Әулие Төлегетай атаға құран бағышталды

Қазақ халқының құрамындағы үлкен тайпаның бірі наймандар.

Шежіре деректерде Найман атамыздың екі әйелі болған көрінеді. Үлкен әйелі Қырғауылдан Ақсақал, Үйелеш, Күйелеш туыпты да кіші әйелі Шүңірекейден Тоқпан туыпты. Бір жаугершілікте Найманның төрт ұлы да қаза тауып, Найман ата ұрпақсыз қалған екен. Бұл жағдай келіні, Тоқпанның әйелі, Әлпешті қатты ойландырады. Әлпеш бел буып атасын үйлендіреді. Енесі Қызай уақыты жеткенде ұл  тауып оны атадан қалған белгі болсын деп атын Белгібай қойады. Белгібай 18 жасқа келгенде 36 жастағы Әлпеш оған некелеседі.  Екеуінен Сүйінші деген ұл туады. Сүйіншіден Төлекатай, одан Қытай, Қытайдан Қаракерей, Төртуыл, Садыр, Матай туады. Әлпеш ана өзінің жасы ұлғайған шағында бір сіңлісін Белгібайға қосып одан Сүгірші мен Өтеген туған екен. Өтегенннен Саржомарт, Балталы, Бағаналы, Көкжарлы, Бура тарапты. Сүйінші өте бай адам болған екен, оған дәлел ел ішінде «Сүйіншінің малы көп пе, даланың аңы көп пе?» деген сөз қалыпты.

Төлегетайдың төрт ұлы  соғыста өліп, ұрпаққа зар болып жүргенде әйелі бесінші ұлды тауып оның атын қытайдай көп болсын деген ырыммен, Қытай қойған екен.

Тарихи деректерге қарағанда Төлегетайдың заманы, Шыңғысханның ұрпағы Жошы хан мен Құлағу   ханның 30 мың әскерін басқарған нояны, ақылшысы болған Кетбұғаның дәуірімен тұспа -тұс келеді.  Төлегетай көп оқып, білімділігімен датқа атанған, қол бастаған батыр, аузы дуалы шешен, көріпкел әрі емші болған екен.

Төлегетай қартайған шағында немерелерін жиып алып: «Төңірегіңе абай бол, төрт құбылаңнан жазба, төрт көзің түгел болсын, көштерің қатар, түтіндерің қосылып тұрсын, бір-біріңнен от сұрай жүріңдер» деп өсиет қалдырған екен. Атаның ұрпақтары бұл өсйетті берік ұстаған.

2008 жылы Төлегетай атаның ұрпақтары Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы оның жатқан жеріне кесене кешенін салып халықтың зиярат ететін қасиетті орынына айналдырды. Содан бері оның ұрпақтары жыл сайын ас беріп құран бағыштап келеді.

2010 жылы атамыздың ұрпақтары оның өсиетіне сай «Халықаралық Төлегетай қайырымдылық қорын» құрып оның президенті етіп Қоғам және мемлекет қайраткері Жекен Қалиұлын сайлады.

Киелі әулие атаның аруағы нығмет етіп, ел-жұртын шапағатқа бөлентіп жүрсін деп, осы жылдың 15 қазаны күні еліміздің барлық аймақтары мен шет елдерден келген  ұрпақтары атаның аруағына бас иіп, ас беріп құран бағыштады. Бұл шараны ұйымдастырған  еліміздің белгілі кәсіпкері, абзал азамат Болат Садық. Алла жар болып, Төлегетай атамыздың рухы қолдап, қорғап жүрсін Болат баурымызды.

Альберт Мурсалимов –Қордың жауапты хатшысы

Бөлісу:

Сондай-ақ, оқыңыз

«Олардың есімдері – біздің жүрегімізде»

18 мамырда ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгел елордадағы Халықаралық баспасөз орталығының құрылғанына 20 жыл толуына …