«Көк бөрі» халықаралық федерациясы

«Көк бөрі» халықаралық федерациясы«Көк бөрі» халықаралық федерациясы 2001 жылғы 14-15 қазанда құрылды. Федерацияның құрылтайшылары – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан мемлекеттері. Ауғанстан, Ресей, Қытай, Монғолия, Түркия мемлекеттері халықаралық федерацияға мүше болып табылады. «Көк бөрі» халықаралық федерациясының қолдауымен Ататүрік Кубогы, Еуразия Кубогы, Орта Азия және Қазақстан чемпионаты, Қырғызстан Республикасы Президентінің Кубогы өткізілді. Сондай-ақ Қазақстан – Қырғызстан, Өзбекстан – Қырғызстан командаларының бірнеше дүркін жолдастық кездесуі болып өтті. «Көк бөрі» халықаралық федерациясының штаб-пәтері Бішкек қаласында орналасқан. Бүгіндері Астана қаласынан да Федерацияның бас кеңсесін ашу көзделіп отыр. «Көк бөрі» халықаралық федерациясы конгресінің мәжілісінде жарыс ережелері қайта қаралып бекітілді. «Көк бөрі» халықаралық федерациясының президенті – генерал-майор Қайрат Сатыбалды, бас хатшысы – Болатбек Шерниязов.

Бөлісу:

Сондай-ақ, оқыңыз

Атбегі Нәбен!

Құдайға шүкір, бүгінгі юбиляріміз Нәбидолла Ақанұлы Кикебаевтың өзінің ақыл-парасатымен, білімі мен біліктілігінің, талпынысы мен талмай …

Пікір қалдыру