Құлагер ескерткіші қайтадан құлпырды

Бұл ауқымды жөндеу жұмыстарын «ҚазАвтожол» Ұлттық Компаниясы» Акционерлік Қоғамының «Ақылы автомобиль жолдар дирекциясы филиалы» жүргізді.

Осы мекеменің жол пайдалану бөлімінің бастығы Айдос Манақовты сөзге тарттық: «Жөндеу жұмыстарының бастамашысы біздің директорымыз Жүсіпов Арман Амантайұлы. Ол нағыз патриот азамат, ұлттық құндылықтарымыздың жанашыры. Құлагерді өте құрмет тұтады. Төл тарихымызды бағалайтын кісі. Арман бізді жинап алып, тез арада Ұлы Даланың символына айналған Құлагер ескерткішін күрделі жөндеуден өткізуді талап етті. Себебі алдымызда халықаралық «Астана ЭКСПО-17» көрмесі бар, оның үстіне керемет салынған Құлагер ескерткішіне жолаушылар көп тоқтайды. Бір байқағаным, шетелдіктер көп келеді. Олар тұлпардың жанында суретке түскенді ұнатады. Бүгінгі күнге дейін біз мекеменің күшімен жердегі плиталарды қайтадан алып, жақсылап орналыстырдық. Әдемі темір қашалар мен жолаушылар келіп демалатын орындықтар қойдық. Аллея жасап , оған 27 түп шыршалар мен гүлдер отырғыздық. Оны күнде келіп суарып тұрамыз. Қазір аббаттандыру жұмыстарын жалғастырып отырмыз. Болашақта, Құлагер ескерткішін және оның айналасын одан әрі құлпыртайық деген жоспарымыз бар. Орай келгенде айтарым, ұлт азаматы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел ағаның идеясымен тұрғызылған бұл монумент әлемдегі жылқы жануарға қойылған ең үлкен және ең көрнекті ескерткіш болып саналады. Біз жастар оны мақтан тұтамыз» – деді.

Суретте: Айдос  Манақов пен Сәдібек Түгел және  жөндеу жұмыстарынан  сыр шертетін фотосуреттер.

Сейіт Айшолпан,
Лев Гумилев атындағы Ұлттық  Университеттің
журналистика және саясаттану   факультетінің  3-курс  студенті.

Сондай-ақ, оқыңыз

«Олардың есімдері – біздің жүрегімізде»

18 мамырда ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгел елордадағы Халықаралық баспасөз орталығының құрылғанына 20 жыл толуына …