Жер жәннаты Жетісуда Ұлттық спорттың түрлері: жекпе-жек, қазақ күресі, тоғыз құмалақ, асық атудан қала орталығындағы жаңадан салынған Жастар спорт сарайында 11-12 тамыз күндері Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері ІІІ-ші Фестивалі аясында облыстық жарыстар өтті. Осы жарыс басталуға бір-ер күн қалғанда облыс әкімдігі аяқ астынан ат спорты түрлері: аламан бәйге, тай жарысы, қыз қуу, теңге ілу, аударыспақты осы айдың соңында өтетін ҚР Президенті кубогы үшін болатын жарыспен бірге өткізуге ұйғарым жасап, …
Толығырақ оқу»Ай мұрағаты: Тамыз 2011
Қазақтың хас батыры!
Қазақ халқының жауымен жекпе-жекке шығып айқасуы ежелден келе жатқан қанында бар қасиет. Батырларымыз не бір сұсты қаныпезер жауларымен жекпе-жекте кездесіп тізе бүктіріп, жеңілгендігін мойындатып отырғандығын халық жақсы біледі. Абылайхан атамыздың 20 жасында тайсалмай Қалмақ қонтайшысының батыр күйеу баласы Шырышты жекпе-жекте жеңіп, қалмақтардың жеңілгендігін мойындатқан.
Толығырақ оқу»Ұлттық спортсыз рухты көтеру қиын
ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының бірінші вице-президенті, ҚР «Ұлттық ат спорты» федерациясының президенті Сәдібек Түгел: ҰЛТТЫҚ СПОРТСЫЗ РУХТЫ КӨТЕРУ ҚИЫН Тамыры тереңнен тартылған ұлттық спорт түрлері халық құндылықтарының ажырамас бөлігі. Сондықтан, оның өрісін кеңейтіп, дені сау, өресі биік ұрпақ тәрбиелеуде сенімді құралға айналдыра білсек ұтқанымыз. Ата-бабаларымыздың қалдырған осынау мұрасына ісімізбен адалдық танытсақ, әрине, өзімізге пайда. Тәуелсіздік қолға тиісімен кезінде тас атылғандықтан тасаға тығылған, қолдан тұншықтырылған, «ескіліктің қалдығы» деп «әдемі» айдар …
Толығырақ оқу»
Түгел Медиа