Бүгін Астана қаласының тұңғыш баспасөз-хатшысы, «Астана қаласы Халықаралық баспасөз орталығын» құрушы, танымал жазушы, публицист, журналист, 15 кітаптың авторы, Республикалық Баспасөз орталығының мүшесі және 7 бірдей Республикалық журналдың редакторы, «ТҮГЕЛ-МЕДИА» бірлестігінің басшысы-Сәдібек Түгел мырзаның 60 жас мерейтойына арнайы ұйымдастырылған «ЖІгітте де жігіт бар – Азаматы бір бөлек» атты Елорда журналистерімен кездесу болып өтті.
Толығырақ оқу»Ай мұрағаты: Ақпан 2015
Қоғам қайраткері жайында
Сәдібек Түгел 1955 жылдың 23-ші ақпанында Шығыс-Қазақстан облысының Ұлан ауданының Аманкелді ауылында жарық дүниеге келді. Әкесі – Түгел, шешесі – Мәрия. Ол кезде әкесі Түгел – жылқышылар бригадасының бригадирі, шешесі Мәрия – колхозда еңбек еткен. Олар сегіз баланы – 3 ұл, 5 қызды тәрбиелеп өсірді. Ауылда, ел, туыстар арасында әке-шешесі абыройлы, беделді адамдар болды. Отанға адал қызмет атқарды, еңбек сіңірді. Түгел Құмаров қазақ жылқысының өсуіне зор үлес қосқан, есімі шығысқа танымал …
Толығырақ оқу»Сәдібек аға Түгелдің 60 жасқа толуына арналған БАСПАСӨЗ БАЯНЫ
Еліміздің Барлық Бұқаралық Ақпарат құралдарына! Құрметті әріптестер! Бүгін, 2015 жылдың 23 ақпаны күні, біздің әріптесіміз әрі бүкіл журналистер қауымының үлкен досы, қамқоршысы, танымал Ұлт азаматы, ұлттық құндылықтарымыздың майталман ұлықтаушысы, Ұлы Дала мәдениетінің темірқазығы болып саналатын ұлттық ат ойындарының есімі елімізге кеңінен белгілі зерттеушісі, ҚР Ұлттық Ат спорты Федерациясының президенті, «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық әлеуметтік-мәдени қозғалысының тең төрағасы, Ұлы даланың Даңқты тұлпары Құлагерге тамаша ескерткіш салған, қуатты «ТҮГЕЛ МЕДИА» бірлестігінің басшысы, өмірден ерте өткен дарынды елордалық журналистерді еске алу кешін ұйымдастырушы, «Астана қаласының Халықаралық Баспасөз Орталығының» негізін қалаушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, журналист, публицист, академик, жаңа Елордамыз-Астана қаласының тұңғыш баспасөз хатшысы Сәдібек Түгел ағамыз алтын жас – 60-қа толып отыр.
Толығырақ оқу»Елорданың елгезегі
Жаңа Астананың алғашқы қадамдарын, құрылысын, келбетін, тыныс-тіршілігін БАҚ-та жақсы насихаттағаны үшін екі мәрте Елбасының Алғыс хатымен, Президенттің Грантымен және «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен, «Астана» медалімен марапатталған, «Астана» радиосы ұйымдастырған үлкен акцияда «Астананың 10 жылдығының қаһарманы» атағына ие болған, ҚР Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының академигі, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының құрметті азаматы, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сәдібек Түгел асқаралы алпысқа толғалы отыр.
Толығырақ оқу»Сүйінші! Сүйінші! Сүйінші! Сәбидің аты – Сәдібек!
«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» дейді біздің дана халқымыз. Үстіміздегі жылдың 8-ші ақпаны күні жаңа Елордамыз-Астана қаласына қарайтын «Интернациональный» елді-мекенінде ауыл ардагерлері Сәтті Кәрімұлы мен Райхан Кәрімкелінінің шаңырағында жүрек тебірентерлік қуанышты оқиға өтті.
Толығырақ оқу»
Түгел Медиа