Күншығысым (Сөзі мен әні Садық Құнанбаевтікі)

КҮНШЫҒЫСЫМ

Сөзі мен әні Садық Құнанбаевтікі

Айналайын атыңнан Күншығысым
Саған келсем ашылар мың тынысым
Көрінгенде алыстан Айыртауың
Ұшқандай ма кеудемнен мың тынысым.

Қайырмасы:
Шығысым менің – Өскемен
Тынысым менің – Өскемен
Жаныңнан менің жаралып
Шуағыңмен өскен ем

Ертістей өзен саласы
Алқызыл гүлдер жағасы
Теруге шіркін сол гүлді
Жүгірген әрбір баласы

Жер бар ма екен Катондай қарағайлы
Маралдары ару боп аралайды
Табиғаттың бояуы-неткен сұлу
Суретші де осылай сала алмайды.

Қайырмасы:

Қасым сынды қас батыр ұлы болса
Бибігүлдей қызының үні болса
Қалай ғана ол аймақ аласарар
Шығысынан шығарар күні болса

Қайырмасы:

Өскеменім өскен ел әсем қала
Салт-санасын ұстаған қашаннан да
Алтайындай асқар шың, биік асу
Ұмтылады ұрпағы ұлы арманға.

Сондай-ақ, оқыңыз

ҚОС ТАҒДЫР

Целиноград ауданы, Ақмол ауылы,  Серік АЛЛАЖАРҰЛЫ.  (Деректі әңгіме) Өз үйінде бақытты адам ғана – шын …