Жаңалықтар

Балуан шолақ бабамыздың 150 жылдық мерейтойына орайластырылған XVIII халықтық спорт ойындары өз мәресіне жетті

Маусымның 19-25-і аралығында Зайсан ауданында облыс әкімінің жүлдесіне арналған, Балуан шолақ бабамыздың 150 жылдық мерейтойына орайластырылған XVIII халықтық спорт ойындары өз мәресіне жетті. Газетіміздің өткен санында хабарлағанымыздай, жарысқа барлығы спорттың 22 түрінен 19 команда, 1600 спортшы қатысты.

Толығырақ оқу »

Спартакиада «Сайхан» стадионында ашылды

Кешқұрым «Сайхан» стадионында ине шаншыр орын болған жоқ. Зайсан өңірінің тарихы, жетістіктері мен ерекшеліктері баяндалатын театрландырылған қойылымдардың әр көрінісінде үлкен мән жатқандай. Алтын адамнан бастап, салтанатпен сән түзеген байырғы қазақ көші дәл алдымыздан өтті. Ауыздығымен алысқан сәйгүлікке мінген бозбалалар мен бойжеткендер, көш бастаған күміс сақал абыз қариялар мен ақ жаулықты аналар тізбегі қандай жарасымды?! Өнер көрсеткен оқушылардың келісті қимылдарына қарап, сүйсінбеске шараң жоқ. Мұндай ауқымды қойылымға қанша күш пен қайраттың, …

Толығырақ оқу »

Қолы сынса да, сыр бермеді

Маусымның 19-ы күні волейбол ойындарымен басталған спорт тойы Зайсан қаласындағы спорт модулі мен М.Ломоносов атындағы мектепте жалғасты. Ерлер және қыздар арасындағы ойын маусымның 21-22-сі күндері де тартысты өтті. Негізгі ойындар 23 маусым күні басталған болатын. «Сайхан» орталық стадионы жанындағы алаңқайда футбол, көкпар, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, президенттік көпсайыс, стол теннисі, барлық салмақ дәрежесі бойынша гір спорты және қазақ күресінің мықтылары анықталды.

Толығырақ оқу »

Тарбағатай топ жарды

Халықтық ойындар Облыс әкімінің жүлдесіне арналған XVIII халықтық спорт ойындары биыл өз алауын Зайсанда тұтатты. Дәстүрлі спорт тойы биыл Балуан Шолақ бабамыздың 150 жылдығымен орайластырылған. Маусымның 19-25-і аралығында Зайсан ауданы 15 мыңға жуық қонақты қабылдады. Спартакиадаға 1600 спортшы қатысып, олар спорттың 22 түрі бойынша сынға түсті.

Толығырақ оқу »