Сәдібек Түгел 1955 жылдың 23-ші ақпанында Шығыс-Қазақстан облысының Ұлан ауданының Аманкелді ауылында жарық дүниеге келді. Әкесі – Түгел, шешесі – Мәрия. Ол кезде әкесі Түгел – жылқышылар бригадасының бригадирі, шешесі Мәрия – колхозда еңбек еткен. Олар сегіз баланы – 3 ұл, 5 қызды тәрбиелеп өсірді. Ауылда, ел, туыстар арасында әке-шешесі абыройлы, беделді адамдар болды. Отанға адал қызмет атқарды, еңбек сіңірді. Түгел Құмаров қазақ жылқысының өсуіне зор үлес қосқан, есімі шығысқа танымал …
Толығырақ оқу»Сұхбат
Сүйінші! Сүйінші! Сүйінші! Сәбидің аты – Сәдібек!
«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» дейді біздің дана халқымыз. Үстіміздегі жылдың 8-ші ақпаны күні жаңа Елордамыз-Астана қаласына қарайтын «Интернациональный» елді-мекенінде ауыл ардагерлері Сәтті Кәрімұлы мен Райхан Кәрімкелінінің шаңырағында жүрек тебірентерлік қуанышты оқиға өтті.
Толығырақ оқу»Қазақ көкпаршылары Түркиядан жеңіспен оралды
Біздің көкпар командасы шетелден абыроймен оралғанын ести сала, Қазақстан Республикасы делегациясының басшысы, Ұлттық ат ойындарының негізін қалаушылардың бірі, ҚР Ұлттық Ат Спорты Федерациясының президенті Сәдібек Түгелмен кездесуге асықтық.
Толығырақ оқу»Батырдың жары – Күлпан
Ер үйдің иесі болса, шаңырақтың киесі саналатын жақсы әйел – тіршіліктің шырайы, отбасының шырағы дегендей, Күлпан Мұқашқызы Үшкемпіровтер әулетіне ырыс-береке әкеліп, құт боп енген, бақ боп қонған асыл – жар, ибалы – келін, ардақты – ана. Дана халқымыздың «Ері жарын сыйласа – өмірден бақыт тапқаны, ерін елі сыйласа – әйелдің бағы жанғаны»,- деген қанатты сөзі Күлпан Мұқашқызына айтылғандай. Қазақ халқына алғашқы Олимпиада жеңісін сыйлап, алты алаштың рухын асқақтатқан Жақсылық Үшкемпіровтың …
Толығырақ оқу»«55+55» жаңа жоба
«Жігітте де жігіт бар, Азаматы бір бөлек, Жылқыда да жылқы бар, Қазанаты бір бөлек!» Сәдібек Түгел: «Ұлтқа қызмет етуден шаршамаймын!» Бүгін есімі елімізге танымал азамат, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, жаңа Елордамыз – Астана қаласының тұңғыш баспасөз хатшысы, ұлттық құндылықтарымызға арналған республикалық ғылыми-танымдық «Қазанат» журналының шеф-редакторы, Ұлы дала мәдениетінің темір қазығы болып саналатын ұлттық спортымыздың негізін қалаушылардың бірі, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының вице-президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық ат спорты …
Толығырақ оқу»
Түгел Медиа