Журналдар

Қырандардың қанаты талмасын!

Осыдан тура 1 жыл бұрын Республикалық қоғамдық әлеуметтік-мәдени «Ұлы Дала Қырандары» атты қозғалыс өмірге келген еді.  Өткен жылы қозғалыстың бірінші съезіне  қазақстанның барлық облыстарынан  205 делегат қатысып, делегаттардың бірауыздан қолдауымен  осы қуатты қозғалыс құрылсын деген ҚАУЛЫ қабылданып, қозғалыстың  Жоғары  Кеңесі құрылып, екі теңтөраға  Сәдібек Түгел мен Марат Нәбиев сайланған еді. 2012 жылдың 12 қаңтары күні «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қозғалысы ҚР Әділет Министрлігінен  мемлекеттік тіркеуден өтті. Бізге «Ұлы Дала Қырандары» …

Толығырақ оқу »

Қазақ көкпаршылары Түркиядан жеңіспен оралды

Қазақ көкпаршылары Түркиядан жеңіспен оралды

Біздің көкпар командасы шетелден абыроймен оралғанын ести сала, Қазақстан Республикасы делегациясының басшысы, Ұлттық ат ойындарының  негізін қалаушылардың бірі, ҚР Ұлттық Ат Спорты Федерациясының президенті Сәдібек Түгелмен кездесуге асықтық.

Толығырақ оқу »

Балалар әніне жиі қалам тербеп жүрген композитор

Рухы өр, намысы берік қазақтың өнері ешқашан жетімсіремейді. Оған дәлел Қытайдағы қандастарымыз арасындағы белгілі әнші және композитор Бағдат Естемесұлының жазған әсем әндері. Еңбегін ел жаттап, әні Алтайдан Арқаға дейін шырқалып жүрген ағамыздың жазған балалар әні де аз емес.

Толығырақ оқу »

Қытайдағы 10 жасар қиссашы

Қытайдың «Қос тілді оқыту» саясаты ондағы рухы биік қандастарымыздың еңсесін баса қоймағанын тағы бір рет дәлелдегіміз келеді. Санжы облысы Ашылы мектебінде өткен шығармашылық кездесуіміз соның куәсі. Ондағы қауашағын жаңа жарған балалардың талабына тамсанып, талантына бас имеске болмас. «Өрге салса шын жүйрік, шынымен, өршеленеді» екен. Ондағы жеткіншектеріміз қазақ балаларының қағілез, алғыр болатынын қытайларға мойындатып қана қоймай өз ұлтының асыл мұраларын жалғаушы және оны әлемге танытатын ұлт болашағы екенін де әйгілеп отыр. …

Толығырақ оқу »