Қоғамдық жұмыстар

Үндеу

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа, ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы О.Мұхамеджановқа, ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қ.Қ.Тоқаевқа ҚР Үкіметінің Премьер-Министрі К.К.Мәсімовке және барлық табиғат жанашырларына Қазақстанның Ұлы Даласында аң аулауды 2011 жылдың 1-ші қаңтарынан, 2016 жылдың 1-ші қаңтарына дейін 5 жылға тоқтату туралы Үндеу Құрметті ағайындар! Қадірлі бауырлар! Бұл күнде туған еліміз – Қазақстан Республикасы жеріндегі аң-құстарға зор қауіп төніп тұр. Аңдар көптеген аймақтарда,аудандарда мүлде жоғалудың алдында тұр. Олар: аюлар, ақ бөкендер, дала …

Толығырақ оқу»

Ұлттық спортқа бетбұрыс

Еліміз егемендік алғаннан бергі кезеңде көптеген жағымды жаңалықтар өмірге келді. Ұлтымыздың өшкені жанып, өлгені тіріліп, егеменді еңсесі биік елдер қатарынан біздің ел де лайықты орын алып әлемдік қауымдастыққа сіңісіп, өзімізді мойындатуға мәжбүр ету дәрежесіне жеттік. Көптеген салалардың ішінде – ұлттық спортымыз да өмірге келді.

Толығырақ оқу»

Сайыскерге – таптырмас құрал

Ежелгі ат ойындарының бір жәдігері сайысты білмейтін қазақ кемде-кем. Спорттық жүйеге келтірілген «Жекпе-жек», «Тақымтартыс», және «Білектартыс» сынды ат үстіндегі айқастың үш түрін қосып, қайта жаңғыртқан жаңааралық Дүйсенбай Бокенайұлы мүлдем жаңаша сипатқа ие болған «Сайысты» дүниеге әкелген еді. Енді міне автордың жұрт тамашалап жүрген ұлттық ат спортының қыр сырын зерделеп жазған тұңғыш әдістемелік оқу құралы жарық көрді.

Толығырақ оқу»

«Көк бөрі» халықаралық федерациясы

«Көк бөрі» халықаралық федерациясы 2001 жылғы 14-15 қазанда құрылды. Федерацияның құрылтайшылары – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан мемлекеттері. Ауғанстан, Ресей, Қытай, Монғолия, Түркия мемлекеттері халықаралық федерацияға мүше болып табылады.

Толығырақ оқу»

Алматы облысында ұлттық спортты дамытуға зор көңіл бөлінуде

Ұлттық спорт түрлері – қазақ күрес, тоғызқұмалақ, бәйне, көкпар тарту, аударыспақ, қыз қуу, теңге ілу, «Саят» құсбегілер спорты – бұқаралық спорт түрлерінде маңызды рөлге ие.

Толығырақ оқу»