Ай мұрағаты: Маусым 2012

Құрметті журнал оқырмандары!

Жиырмасыншы ғасыр мен жиырма бірінші ғасыр тоғысында туған еліміздің абыройын асқақтатқан, ұлт өмірінде өте сирек кездесетін Ұлы тарихи оқиға орын алды. Ол – қазақтың кең жазира даласы Сарыарқаның нақ төсінде теңдесі жоқ, таңғажайып  жаңа Елорда – Астана қаласының салынуы. Бүгін Астананы бүкіл әлем танып, мойындады. Астана – дүние жүзіндегі ең сәулетті шаһарлардың біріне айналды. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Өзі таңдап, Өзі негізін салып, Өзі іргетасын қалаған Елордамыз күн санап …

Толығырақ оқу»

Аққан жұлдыз – жарқын бейне – мақтан жұлдыз

«Ұлы дала қырандары» республикалық қоғамдық мәдени-әлеуметтік қозғалысының  (тең төрағалары – елімізге белгілі меценат Марат Әскенұлы Набиев пен белгілі  көсемсөзші, Астана қаласының тұңғыш баспасөз хатшысы Сәдібек Түгел) өткен жылдың қазан айында алғашқы құрылтайы  болды.  Биылғы жылдың қаңтар айында бұл қозғалыс  арнайы мемлекеттік тіркеуден өтті. Бүгінде  қозғалыс қарқынды жұмыстар атқарып, жақсы істердің жаршысы, жақсы шаралардың ұйтқысы болуда.

Толығырақ оқу»

Орынбор – Ақмешіт – Алматы – Астана

Орынбордан Ақмешітке көшу жөніндегі қарар

Қазақстан – Орталық Еуразия алабындағы іргелі, ғажайып, қайталанбас тарихы бар байырғы өркениетті өңір. Бұл жерді мекен еткен көшпенділер мен отырықшылардың бір-бірімен шектескен әлемі ғасырлар қойнауында талай-талай ұлыстар мен қағанаттарды дүниеге әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре жолдардың үстінде саудасы қызып, Шығыс пен Батыс арасын жалғап жататын болған.

Толығырақ оқу»