Жаңалықтар

Құрылысшылар күні аталып өтілді

Аллаберген Қонарбаев Маңғыстау ауданы. Құрылысшылар күніне орай 14 тамыз күні аудандық мәдениет үйінде салтанатты шарада бірқатар сала мамандары марапатталды. Жиынға аудан әкімі Жармағанбет Айтуаров қатысты. – Құрылысшылар жер бетіндегі бейбіт, жасампаз мамандықтың иесі деп білемін. Елбасымыз «Құрылыс – ел экономикасының локомотиві» деп атап көрсеткен еді. Бұл – құрылысшыларымыздың еңбегіне берілген зор баға.

Толығырақ оқу »

Республикалық «Ақ орамал» акциясы

Дина Өтепбергенова Жастар орталығының маманы. Маңғыстау ауданы.    Жас жанұяға ақ тілек Бүгін Шетпедегі Жастар орталығының мәжіліс залында республикалық «Ақ ормал» акциясы аясында «Жас жанұяға ақ тілек» атты іс шарасы өткізілді. Шараға ауданның белсенді жастар мен жуырда ғана отау құрған Алмас, Жаннұр есімді жас жанұя мүшелері, сондай ақ бүгінде ақ жаулықты әже атанып отырған мәдениет саласының ардагері Тыныштық Ахметова, медицина саласының ардагері Набат Туғанбаева , ардагер ұстаз –тарихы Нұржақсы Қыдыршаевалар қатынасты. 

Толығырақ оқу »

РИО – 2016 Әділбек – біз саған сенеміз!

Дүйсенбек Қозбақов Жастар орталығының маманы Маңғыстау ауданы. Бүгін Шетпедегі орталық алаңы мен Жастар орталығының алдында Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығы мен аудандық салауатты өмір салтын қалыптасыру орталығының ұйымдастыруымен «Әділбек, біз саған сенеміз» атты жастар флэш мобы өткізілді.

Толығырақ оқу »

Бір уыс топырақ

Аллаберген Қонарбаев. Маңғыстау ауданы. Бүгін Маңғыстау ауданы әкімдігінде игі шара өтті. Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданының тұрғыны осыдан 71 жыл бұрын соғысқа аттанып, Польшада қаза тапқан әкесі Алтыбаев Жұмағазының бір уыс топырағы елге әкелінді. Бұл топырақты елге әкелген «Каспийцемент» ЖШС бас директоры Кшиштоф Бурек мырзаның ата – анасы Ежий Бурек және Ядвига Бурек Алтыбаев Жұмағазының жерленген жерін тауып бір уыс топырағын елге әкелді.

Толығырақ оқу »

Жастар форумы

Лаззат Қарағұлова Жастар орталығының маманы Маңғыстау ауданы.  Үздіктер марапатталды Бүгін Ақтау қаласында жастар форумы өтті. Мерекелік шараға қатысушылар аймақтың түкпір-түкпірінен жиналған. Шара барысында биылғы жартыжылдық бойынша есеп беріліп, болашаққа бағдар жасалды. Форумда барлық аудан жастарының көрсеткіштері таныстырылды. Айта кетейік, бірінші жартыжылдық бойынша мұнайлы шаһарда тындырымды істер атқарылған. Жыл басынан бері 1500 өтініш түсіп, бүгінде 680 жас маман жұмыспен қамтылыпты. 

Толығырақ оқу »