Ұлттық спорт түрлерінің ассоциациясы

Ұлттық спорттың төрешілері, олар кімдер?

Сәдібек  Түгел.  Ел Егемендігіне және Тәуелсіздігіне сәйкес республикамызда ұлттық спорт түрлері қанатын кеңге жайып, өсіп-өркендеп келеді. Оның айқын айғағы деп кең байтақ Қазақстанның барлық облыстары мен аудан-қала, ауылдарында жиі-жиі өткізіліп тұратын ат бәйгелері – «Аламан», «Тоқ бәйге», «Құнан», «Жорға», «Көкпар», «Бүркітші», «Қыз қуу», «Теңге алу», «Аударыспақ», «Сайыс», «Жекпе-жек», «Алыпсоқ», «Қазақша күрес», «Тоғызқұмалақ», «Желмая» жарыстарын айтуға болады. Бұл тұста мына сұрақтар туындайды. Осы жарыстар қалай, қандай деңгейде өтеді? Төрешілер кімдер?

Толығырақ оқу»

Ауыл   спорты  туралы  ой-пікір

 Оқырмандар    сұраулары  бойынша  басылды  Сәдібек  Түгел  Ұлт үшін ауыл дегеніміз не? Ауыл – қазақтың жан-жүрегі, тал бесігі, менталитеті, тынысы, берекесі. Бейімбет Майлин ағамыз: 20 ғасырдың 30-шы жылдары «Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз» – деп қанатты сөз айтқан. Ол сөз әлі өзінің қасиетін, болашаққа керектігін жойған жоқ. Қайта  қазір ауылға деген үлкен қажеттілік туындап отыр.Бұған менің қосарым: «Қуанса ауыл – қуанамыз бәріміз». Өйткені бәріміз  ауылдан шықтық. Ал, ауылды қуанту үшін не істеу …

Толығырақ оқу»

Жетісудағы жарыс

Жер жәннаты Жетісуда Ұлттық спорттың түрлері: жекпе-жек, қазақ күресі, тоғыз құмалақ, асық атудан қала орталығындағы жаңадан салынған Жастар спорт сарайында 11-12 тамыз күндері Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері ІІІ-ші Фестивалі аясында облыстық жарыстар өтті. Осы жарыс басталуға бір-ер күн қалғанда облыс әкімдігі аяқ астынан ат спорты түрлері: аламан бәйге, тай жарысы, қыз қуу, теңге ілу, аударыспақты осы айдың соңында өтетін ҚР Президенті кубогы үшін болатын жарыспен бірге өткізуге ұйғарым жасап, …

Толығырақ оқу»

Ұлттық спортсыз рухты көтеру қиын

ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының бірінші вице-президенті, ҚР «Ұлттық ат спорты» федерациясының президенті Сәдібек Түгел: ҰЛТТЫҚ СПОРТСЫЗ РУХТЫ КӨТЕРУ ҚИЫН Тамыры тереңнен тартылған ұлттық спорт түрлері халық құндылықтарының ажырамас бөлігі. Сондықтан, оның өрісін кеңейтіп, дені сау, өресі биік ұрпақ тәрбиелеуде сенімді құралға айналдыра білсек ұтқанымыз. Ата-бабаларымыздың қалдырған осынау мұрасына ісімізбен адалдық танытсақ, әрине, өзімізге пайда. Тәуелсіздік қолға тиісімен кезінде тас атылғандықтан тасаға тығылған, қолдан тұншықтырылған, «ескіліктің қалдығы» деп «әдемі» айдар …

Толығырақ оқу»

Меркі ауданындағы мереке

Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына  20 жыл толып отыр. Елбасымыздың осы жылды мерекемен өткізу туарлы тапсырмасына сәйкес, барлық  аймақтарда ҚР ҰСТҚ –ның және оның филиалдары,  ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетімен бірге Ұлттық спорт түрлерінің жарыс кестесін жасады. Соның ішінде ең басты шара Республикалық ІІІ-ші Ұлттық спорт түрлері Фестивлі  болды.  Осы Фестиаль аясында  2011 жылы 23-24 шілде күндері Меркі аудандық орталық атшабарында Ұлттық спорт түрлерінен аудандық фестиваль өтті.

Толығырақ оқу»