан. Мінсең – ат, ішсең – қымыз, жесең – қазы, Қашаннан қазақ халқы жылқы баққан. Халықпыз артық көрген атты тақтан. Қызық-ау біздің бәйге қырда шапқан, Шыдар ма қазақ қаны ұшып кетпей Аттарға шаң …

Толығырақ оқу»

Жүрекжарды…

«Қазақ халқының мақтанышы, біртуар азаматы Дәулет Тұрлыхановтың біз үшін бағасы зор. Өзінің асқан шеберлігі мен парасаттылығының арқасында талай асуларды бағындырып, ел мәртебесін асқақтатты. Қазақ спортының нағыз майталманы, шынайы жанашыры Дәулет Тұрлыханов өскелең ұрпаққа өшпес үлгі – өнеге, терең із қалдыра білген азамат».

Толығырақ оқу»

Дәулет Тұрлыханов – ұлтымыздың ұлы азаматы

2010 жылдың 7 желтоқсаны. Жаңа елордамыз – Астанадағы Қазақстан Республикасы спорт және туризм министрлігінің мәжіліс залы. Залда ине шаншар орын жоқ. Халықтың көп жиналғаны бірден көрініп тұр. Олардың арасында ұлттық спорттың ыстығына күйіп, суығына тоңып жүрген кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтарынан ат сабылтып келген өз ағайындарымыз: атбегілер, төрешілер, жаттықтырушылар, бапкерлер, балуандар, көкпаршылар, жекпе-жек, бес қару, жұдырықтасу, алыспақ, бүркіт, түйе жарыс, тоғызқұмалақ, қазақ күресі федерацияларының басшылары мен мамандары, спорт министрлігінің қызметкерлері …

Толығырақ оқу»

Көкпар

Қазақтың ұлылығы мен даналығын бүкіл әлемге паш ететін мәдениеті мен салт-дәстүрі болса, соның ең бастысы ұлттық спорт ойындары екені даусыз. Біздің ұлттық ойын­­дарымыздың мың жылдық тарихы бар. Ала­ман бәйге, тоқ бәйге, жорға жарыс, құнан бәйге, көкпар, қыз қуу, ат үстіндегі сайыс (ауда­­рыспақ ойыны), теңге алу, жамбы ату, қам­шы­­герлік, саясаткерлік, түйе жарыс – желмая, қазақша күрес, жекпе-жек, тоғызқұмалақ және тағы басқа спорт түрлері сонау заманнан бері туған халқымызбен бірге жасап келеді.

Толығырақ оқу»