Көркем проза

Николай

СӘДІБЕК ТҮГЕЛ  ПОВЕСТЬ «НИКОЛАЙ» – «Жол алыс. Малдарды жеткізетін жерге дейін 1200 шақырымдай жүру қажет. Сондықтан, ертең таңғы бестен қалмай Ұлан ауданының бұрын «Точка», қазір «Баяш Өтепов» болып аталатын ауылының жанындағы базада болыңыз. Астанаға баратын малдарымыз сол жерден тиеледі – деп «Камаздың» иесі әрі жүргізушісі Петров Николай Григорьевич атты өскемендік азаматқа жақсылап айтып, түсіндірген болатынмын. Жолға шығуға алаңдағанымнан болар, күндегіден ерте ояндым. Далаға шығып, беті қолымды суық суға жудым. Алма …

Толығырақ оқу »

«Қазының» иісі

СӘДІБЕК ТҮГЕЛ «Қазының» иісі.  ӘҢГІМЕ Мыңдаған, миллиондаған көрермендеріне тартымды хабарлар ұсына алатын мәскеулік телеарналардан ұзын бойлы, жарқын жүзді, ақ шашты, Ресей Думасының құқықтық қауіпсіздікті қорғау комитетінің төрағасы, танымал мемлекет және қоғам қайраткері Владимир Әбдіәліұлы Васильевты көрген сайын есіме инженер Виноградов Александр Иванович түседі. Өйткені олардың өмірбаяндары өте ұқсас. Екеуінің де әкелері қазақ, шешелері орыс қызы. Жастайынан әкеден айырылып, орыстардың ішінде өсіп, бүкіл мінез құлықтарымен, болмыстарымен орысқа сіңісті болып кеткен. Бірақ …

Толығырақ оқу »

Бақытсыз қазақ қыздары. Олар кімдер?

Сәдібек Түгел, жазушы. Әңгіме «Бақытсыз қазақ қыздары. Олар кімдер?» 2015 жылдың қараша айының 30 күні сағат тілі тура 11.00-ді көрсеткенде «Өскемен – Алматы» қалаларының арасына жүретін «Тұлпар-Тальго» жүрдек поезд екінші теміржол вокзалына келіп тоқтады. Нөмірі он екінші вагонның алдынан мені, көп жылдан бері ізетті іні болып жүрген, кездескен сайын «Алматыға келгенде бауырыңызды аттап кетпеңіз аға, оның үстіне мен бұл қаланы бес саусағымдай білем» деп жар салатын Төлубай қарсы алды.

Толығырақ оқу »

«Астана хикаялары» кітабынан

Сәдібек Түгелдің «Астана хикаялары» кітабынан Қыдырбай көшесі Бильярд – адамды өзіне лезде тартып, баурап алатын ойын. Ал, серігің өзіңдей ойынқұмар болса, онда уақытты ұмыт. Әдеттегідей, ойынның қызығына еніп алған Акбар екеуіміздің кездесуіміз бүгін де ұзаққа созылды. Өйткені, қайсымыз да жеңілуді қаламаймыз. Қайтсек те, жалпы есепте жеңіске ие болу, жоқ болғанда тең болу шарт. Ойнайтын жеріміз – қазіргі «Зодиак».

Толығырақ оқу »