«Жігіттің де жігіті бар, азаматы бір бөлек, жылқының да жылқысы бар қазанаты бір бөлек» деген, немесе «сегіз қырлы, бір сырлы азамат» деген сөздер біздің Сәкеңе арнап айтылған секілді. Олай дейтін себебім – Сәкеңнің мен білетін ерекше көп қасиеттері бар. «Жақсының жақсысын айт, нұры тасысын» дегендей, саусақ басып санайтын болсақ: адамгершілігі, адалығы, еңбекқорлығы, бауырмалдығы, қарапайымдылығы, еліне деген махаббаты, ұлтына деген жанашырлығы, тәуекелшілдігі, шынайы патриоттығы, арманшылдығы жатады.
Толығырақ оқу»Ай мұрағаты: Ақпан 2010
Қайсар жігіт
Күн батысқа қарай ауып ұясына жақындаған кез. Төргі бөлмедегі диванда күннің батуын күтіп, жеңіл киіммен, басы жасттыққа тие сала қор ете түскен, жас жігіт – Сәдібек жатыр. Алғашқы рет мұсылмандыққа бет бұрып, оның бес парызын орындауға ниеттеніп, тілін кәлимаға келтіріп, құранды зерттеп, керекті аяттарын жаттап жүрген. Ораза басталғанына бір жеті болса да әлі төселе алмай, таңғы сәресіге тұрар кезде қара басып, таңғы тәтті ұйқыдан басын көтеруге шамасы келмей, бұрыннан қалыптасып …
Толығырақ оқу»
Түгел Медиа